Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2015 в 18:38, реферат
Студент деп жоғарғы оқу орындарында оқитын оқушыларын ғана емес, техникум мен колледж оқушыларын да айтады. Студент белгілі бір бағыт бойынша білім алады. Оның міндеті - таңдаған бағыт бойынша білім алып, болашақта жұмыс орнына тұрып, өзінің өмір жолын табу. Ол жоғарғы оқу орнында төрт жыл бойы білім алады. Әр оқу жылы екі семестрге бөлінеді. Бірінші жылы студенттерге жалпыға ортақ оқытылатын пәндер өткізіледі, ал екінші жылдан бастап, өз мамандығына байланысты пәндер қосылады. Сонымен қатар студент тек кана оқумен шектіліп қоймай, жан-жақты болып, әр түрлі іс-шараларға қатысуы керек. Мысалға спорттық жарыстарға, интеллектуалдық ойындарға, музыкалық кештерге.
Бүгінігі студент - ертеңгі маман, еліміздің болашағы.
Студент деп жоғарғы оқу орындарында оқитын оқушыларын ғана емес, техникум мен колледж оқушыларын да айтады. Студент белгілі бір бағыт бойынша білім алады. Оның міндеті - таңдаған бағыт бойынша білім алып, болашақта жұмыс орнына тұрып, өзінің өмір жолын табу. Ол жоғарғы оқу орнында төрт жыл бойы білім алады. Әр оқу жылы екі семестрге бөлінеді. Бірінші жылы студенттерге жалпыға ортақ оқытылатын пәндер өткізіледі, ал екінші жылдан бастап, өз мамандығына байланысты пәндер қосылады. Сонымен қатар студент тек кана оқумен шектіліп қоймай, жан-жақты болып, әр түрлі іс-шараларға қатысуы керек. Мысалға спорттық жарыстарға, интеллектуалдық ойындарға, музыкалық кештерге. Студенттің іс-шараларға қатысуы оның қандай жақтан болса да қалыптасуына үлкен әсер етеді.
Студенттің өміріндегі ең қызық уақыттарының бірі – жатақханада тұру уақыты. Жатақханада тұрмаған студент нағыз студент емес деген оймен келіспеуге болады. Бірақ, дегенмен, жатақханада тұрған студент төрт жыл бойы қаншама қызықты, қиын кездерден өтеді. Оның бойында жауапкершілік пайда болып, өз істеріне өзі жауап береді. Адамның өз ісіне жауап бергені, оның жалпы жетілгенін білдіреді. Әрине жатақхананың адамға беретін өмірлік сабағы зор.
Студент болғаннан бастап әрбір оқушы үлкен өмірге қадам басады. Сол кадамды қалай басса, болашағы да сондай болады. Сол кезден-ақ оның өмірі күрт өзгереді. Сонымен қатар өмірге деген көзқарасы да басқаша болады. Бұған себеп, араласатын ортасы өзгеріп, бағынышсыз тұрмысқа көшеді және жаңа өмірлік достары пайда болады. Дәл сол достары оның нағыз достарына айналады. Олармен бірге студенттік уақытты өткізіп, болашақта мамандықтары бойынша бірге жұмыс істеп, бір-біріне қолдау көрсетеді.
Әрбір студенттің алдында өз мамандығын таңдау сұрағы тұрады. Сол таңдаған мамандығы болашағына үлкен әсер етеді. Жалпы, әлем бойынша қырық мыңға жуық мамандықтар бар. Әрине, қырық мың мамандықтан өзіне лайық мамандықты табу қиындыққа соғады. Сол себепті, студенттер мамандық таңдау кезінде жүз ойланып, мың толғану керек. Қазіргі кезде гуманитарлық, медициналық, техникалық және тағы да басқа мамандықтар бар. Әсіресе, техникалық мамандықтарға көп көңіл бөлінген. Елімізде техникалық мамандықтар университеттер сан жағынан көп. Соның бірінде мен оқимын. Мен – Алматы энергетика және байланыс университетінің студентімін. Менің университетімнің іргесі 1975 жылы қаланған. Бұл университетте төрт факультет бар – ФРТиС, ЭЭФ, ФАИТ, ТЭФ. Соның бірінде, электроэнергетика мамандығында, мен білім аламын. Менің мамандығым үлкен сұранысқа ие. Себебі, қазіргі кезде әлем бойынша энергетикаға көп көңіл бөлінген. Елімізде электрэнергетика маманы болып жұмыс істеу жоғары бағаланады. Осы мамандығым бойынша болашақта жұмыс істеп, елімізге пайдамды тигізгім келеді.
“Заман түлкі болса, тазы боп шал” деген мақалмен мен келісемін. Бүгінгі таңда көптеген жаңа техноогиялар ашылуда. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан-2050 жолдауында айтқандай: Қазақстанды алға тарту мақсатында елімізді әр түрлі маман иелерімен қамтамасыз ету қажет. Президенттің осы жолдауының сөздері, оның істеріне дәлел. Ол елімізді жаңа технологиялармен жабдықтап, білім деңгейін жақсартты. Осы мүмкіндіктерді біз пайдалана отыруымыз керек. Өйткені, біздің білім деңгейімізден еліміздің болашағы байланысты. Сауатты маман елімізге әрқашан да пайдасын тигізеді.
Осының алдында айтып кеткендей, қазіргі кезде әлем бойынша өте көп мамандық бар. Сол әрбір маман иесі еліне пайда тигізу үшін жұмыс істейді. Олардың елімізге пайда тигізуі - еліміздің жетіліп, жоғарғы дәрежеге жетуіне әсер етеді. Әрине, осы мамандардың қолында еліміздің болашағы. Әрбір маман студенттік өмір жолынан өтеді. Сол себепті бүгінгі студент, ертеңгі маман – еліміздің болашағы.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ
«ҚАЗАҚ ТІЛІ» пәнінен
1 СЕМЕСТРЛІК ЖҰМЫС
Тақырыбы: “Бүгінгі студент – ертеңгі маман, еліміздің болашағы”
студенті Шарипов.Х.Р
Алматы, 2015
Жұмыстың мазмұны
Атауы бет...........................
Жұмыстың мазмұны.......................
Бүгінгі студент ертеңгі маман-еліміздің
болашағы......................
Пайдаланған әдебиетінің тізімі........................
Пайдаланған әдебиетінің тізімі
Информация о работе Бүгінігі студент - ертеңгі маман, еліміздің болашағы