Жұмыс уақыты және демалыс уақыты
Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Сентября 2015 в 14:44, реферат
Описание работы
Казакстан Республикасы Конституциясының 24-бабында кызметкерлердің жұмыс уакыты тынығу уақытымен тығыз бай-ланыста белгіленген. Аталған бапта «Әркімнің тынығу құкығы бар. Еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндерге заңмен белгіленген жұмыс уакытының ұзақтығын, демалыс және мереке күндеріне, жыл сайынғы ақылы демалысқа кепілдік беріледі« делінген.
Файлы: 1 файл
1.Жұмыс уақыты және
демалыс уақыты.
Казакстан Республикасы Конституциясының
24-бабында кызметкерлердің жұмыс уакыты
тынығу уақытымен тығыз бай-ланыста белгіленген.
Аталған бапта «Әркімнің тынығу құкығы
бар. Еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндерге
заңмен белгіленген жұмыс уакытының ұзақтығын,
демалыс және мереке күндеріне, жыл сайынғы
ақылы демалысқа кепілдік беріледі« делінген.
Жұмыс уақыты—
қызметкер жұмыс берушінің актілері мен
жеке еңбек шартының талаптарына сәйкес
еңбек міндеттерін орындайтын уақыт. Еңбек
туралы заңның 45-бабына сәйкес қызметкердің
жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына
40 сағаттан аспауға тиіс. Жеке еңбек шарттарында
тараптар-дың келісімі бойынша жұмыс уақытының
ұзақтығы белгіленген нормадан азырақ
көзделуі мүмкін.Қызметкер жеке еңбек
шартында белгіленген еңбек міндеттерін
жұмыс уақыты ішінде орындауға міндетті,
деген-мен бұл уақыт нақты жұмыс істелген
уакытпен сәйкес келе бермейді. Нақты
жұмыс істелген уақыт дегеніміз — жұмыс
уакытын есепке алу тізімдігінде көрсетілген
жұмыс уақыты. Еңбекке ақы төлеу нақты
жұмыс істелген уакытқа төленеді. 2001 жылғы
өндірістік күнтізбелікке сәйкес жұмыс
уакыты-ның қалыпты ұзақтығы аптасына
40 сағат болып белгіленген қызметкерлер
үшін жүмыс күнінің ұзақтығы: 5 күндік
жұмыс аптасында — 5 күн — 8 сағаттан;6
күндік жұмыс аптасында — 5 күн — 7 сағаттан,
ал бір күн — 5 сағаттан болып белгіленген
(Қазақстан Республикасының Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің
2000 жылғы 18 желтоқсандағы № 05 — 2 (8008 хаты).
Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы
кызметкерлердің жекелеген санаттарының
еңбегін қорғау, оқу мен өндірісті оңтайлы
ұштастыруға жағ-дай жасау, өндіріске
кәмелетке толмаған жеткіншектерді және
еңбекке қабілеттіліктері төмендеген
тұлғаларды тарту мақса-тында белгіленген.
Енбек туралы заңнамаға сәйкес қызметкерлердің
жекелеген санаттары үшін жүмыс уақытыньің
қысқартылған ұзақтығы:
1) 14 жастан 16 жаска дейінгі
қызметкерлер үшін — аптасы-на
24 сағаттан, яғни 6 күндік жүмыс аптасында
күніне 4 сағат-тан, ал 5 күндік жүмыс
аптасына — 4 күн — 5 сағаттан, 1 күн
-4 сағаттан; 16 жастан 18 жасқа дейін
— аптасына 36 сағаттаң, яғни 6 күндік
жүмыс аптасында — күніне 6 сағаттан,
ал 5-күндік жұмыс аптасында — 4 күн 7 сағаттан
15 мин. (7,25 с) және 1 күн — сағаттан аспайтын;
2) ауыр дене жұмыстарында және еңбек жағдайлары
зиян-ды жұмыстарда істейтін қызметкерлер
үшін — аптасына 36 са-ғаттан аспайтын
болып белгіленеді. Ауыр дене жұмыстары
деп қызметкердің ауыр заттарды қолымен
көтеруге немесе орын ауыстыруға байланысты
қызметтерінің түрлері не 300 ккал (сағаттан
астам күш-қуат жұмсайтын басқа да жұмыстарды
айтады. Зиянды (әте зиянды) еңбек жағдайларына
белгілі бір ондіріс факторларының әсер
етуі қызметкердің жұмыс кабілеті төмендеуіне
немесе ауруына, оның ұрпақтарының денсаулығына
теріс ықпал етуіне әкеп соғатын еңбек
жағдайлары жатады. Қауіпті (өте қауіпті)
— белгілі бір өндіріс факторларының
әсер етуі еңбекті қорғау ережелері сақталмаған
жағдайда қызметкер денсаулығының кенеттен
күрт нашарлауына немесе жарақаттануына,
не онын қайтыс болуына әкеп соғатын еңбек
жағдайлары. Жұмыс істеу жұмыс уақытының
ұзақтығын қысқартуға құқық беретін ондірістердің
кәсіптер мен қызметтердің тізімін, сондай-ақ
еңбек жағдайлары зиянды және ауыр, қауіпті
жұмыстардың тізбесін еңбек жөніндегі
уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.Толық
емес жүмыс күні. Үй шаруасындағы әйелдердің,
оқушылардың, мүгедектердің, зейнеткерлердің
және тағы басқа азаматтардың жағдайларын
ескере отырып, олармен жеке еңбек шарты
толық емес жұмыс күніне жасалуы мүмкін.
