Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Октября 2015 в 08:07, реферат
Қазақ халқының ауыз әдебиетіндегі ән-жырлар арқылы этномәдени тәрбие беру үрдісінде тәрбиелеу деп қазақ халқында қалыптасқан өзіне тән дәстүрлі шығармашыл орта болған. Ол орталар әртүрлі жанрлардан тұрған. Мәселен, жыраулардың толғаулары, ақындардың айтысы, сал-серілердің думаны, күйшілердің сазды, әуезді күйлері, қыздар мен жігіттердің айтысы, мал иелеріне шығарылған жырлары, ақындардың бәйіттер және т.б. Сал-серілік өнер арқылы тәрбие беру дегеніміз тек бір-екі ғасыр кеңістігін қамтитын ұғым емес екені ескеріледі.
Негізгі бөлім
1. Ауыз әдебиеті — халық шығармашылығының айрықша саласы
2. Қазақ елінің ән- жырына байланысты философиялық көзқарастары
3.
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
Сал-сері – сегіз қырлы, бір сырлы, яғни, әнші, күйші, ойыншы, күлдіргіш, композитор, би, спортқа бейімі ерекше үздік жаратылған өнерпаз. Олар халық мәдениетінің көрнекті өкілдері. Сал мен сері әншілік, ақындық өнері жағынан ұқсас болса да, мінез қылығы, киім-киісі, жүріс-тұрысы жағынан өзгешелігі болған. Сал оғаш мінез көрсетуге бейім келеді. Ол ауылдың не үйдің сыртында атынан түсіп, жер бауырлап жатып алады. Оған қыз-қырқындар келіп, басын көтеріп, шаңыраққа кіргізеді. Тамақты өзі ішпейді, қыздары ішкізіп-жегізуді міндетіне алады. Бір сөзбен айтқанда, сал не істесе де, қандай еркелік көрсетсе де ел төзімділік танытатын салт, дәстүр болған. Бұлардың киім келісіне келетін болсақ, «салдар жұрттың ортақ салтында жоқ, күлкілі, көзтартарлық әлемішті киімдер киініп, жарқылдақ моншақтарды тағынған. Бас киімдерінің, шапан, шалбар, байпақтардың шүберегі ала-құла, қырық құрау болады. Бөрік, тымаққа үкі, неше түрлі моншақ қадаған. Сырт киімді кейде бірыңғай-ақ, қызыл-жасылдап, кейде қым-қиғаш әр шүберектен араластырып тіктірген, оған шекпен де, құрым да қоса тігілген болады». Біржан салды көрген Ілияс Мейірбанұлы: «Кең жағалы ақ көйлек, дөңгелек етекті оқалы камзол, сыртында көк ала қаптал шапан, басында үкілі құндыз бөрік, үкісі бұлғақ-бұлғақ етеді», - деп жазады.
Салдардан серілердің өзгешелігі мынау: серілерде өрескел мінез, ерсі, оғаш қылық болмайды. Мейілінше сыпайы, орнықты, ибалы, сәнді киім мен бекзаттыққа үйір. Сал-серілер – ойын-сауықтың, той-думанның гүлі. Елдің жуан ортасында, халық арасында қаздай қалқып, үйректей жүзіп, қасына жыршыларын, ақындарын, әншілерін күйшілерін, өлеңшілерін, ойыншыларын ертіп, топ құрып жүреді. Туған елдің аспанында емін-еркін қаршығаша қалықтайды. Сал-серілік өнердің негізін салып қалыптастырып өркендетушілер: Дәстем сал мен Дүйсен сері. Бұл ретте Сегіз серінің (1818-1854):
«Өтіпті бізден бұрын Дүйсен сері,
Болыпты күнде думан жүрген жері.
Сол ердің үлгілісін жалғастырған,
Керейде менің атым Сегіз сері...»,- деген сөзі дәлел.
