Ұлттық экономиканы дамытудағы құрылыстың ролі мен орны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Мая 2015 в 22:25, реферат

Описание работы

Ұлттық экономика әлемдік қауымдастық елдерінің түгелдей экономика аумағында өндіріс жағдайын өлшеуде қолданылып және оның түпкі қорытындысы – тұрғындардың әл-ауқат деңгейін көрсету болып табылады.
Ал өзіміздің ел экономикасын айта кететін болсақ, Қазақстанда нақты жұмыс істейтін нарықтық экономика құрылған. 2006 жылғы мамырда экономикадағы жұмыспен қамтылғандар саны 7991,4 мың адам болды. Өнеркәсіптің жетекші салаларының қатарына түсті және қара металлургия жатады.

Содержание работы

I БӨЛІМ. Құрылыс индустриясы
Құрылыс материалдары
Отандық өнім
II БӨЛІМ. ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫ – ЕЛІМІЗДІҢ МАҢЫЗДЫ БӨЛІГІ
2.1 Тұрғын ұй құрылысы
2.2 «Қолжетімді тұрғын үй -2020» бағдарламасы
III БӨЛІМ. ІРІ ҚҰРЫЛЫС ЖОБАСЫ
3.1 Дүниежүзілік «EXPO-2017» көрмесі

Файлы: 1 файл

Ұлттық экономиканы дамытудағы құрылыстың ролі.doc

— 83.00 Кб (Скачать файл)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

     Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ  ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ЭКОНОМИКА ФАКУЛЬТЕТІ

«ЭКОНОМИКА» КАФЕДРАСЫ

 

 

 

 

 

     Реферат

Тақырыбы: «Ұлттық экономиканы дамытудағы құрылыстың ролі мен орны»

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған:Сәу-41 тобының стдуенті

Қазиханова А.М.

Тексерген:Құлмағамбетова А.С.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана – 2015

 

ЖОСПАР

 

I БӨЛІМ. Құрылыс индустриясы

    1. Құрылыс материалдары
    2. Отандық өнім

II БӨЛІМ. ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫ – ЕЛІМІЗДІҢ МАҢЫЗДЫ БӨЛІГІ

2.1 Тұрғын ұй құрылысы

2.2 «Қолжетімді тұрғын үй -2020» бағдарламасы

III БӨЛІМ. ІРІ ҚҰРЫЛЫС ЖОБАСЫ

3.1 Дүниежүзілік «EXPO-2017» көрмесі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұлттық экономика жүйесін экономикалық ғылымда баланстық, яғни оның қызмет етуінің деңгей бағыттарының бірі болып табылады.

Ұлттық экономика әлемдік қауымдастық елдерінің түгелдей экономика аумағында өндіріс жағдайын өлшеуде қолданылып және оның түпкі қорытындысы – тұрғындардың әл-ауқат деңгейін көрсету болып табылады.

Ал өзіміздің ел экономикасын айта кететін болсақ, Қазақстанда нақты жұмыс істейтін нарықтық экономика құрылған. 2006 жылғы мамырда экономикадағы жұмыспен қамтылғандар саны 7991,4 мың адам болды. Өнеркәсіптің жетекші салаларының қатарына түсті және қара металлургия жатады. Қазақстанның мысы, қорғасыны, мырышы және кадмийі сапасының жоғары деңгейде болуына байланысты әлемдік нарықта сұранысқа ие және бәсекеге қабілетті.