Қысқартылған жұмыс күнінен толық емес
жұмыс күнінің айырмашылығы мынада: егер
алғашқысында жұмыс күні жалақы азаймай
қысқартылатын болса, толық емес жұмыс
күнінде қызметкер жалақысын жұмыс істеген
уақытына немесе шығарған өнімнің көлеміне
қарай алады.Толық емес жұмыс уақыты жағдайында
жүмыс істеген қызметкерлердің еңбек
құқыктарының көлемі ешқандай шектелмейді.Түнгі
уақыттағы жүмыс. 22 сағаттан бастап таңғы
сағат 6-ға дейінгі уакыт түнгі уақыт болып
есептеледі. Жұмыс уакытынын кемінде 50
пайызы түнгі уакытка келетін ауысым түнгі
ауысымға жатады (Қазақстан Республикасы
Еңбек және халыкты әлеуметтік қорғау
министрінің 2000 жылғы 10 желтоксандағы
№ 493 бұйрығымен бекітілген «Кызметкерлердің
еңбегіне акы төлеу жөніндегі әдістемелік
нұсқаулардын» 20-тармағы).Жүкті әйелдерді
түнгі уакытта жұмыс істеуге тартуға олардың
келісімімен ғана жол беріледі. Түнгі
уақытта жұмыс істеуге 18 жаска толмаған
адамдар мен түнгі уакытта жұмыс істеуге
тыйым салатын медициналық корытындысы
болған жағдайда өзге де адамдар жіберілмейді.
2 тақырып. Жүмыс уақытының
режімі
Еңбек заңдары бойынша жұмыс
аптасының екі түрі белгіленген. Олар
қызметкерлер үшін екі демалыс күні бар
бес күндік жұмыс аптасы және бір күндік
демалысы бар алты күндік жұмыс аптасы.
Бес күндік жұмыс аптасы кезінде күнделікті
жұмыстың (ауысымның) ұзактығы жұмыс берушіні
актісімен немесе жұмыстың ерекшелігін,
еңбек ұжымының пікірін ескерту және жұмыс
аптасының белгіленген ұзақтығын сақтай
отырып, жұмыс беруші бекітетін ауысым
кестесімен белгіленеді. Өндірісінің
сипаты мен жұмыс жағдайлары бойынша бес
күндік жұмыс аптасын енгізу ыңғайсыз
ұйымдарда бір күндік демалысы бар алты
күндік жұмыс аптасы белгіленеді. Алты
күндік жұмыс аптасы кезінде күнделікті
жұмыстың ұзақтығы апталык норма 40 сағат
болғанда — 7 сағаттан аспауға, апталык
норма 36 сағат болғанда — 6 сағаттан және
апталық норма 24 сағат болғанда — 4 сағаттан
аспауға тиіс. Бес күндік немесе алты күндік
жұмыс аптасын енбек немесе ұжымдық шарттардың
талаптарымен жұмыс беруші белгілейді.
