Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2014 в 23:32, реферат
XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басы аралығындағы кезең Автро-Венгрия империясының хронологиялық шеңберін қамтиды. 1867 жылы ымыраласу негізінде құрылған дуалистік монархия Бірінші дүниежүзілік соғыста жеңілген елдер қатарынан орын алды. Берілген жұмыста Австро-Венгрияның жартығасырлық дәуіріндегі маңызды саяси оқиғалары мен әр мемлекеттің дуализм жүйесіндегі дамуы қарастырылады. Әскери, экономикалық және әлеуметтік жағынан жақсы дамыған ұлы держава неліктен қысқа мерзім ішінде күйреді және оған нақты қандай факторлар әсерін тигізді?
КІРІСПЕ..............................................................................................................3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ...................................................................................................4
1 ДУАЛИЗМ ЖҮЙЕСІНДЕГІ АВСТРИЯ........................................................4
1.1 Дуализм жүйесінің нығаю кезеңі.....................................................................4
1.2 Австриядағы ұлттық қарама-қайшылықтардың дамуы.................................5
1.3 Австриядағы жұмысшы және социалистік қозғалыстар...............................7
2 ДУАЛИСТІК МОНАРХИЯ ҚҰРАМЫНДАҒЫ ВЕНГРИЯ.....................11
2.1 1867-1899 жж. Дуализм жүйесіндегі Венгрия..............................................11
2.2 Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы монархияның құлдырауы......13
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................15
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР....................
«...Еңбек нарығы ешқандай ұлттық шектеулермен айқандалмаған. Керісінше, дүниежүзілік экономикалық қатынастар осы ұлттық шекараларды көпір есебінде пайдаланады, капитал жұмысшылардың ұлттық ұстанымдарына араласпайды, сондықтан жұмысшылар арасында ұлтқа қатысты теке-тірестер болмауы тиіс...» [2]
Аталмыш манифест венгр, чех, поляк, итальян және румын тілдеріне аударылды. Алғашқы рет империя құрамындағы барлық ұлттың делегаттары бір іске жұмыла кірісіп, басын қосты. Ел ішіндегі жұмысшы қозғалысы бірте-бірте социалистік бағытқа ұласып, өз бағытын жаңа арнаға бұрып жіберді.
Жарты жылға жуық уақыт өткен соң, 1868 жылы Австрияда ресми түрде жұмысшылардың алғашқы социал-демократиялық партиясы құрылғаны жарияланды. Партияның қабылдаған бағдарламасында: «Социал-демократиялық партияның негізгі мақсаты бейбіт және заңды түрде қоғамдық үгіт-насихат жүргізу арқылы егеменді мемлекет құру, жалпыға ортақ тікелей сайлау құқығын беру, азаматтардың тең құқығына қол жеткізу болып табылады. Азаматтардың тең құқығы саяси әрі әлеуметтік деңгейде қарастырылуы тиіс» делінген болатын.
Социал-демократиялық партия ұлт өзін-өзі билеу құқығына ие болуы қажет деп мәлімдеді. Бұған сәйкесінше келесі талаптарды жария етті:
Партия бағдарламасы жеке ұлттың өзін-өзі билеу құқығын қарастырғанымен, тіл мәселесі сияқты бөлек ұлттық мәселелерді қамтымады. Делегаттардың ұстанымы демократия Австрия халқына өз тағдырын өзі шешу мүмкіндігін береді деген негізде дамыды.
1869 жылы 11 ақпанда социал-демократтардың алғашқы апта сайын шығатын «Фольксштимме» газеті жарық көрді. Австро-Венгрия империясы аз уақыт ішінде социализмнің ықпалында қалды. Кейінгі 70-жылдар үкімет пен анархистер есебінде қабылданған социалистік топ арасындағы күрес кезеңі деп бағаланды. Ендігі жерде билік басындағылар неліктен социалистік қозғалысты уысынан шығарып алды, оның ел ішіне орнығып кетуіне қалай жол берді деген сұрақтар орынды болады. Әрине, оны басшылықтың ағаттығынан болды деу қиын. Үкімет социалистік бағытты белгілі бір деңгейде өзінің ішкі саясатын жүргізу үшін пайдаланды. Империядағы көпұлттық жағдайға байланысты ел ішінде басқарушы мықты күшке ие топ табылмады. Таафе билігі кезінде және одан кейін де мемлекет басшылары соцалистік-жұмысшы тапты өз жағына шығаруды көкседі. Австриялық жұмысшыларды австриялық буржуазияға қарсы пайдалану немесе чех пен поляк жұмысшыларын славян оппозициясындағы «бейтараптандырушы күш» есебінде пайдалану үкіметтің негізгі мақсаты болатын. Аталмыш ойлар әсіресе ұлттық қайшылықтардың шиеленіскен шағында, үкіметтің шарасыз жағдайында өте орынды болды. Ұлтшылдық социализмге жат нәрсе болғандықтан, империя тұрақтылығын сақтайтын бірден-бір тиімді жол осы болатын.