Ел экономикасы үшін құрылыс саласы маңызды рөл атқарады. Ал құрылысқа қажетті материалдарды өзімізде өндіру елдің құрылыс қазанын қайната түсері сөзсіз. Яғни, құрылыс материалдары өзімізде өндіріліп, бағасы арзандай түссе, алдымен баспана мәселесінің күрмеуі шешіле түсер еді. Бұл ретте құрылыс кластерін қалыптастырып, елді барынша отандық жоғары сапалы құрылыс материалдарымен қамтамасыз ету Үкімет алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі. Ал осыған орай, атқарылған жұмыстар, жүзеге асырылған бағдарламалар нәтижесінде құрылыс саласында отандық өнім қазір ішкі сұраныстың 80 пайыздан астамын қамтиды. Әрине, бұл – жақсы көрсеткіш. Инвестициялар және даму министрлігінің мәліметіне сүйенсек, бұл көрсеткіш 2010 жылы 63,2 пайыз болған, 2009 жылы, тіпті, 55,2 пайыз еді, ал өткен жылы 75 пайызды құрады. Яғни, салада жыл сайын өсім бар. Негізінен Қазақстанның құрылыс индустриясы үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының нәтижесінде барынша өрістеп, дами түсті. Мәселен, ағымдағы жылдың қаңтар-маусым айлары аралығындағы қорытынды бойынша құрылыс саласындағы өнім көлемі 170 млрд. теңгені құраған. Ал инвестиция көлемі 25,9 млрд. теңге. Десек те, қазіргі күні үй салып, құрылыспен айналысып жатқан адамдармен сөйлесе қалсаңыз, олардың пайдаланатын материалдарының көпшілігі шетелдік өнім екенін айтады. Бірі шетел тауарларының бағасы арзан деп қызықса, енді бірі отандық өнімнің сапасына күмәнді. Енді біреулері тіпті өз өнімдеріміздің бар екенінен бейхабар. Әйтпесе 80 пайыз деген аз емес, дүкен сөрелері мен құрылысшы қоймасында отандық өнім самсап тұруға тиіс еді. Бірақ дүкен аралай жүріп, ондай нәтижені көре алмадық. Шетінен шетелдікі, одан қалды сатушылардың өзі импорт тауарын түгі қалмай мақтап әлек. Сонда 80 пайыз кім үшін?! Отандық өнімдерімізді көбіне ірі компаниялар, мемлекеттік бағдарламаларды орындаушы мердігерлер барынша мол пайдалануда екен. Оны Жергілікті қамтуды дамытудың ұлттық агенттігі барынша қадағалауда. Ал өзіміз көріп жүргендей, мемлекеттік бағдарламалармен салынып жатқан баспана, әлеуметтік нысандар құрылысының сапасы сын көтере бермейді. Мұны көргендер оның материалдарының сапасы, яғни отандық тауарлардың сапасы солай екен деген де пікір қалыптастырған. Ал шындығында құрылыс сапасының дұрыс болмауы отандық тауарлардың сапасынан ғана болмаса керек. Бұл жерде мәселені басқадан іздеген жөн шығар. Ал ол өз алдына бөлек тақырып. Қазіргі уақытта тауарлық нарық құрылыс материалдарымен толық толтырылғанымен, отандық өнімнің әртүрлілігі, өнім көлемі жағынан да әлі де құрылыстың қажеттіліктерін толығымен қанағаттандыра алмай отырғандай. Оған құрылыс материалдарын шығаратын кәсіпорындардың техникалық деңгейінің төмендігі, технологиялық құрал-жабдықтар паркінің өз деңгейінде жұмыс істемеуі себеп болып отыр, дейді құрылысшылар. Алайда, министрлік деректері құрылыс материалдарының өндірісі жыл санап өсіп, тіпті өнім түрлері де көбейіп жатқанын алға тартады. Мәселен, ресми деректерге сүйенсек, өткен жылы елімізде гипс картонын және құрғақ құрылыс қоспаларын өндіру бойынша ішкі нарықта өндіріс көлемі 90 пайызға жуықтаған. Бұл салада «Жамбылгипс» АҚ, «Alina» ЖШС, «Knauf Kazakhstan» ЖШС, «Alit» ЖШС секілді 4 кәсіпорын бар. Республика аумағында 110 кірпіш өндіруші қызмет етеді. Сондай-ақ, 7 жаңа кірпіш зауытының құрылысы аяқталып, қуаттары іске қосылғаннан кейін 2016 жылға қарай өнімнің осы түрін импорттаудан толығымен бас тарту жоспарлануда. Лак-бояу материалдары бойынша жаңа енгізілген зауыттардың арқасында, қазір ішкі нарықтың 60 пайыздан астамы отандық өндірістегі материалдармен қамтамасыз етіледі. Ал бұл салада өткен жылы пайдалануға берілген ірі өндірістер – Ақтөбе облысындағы «Alina Pro» және Алматы облысындағы ««Алматы бояуларын» айрықша атап өтуге болады. 2012 жылы терезе мен есіктер үшін профиль өндіру бойынша 2 жоба жүзеге асырылды. Атап айтсақ, Оңтүстік Қазақстан облысында қуаттылығы жылына 7000 тонна өнім «Триумф М.