Белгіленген есепті кезеңдегі жұмыс уақыты
мен демалыс уақытының арақатынасын жүмыс
уақытының режімі дейді. Жұмыс уакыты
режімінің негізгі элементтері мыналар:
аптадағы жұмыс күндерінің саны, күнделікті
жұмыстың басталуы мен аякталуы, жұмыс
ауысымдарының үзақгығы мен алмасуы. Жұмыс
уақытының режімі жұмыс аптасының түріне
байланысты. Жұмыс ауысымы— еңбек туралы
зандарда, ұжымдық шартта немесе жеке
еңбек шартында белгіленген кесте бойынша
бір тәулік аралығында кызметкердің еңбек
міндеттерін атқаратын күнделікті жұмыс
уақытының ұзақтығы. Жұмыстың басталуы
мен аяқталу уакыты жұмыс берушінің актісімен
белгіленеді. Егер ұйымда, кәсіпорында
екі немесе одан да көп ауысым белгіленген
болса, онда жұмыс уақытының режімі жұмыс
кестесі арқылы реттеледі. Ауысымды жұмыс
кезінде қызметкерлердің әрбір тобы жұмыс
уақытының белгіленген ұзақтығы бойынша
жұмыс істеулері тиіс. Кызметкерлер
ауысым кестесі бойынша тең мөлшерде кезектесіп
отырады. Бір ауысымнан екінші ауысымға
көшу жұмыс ерекшелігі мен еңбек ұжымының
пікірі ескеріле отырып, жұмыс берушінің
актісімен бекітілген ауысым кестесімен
белгіленеді. Кызметкерді қатарынан екі
ауысымға жұмысқа тағайындауға заң тыйым
салады. Ауысым кестесі қызметкерлерге
кемінде кестелер күшіне енбестен бір
ай бұрын хабарландырылады .Кызметкерлердің
әлеуметтік-тұрмыстық, жеке бас қажеттіліктерін
және өндіріс мүдделерін ескеріп, тараптардың
келісімі бойынша ұйымда (кәсіпорында)
жылжымалы жұмыс кестесін белгілеуге
болады, бұл кесте бескүндік, алтыкүндік
жұмыс аптасы, сондай-ақ жұмыс режімінің
басқа да түрлері енгізілген экономика
саласының барлық кәсіпорындарында (ұйымдарында)
қолданылуы мүмкін. Жылжымалы жұмыс кестесін
белгілеген ретте жұмыс уақытының бір
тәуліктегі ұзақтығы 10 сағаттан, ал қызмет-кердің
кәсіпорында (ұйымда, мекемеде) ауысым
басынан аяғына дейін болған уақытының
жалпы жиынтығы 12 сағаттан аспауы керек.
Жылжымалы жұмыс кестесі белгіленген
ұйымда 40 сағаттық жұмыс аптасына шаққандағы
қызметкердің жұмыс уакыты-ның жылдық
балансы сақталуы тиіс. Өндірісте жұмыс
уақытын реттеудің басқа да әдістері колданылуы
мүмкін. Мысалы, негізгі кәсіпорыннан
шалғайда орналасқан құрылымдардағы (учаскелер,
цехтар, бөлімдер) жұмысты кезекті ауысым
әдісі аркылы ұйымдастыру қазіргі кезеңде
тиімді болып отыр. Вахталық әдіс қызметкерлердің
тұрақты тұрғылықты жеріне күн сайын оралуын
қамтамасыз ету мүмкін болмайтын, олардын
тұрақты тұратын жерінен тыс жерде еңбек
процесін жүзеге асыруының айрықша нысаны
болып табылады. Жұмыс беруші вахталық
әдіспен жұмыс істеуге тартылатын қызметкерлерді
жұмыс жүргізу объектісінде болған кезенінде
олардың тіршілігін қамтамасыз етуге
арналған тұрғын үймен, жүмыс орнына апару
мен қайтаруды камтамасыз етеді, сондай-ақ
жүмыстарды орындау мен ауысым арасында
демалу үшін жағдайлар жасайды. Объектідегі
жұмысты орындау мен вахталық поселкедегі
ауысым арасындағы демалыс кезеңі күнтізбелік
он бес күннен аспауы керек. Жұмыс беруші
жекелеген объектілерде вахтаның ұзақтығын
ерекше жағдайларда ұйым қызметкерлерінің
өкілдерімен келісім бойынша 30 күнтізбелік
күнге дейін белгілей алады. Жұмыс ауысымының
ұзақтығы бұл реттерде 10-12 сағатқа созылады,
өтем ретінде артық істелген жұмыс уақыты
үшін бригадаға қосымша демалыс күндері
беріледі.