Алайда 1870-1888 жылдар аралығында австриялық социалистік қозғалыс терең дағдарыс кезеңіне бойлады. Социал-демократиялық партияның саяси ұстанымдары тым жалпы жағдайда дамыды. Партия ішінде жікшілдік байқалып, оның әуелгі басшылары өз бағыттарынан бас тарта бастады. Қыруар халықтың басын қосқан мұндай партиялық жүйе өзінің тиімсіздігін айқындап берді.
1884 жылы австриялық үкімет
социализмді тұншықтыру
90-жылдарға таман Австриялық
социал-демократиялық партия
1889 жылғы Гайнфельдегі
партия съезді социал-
2 ДУАЛИСТІК МОНАРХИЯ ҚҰРАМЫНДАҒЫ ВЕНГРИЯ
2.1. 1867-1899 жж. Дуализм жүйесіндегі Венгрия
1867 жылғы Австро-Венгрия
арасында қабылданған келісім
венгрлік династия мен
Венгриядағы билік жер иеленуші аристократияның қолына өтіп, қала буржуазиясы саяси жағдайда оқшау деңгейде қалды.
1867 жылғы «Ымыра» Венгрияға ресми теңдік дәрежесін қамтамасыз етті. Алайда іс жүзінде монархияның басым бөлігі Австрияның қарамағында қала берді. Бұл Венгрия халқының ашу-ызасын тудырмай қоймады. Венгрлер империя әскерінің Австриялық ту астына бірігіп, мемлекеттік және әскери қызметтер тек неміс тілінде жүргізілетініне қатты наразы болды. Ұлттық жасақ – гонведтер жүйесінің сақталуы ғана венгр халқына жұбаныш бола алды. Автро-Венргияның өзара қатынасының тағы бір осал жері – экономикалық аспектіде дамыды. Кедендік одақ, сауда келісімдері, жалпы ақша валютасы, ортақ пошта қызметі мен транспорт жүйесі және мемлекет шығындарының квоталық үлесі үлкен айырмашылықта болатын. Мәселен, Венгрияның жоғарыда айтып өткен мемлекет шығындарының 30 %-дық үлесі ел-жұртты мазаламай қоймады. Империяның заңдарына сәйкес экономикалық реформалар тек он жылда бір ұйымдастырылуы тиіс еді, ал бұл өз кезегінде қосарланған экономика жүйесін артта қалдырып, даму үрдістерін тежеп отырды. Осындай экономикалық сипаттағы кемшіліктер мен Венгрияның ұлттық мүдделерінің қажет деңгейде сақталмауы венгр оппозициясының басты қозғаушы күшіне айналды. 51 жыл уақыт өмір сүрген Австро-Венгрия дуалистік монархиясы бұл мәселенің түпкілікті шешімін таба алмады.
Әлбетте, екі мемлекеттің бірігуі қос тарапқа да бірқатар қиындықтар тудырғанымен, бірігуден келетін артықшылықтар да жоқ емес-ті. Австриядағы Габсбургтер әулеті үшін Венгриямен ымыраласу Еуропадағы ұлы держава статусынан айырылмаудың бірден-бір жолы болатын. Венгрия үшін бұл тарихи келісім мемлекеттің өзін-өзі билеу мүмкіндіктерін арттыру мен Австро-Венгрия империясы аталатын алып державаның бір бөлігі болуды білдірді. Шын мәнінде Венгрияның империядағы беделі айтарлықтай зор болмады: империяның қорғаныс министрлігіне венгр өкілі тағайындалмады, дипломатиялық корпустың 30 %-ы ғана венгрлерді құрады, сыртқы істер министрлігінің 10 мүшесінің 4-і ғана венгриялық таптан тағайындалды. Дегенмен мемлекеттің ұлттық мүддесінің зор келешегінен үміттенген венгриялық қоғам империяның басым күшін иеленуден қол үзбеді.
