Екіншілікті ресурстарды пайдалану тиімділігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Октября 2009 в 13:12, Не определен

Описание работы

Реферат

Файлы: 1 файл

ресурс.doc

— 70.50 Кб (Скачать файл)

       Сөз жоқ, саябақтар құру, жасыл өскiндер алаңдарын ұлғайту немесе жабайы аңдар мен құстардың табиғи азықтану базасын жасау – қажет iс. Бiрақ  негiзгi артықшылық өнеркәсiптi аумақтың экологиясына түсетiн техногендi жүктеменi азайтуға бағытталғаны тиiс қой. Оны кәсiпорындар өздерiнiң экологиялық бағдарламаларында қарастырып та отыр. Ендi қоршаған орта эмиссиясы үшiн төленетiн төлемдердiң күрт өсуi ол бағдарламалардың орындалуына қауiп төндiрмекшi.

       Депутаттардың бiр бөлiгi мөлшерлеменi 100 пайызға  бiр-ақ ұлғайта салуды ұсынған. Бiрақ  содан кейiн өз есептерiн түсiндiрiп  жатпай-ақ, Шығыс Қазақстан аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы өкiлiнiң  ұсыныстарына мойын ұсынғандай болып, ол пайызды 65-ке дейiн азайтты. Тек халық қалаулыларының кейбiрi ғана: "Әлi де ойлана түсейiк, әуелi бұл шешiмнiң тиiмдiлiгiн болжап алайық" деп тоқтау айтты.

       Бiз  қандай коэффициент қолдансақ та көптеген жылдар бойы өңiрiмiзде қордаланып қалған мәселелердi бiрден жоя қоюымыз мүмкiн емес, – дейдi облыстық мәслихаттың Риддер қаласынан сайланған депутаты Михаил Шубин. – Өнеркәсiп орындарында қоршаған орта министрлiгiмен келiсiлген 2008 жылға арналған табиғат қорғау бағдарламалары бар. ҚОҚМ мен ШҚО қалалары әкiмдерi арасында экологиялық қызмет туралы меморандум жасалған. Олар облыс экологиясында басымдылыққа ие. Кәсiпорындарда 2008 жылдың жоспары мен бюджетi, шарттар жасалып қойылған, барлық әрiптестермен мөлшерлемелер, тарифтер келiсiлген. Мөлшерлеме коэффициентiн көтеру келiсiмшарттарды қайта қарауға әкелiп соғады. Содан барып өскен эмиссия ақысын төлеу үшiн бюджетке, оның iшiнде экологиялық шараларын қысқартуға тура келедi. Ал мұның өзi ендi-ендi дұрысталып келе жатқан экологиялық ахуалды нашарлатпаса, жақсарта қоймайды. Менiң ойымша, биыл базалық мөлшерлеменi қалдырып, мониторинг өткiзiп, кәсiпорындардың республика деңгейiнде онсыз да екi есе ұлғайтылған мөлшерлеме бойынша қалай жұмыс iстейтiнiн байқап көру керек.

         Қоршаған ортаны қорғаудың өңiрлiк  бағдарламасының қабылдануы құптарлық, бiрақ менi мөлшерлемелер қабылдау мәселесiнiң кеңiнен талқыланбай қарала салғаны таң қалдырады, – деп жалғастырды әрiптесiнiң ойын Серебрянск қаласынан сайланған депутат Виталий Иванов. – Бәрi облыста қордаланып қалған проблемалар туралы айтып жатыр. Ал егер кәсiпорындар экологияны жақсартуға өз қаржыларын бөлмесе өңiрiмiз қандай жағдайда болар едi? Бiз мөлшерлемелердi көтере отырып, көптеген кәсiпорындарды өте қиын жағдайға душар етемiз. Мен Серебрянск қаласынан сайланған депутат ретiнде жылда қала қазандығына қаржылай көмек керек деп қақсаймын. Бүгiнгi күнi қазандық онсыз да iлдебайлап әзер iстеп тұр, ал егер мөлшерлеменi көтерсек не болды? Оның төлемдерi екi есе көбейедi! Төлемдер тұрмыстық қалдықтар бойынша 10 еседен асып кетедi. Менiң ойымша, осының бәрi ерте ме, кеш пе тарифке енгiзiлiп, тағы да қарапайым халықты сорлатамыз.

       Сөйлегендердiң  парасатты пiкiрлерi халық қалаулыларының басым көпшiлiгiн ойландырған жоқ. Оның салдарына салақ қарады. Эмиссия  үшiн төленетiн мөлшерлемелер  бойынша ұсыныстар дайындаған комиссия кезектен тыс сессияға дайын шешiмдерiн ала келдi. Комиссия мүшелерi оны талқылауға өнеркәсiп орындарының өкiлдерiн шақырған да жоқ. Тiптi, облыс бюджетiне енгiзiлетiн түзетулер де дереу дайын болды, тек оның көлемiн ғана анықтау қажет екен. Сондықтан көпшiлiк депутаттар үшiн дауыс бере салу әншейiн көз алдау ғана едi. Алты адам "қарсы" дауыс берiп, 65 пайыз саны бәрiбiр қабылданды.

