Үндістанның экономикасы
Доклад, 03 Апреля 2015, автор: пользователь скрыл имя
Описание работы
Үндістан – өнеркәсібі дамыған, дамушы аграрлық-индустриялық ел, ЖІӨ бойынша АҚШ пен Қытайдан кейінгі әлемнің үшінші экономикасы. Алайда елдің экономикалық жағдайы қарама-қайшы пікірлер тудырады. Бір жағынан, Үндістан - табиғи ресурстар қоры бойынша әлемдегі ең бай мемлекеттердің бірі.
Файлы: 1 файл
Ундыстан экономика.docx
— 23.95 Кб (Скачать файл)Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті
Халықаралық қатынастар факультеті
Халықаралық қатынастар кафедрасы
Эссе
Тақырыбы: Үндістанның экономикасы
Орындаған: Смағұлова Ботагөз
ХҚ-33 тобы
Тексерген: Ибраева К.Т.
Астана 2015 жыл
Үндістан – өнеркәсібі дамыған, дамушы аграрлық-индустриялық ел, ЖІӨ бойынша АҚШ пен Қытайдан кейінгі әлемнің үшінші экономикасы. Алайда елдің экономикалық жағдайы қарама-қайшы пікірлер тудырады. Бір жағынан, Үндістан - табиғи ресурстар қоры бойынша әлемдегі ең бай мемлекеттердің бірі. Мұнда көмір, темір, марганец, боксит, слюда, хромит, алтын, мұнай, газ қорлары бар. Алайда онда егістік алқаптары, су ресурстары, мұнай кен орындарының жетіспеушілігі байқалады. Ауыл шаруашылық алқаптары Үндістан территориясының 55%-ын құрайды. Үндістан – әлемнің ең ежелгі өркениеттерінің бірі және халық саны бойынша әлемде екінші орынды иеленіп отыр. Үнді ғалымдары – әлемдегі ең беделді ғалымдардың бірі болып табылады. Сонымен қатар елдің өзінің ядролық қаруы бар, және ол ракеталар мен бағдарламалық жасақтамалар жасаумен айналысады (Бангалор қаласы – әлемдегі ең ірі бағдарламалық жасақтамалар экспортының орталығы). Мемлекеттің территориясында ірі ТҰК-лардың зерттеу орталықтары орналасқан (мәселен, Daimler-Chrysler). Оған қоса Үндістан – аграрлық-индустриялық ел, әлемнің 2/3 кедей халқы Үндістанда өмір сүреді. ЖІӨ-нің жан басына шаққандағы үлесі 300 долларға тең.
Үндістан аймақтық дамуы бойынша әркелкі болып табылады. Елдің солтүстігі батыс өркениетіне ұшырамаған және өнеркәсібі толыққанды дамымаған. Оңтүстік аймақ британдықтардың ықпалына ұшыраған. Батыста жеңіл өнеркәсіп және жеке бизнес басты салалар болып табылады.
Үнді экспортының басты тауарларына мұнай өнімдері, асыл және жартылай асыл тастардан жасалған заттар, транспорт құрылғылары, машина салу өнімдері, химиялық және фармацевтикалық өнімдер, металдардан өнімдер, текстиль өнімдері, электроника жатады. Ал импортталушы тауарларға мыналарды кіргізуге болады: шикі мұнай және мұнай өнімдері, электроника, алтын және күміс, асыл және жартылай асыл тастар, машиналар және құрылғылар, кокстелетін көмір, химикаттар, қара металдар, транспорт құрылғылары. Қазіргі кезде Үндістан аймақтық құрылымды диверсификациялау міндетін орындау үстінде. Сол үшін ол Азия және Африка елдерінде нарықтарын кеңейтпекші. Үндістанның басты сауда серіктерінің қатарына Қытай, Біріккен Араб Әмірлігі, АҚШ, Сауд Арабиясы, Швейцария, Индонезия, Сингапур, Гонконг. Экспорттың жартысынан көбі азиялық елдерге тиесілі, сонымен қатар Үндістан қара Африкаға ықпал етуге ұмтылуда.
