Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Августа 2015 в 09:42, доклад
Бүгінгі таңда инклюзивті білім беруді қолдау бағытында жалпы білім беретін ұйымдарда белгілі себептермен ақыл - ой дамуында ауытқуы бар немесе психикалық дамуы тежелген балалар білім алуда. Әр баланың білім алуда өз ерекшеліктері бар. Мәселен әр баланың эмоционалдық және психикалық таным процестерінің даму деңгейі әртүрлі. Инклюзивті білім беру балалардың оқу үдерісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады.
Нургалиева С.Д., «ӨРЛЕУ» БАҰО АҚ филиалы
«Павлодар облысы бойынша педагогикалық
қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының аға оқытушысы
Мектеп жасына дейінгі балаларға инклюзивті білім беруде қолданылатын педагогикалық әдістемелер
Бүгінгі таңда инклюзивті білім беруді қолдау бағытында жалпы білім беретін ұйымдарда белгілі себептермен ақыл - ой дамуында ауытқуы бар немесе психикалық дамуы тежелген балалар білім алуда. Әр баланың білім алуда өз ерекшеліктері бар. Мәселен әр баланың эмоционалдық және психикалық таным процестерінің даму деңгейі әртүрлі. Инклюзивті білім беру балалардың оқу үдерісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады.
Мектепке дейінгі жастағы балалардың даму кемістігін түзету бағытында түрлі әдістер мен педагогикалық жүйелері қолданылады.
Мүмкіндігі шектелген баланың қоршаған ортаны білудегі қарапайым қажеттіліктерін қанағаттандыруға ізденіс ойындары көмектеседі. Әр түрлі елдің педагогтері ресей мен шетелдің дидактикалық құралдарын (Б. Никитиннің дамытушылық ойындарын, Дьеништің блоктарын, «Лего», Кюизенер санау таяқшаларын т.б), технологияларын қолданып, әлемдік білім кеңістігін кеңейтуде.
Қазіргі таңда белгілі бельгия математигі Кюизенер, арнайы таяқшалар арқылы балаларға математика негізін үйретудегі әдістемесі мектепке дейінгі ұйымдардың тәжірибесінде кең қолданылады.
Кюизенер санау таяқшалары:
Құрамында әр түрлі санды білдіретін көптеген таяқшалар топтамасы бар. Бірақ барлық топтама өзіне тән бір ортақ принципке жүгінеді:
• Әр түрлі ұзындықтағы барлық таяқшалар тіктөртбұрышты параллелепипед пішінді болып келеді. Оның негізінде қабырғаларының ұзындығы 1см тең шаршы болады.
• Ұзындықтары бірдей таяқшалар бір түспен белгіленген. Топтамада (қорапта) 10 түсті таяқшалар бар, олар: ақ, қызғылт, көгілдір, қызыл, сұр, жасыл, күлгін, көк, сары, тоқсары; ең қысқа, ұзындығы 1см таяқшаны «шаршы» деп атауға болады.
• Әр таяқша алдыңғы таяқшадан
1см артық; ақ таяқша 1 деген санды білдірсе,
келесі 2 санын білдіретін түс- қызғылт,
3– көгілдір т.с.с.
Кюизинер таяқшалары үш жастан
асқан балалармен жұмыс істеуге арналған.
Балалар үйренгенін ұмытып қалмас үшін,
іс - әрекеттерді жүйелі түрде өткізген
дұрыс.Санау таяқшаларының балаларды
қызықтыратыны, олармен жазықтықта тігінен
де, көлденеңінен де қойып құрастыруға
болады.
Бұл, балаларға орындаған модельдерін бір жазықтықтан екінші жазықтыққа ауыстыруына мүмкіндік береді.
Модельдеу барысында, бала шығармашылық ойлау, қиялдау қабілетін дамыта отырып, нақты заттарды (үй, ағаш, адам т.б) санау таяқшалармен алмастырады. Баланың шығармашылық танымы қалыптасады.
Таяқшалар арқылы өткізілетін ойындар мен тапсырмалар, балаларды қайраттылыққа, алға ұмтылуға, өз мақсатына жетуге, өздігінен әрекеттенуге, дербестікке, ұйымшылдыққа, өзіндік бақылауға, жігерлікке тәрбиелейді.
Математикалық ұғымдарды дамыту :
• Көлем туралы ұғымдарын пысықтау
(ұзын – қысқа, кең - тар, биік - аласа,
үлкен - кіші).
•Түсі мен көлеміне қарай топтастыру
қабілеттерін дамыту.
• Шартты өлшеуіш арқылы өлшеу
әдістерін (өлшеу мен түстерді айыру негізінде
10 санының пайда болуын); сандық санау
мен реттік санау айырмашылығынбілу, екі
топтағы заттарды салыстыру қабілетін
меңгеру.
• Модельдеу барысында геометриялық пішіндерді: үшбұрыш, шаршы тіктөртбұрыштың аталуын және айырмашылығын білуді дамыту.
• Кеңістікті бағдарлаумен таныстыру, яғни (сол жақта, оң жақта, жоғарыда, төменде, үстінде, астында, жанында, қасында)
• Өлшеу мен түстерді анықтау
негізінде 10 дейінгі сандар құрамының
құрылуымен таныстыру.
• Сандық және реттік санаудың
айырмашылығын білуді дамыту.
Қай? Қайсысы? Неше? Қанша? Деген
сұрақтарға жауап беруді үйрету.
• Сан құрамы туралы ұғымдарын қалыптастыру. Оның бірліктен және екі кіші саннан тұратын пысықтау.
• Шартты өлшеуіштің көмегімен
бүтінді бірдей бөліктерге бөлуді пысықтау.
• Геометриялық пішіндер: төртбұрыштар
мен көпбұрыштардың аталуын
пысықтау.
• Кеңістікті бағдарлаудың
өзгеруі туралы түсініктерін қалыптастыру.
• Кеңістіктегі заттардың орналасқан
жерін сөзбен белгілеуді пысықтау.
Логикалық блоктарды венгердің психолог-математигі
Золтан Дьенеш ойлап тапқан. Балаларды
блоктар арқылы ойната отырып, оларға
нысандардың түсін, пішінін, көлемі мен
жауандығын көрсете отырып, ажыратуға
үйретуде, информатикадан бастапқы сабақтар
және математика тұрғысынан алғы ұғымдарды
меңгертуде таптырмас құрал. Ол балалардың
ойлау әрекеттерін дамытады (сараптама,
салыстыру, жалпылау), логикалық ойлау,
шығармашылық қабілеттерін және танымдық
қабілеттерін (қабылдау, зейін,есте сақтау)
жетілдіреді. Дьенештың блоктарымен
ойнай отырып, бала әртүрлі заттық
әрекеттер жасайды (бөлу, белгілі ережемен
орналастыру, қайта орналастыру және т.б.).
Логикалық блок 48 геометриялық пішіннен тұрады:
а) төрт пішінді (дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш, тікбұрыш);
б) үш түсті (қызыл, көк және сары);
в) екі көлемді (үлкен және кішкентай);
г) қалыңдығының екі түрі болады (жуан, жіңішке).
Логикалық блоктар дегеніміз геометриялық пішіндердің жинағы, олар баланың ерте жасынан бастап дамытушылық тапсырмаларды орындау кезінде затты пішіні, түстері, көлемі бойынша топтастыруға және геометриялық фигуралармен танысуында кеңінен қолданылады.
Әдістемеде біртіндеп күрделене түсетін логикалық блокты жаттығулар мен ойындардың 4 тобы берілген:
Логикалық блоктармен жұмыс әрекетінде шартты түрде берілген карточкаларды қолдануға болады.
Бұл каточкаларды пайдалану блоктың ерекшеліктері бойынша орналастыру, жинақтауға, олар туралы мәліметтерді жасыруға, баланың табу қабілеттерінің дамуына ықпал етеді. Сонымен, блоктардың түсі, пішіні, үлкендігі мен жуандықтарын білдіретін карточкаларды таңдай отырып, тапсырманы орындайды.
Воскобовичтің дамытушы ойындары.
Дамыту ойындары психологиялык және педагогикалық технологиялардың интеграциясы, танымдык дамуын ынталандыратын және аныкталған дағды біліктерін нығайту аркылы іске асырылады.
Ойын ерекшеліктері
Воскобович ойындары несімен кызықты?
Конструктивтік элементтерімен.
Мысалға алатын болсак, «Геоконтта» - кұрастыру құралы ретінде динамикалык «резеңке», «Воскобович шаршысында» - қаттылық пен иілгіштік бірге, «Мөлдір шаршыда» - мөлдір пластинка мөлдір емес бөлігімен. Ойын катысушыларының жас ерекшеліктерінің кеңдігімен. Бір ойындарға үш жастағы да, жеті жастағы балаларды да, кейде орта мектеп окушылары да қатыса алады. Сәбилер үшін де және ересек жастағы балалар үшін де бір-екі әрекеттен тұратын әрі көп сатылық киын міндеттерді орындауға мүмкіндік береді.
Коп функциоиалдылығы. Бір ойынның көмегімен көптеген білім беру міндеттерді шешуге болады. Ойын барысында сәбилер цифрлар мен әріптерді меңгере бастайды; түстерді, пішіндерді ажырата біледі және есінде сақтайды; саусақтың ұсак бұлшык еттері шынықтырады; тілін, ойын, зейінін, есте сақтауын, қиялын жетілдіреді.
Бейнелілік және әмбебаптылык. Бұл ең негізгісі, осы арқылы баска ойындардан Восковобич ойындары ерекшеленеді. Ойындар ертегі әлемімен, ерекше тілімен толыктырылған. Ертегі-тапсырмалар, мейірімді кейіпкерлер, соның ішінде акылды Метр карға, ержүрек сәби Гео, айлакер, бірак карапайым Всюсь, кызыкты Магнолик ойын барысында баланы сүйемелдеу аркылы, оған логикалық ойлау қабілеттерін қалыптастырумен катар адамгершілік карым-катынастарға, ойынға катысып отырған ересектермен де ортак тіл табысуға көмектеседі.
Ойындарды балабақшалық топтарында, отбасында, жеке және түзету практикасында да пайдалануға болады.