Дуализм жүйесіндегі Венгрия мемлекеттік даму бағдарламасы аясында либерализм бағытын таңдаған болатын. Венгрия либерализмінің басты ерекшелігі – отандық және ағылшын конституционализміне сүйеніп дамуы. Бұл жағдайда Венгрия мен Австро-Венгрия империясының саяси ұстанымдары жанасады: шексіз абсолютизмді жойып, орнына либералды, сайлау жүйесіне негізделген басқару нысанын құру болып табылады. Алайда қос үкіметтің күрделі қатынастары,саяси жүйесінің тарлығы және ұлттық мәселелер дуализм кезеңіндегі Венгрияның жағдайын шиеленістіріп жіберді.
1867 жылдың екінші жартысынан
кейін Венгриядағы саяси
Әйтсе де Венгрияның
қоғамдық саяси өмірінде
Андраши үкіметі Венгрияның заң саласындағы конституциялық тәуелсіздігін пайдалана отырып, жаңа азаматтық қоғамның негізін қалайтын заңдар жүйесін қабылдады. Реформаларды жүргізу нәтижесінде мемлекеттің саяси құрылымы консервативтік сипат алды. Азаматтық бостандыққа қол сұғылмаушылық, баспасөз еркіндігі, халықтың заң алдындағы теңдігі және т.б. енгізулер пайда болды. Андрашидің саяси ұстанымы Венгрияның сыртқы саяси шешімдеріне зор үлесін тигізді. Олай дейтін басты себеп Австро-Венгрия империясының дуализм жүйесін қабылдауы осы Андрашидің арқасында болатын.
60-жылдары Германияның ұлттық бірігу үрдісі белең ала бастады. Алайда бұған басты қарсылық көрсеткен фактор Австриядағы Габсбургтер әулеті еді. Австриялық император Франц Иосиф және оның төңірегіндегі билеуші тап Габсбургтық гегемонияның Еуропадағы әлсіздігін мойындағысы келмеді. Ендігі жерде Германияда австриялық ұстанымды саяси жағынан оқшаулау саясаты жүргізілетін болды. Бұл саясат екі көрнекті қайраткер – О.Бисмарк пен Д.Андрашидың басын қоқан болатын. Әр тарап өз мемлекетінің ұлттық мүддесін ойлады, дегенмен көп жағдайда екеуінің де мүдделері өзара үйлесімін тапқан болатын. Венгриялық билеуші таптың мақсаты барынша Пруссияның әлсіздігін болдырмау еді, өйткені империяға біріккелі тұрған Австро-Венгрия қатынастарында австриялық немістердің қауқары арта түсіп, венгрлердің өзін-өзі билеу құқығы шектеліп қалуы мүмкін еді. Әйтсе де Венгрия үшін Австрияның әлсіздігі де тиімсіз келді. Себебі Австрия әлсіресе, болашақ құрылғалы отырған империя да өз аяғына келеді деген сөз еді. Венгрия басшылығына Шығысқа сүйенетін, Ресейге қарсы тұра алатын, Балкан теңізіндегі экспансиялық саясатты жүргізуге күші жететін мықты монархия қажет болды. Ал Бисмарктың бар көксегені Автриялық басшылықты одақтас елге айналдырып, герман-прусс қақтығысына қарсы пайдалану болатын. Егер Вена бұл әрекетке әлі де дайын болмаса, Будапешт арқылы қимылдау қажеттігі туды. Бисмарк үкіметі габсбуртердің Германиядан біржола қол үзуі үшін нақты саяси төңкеріс қажет екенін ұғына білді. Ондай реформалар Андраши тарапынан енгізілген ұсыныстарға сүйеу болды. Міне, осы арада Австро-Венгриялық дуализм саясаты өзінің бастамаларын алған болатын. 1866 жылы шілдеде Бисмарк мемлекет елшілеріне «Венгрияның ұлттық талаптарын» орындауды тапсырады. Венгрия Австрияның Пруссияға қарсы соғысуын тежеуші рөлін сомдады. Осындай шиеленіскен жағдай барысында, көптеген күрделі келіссөздер нәтижесінде Австро-Венгрияда дуализм жеңіске жетеді. Жаңадан құрылған империяның алғашқы сыртқы істер министрі болып Андраши тағайындалды. Оның кейінгі кездегі ұстанымы Балкан теңізіндегі ұлт-азаттық қозғалыстарға бағытталды.
