Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Сентября 2011 в 19:57, реферат
Экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігі туралы рыноктың «көрінбейтін қолы» теориясының авторы А. Смиттің өзі де айтқан болатын. Ол өзінің атақты «Адамдар байлығының табиғаты және себептері туралы» еңбегінде ол былай деп жазды: «мемлекеттің мейлінше маңызды үш міндеті бар: әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету, әділ сот жүргізу және пайдалылығы үлкен қоғам үшін едәуір болғанымен жеке тұлғаның немесе шағын топ, шығындарының орнын ешқашан толтыра алмайтын, сондықтан жеке тұлғалар немесе шағын топтар үшін оларды құрап, ұстаудың пайдасы жоқ белгілі бір қоғамдық мекемелерді құрып және ұстау міндеттері».
Мемлекет
қолданатын реттегіштер мен, тұрақтандырғыштарды
тиімді пайдалану, әлеуметтік орнын
толтыру әдістерін икемді қолдану
мемлекеттік реттеу тиімділігінің
кепілі бола алады.
1.2
Аралас экономикадағы
мемлекеттің негізгі
функциялары.
Жоспарлы,
аралас және өтпелі экономика жағдайларындағы
мемлекеттің экономикаға
Өтпелі кезеңдердегі экономиканы мемлекеттік реттеу рөлінің күшейе түсуінің бірқатар объективті себептері бар. әлемдік тәжірибе көрсеткеніндей дамудың күрделі кезеңдерінде, әсіресе қоғам мен экономиканың әлеуметтік-экономикалық, технологиялық жаңғыруы кезеңінде мемлекеттің белсенді ұйымдастырушылық әрекетінің қажеттілігі арта түседі.
Өтпелі кезеңдегі мемлекеттің рөлі аса зор мәнге ие болатындығын да дүниежүзілік практика көрсетіп отыр. Өтпелі кезеңнің қиыншылықтарын едәуір кеміту ісінде, егер мемлекет жаңа өміршең формалардың бастамашысы және тірегі бола білсе елеулі нәтижелерге жету ықтималдығы да жоғарылайды.
Қазақстанда
рыноктық қатынастарға өту кезіндегі
мемлекеттік функциялардың
Соның салдарынан рыноктық реформалардың бастапқы кезеңінде бірқатар кемшіліктерге жол берілді олар:
Біртұтас
бәсекелік күрес ережелері
Өтпелі
кезең тәжірибесі көрсеткеніндей қандай
болмасын дамудың қайсыбір дайын
теориялық моделін таңдап алып, соның
қағидаларын бұлжытпай орындау
мақсатқа жетудің ең қолайлы жолы
емес, керісінше, барынша нақты, сонымен
бірге жеткілікті мөлшерде синтезделген
конструкцияны пайдалану
Сонымен
бірге, теорияда сыннан өткен, рыноктық
экономика дамуының нақты кезеңін
сипаттайтын жалпы ұсыныс-
Өзінің объективті мәні бойынша өтпелі кезең түп-түзу даңғыл жол емес, керісінше қарама-қайшылықты, тепе-теңдіктен ада, өзінің нақты формаларын, әдістері мен жүзеге асыру механизмдерін тұрақты түрде өзгертіп отыратын процесс болып табылады.
Өтпелі
кезеңнің бастапқы кезеңінде ТМД
елдерінің барлығында дерлік басты
реттеуші ретінде өзін-өзі реттейтін
рыноктық механизм болады деген қағида
басымдыққа ие болды. Соған сәйкес негізгі
күш мемлекеттің шаруашылық рөлін
кемітуге, оны либерализациялау арқылы
реттегіш қуатын әлсіретуге бағытталды.
Мұндай саясат өз жемісін берді де.
Мемлекеттің қатаң
Жаңа экономикалық қатынастарды қалыптастыру әрқашанда шығармашылық, креативтік үдеріс болып табылады, ол экономикалық дамудың тарихи тәжірибесімен есептесуді талап етеді және туындаған сұрақтарға негізделген жауаптарды қалайды. Сондықтан, қоғамдық өзгерістер қисынын түсініп, зерттеу өте маңызды. Экономикалық және әлеуметтік үдерістерді реттеудің заманауи механизмдері мен құрылымын дер кезінде ұғынып, пайымдау ғана жемісті болмақ.
Қоғамдық
меншікті нақты топтардың қолына
беру (шетелдік фирмалар, жеке меншік кәсіпорындар
т.с.с.) жаңа проблемаларды туындатты,
соның ішінде әлсіз, әлжуаз реттелетін
шаруашылыққа тән стихиялы әрекеттерді
көлденең тартты; еңбек нәтижесімен
байланысты емес ресурстар мен табыстарды
ысырап етті; бастапқы ресурстар экспортының
көбеюі және өңдеу (ұқсату) көлемдерінің
қысқаруы өндіріс деңгейін құлдыратып
жіберді. Ал, басты мәселе өтпелі кезеңдегі
қоғам құрылымының өзі
Әрбір топтық мүдде өзінің мақсатын тиісті өкілеттікпен қамтамасыздандырылған қайсыбір субъектіден табуы керек. Мұндай субъектінің күш-қуаты мен ресурстары бағытталатын нақты объектісі болуы тиіс. Сонда ғана, топтық мүддені жүзеге асыру үшін кепілді мүмкіндіктер пайда болып, практикалық нәтижелерге жетуге болады. Меншіктің үш құрамдас бөлігі – иемдену, пайдалану, билеу – нақты мүдделерді жүзеге асыру ісіне жауап беретін қоғамдық немесе басқа институттардың тиісті деңгейлеріне бекітіліп берілуі тиіс. Қазіргі кезде ҚР-да көзқарастар мен пікірталастардың кейбір қайшылықтарына қарамастан мәселелерді дәл осы бағытта шешуге ұмтылыс бар. Бір жағынан заң шығарушы биліктің өкілеттік сферасы анықталып бекітілуімен бірге әртүрлі демократиялық институттарға атқарушы биліктің өкілеттіктерінің едәуір бөлігі берілу үстінде. Бұл өкілеттіктер, тұтастай алғанда заң шығармашылығы сипатын дәлелдеп, оларды қабылдау процедурасы да демократиялық мәнге ие болып отыр. Екінші жағынан, республикада рыноктық қатынастар үшін заң шығарушы база қалыптасқанына қарамастан, даму үстіндегі шаруашылық байланыстар мен қатынастар тек қана құқыққа (заңға) жүгініп отырған жоқ, сонымен бірге корпоративтік топтардың, мемлекеттік аппаратпен формалды емес байланыстарға арқа сүйеп отырғаны да бүгінгі күннің шындығы болып табылады.
Әлеуметтік-экономикалық даму сферасында мемлекеттік реттеудің объектісі ретінде меншіктің жаңа формаларын орайластыруды қалыптастыру процесі қарастырылады. Меншік қатынастарын жаңғыртумен қатар елде әртүрлі меншік иелерінің өзара әрекетінің институционалдық жүйесін құру процесі жүргені белгілі. Бұл жердегі әңгіме шаруашылық субъектілерінің әрекет ережесі, мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдарды (институттарды) орнықтыру негізінде рыноктық өзара әрекеттесу процесіне қосылған барлық сфералар мен субъектілердің қалыпты қызметін қамтамасыз етуде болып отыр.
Осы
шақта мемлекеттің қызметі
Бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық дамудың институционалдық негіздерін тереңдете түсу, олардың қаржылық қамтамасыз етілуін және тұрақтылығын орнықтыру міндеттері алдыңғы қатарға шығып отыр. Осыған байланысты қазіргі күннің өзекті мәселесі қоғамда жүріп жатқан реформаларды әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешуге жұмылдыру өзекті болып отыр. Сондықтан, мемлекеттің рөлі әлеуметтік-экономикалық дамуда теріс үрдістердің етек алып кетуіне қарсы шараларды дер кезінде қабылдап, жүзеге асыруда болса керек.
Қазақстан – 2030 даму стратегиясы бойынша – бұл әлемдік шаруашылық жүйесіне интеграцияланған, әлеуметтік бағдарланған рыноктық экономикасы бар құқықтық мемлекетті қалыптастыру болып табылады.
Ендеше, аралас экономика жағдайындағы мемлекеттің негізгі функцияларын атап өтейік:
Мемлекеттің
жоғарыда аталған негізгі функцияларынан
басқа нақты сфераларда, салаларда
және өңірлерде атқаратын реттеуші
функциялары да баршылық.
Қорытынды
Қорытындылай келетін болсақ, бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық дамудың институционалдық негіздерін тереңдете түсу, олардың қаржылық қамтамасыз етілуін және тұрақтылығын орнықтыру міндеттері алдыңғы қатарға шығып отыр. Осыған байланысты қазіргі күннің өзекті мәселесі қоғамда жүріп жатқан реформаларды әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешуге жұмылдыру өзекті болып отыр. Сондықтан, мемлекеттің рөлі әлеуметтік-экономикалық дамуда теріс үрдістердің етек алып кетуіне қарсы шараларды дер кезінде қабылдау керек.
Бұрынырақ
айтып кеткеніміздей
ҚР үкіметінің әлеуметтік-экономикалық саясатының ұзақ мерзімді мақсаты әрбір азаматтың өз мүмкіндіктерін пайдалануына, әлеуметтік теңсіздікті төмендетуге, Қазақстанның тәуелсіздігі мен мәдени құндылықтарын сақтауға, дүниежүзілік қоғамдастықтағы елдің экономикалық және саяси рөлін күшейтуге алғышарттар жасауға арналуы тиіс.
Мемлекеттің
саяси мақсаттарына оның іс-әрекеті
негізін құрайтын құндылықтар жүйесі
сәйкес болуы керек. Біздің қоғамға
Қазақстандық дәстүрлерге сай жаңғыртылған
құндылықтар жүйесі қажет. Сонымен
бірге қазіргі жалпыадамзаттық
құндылықтар – еркіндік, жауапкершілік,
сенім, адам өмірі мен еңбегінің
құндылықтарын асқақтату
Қоғамда азаматтар мен мемлекет, азаматтар мен бизнес, бизнес пен билік арасындағы өзара сенімділік нығайып, дамыған сайын мақсаттар бірыңғайлығы да арта түседі. Сонда ғана мемлекеттік реттеудің де түпкі мақсаты қоғамдық мақсаттарға толықтай сәйкестеніп мүдделер үйлесімдігіне қол жеткізіледі.
Информация о работе Экономиканы мемлекеттік реттеудегі аралас экономика және оның функциялары