Сегіз серінің тобында Сейітжан сал, Құшан, Нияз сері, Шәрке сал, Дайрабай күйші, Қабылан әнші, Шернияз әнші, Аббас батыр, Сәду батыр, Өске ақын, Орынбай ақын, Көрпе ақын, Біржан сал сияқты дүлділдер болған. Сегіз сері (шын аты Мұхаммед Қанапия Баһрамұлы Шақшақов – қазақ халқының аса дарынды перзенті. Орыс, араб тілдерін жетік білген. Өзі ақын, өзі әнші, өзі композитор, сыбызғышы, қобызшы, күйші, шешен, батыр, саятшы, мерген, зергер, өрімші екен. Сегіз сері өз заманының бетке ұстарлары Исатай мен Махамбет, Шерниязбен, Сүйінбаймен төс соғыстырып дос болған. Ол «Гауһар тас», «Мақпал», «Қарғаш», «Әйкен-ай» әндерін, «Қасқыр» (Исатай мен Махамбет туралы), Қызыл нар, Аққайың, Алмас қылыш, Семсер, Есіл күйлерін шығарса, Қозы Көрпеш - Баян Сұлу, Қыз-Жібек, Ер Тарғын, Айман-Шолпан, Сырым батыр әндерін жаңғырта-жаңғырта орындаған. Атақтының атақтысы Сегіз сері қазақтың ақындық, әншілік, музыкалық өнерінің ұлы мектебін құрған әйгілі Біржан салдың ұстазы. Ұстазым Сегіз сері, Нияз сері, солардан үлгі алған мен Біржан салмын, дейді. Біржан сал мектебінен Басығараның Қанапиясы, Құлтума, Ақан сері, жаяу Мұса, Ағаш аяқ, Әздембай сал, Кемпірбай, Шашубай тағылым өнеге алған. Кемпірбай екі аяғына бақанды байлап алып, ойнаған гармонға қосылып билеген. Үстіне түрлі әлеміш киім киіп алып, аяқ-қолын керіп шеңбер жасап, зырлап дөңгелеп ойнаған.
Жыр думанның дию перісі атанған Шашубай – айтыс ақыны, композитор, сырнайшы, әнші, жонглерлік клоундық өнердің иесі, халық ойындарын асқан ептілікпен орындайтын шебер. Айталық, басындағы тақия көз ілестірмей маңдайына не желкесіне әкеліп ойнаған. Төбесімен жүргенде аяқтыға соқпаған көрінеді. Доңғалаққа ұқсап дөңгеленгенде, таяқтың ұшына таяқ ұстап, аттың үстіне төбесімен шаншылып шапқанда, құрықты бес саусағына кезек қондырып, алдына қойылған ыдыс-аяқ, тағамдардың ешқайсына қол-аяғын тигізбей, дастархан бетінде қоянша жорғалағанда, жұрт мынау дию ма, әлде пері ие деп қайран қалысады екен. Шашубай осындай өнерді Кемпірбай мен Балуан Шолақтан үйренген көрінеді. Сал мен серілер поэзиясының тақырыптары ұқсас. Сондықтан да, осынау әнші-ақындардың творчествосын бөліп жара қарауымыздың реті жоқ. Тек мінез, қылық, киім киюі, жүріс-тұрысы ерекшеліктері ғана болмаса және бұл өзгешеліктер поэзиялық ерекшелік тудырмайды. Олар махаббатты, жастық шақты, ой-сезім дүниесін толғайды.
Сал-серілік дәстүрдің қазақ сахарасында кең жайылыуының тағы бір дәлелі Уәйіс Шоңдыбайұлының шығармашылығы дер едік. Уәйіс – Абай Құнанбаевтың талантты ақын шәкірттерінің бірі. Керей руынан шыққан Уәйісті Абай әдейі шақыртып, әнін тыңдап отырған. Уәйіс әншінің серілік өнері туралы ғылыми еңбектер жоқтың қасы. Уәйіс серінің өлеңдерін кешегі дүниеден өткен Ақан сері және Біржан салдың өлеңімен салыстырғанда әлдеқайда қайғы мен шер басым болып келетіні байқалады. Уәйіс серінің белді шығармасы «Тобықты Тәуке батырдың Керейді шапқаны» деген дастаны екені аңғарылды. Табиғи дарыны асқақ Уәйіс жас жігіт кезінде серілік құрып, серуендеп, Семей, Қарқаралы, Кереку, Зайсан, елдерін аралап, өлең айтып, ән салыпты.
1891-94 жылдары Абайдың шақыруымен келген Уәйіс, ұлы ақынның талантты, білімді шәкірттері Мағауия, Ақылбай, Көкбайлардың тобына қосылады. Абайдың өсиетін тыңдап, ұғып, еңбекші халық мүддесін жырлайтын азамат ақын болады. Өлеңдерінде патша өкіметінің отаршыл зұлымдық саясатының нәтижесінде ерікті елдігінен, береке-бірлігінен айырылған қазақ халқының қайғы-қасіретін жыр етеді. Ел басындағы ауыр халді ашына жырлап, зұлымдықты әшкерелейді.