М.С» зауыты» және Астана қаласында – «Функе Кунсштоффе» ЖШС, оның қуаттылығы жылына 6000 тонна өнім. Осы зауыттарды іске қосу нәтижесінде еліміздің өнімнің бұл түріндегі мұқтаждығы толықтай отандық өндіріспен қамтамасыз етілген дейді мамандар. Қазір елімізде құрылыс материалдары өндірісімен айналысатын 1254 кәсіпорын жұмыс істейді, оның 199-ы ірі өндіріс ошақтары. Иә, елімізде құрылыс өнiмдерiн шығаратын зауыттар баршылық, бірақ ол зауыттардың өнiмге қосатын құрғақ қоспаларының көпшілігі шетелден әкелiнедi. Сол себептен де отандық құрылыс материалдарының бағасы қымбат. Кез келген құрылыстың өзіндік құнын, негізінен, арматура мен цемент құрайды. Бұл үйдің іргетасын қалау үшін аса қажетті материалдың бірі. Оны шығаратын өндіріс орындары елімізде көп емес. Сондықтан да шығар, өнім бағасы арзандар емес. Одан бөлек құрылысқа аса қажетті материалдың бірі – ағаш өнімдері. Еденінен бастап, шатырын жапқанға дейінгі жұмыстарға қажетті ағаштарды амалсыз тағы да шеттен тасымалдаймыз. Себебі, елімізде орман қоры аз. Соған орай бұл маңызды деген құрылыс материалдарын өндіруге айрықша көңіл бөліп, өзімізде барды барынша ұқсату қажет-ақ. Біле-білсек, еліміз құрылысқа қажетті шикізат қорына бай. Мысалы, бізде, мергель, гипс, отқа төзімді, баяу балқитын, фосфорлық саздар, әктас, құм, асбест, мәрмәр, гранит, тағы басқалардың қоры бар. Мұның бәрі құрылыс саласын барынша дамытуға мол мүмкіндік. Бірақ өте жақсы шикізаттық базаға ие болуына қарамастан құрылыс материалдарының импортына тым тәуелділігіміз жойылмай отыр. Себебі, өндіріс орындары әлі де аз. Біздің өнімдерді сапасыз деуге келмейді. Тіпті, шетелдің көп өніміне қарағанда әлдеқайда сапалы. Оған отандық өнімді пайдаланып жүргендердің өзі куә. Бірақ өнім аз болған соң, оның бағасына да бұғау болмай отыр. Мұның тағы бір себебі, біздің елде көбіне құрылыс жұмыстары науқанмен жүргізіледі. Яғни, климаттық өзгерістің салдарынан алты ай қыста құрылыс жұмыстарын тоқтатуға мәжбүрміз. Ірі құрылыс компаниялары болмаса, көбіне қарапайым жұрт құрылыс жұмыстарын жазғы мезгілде бастайды. Мұның өзі құрылыс материалдарына деген сұранысты құбылтып отырады. Ал сұраныс болмаған жерде өндіріс те өрістей қоймасы анық. Құрылыс материалдарына деген сұраныстың маусымдылығы аса маңызды факторлардың бірі болып табылады, өйткені, құрылыс жұмыстары атмосфералық және климаттық жағдайларға тәуелді және осы факторлардың іске қосылуы құрылыс нысандарын жыл айналым бойы жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді және де құрылыс материалдарына деген сұраныс маусымдылықпен сипатталады. Дегенмен де, құрылыста жаңа технологиялардың пайда болуына, құрылыс жұмыстарының мерзіміне талаптардың артуына байланысты құрылыс материалдарына деген сұраныстың маусымдылығы біршама жақсарып келеді. Сонымен қатар, құрылыс материалдарын өндіру бойынша қызметті шектейтін білікті жұмысшылардың жетіспеушілігі сияқты факторлар, сондай-ақ, құрылыс материалдары өндірісінің техникалық деңгейін арттыру да маңыздылығын жоймай отыр. Одан өзге, біздегі рынок аясының тарлығы да өндірістің өрісін шектеп отыр. Алайда, ендігі жерде экономикалық интеграциялардың нәтижесінде экспортымыз өсіп, іске қосылып жатқан зауыттардың тынысын кеңейтер деген үміт бар. Себебі, өндірісті дамыту үшін, жалпы зауыт жұмыстарын жандандыру үшін оның өнімін тұтынатын рынок ауқымының кең болуы аса маңызды. Ал бұл кеңістік біздерде соңғы жылдары ұлғайып келе жатыр. Индустрияландырудың екінші бесжылдығында да құрылыс материалдарының, жылылықты оқшаулайтын, жабындық материалдардың, керамика бұйымдарының, табақ шыны, полимер материалдарының өндірісін дамыту әрі қарай жалғаса беретіні айтылуда.  Бұл ретте, климаттық және сейсмикалық жағдайларға және индустриялық үй құрылысы технологияларына бейімделген, жаңа буындағы композиттік және полимерлік материалдарды өндіруге басымдық берілмек. Ендеше, құрылыс индустриясының нағыз қарыштар кезеңі енді басталғандай.