       "Казцинк"  жоспарлаған бағдарламаларға ендi  қауiп төндi, – дедi "Казцинк"  АҚ бас экологы Борис Колпаков жағдайды түсiндiре келе. – Шығыс Қазақстан облысында қалай десе де экология мәселесiнде шешушi рольдi iрi кәсiпорындар атқарады, соның iшiнде "Казцинк" те бар. Мен оны дәлелдеуге әзiрмiн. Мәселен, мәслихаттың сол сессиясында бекiтiлген өңiрлiк экология бағдарламада 2008 жылға барлық – республикалық, облыстық және жергiлiктi бюджеттерден 2 млрд.теңге салынған. Ал "Казцинк" биыл экологияға 10 млрд.теңге бөлiп отыр. Қаржыны не үшiн шығындап отырғандығымызды және соның нәтижесiнде экологияға қандай тиiмдiлiк келетiнiн дәлелдеп келемiз. Ал өңiрлiк бағдарламаның нақты не берерiн көргiмiз келедi. Мәслихат шешiмi "Казцинк" алдына қойған мақсаттардың орындалуына қауiп төндiрiп отыр және өңiрдегi ахуалды өзгертедi. Мәселен, бiз биыл Риддер байыту фабрикасының мемлекет иелiгiндегi ескi қалдықтарын қайта өңдеуiмiз керек. Сонда оның қажетi жоқ па? Бiрақ бiз бұл iстi тоқтата алмаймыз, себебi мемлекетпен келiсiмшарт жасалған. Содан кейiн бұл қалдықтар ондаған жылдардан берi дайындалмаған алаңдарда жан-жағын түгелдей ластап жатыр. Оларды неғұрлым тезiрек өңдеп бiтiрсек, соғұрлым дұрыс болмақ. Ертiске құятын Үлбi өзенiн ластаушы кен үйiндiлерi де солай. Бiз тек өзiмiздiкiн ғана емес , сонымен қатар мемлекет үйiндiлерiн де тазаламақпыз. Бұл – бүгiнгi күнгi ең лас ағын. Облыстық бағдарламаны ашсақ, онда мұның №1 мәселе екендiгi жазылыпты, бiрақ оны қалай шешу керектiгi туралы бiр ауыз сөз жоқ.

       "Казцинк"  жоспарлаған бағдарламалар туралы  ұзақ айта беруге болады. Бiз  өндiрiстiк газдарды кәдеге жарату  жөнiнде әлi талай қондырғы орнатамыз. Қолда бар екеудiң өзi салынып жатқан мыс заводын толық қамтамасыз ете алады, бiрақ бiз тазарту тиiмдiлiгiн арттыру үшiн 7,4 млрд.теңгеге канадалық фирманың супертехнологиясымен тағы бiр цех салып жатырмыз. Осылайша тек 2008 жылы ғана 10 млрд.теңге қаржының экологиялық шаралары орындалмақ.

       Өңiрлiк  бағдарламаның түсiндiрме хатында  жаңа мөлшерлемелер бойынша шамамен 3,2 млрд.теңге жиналатындығы айтылған, оның 1,2 миллиарды – "Казцинктiкi". Өте қызық жайт. Сол жазбаның соңғы  сөйлемдерiн келтiрейiк: "Қолайсыз экологиялық жағдайды, қоршаған ортаны сауықтыруға айтарлықтай шығындар қажет екендiгiн ескере отырып, мәслихат белгiлеуге қолайлы мөлшерлемелер ұсынылады". Аталған құжатты жасаушылар тым болмаса комитеттегiлердiң басым көпшiлiгi кәсiби экологтар емес, ауыл шаруашылығының мамандары. Сөйте тұра бiлмеген нәрсесiн сұрап алудың еш сөкеттiгi жоқ едi. 

 

        Қорытынды 

       Әрине, "Табиғатты сүю керек" деген  әдемi де әсерлi сөз. Бiрақ оны көңiл-күймен емес, нақтылы iспен дәлелдеу керек  қой. Ал экологияны табиғат қорғау қызметiне қатысы жоқ мүлде басқа мiндеттердi шешу үшiн пайдаланудың зардабы аз болмас. Өкiнiштi-ақ!

       Елімізде  ресурстарды  тиімді  пайдалану, оның ішінде  ең маңыздылардың бірі ,  еукіншілікті  ресурстарды,  яғни  өңделген  ресурстарды  қайта  өңдеп  жарамдылыққа  жаратудың  маңызы аса зор. Сондықтан да  оның  екіншілікті  ресурстарды тиімділігін арттырудың негізгі жолдарын тапқанымыз жөн.

       Аталмыш ресурстарды тиімді  және  де  оңтайлы пайдаланудың Республикамыздың экологиялық  ахуалының  жақсаруына тигізер  пайдасы жетерлік. Әрі игі  бастамасы  десек болады. 

 

        Пайдаланған әдебиеттер  тізімі:

    1. «Егемен Қазақстан» газеті №292, 05 қыркүйек, 2009 ж.
    2. www.inform.kz
    3. «Түркістан» газеті №35 (789) 3 қыркүйек, 2009 ж.
    4. www.kazeu.kz
    5. stud.kz

Информация о работе Екіншілікті ресурстарды пайдалану тиімділігі