Естай Беркімбаевтың өнер туралы арнайы айтып кеткен тұжырымы кездесе бермесе де, Біржан салдың қасында бір жылдай еріп жүргені, 1889 жылы Ақан серіге шәкірт болғаны елеулі оқиға ақын үшін үлкен мектеп. Шалқыған кең тыныс, куплеттік өлеңнің схемасынан әнде «шыға жайылу» кездерден кем соқпайтын, аса дамыған қайырмалар, сөз мәні мен ән мазмұнының қабысып жатуы, азаматтық лирика, демократиялық арқау сал-серілік өнерден көшкен дәстүр.
Сал-серілік дәстүрге қатысты қазіргі кезеңде де ғылыми еңбектер жарық көруде. Ғалым Серік Негимов философиялық кеңістікте зерттеген еңбегінде 19 сал-серілердің өнеріне тоқталып өтеді. Ғалымның зерттеу қорытындысында Арыстанбай Тобылбайұлын, Құлтума Өтемісұлы, Ыбырай Сандыбайұлын, Шашубай Қошқарбайұлын, Доскей Әлімбайұлын, Кенішбай Жұбандықұлын, Қалқа Жапсарбайұлын, Майасар Жапақұлын, Тайжан Қалмағанбетұлын, Болман Қожабайұлын, Ғазиз Файзоллаұлын, Шәкен Отызбайұлын, Иса Байзақұлын, Ақан сері, Мәди Бапиұлын, Сегіз сері, Біржан сал, Естай Беркімбайұлын сал-серілер сипатына қосады. Мұнымен бірге Сәкен Сейфуллиннің, Әлкей Марғұланның, Қабиболла Сыдықұлының ғылыми зерттеулеріндегі сал-серілер туралы ой-пікірлерін жариялайды. Барлық айтылған пайымдарды түйіндесек, төмендегідей түзілім шығады:
1. Серілер әнші, домбырашы, ойыншы, тапқыр, палуан жігіттерді ертеді. Бәріне киімді бірыңғай әсем енгізеді. Ерекшеліктері: үкі, асыл киім, астында бүгінген әсем басқан сәйгүлік.
2. Басқаға жұмбақ өмір секілді көрінуі.
3. Сал-серінің ерекшелігі - әрі ақындығы, әрі әншілігі, әрі күйшілігі, әрі сауыққойлығы, елге қуаныш беруі.
4. Байсалды да сазды болып келуі.
5. Сал, серілерде ақындықпен қатар әншілік, күйшілік, композиторлық, би, спорт өнерінің қатар келуі.
Жыршылардың өзін де сал-серілер тобына жатқызуға болатыны бұл еңбекте анық байқалады. Бұл еңбектің бүгінгі жастарға бірер білім мазмұнына қызмет көрсетер тұсы айрықша. Оның басты себебі біздер сал-сері дегенде тек Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса және т.б. бірегей адамдардың келбеті есімізге түседі де Арыстанбай Тобылбайұлын тек Ш.Уәлихановқа бірнеше жырды шертіп беруші тұлға ретінде қабылдап келдік. Мектеп оқушылары мәдени мұраның осы бір тұсын терең білуге Арыстанбай Тобылбайұлының өнер шеберлігіне ден қоятыны сөзсіз. С.Негимов 5 сағат бойы «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырын тәмамдай алмағанын деректемелі тұрғыда дәлелдейді. Бұдан мектеп оқушыларының назарына серіліктің ауқымы кең, күш-қуаты мол екені ілігері даусыз. Басқа сал-серілердей Арыстанбайдың да ғұмырнамасы өлеңдеріне арқау болғаны мектеп оқушыларына өмірді мәнді сүруге бағдар жасайтын нысан демекпіз.
Зерттеуші бұрынғы Кеңестік дәуірде бимәлім болып келген немесе аты таныс болғанымен сал-серілер санатына жататынын білмей келген тұлғаларға тоқталуы халықтың педагогиканың этномәдени арқылы тәрбие берудің бағытын анықтай түседі. Зерттеушінің зерделі тұжырымдарынан этномәдени нысанының қозғаушы күші боларлық тұстарын төмендегідей саралап алуға болады:
1. Арыстанбай Тобылбайұлынан (1811-1880 жж.) мектеп оқушыларына ұсынар тұжырым: серілік дәстүрдің жыршылық бағдарын ұстаған. ХІХ ғасырдың өкілі, «Ер Көкше», «Ер Қосай» жырларын Шоқан Уәлихановқа айтып берген.