Елімізде құрылыс саласы – экономиканың стратегиялық маңызды және қарқынды дамып келе жатқан салалардың бірі. Ол елімізге және оның аймақтарының әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі әсер етеді. Одан әрі құрылыс саласын дамыту, сондай-ақ қазіргі заманғы жағдайында құрылыс өнімдерінің қауіпсіздігін және сапасын арттыру мемлекеттiң өзектi экономикалық және саяси міндеттер болып табылады.Елдегі тұрғын үй құрылысының дамуына ерекше назар аударылады.Қазақстан өз тәуелсіздігін алған соң,халықты қазіргі заман талабына сәйкес сапалы тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған бірнеше маңызды мемлекеттік бағдарамалар қабылданды.2005 жылы тұрғын үй құрылысының жаңа қадамы басталды.Қазақстан экономикасы,және де халықтың көпшілігінің өз тұрғын үйлерін жақсартуға ынталары елімізде тұрғын үй құрылысының өзектілігі арта түсті.

Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру нәтижесінде эксплуатацияға жалпы ауданы 19,3 млн. шаршы метр тұрғын үй, 2005-2007 жылғы инвестиция бойынша тұрғын үй құрылысына 1113 млрд. теңге жұмсалды.

Тұрғын үй құруда құрылыс өнеркәсіптік әдістерін қолдану тұрғын үй құнын төмендетуге және құрылыс уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.Біздің елімізде индустриялдық әдісті енгізер алдында алыс және жақын шетелдердің тәәжірибесі зерттелді – Турция,Германия,БАЭ,Ресей және Беларусь елдерінде тұрғын үй саласы елеулі жетістіктерге қол жеткізді.Халықаралық тәжірибені есепке ала отырып,Қазақстанда «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасын жүзеге асыру үшін одан әрі тұрғын үй құрылысын индустрияландыру шаралары қарастырылған. 2010-2014 жылдарға арналған құрылыс индустриясын дамыту және Қазақстан Республикасының құрылыс материалдарын өндіруді дамыту бағдарламасы бойынша жаңа өндірістік радиаторлар мен клапандар өндіруді ұлғайту, жазық шыны және керамикалық плиткалар өндірісі үшін жаңа нысандар, су құбырлары мен құбырлар, сондай-ақ басқа да материалдар мен өнімдердің құрылысы қарастырылған.Бұл шаралар тұрғын үй құнын төмендетуге,құрылыс уақытын қысқарту және құрылыс сапасын жақсартуға мүмкіндік береді, тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыруда маңызды фактор болып табылады.

«Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы бірінші жылдың талдауы бойынша жылдық жоспарға тұрғын үй үлесі 111,4%-ды құрады.200 мыңнан астам адамның өмір сүру жағдайы жақсартылды. Қазақстан дамуының жаңа кезеңінде үкіметтің тұрғын үй саясатының басты мақсаты азаматтарды қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жағдай жасау болып табылады. Қазіргі уақытта, тұрғын үй болуы мемлекеттік қолдаудың мынадай іс-шаралар көзделген: жалпы жоспарына сәйкес дайындалған жер учаскелерін бөлу;Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жоспарланған құрылыс алаңдарына нысаналы есеп айырысу; Төмен табысы бар азаматтар оларды пайдалану үшін нақты мүмкіндік беретін айқын қаржы құралдарының болуы; көлем өсуі және құрылыс уақытын қысқарту, озық технологияларды қолдану арқылы құнын төмендеуін қамтамасыз ететін құрылысты индустрияландыру. Біздің ойымызша, алдағы жылдары Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығының тұрақты бағаның өсу үрдісі жалғасады. Ағымдағы кезеңде, жылжымайтын мүлік бағасының және ипотека белсенді дамытуға өсуі жылжымайтын мүлік нарығын дамытуға ықпал етеді. Мемлекеттік қолдау құрылыс саласына өте маңызды оң әсер етеді. Баға өсуіне әсер ететін негізгі факторлар болып табылады: халықтың өсуі, халықтың әл-ауқатын, және алдағы Дүниежүзілік «Expo-2017» көрмесі болмақ.

 

1997 жылы  егеменді Қазақстанның Президенті  Нұрсұлтан Назарбаев астананы Алматыдан Ақмолаға көшіруді ұсынды. Бұл шешімді қабылдауға қаланың геосаяси орналасуының маңыздылығы, Қазақстан мен Еуразия континентінің ортасында орналасуы, қажетті көлік және коммуникациялық инфрақұрылымның болуы әсер етті. Жаңа астананы таңдауда айрықша рөлді қаланың дамуы үшін бос жерлердің болуы да атқарды. 1998 жылы жаңа елордаға жаңа атау беріліп, ол Астана деп аталды.Астананы бүкіл әлем болып салды.Көз алдымызда өзгерген жас елорда Қазақстан халқының жасампаздығының, шығармашылығы мен өрлеуінің символы. Астананы салуға еліміздің 71 қаласы, 432 құрылыс компаниялары қатысты, 135 зауыт құрылысты материалдармен жабдықтап отырды. Жергілікті фирмалармен бірге жаңа астананы түрік, итальян, француз, швейцар компаниялары да көтерді. Жыл сайын 60-тан 100-ге дейін орташа және ірі нысандар беріліп отырды. Қарқынды құрылыс пен бүкілхалықтық қолдау он жыл ішінде Қазақстан даласында қазіргі заманғы, жаңғыртылған, өз қайталанбас келбеті бар қала салуға мүмкіндік берді.

Астананы әлемнің ең таңдаулы сәулетшілері салды. Қаланың сәулеттік концепциясын әзірлеуде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қалаға еуропалық келбет беру идеясы ескерілді.Астана құрылысының бас жобасының авторы белгілі жапон сәулетшісі Кишё Курокава (Kisho Kurokawa) болды, ол Амстердамдағы Ван Гог мұражайының, Куала-Лумпурдағы халықаралық әуежайдың, Осакадағы ұлттық этнологиялық мұражайдың авторы. Курокаваның бас жобалары бойынша жасалатын сәулеттік ансамбльдер қазіргі заман дизайны мен азиялық айшықты үйлестіреді. Бұл қалаға қайталанбас келбет берді, ал сұлулығы мен ғимараттарының биіктігі бойынша қала Токио, Нью-Йорк және Дубаймен таласқа түсе алады.