3 тақырып. Жүмыс
уақытының есебі, оның түрлері Еңбек заңдарында жүмыс
уақытын есептеудің екі түрі белгіленген.
Бүлар күндік және жиынтық есептеулер.
Жұмыс уақытының күндік есебі бойынша
бір тәуліктегі жүмыс сағатының саны занда
белгіленгендегіден артық болмауы керек.
Жүмыс уақытын есептеудің бұл түрінің
ерекшелігі — бір күнгі артық істелінген
уақытты екінші күннің есебіне косып,
сонша уақыт кем жүмыс істеуге болмайды.
Күндік есептеу жұмыс уақыты есебінің
ең көп тараған түрі. Жұмыстың кейбір түрлерін
өз ерекшеліктеріне қарай күнмен есептеу
мүмкін емес. Өндіріс (жүмыс) жағдайлары
бо-йынша қызметкерлердің белгілі бір
санаты үшін белгіленген апта сайынғы
жүмыс уақытының сақталуы мүмкін емес,
үздіксіз жүмыс істейтін үйымдарда, жекелеген
өндірістерде, цехтарда, учаскелерде,
бөлімшелерде және кейбір жұмыс түрлерінде
есепті кезең ішінде жүмыс уақытының ұзақтығы
аптасына еңбек заңдарында белгіленген
қалыпты жұмыс са-ғаттары мерзімінен аспауға
тиісті жағдайда жұмыс уақытының жиынтық
есебін жүргізуге жол беріледі. Жұмыс
уақытының жиынтық есебін қолдану тәртібі
жұмыс берушінің актілерімен айқындалады
және үжымдық шартпен белгіленеді. Жиынтық
есеп жағдайында жұмыс уақытының күн сайынғы
немесе апта сайынғы ұзақтығы жұмыс күні
немесе жұмыс аптасы сағаттарынын нормасынан
артық немесе кем болуы мүмкін. Жұмыс уақытынын
жиынтық есебін жасаған кезде қызметкерлердің
осы санаты үшін белгіленген орташа жұмыс
күні мен жұмыс аптасының ұзақтығы сақталуға
тиісті шектегі кезең есепті кезең болып
танылады. Есепті кезең ретінде айды, тоқсанды,
маусымды немесе бір жылды алуға болады.Жұмыс
уақытының жиынтық есебі жұмыстың вахталық
әдісі кезінде ай, тоқсан немесе өзге де
неғұрлым ұзақ, бірақ бір жылдан аспайтын
кезең ішінде белгіленеді. Есептік кезең
бүкіл жұмыс уақытын, ұйымның орналасқан
жерінен немесе жиналатын жерден жұмыс
істейтін жерге дейінгі жолдағы және кері
қайту жолындағы уакытты, сондай-ақ белгілі
бір күнтізбелік уақыт бөлігіне тиесілі
демалыс уақытын қамтиды. Бұл орайда есептік
кезең ішіндегі жұмыс уақытының жалпы
ұзақтығы еңбек заңдарында белгіленген
нормадан аспауға тиіс.
Кіріспе.
Жұмыс уақыты– бұл жұмысшының жұмыс берушінің
актілеріне және еңбек келісім-шартына
сәйкес қызметтік міндеттерін атқаратын,
сонымен қатар Қазақстан Республикасының
Еңбек Кодексіндегі жұмыс уақытына қатысты
басқа да уақыт кезеңі.
Жұмыс уақыты — қызметкер жұмыс берушінің
актілері мен жеке еңбек шартының талаптарына
сәйкес еңбек міндеттерін орындайтын
уақыт. Еңбек туралы заңның 45-бабына сәйкес
қызметкердің жұмыс уақытының қалыпты
ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауға
тиіс. Жеке еңбек шарттарында тараптар-дың
келісімі бойынша жұмыс уақытының ұзақтығы
белгіленген нормадан азырақ көзделуі
мүмкін. Қызметкер жеке еңбек шартында
белгіленген еңбек міндеттерін жұмыс
уақыты ішінде орындауға міндетті, деген-мен
бұл уақыт нақты жұмыс істелген уакытпен
сәйкес келе бермейді. Нақты жұмыс істелген
уақыт дегеніміз — жұмыс уакытын есепке
алу тізімдігінде көрсетілген жұмыс уақыты.