Түйіндегенде, Арыстанбай Тобылбайұлы елін сүйген патриот, елжанды азамат, Отанын сүйген батырларды өнерлі түрде, нақышына келтіре жырлап, кейінгіге жеткізуші. Ауызша ойға сақтау, жұлма жады (Жүсіпбек Аймауытовша) өте жоғары дамыған және жырлау барысында шаршау-шалдығуды білмеген.
2. Үкілі Ыбырай Көкшетау
«...Атығай мен Қарауыл
Бірің – тіл, бірің – көмейің.
Әлсіздерді демейсің
Адасқанға жол сілтеп,
Нәсілің тартып сен дағы
Елдің қамын жегейсің...», – деген батасы қабыл болып, Жантілеу тегі Қошанның да серілігі бүкіл Солтүстік Қазақстан облысына танымал. Мұнымен бірге кейінгі ұрпақтары да елінің мүддесін, намысын қорғаушы болғаны бүкіл солтүстік өңірге белгілі. 1930 жылы ату жазасына бұйрық шыққанда, С.Мұқановтың Үкілі Ыбырайды Қазақ ССР Жоғарғы Сотына ақтау өтінішін жіберіп, ел мақтаны Үкілі Ыбырайды аман алып қалады. Бірақ, не оқушыларға, не студенттерге мұндай ақпарат белгісіз күйінде қалып қояды.
3. Серілер мен салдардың
4. Қазақ халық педагогикасындағы
сал-серілік дәстүр арқылы
5. А.Жұбановтың да, С.Негимовтың
да зерттеу еңбектерінде сал-
6. Сал-серілік дәстүр арқылы
өз өлкесінің тарихын жырына
қосып, өткен өмір белестерін
кейінгі ұрпаққа таныстырушы. Бұл
Кенішбай Жұбандықұлына тән
7. Халық педагогикасындағы сал-
8. Жезқазған өңірінен шыққан
сал-серілердің Майасар
9. Сал-серілік дәстүрдің
10. Иса Байзақұлының сал-серілік
дәстүр арқылы этномәдени
Қорытынды
Қорыта келгенде, сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие беру іс-әрекетінің тарихи желісіне ой жүгіртсек, осы мәселеге ден қоятын оқушы мен студентті көзге елестетуіміз қиын. Бұл мәселе халық іліміндегі өнер иелерінің заманынан озып туған, теңдестерінен асып туған, көзін ашқаннан өнер қуған, дүниенің төрт бұрышына нұр шапағын шашқан, қиял есігін ашқан, даланың тылсым күйін тіршілігіне жан бітірген сал-серілер дәстүрімен бүкіл халықты мәдениетке баулумен шешіліп келген. Басқа ешбір ұлтта жоқ аталған сал-серілік дәстүрдің ұлы мектебінің кейінгі ұрпаққа қуат көзін оятар қарымы айрықша екені даусыз.
Сал-серілік дәстүрдің аталған 10 түрлі өзіне тән ерекшелігі тыңдармандарына өмірсүйгіштік көңіл-күй дарытып, көңіл жадыратар рөл атқарған. Зерттеу барысында сал-серілік дәстүр ХІХ ғасырдан бастау алып, бүгінгі күнге дейін оның элементтерін аңғаруға болады. Еңбегіміздің басында атап өткен болмысқа өнер иесінің дүниетанымын онтологиялық деңгей десек, бұл құбылысты аталған сал-серілердің әндері мен жырларынан толық кездестіреміз. Сол секілді әсемге деген танымдық қисындық деңгейді гносеологиялық мәреде қарастырсақ, қоғам, жеке адам жайлы ой-түйіндерінен дара пікірді, өткір сынды немесе өршіл құптауды аңғарасыз. Ең соңында, ұлттық мәдени мұра, құндылық сапасында сал-серілік дәстүр арқылы ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі фольклор мен ауыз әдебиетінің інжу-маржандарының қайта түлеп жаңғыруына құрал екені байқалды. Сөйтіп, аксиологиялық деңгей де халық арасында ұдайы дамып отыруға мүмкіндіктің бар екенін аңғартады.
Информация о работе Халық педагогикасындағы ән-жырлар халық ауыз әдебиетінің қайнар көзі