 Елорда әкімі Иманғали Тасмағамбетовтің қала тұрғындарымен 2013 жылдың есеп беру кездесуінде сөйлеген сөзінде Астана құрылысы тақырыбын ерекше айтып өткен.Астана әкімі И.Тасмағанбетов «Қазақстан хылқының көпшілігін елордамызды салудың келешегі қызықтыратыны белгілі. Мемлекет басшысы бекіткен қаланы дамытудың Бас жоспары бойынша бізде бес маңызды бағыт бар:Біріншісі – «Қазақ елі» алаңы маңындағы Тәуелсіздік сарайының артқы жағында орналасқан «Мыңжылдықтар» аллеясы. Мұндағы игерілетін аумақтың жалпы ауданы 360 га-ны құрайды, мұнда жұмыс істеуге ынталы 63 құрылыс ұйымы анықталды.

Қазіргі кезде 21 телімде құрылыс жұмыстары жүріп жатыр, ал 33 телім жобалау сатысында тұр. Тұтастай алғанда, 2020 жылға дейін мұнда 25 тұрғын кешенді пайдалануға беру жоспарлануда.

Екіншісі – Орынбор көшесінің бойында, «Мәңгілік ел» салтанат қақпасы маңында. Келешекте осы аумақта елорданың ең көрікті ауданы бой көтереді. Қазіргі шақта құрылыс алаңы 567 га-ны құрайды, оған 135 құрылыс ұйымы белгіленген. 61 телімде белсенді құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Тағы 59 телім жобалау сатысында.Үшіншісі – Тұран даңғылының бойында. Бұл, өздеріңіз білесіздер,қаланың ең басты күре жолдарының бірі, болашақта оның төңірегіне ірінысандар тұрғызылады. Аумақтың жалпы ауданы 566 га-ны құрайды, оныигеруге 77 құрылыс ұйымы дайын отыр. Бүгіннің өзінде 26 телімде құрылыс жұмыстары жүргізіліп, тағы 51 телім жобалануда. 2016 жылға дейін мұнда 8 тұрғын үй кешенін тұрғызу жоспарланған.

Ірі құрылыс жобаларының арасынан мүлдем жаңа, Мемлекет басшысы бастамашы болған жобаны – «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында жүзеге асырылатын «Жасыл орам» жобасы. Бұл жоба энергия үнемдеу технологияларын қолданатын жәй ғана құрылыс нысаны емес, ең алдымен, ол әлеуметтік байланыстардың, оның тұрғындарына тән сәйкестіктің, өздері тұратын мекеннің ерекше қасиетін түйсініп, өздерін соған ұқсатудың кеңістігі болмақшы. «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысты барлық инфрақұрылымдық жобаларды, оның ішінде қуат үнемдеу және жасыл экономика жобаларын межелі мерзімінде аяқтау» - деді.

ЭКСПО-2017 дайындық бойынша жол картасы әзірленіп, сәтті жүзеге асырылып келеді, көрме нысандарының құрылысына бастама беріліп, қажетті қаржылай қаражат – 283 миллион еуро бөлінді.

Сарапшы-экономистер мен халықаралық қатынастар саласының мамандары ЭКСПО сияқты ауқымды іс-шараны өткізу елорданың, және де жалпы Қазақстанның экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы үшін қосымша ынталандыру болатынын атап өтті.

Құрылыс кестесі күрделі, алайда ұлттық компания дер кезінде жүз пайыз жасап үлгереді. ЭКСПО-2017 көрмесі болашақ қаласы болмақ, онда жаңа «жасыл» технологиялар пайдаланылады. Біріншіден, бұл ғимараттың энергия тиімділігі. Екіншіден, кейбір ғимараттар жеке электр энергиясын шығарады, сондай-ақ оны сақтау мәселесі қарастырылуда. Үшіншіден, ағынды суларды қайта өңдеу және оларды техникалық су ретінде қайта пайдалану қарастырылып жатыр. Жаңьыр суын техникалық мақсаттарда пайдалану мәселесі қаралуда. Қаланың бір бөлігі барлық жаңа технологияларды пайдалана отырып, жаңа формат бойынша салынады.