Жоғарыда баяндалған мәліметтерге сүйене отырып, Венгрияның австро-венгриялық дуалистік монархиясына тигізген әсері зор екенін байқау қиын емес. Әуелгі кезеңде Австриямен салыстырмалы ғана маңызға ие болған мемлекет кейінгі кезде үкімет басшылары көксегендей алып империяның беделді күшіне айналды.
2.2. Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаныдағы монархияның құлдырауы
XX ғасырдың басында Австро-Венгрияның императоры Франц Иосифтың жарты ғасырлық мерейтойы атап өтілді. Монархияның билігі барысында Франц Иосиф саяси және ұлттық бақталастардан оңай жолмен құтылып, аристократиялық элитаны жасырын жағдайда ұстады. Нәтижесінде монархтың айналасында саяси жағынан сауатсыз, Дунай монархиясын қайта жаңғыртуға шамасы келмейтін билеуші тап қалыптасты. Еуропадағы артта қалған мемлекет саналса да, Франц Иосифтың мұндай билеу саясаты ешкімге кедергі келтірмеді. Монархтың олқы саясатының кесірінен Австро-Венгрия мемлекетінің жұлдызы сөнетін шақ жақындай түсті.
Герман ұлттарының бірігу үрдісінде орын алмаған Австро-Венгрия империясы изоляциялық жағдайын оңтүстік-шығыс аймағындағы елдер есебінен қайтармақшы болды. Балкандағы мүддесін жүзеге асыру барысында Австро-Венгрия славян халықтарының қорғаушысы – Ресейге тап болды. Бұл империяның сыртқы саясатының тығырыққа тірелген сәті болды деуге де әбден болады.
XX ғасырдың басында монархияның сыртқы саяси дағдарысынан өзге либерализмнің құлдырауы да көрініс тапқан болатын. Либералдардың саяси бағдарламасының іске асырылуы мемлекет тыныштығына емес, керісінше елдің әлеуметтік қақтығыстарының шиеленісуіне әкелді. Либерализм өкілдері қаланың орта таптарынан қолдау таба алмады, сонымен қатар саяси клерикализмнің бейтарап жағдайына септігін тигізуге шарасыз болып шықты. Ақыры нәтижелі саясат жүргізе алмаған соң либералдардың бір бөлігі неміс националистеріне қосылып кетті.
Австро-Венгрия монархиясының құлауына себепші болған ең өзекті мәселе социализм мен ұлттық мәселелердің тереңдеуі еді. Австриялық социал-демократтарға ұлттық мәселені пролетарлық революцияға дейін шешу қажеттілігі туды. 1898 жылы Австро-Венгрия империясының социал-демократиялық партиясы федеративті қағидат бойынша қайта құрылды: Орталық атқарушы комиссиясына 6 ұлттық бөлімше өкілдері жіберіліп отырды. Бұл «мәдени автономия» ұғымын қалыптастырған шара славян халықтарының өзін-өзі билеу мәселесіне тығыз байланысты болатын.
Аталған жағдайларды есепке ала отырып, Австро-Венгрияның «тілімделген» империясы неліктен құлдырағанын түсіндіруге болады. Мемлекеттің шет аймақтарындағы ұлт-азаттық қозғалыстар мен орталығындағы бюрократиялық аппарат монархия дағдарысының айқын көрінісі болып отыр. Австриялық билеуші топ қанша жерден тығырықтан шығу амалдарын іздестіргенімен еш нәтиже шықпады. 1908 жылғы Босния мен Герцеговинаны аннекциялау және өзге де Балкандағы экспансиялық саясаттың қайта жандануы империядағы ұлттық қақтығыстарға әкеп соқтырды.