Артықшылықтары |
Кемшіліктері |
|
|
Мүмкіндіктері |
Қауіптері |
|
|
Үндістанның басты экономикалық бәсекелесі ретінде бүгінде Қытайды атай аламыз. Ол екі мемлекеттің бәсекелестігі мынандай салаларда және зоналарда байқалады:
- Африка жеріндегі ресурстарға талас;
- Үнді мұхитындағы ықпал үшін талас;
- Су ресурстарына талас;
- Территориялық даулар;
- АТА-да лидерлік позицияларды иеленуге ұмтылу;
Алайда екі ел экономикалық қатынастарсыз өмір сүре алмас еді. Қытай үшін Үндістан - тұтынушы нарығы болса, Үндістан үшін Қытай экономикалық құдіреттілігін өсіріп, позицияларын қорғауға көмектеседі.
Үндістан мен Қытайдың қатынастарындағы шиеленістер болашақ үшін өте қауіпті. Бұл саяси аренада жаңа алпауыттардың өсіп келе жатқандығын білдіреді. Ал алпауыттардың бәсекелестігі өз кезегінде ғасырдың диллемасына айналуы мүмкін. Үндістанға қарсы позиция ұстаушы мемлекеттердің ішінде Пәкістан бірінші орында тұрса, Қытай екінші орынға ие болған. Осы мемлекеттер Үндістанға қарсы кез келген мәселеде қарсы позиция ұстана алады (Қытай мен Үндістан БРИКС арқылы байланысқан болса да).
Үндістанның қазіргі экономикасы тұрақты болса да көптеген қиыншылықтарға толы. Оның өсу темптерінің төмендеуі сыртқы және ішкі экономикалық, әлеуметтік факторларға негізделеді. Үндістанның әлемдік державаға айналу үшін маңызды көрсеткіш ретінде жылына 7-8%-дық өсімге қайтып оралу болып табылады. Ол үшін мынандай әрекеттерді орындау керек:
- Шетел инвестицияларының ағымының азаю тенденцияларын жою;
- Үнді рупиясының АҚШ долларына қатысты курсының тұрақсыздығын ретке келтіру;
- Азық-түлік инфляциясының деңгейін төмендету және тұрақтандыру;
- Энергия қорларына субсидияларды түсіру;
- Ауыл шаруашылығын және салық жүйесін реформалау;
- Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру темптерін өсіру;
- Жансыздандырылған инфрақұрылымдық бағдарламаларды жаңарту.
Соңғы кездері үкімет экономиканы дамыту үшін қолданған әдістеріне мыналарды жатқызуға болады:
- Қорғаныс жүйесі, сақтандыру, телекоммуникация, темір жол саласына инвестициялардың ағылуын жеңілдету;
- Энергия қорларына субсидияларды түсіру;
- Экспортерлерді қолдаудың жаңа шараларын қабылдау;
- Ерекше экономикалық зоналарда және ұлттық инвестициялық және өндіруші зоналарда бизнесті жүргізу үшін жағдайлар жасау;
- Үкіметтік бастамалар («Үндістанда жаса», «100 ақылды қала»);
Сонымен, Үнді экономикасына жасалған сараптамалар негізінде біз елдің болашағында көптеген қауіптер тұрса да, оның дамуға перспективаларын көре аламыз. Болашақта Үндістан көптеген әлемнің дамыған мемлекеттерінің қатарына қосылуы ықтимал, себебі бұл үшін қажеттінің барлығы елдің қолында шоғырланған. Ендігі міндет – соның барлығын дұрыс пайдалана білу. Тек сонда ғана Үндістан аймақтың ғана емес, әлемнің қуатты тіректерінің біріне айнала алады.