Астанада 2017 жылы ЭКСПО көрмесін өткізу елорданың, жалпы бүкіл еліміздің экономикалық және инфрақұрылымдық дамуына жаңа серпін береді.

2017 жыл  Қазақстанның бас қаласы –  Астана үшін айрықша айтулы  жылболмақ. Яғни, 2017 жылдың 10 маусымы  мен 10 қыркүйегі аралығында көрмеге әлемнің 100 елі мен 10 халықаралық ұйымнан 5 миллионға тарта турист келмек. Бұл Қазақстанның халықаралық сахнадағы беделін бұрынғыдан да арттырып, Астананың атағын тағы да жаһанға жария етеді.Ел басымыз айта кеткендей: «ЭКСПО көрмесі – бұл мәні жағынан бүкіләлемдік экономикалық форумдармен, ал туристік тартымдылығы жағынан әлемнің ең кең танымал спорт жарыстарымен теңдес жаһандық ауқымдағы оқиға.Халықаралық көрмелер өткен 160 жылдан астам уақытта олар негізінен экономикалық алыптар саналатын – АҚШ, Франция, Германия, Жапония, Бразилия, Канада, Ұлыбритания, Испания, Қытай және басқа  елдерде өтті.Енді олардың қатарына Қазақстан да еніп отыр.

Біздің осынау жаңа табысымыз біздің бүкіл әлемде құрметті елге айналғанымызды тағы да көрсетіп беріп отыр.

Біз үшін Халықаралық көрмелер бюросына мүше 160 мемлекеттің басым көпшілігі дауыс берді.

Іс жүзінде Астананы бүкіл әлем таңдады!

Сондықтан ЭКСПО-2017-ні өткізу – бұл, сонымен бір мезгілде, Қазақстанның бүкіл әлем алдындағы орасан зор жауапкершілігі.

Біз небары бес жылда Көрме орталығын тұрғызып, жаңа қонақүйлер, жолдар салып, көлікті дамытып, қонақтарды қарсы алуға даярлықты қамтамасыз етіп, үлкен дайындық жұмыстарын жүргізуіміз керек.

Бұл міндеттің ауқымы аса зор.3 ай ішінде ЭКСПО-2017 көрмесін шамамен 5 миллиондай шетелдіктер келіп көретін болады.Бүкіл елдер өз павильондарын көрме тақырыбы – «Болашақтың энергиясына» сәйкес дайындайды.

Өткеннің тәжірибесі көрсеткендей, мұндай көрмені өткізу олар өткен қалалар мен елдердің дамуына зор ықпалын тигізді.

Бұл біздің еліміз үшін жаңа энергетикалық және «жасыл» технологиялар  алуда аса зор мүмкіндік.

Бұл ЭКСПО-2017-ні дайындау мен өткізу уақытында, сондай-ақ оның нысандарын одан әрі пайдалануда Қазақстанға келіп түсетін миллиардтаған доллар инвестициялар.

Көрмені дайындау мен өткізудің барлық мәселелерін шешу үшін мен Мемлекеттік комиссия құрдым.Астанада жаңа Көрме кешенінің құрылысы үшін жер белгіленді.Бұл Қазақстандағы тағы бір «халықтық құрылыс» болмақ.Бес жыл тез өте шығады.

ЭКСПО-2017-ні өткізу құқы жолындағы күрестегі Астананың табысы – ол бүкіл Қазақстан халқының табысы.Бүкіл қазақстандықтардың Халықаралық көрмені өткізуге белсенді атсалысатынына менің ешқандай күмәнім жоқ.

Мен ЭКСПО-2017-нің біздің тарихымыздың тағы бір алтын парағы болатынына сенемін.

Мен бүкіл отандастарымды топтасуға және біздің елімізді осынау кең ауқымды халықаралық оқиғаға белсенді дайындауға шақырамын.

Қорытылай келе, EXPO-2017 көрмесі еліміздің ұлттық экономикасына зор үлесін қосумен бірге ел тарихында елеулі жағдай болмақ.

 


Информация о работе Ұлттық экономиканы дамытудағы құрылыстың ролі мен орны