Еңбекке ақы төлеу нақты жұмыс істелген
уакытқа төленеді
Жұмыс уақытына мыналар жатады: Дайындалу-қорытынды
жұмыстар (тапсырма алу, материалдар, құралдар,
техникалармен, құжатамамен танысу, жұмыс
орнын дайындау және тазалау, дайын өнімді
өткізу және басқалары). Технология, еңбек
ұйымы, еңбекті нормалау және қорғау ережелерінде
қарастырылған үзілістер, жұмыс орнындағы
немесе жұмысшының өз уақытын дұрыс қалыптастыра
алмағандағы күту уақыттары, мейрам және
демалыс күндеріндегі кезекшілік. Еңбек,
ұжымдық келісім-шарт, жұмыс берушінің
актілерімен немесе Қазақстан Республикасының
нормативтік құқықтық актілерімен анықталған
үйде кезекшілік ету және басқа да кезеңдер.
Қорытынды.
Еңбек құқығы жұмыс беруші мен
қызметкердің еңбек міндеті бойынша, олардың
арасындағы жеке еңбек шарты негізінде
туындайтын қатынасты реттейді. Еңбек
құқығы, сондай-ақ еңбекақы, еңбек тәртібі,
жұмыс уақытын белгілеу және пайдалану,
еңбекті қорғау бойынша қатынастарды
да реттейді. Еңбек құқығы нормалары қызметкерге
әлеуметтік қорғану, еңбегін қорғау, жұмыс
уақытын мөлшерлеу, еңбек тәртібін орнату
құқығын береді. Қызметкер ішкі еңбек
тәртібі ережелеріне бағынады; оның еңбегін
қорғау мен ұйымдастыруды жұмыс беруші
қамтамасыз етеді; жеке еңбек шартының
тақырыбы жұмыс берушінің арнайы мамандандырылған
еңбек процесінің өзі болып табылады.Еңбек
тұрғысындағы азаматтық қатынаста азаматтың
өзі өз еңбегін қорғау мен ұйымдастыруды
іске асырады, азаматтық құқықтық шарттың
тақырыбы еңбек нәтижесін затқа айналдыру,
мысалы, үй салуға келісімшарт, мердігерлік
шарт, жекеменшік мүдделі нысананы құру
шарты. еңбек етуге құқықтылық еңбек
қызметін таңдау бостандығы тұңғыш рет
Қазақстан Республикасының Конституциясында
жарияланды (24-баб). Еңбек етуге бостандық
құқығы әрбір адамның еңбекке қабілеттілігін
дербес пайдалана білуін, қызмет пен мамандық
түрін еркін таңдай алатындығын білдіреді.
Еңбек ету бостандығы, қызмет пен мамандықтар
таңдау бостандығы, өзінің еңбекке қабілеттілігін
пайдалану бостандығы азамат пен жұмыс
берушінің жұмыстың шарттары мен сипаты
туралы өзара келісімін білдіретін еңбек
шарты бостандығының салалық қағидаты
түрінде көрінеді. Еңбек шарты бостандығының
қағидаты еңбектік құқық қатынастарын
жасасудың еріктілігін ғана емес, сондай-ақ
оның болашақ тағдырының қандай болатындығын
да айқындайды. Мәселен, сол ұйымның өзі
ішінде басқа жұмысқа ауыстыру, не сол
ұйыммен бірге басқа жерге ауысу, өндірістік
қажеттілік және кідіріске байланысты
уақытша ауысуды қоспағанда, қызметкердің
жазбаша келісімімен ғана жүзеге асырылады.
Еңбектік құқық қатынастарын, оның себептерін
түсіндірмей тоқтату құқығын жүзеге асыруды
заң тек қызметкерге ғана береді. Мерзімі
көрсетілген еңбек шартын мерзімінен
бұрын бұзу қызметкер ауырған, зейнет
жасына жеткен, басқа жерге көшкен және
өзге де дәлелді себептері болған жағдайда
оның талабы бойынша іске асырылады. Еңбек
шартының еркіндігі, сондай-ақ қызметкердің
бірден бірнеше жұмыс берушімен толық
емес жұмыс уақыты шартымен жеке еңбек
шарттарын жасасуға құқығы барлығын білдіреді.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ
- Ахметов А., Ахметова Г. ЕҢБЕК
ҚҰҚЫҒЫ Оқулық Алматы 2005
- Қазақстан Республикасының
Еңбек кодексі 2007ж.
Информация о работе Жұмыс уақыты және демалыс уақыты