Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2014 в 23:32, реферат
XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басы аралығындағы кезең Автро-Венгрия империясының хронологиялық шеңберін қамтиды. 1867 жылы ымыраласу негізінде құрылған дуалистік монархия Бірінші дүниежүзілік соғыста жеңілген елдер қатарынан орын алды. Берілген жұмыста Австро-Венгрияның жартығасырлық дәуіріндегі маңызды саяси оқиғалары мен әр мемлекеттің дуализм жүйесіндегі дамуы қарастырылады. Әскери, экономикалық және әлеуметтік жағынан жақсы дамыған ұлы держава неліктен қысқа мерзім ішінде күйреді және оған нақты қандай факторлар әсерін тигізді?
КІРІСПЕ..............................................................................................................3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ...................................................................................................4
1 ДУАЛИЗМ ЖҮЙЕСІНДЕГІ АВСТРИЯ........................................................4
1.1 Дуализм жүйесінің нығаю кезеңі.....................................................................4
1.2 Австриядағы ұлттық қарама-қайшылықтардың дамуы.................................5
1.3 Австриядағы жұмысшы және социалистік қозғалыстар...............................7
2 ДУАЛИСТІК МОНАРХИЯ ҚҰРАМЫНДАҒЫ ВЕНГРИЯ.....................11
2.1 1867-1899 жж. Дуализм жүйесіндегі Венгрия..............................................11
2.2 Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы монархияның құлдырауы......13
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................15
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР....................
Габсбургтық дипломатияның
әрекеті Австро-Венгрияны Германияға
одан әрмен тәуелді етті. Германия басшылығы
Австро-Венгрия империясын Ресейге қатысты
пайдаланып, осы арада екі империяны қатар
әлсіретудің амалын бақты. Ақыры Франц
Иосифтың ресми мұрагері австриялық эрцгерцог
Франс Фердинандтың өлімінен кейін күллі
әлем державаларының қатысуын қамтыған
бірінші дүниежүзілік соғыс басталып
кетті.
ҚОРЫТЫНДЫ
Сонымен, жоғарыда аталған кезең
аралығындағы Австро-Венгрия империясын
жан-жақты қарастыра келіп, келесідей
ой түйеміз. Дуализм жүйесі саяси деңгейдегі
екі мемлекеттің бірігу үрдісі болып табылады.
Қос үкіметтің ортақ монархы, ортақ билеуші
таптары, әскери қарулы күштері және сыртқы
саяси ұстанымдары болады. Қалған салаларда
екі мемлекет бір-бірінен дербес жағдайда
өз бетімен жеке дамиды. Жалпылама түрде
қарағанда дуализм қоғамдық-саяси өмірде
аса үлкен қиындықтар тудыра қоймайтын
сияқты. Алайда тарих тәжірибесі көрсеткендей,
дуалистік бағытта дамитын мемлекеттердің
тағдыры әлдеқашан белгіленіп қойған.
Күрделі саяси субъект ретінде Австро-Венгрия
монархиясы жарты ғасырға жуық уақыт өмір
сүрді. Осындай ұзақ мерзім ішінде екі
мемлекетте аяғына дейін нақты шешімін
таппай кеткен ұлттық мәселе, социалистік
қозғалыстар, партиялық жікшілдіктер
сияқты кемшілік тұстар кездеседі. Саяси
деңгейде мемлекет өзінің ұлттық егемендігін
жоғалтпауы тиіс. «Екі мемлекет – бір
жүйе» немесе «бір мемлекет – екі жүйе»
концепциясы арқылы өмір сүретін мемлекеттер
саяси жағынан үнемі қиындықтарға тап
болуы ықтимал. Соңғы түсініктеменің жарқын
мысалы ретінде қазіргі Қытай Халық Республикасын
келтіруге болады. Бұдан түйетін ой –
мемлекеттік дуализм нысаны жағынан әлсіз,
толығымен қалыптаспаған жүйені құрап
отыр.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР