Қорек көздері пәніне кіріспе

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Сентября 2011 в 15:16, реферат

Описание работы

Электрлік қорек көздері бұл бірінші реттік қорек көзінің электр энергиясын электр қондырғыларын қорек көзімен қамтамасыз ету үшін белгілі бір шаманы түрлендіреді. Түрлендіру операциясын орындайтын қорек көзі екінші ретті қорек көзі деп аталады. Бірініші реттік қорек көздері ретінде өндірістік айнымалы ток желісін немесе дербес айнымалы ток көздерін және тұрақты ток көздерін пайдаланады.

Файлы: 1 файл

ИП лекции.docx

— 1.25 Мб (Скачать файл)
  1. Түрлендіретін кернеудің фазасының санына байланысты (бірфазалы немесе үшфазалы);
  2. Орамдар санына байланысты (2 орамды немесе көп орамды);
  3. Магнит өткізгіштің формасына байланысты (стерженьді, бронды, тороидалы);

    Жұмыс істеу принципі:

     Электромагниттік  индукция заңына негізделген. Бірфазды, 2 орамды трансформатордың жұмыс істеу  принципін қарастырайық. Бұл трансформатор  стерженьнен және екі обмоткадан (орам сымнан) тұрады.

     

     Орамсымның  біреуі айнымалы кернеу көзі жалғанады (~U1). Ал екіншілік орамсымға Zn кедергі жалғанады. Біріншілік орамсымға айнымалы кернеу бергенде, оның бойында айнымалы ток пайда болады. Ол айнымалы ток магниттік өткізгіште айнымалы магнит ағынын туғызады. Ол ағын екінші орамсымда Э. Қ. К – ін туғызады.

Е1 = - n1 (1)            Е2 = - n2 (2)

     Берілетін кернеу уақыт бойынша өзгеретін  болғандықтан, ағатын ток та уақыт  бойынша өзгеретін болады. Олай болса, токтың тудыратын магнит ағыны да уақыт бойынша өзгеретін болады. Магнит өрісінің ағынын уақыттың синусоидалы  функциясы деп қабылдап,

     Ф = Фm ∙ sinωt (3)

оны 1, 2 – формулаға қойып, дифференциалдап  мына өрнекті аламыз:

Е1 = - n1 ω сosωt (4)             Е2 = - n2 ω сosωt (5)

сosωt = - sin (ωt – π/2) түрлендіру енгізсек,

Е1 = n1 ω sin (ωt – π/2) (6)             Е2 = n2 ω sin (ωt – π/2) (7)

6, 7 формуланы  4, 5 формуламен салыстырып қарайтын  болсақ, Э. Қ. К – і Ф магниттік  ағыннан фазасы π/2 қалып қоятынын көреміз. Э. Қ. К – ін максимал мәнін

Е1m = n1 ω Фm Е2m = n2 ω Фm (8)

Е1m, Е2m 2 - ге бөліп, ω - нің орнына 2πf – ні қойып, Э. Қ. К – нің әсет етуші мәнін табамыз:

Е1 = 4,44·n1·ƒ·Фm (9)

Е2 = 4,44·n2·ƒ·Фm (10)

Егер 9 – ды 10 – ға бөлсек, келесі өрнек  аламыз:

(11)

 - трансформация коэффиценті деп аталады. 

Пайдаланатын  ферромагниттік материалдар

     Орамсымдардың арасындағы байланысты жақсарту үшін болатты магнит өткізгіштер пайдаланылады. Болатта магнит өткізгіштерді арнаулы  электротехникалық болаттың пластиналарынан  және ленталарынан жасайды. Магнит өткізгіште түрлендірілген энергияның бір бөлігі гистерезис және құйынды токтың әсерінен босқа шығындалады. Магнит өткізгіштің  құйынды токтар әсерінен болатын  шығынды азайту үшін оны жеке пластиналардан жасайды. Пластиналардың арасына лак  жағып изоляциялайды. Пластиналардың қалыңдығы желідегі токтың жиілігі 50Гц болса, ол 0,5 – 0,33 мм етіп жасайды, егер желідегі токтың жиілігі жоғары болса, онда пластинаның қалыңдығы одан да қалың етіп жасайды. Орамдардың орналасуына  және магнит өткізгіштің формасына  байланысты трансформаторлар стерженьді, бронды, ленталы болып бөлінеді.

     

    а –  пластиналы стерженьді

     б – пластиналы бронды

     

     в) г)

     в – ленталы стерженьді

     г – ленталы бронды 

     Трансформатордың  орам сымы

     Трансформаторлар  жоғарыда айтқандай бір немесе бірнеше  орамсымдардан тұрады. Электр энергиясының көзіне қосылған орамсым біріншілік, ал қабылдағышқа жалғанған орамсым  екіншілік деп аталады. Егер біріншілік орамсымдағы кернеу екіншілік орамсымдағы  кернеуден үлкен болса, онда бұл  төмендететін трансформатор деп  аталады. Ал егер керісінше болса, онда бұл жоғарылататын трансформатор  деп аталады. Трансформатордың орам сымдарын мейілінше цилиндрлік формада  жаауға тырысады. Орамсымдарды жіңішке  изоляцияланғансымдардан жасайды. Изоляцияланған сымдар ол мыс өткізгіштер.

     Трансформатордың  жұмыс істеу режимдері

     Трансформатордың  бос жүріс режимі

     Трансформатордың  біріншілік орам сымы айнымалы кернеу көзіне жалғанған, ал екіншілік орамсымы ажыратылған режимде жұмыс істеуі трансформатордың бос жүріс режимі деп аталады. U1 кереудің әсерінен біріншілік орамсымнан бос жүрісті ток ағады.

     І1б.ж., І2б.ж. = 0.

     Іб.ж. токтың шамасы өте аз болады. Себебі І2 = 0, шығындалатын қуат Р2 = 0. Мұндай жағдайда трансформатордың пайдаланылатын қуаты болатқа кететін қуатқа тең Р1 = Рб.

     Қысқа тұйықталу режимі

     Қысқа тұйықталу режимінде трансформатордың орамсымы қысқа тұйықталып қосылады. Біріншілік орамсымға төмендетілген  кернеу беріледі.

     Uқ.т. << U1ном

     Ол  кезде орамсымдағы ток номиналды  мәніне тең болады. Іқ.т. = І1ном. U1 кернеуінің шамасы аз болған кезде, магнит ағынының да шамасы аз болады. Олай болса болаттан шығындалатын қуат аз болады. Сондықтан қысқа тұйықталу режимінде пайдаланылатын қуат мыс өткізгіште шығындалатын қуатқа тең Р = Pмыс.

     Бос жүріс және қысқа  тұйықталу режимінде  жүргізілетін тәжірибе

     ПӘК. Трансформатордың бос жүріс режимінде  жұмыс істеуін зерттеу бос  жүріс тәжірибесі деп аталады. Бос  жүріс тәжірибесін жүргізгенде  біріншілік орамсымдағы кернеу Uб.ж = U1ном, ток Іб.ж<<Іном, Рб.ж = Рб. Бұл тәжірибеде өлшенетін функционалды шамалар төмендегі көрсеткіштерді есептеуге мүмкіндік береді:

     а) трансформатордың біріншілік орамсымының  тогының активті және реактивті  құраушыларын есептеу керек:

     Іб.ж.а =

;

     Іб.ж.р =

     б) бос жүріс кезіндегі трансформатордың кедергісінің активті және реактивті  шамасын есептеу керек:

     

     
         

в) трансформатордың трансформация коэффицентін есептеу  керек:

г) бос  жүріс коэффицентін есептеуге мүмкіндік  береді.

кб.ж=

∙ 100%.

    Қысқа тұйықталу режиміндегі  тәжірибе

     Қысқа тұйықталу тәжірибесінде біріншілік орамсымның тогын орамдағы кернеуді және пайдаланылатын қуатты өлшеуге  болады. Өлшеніп алынған тәжірибелік  мәліметтер қысқа тұйықталудағы  трансформатордың кедергісінің активті  және реактивті құраушыларын есептеуге  мүмкіндік береді.

    Zқ.т. =

           Rқ.т. =
           
    Хқ.т. =

Қысқа тұйықталуда трансформатордың орамсымына кернеуінің түсуінің активті және реактивті  құраушыларын есептеуге болады:

Uқ.т.а. = Rқ.т.∙І1ном          Uқ.т.р. = Хқ.т ∙ І1ном

     Трансформаторды пайдаланудағы және сыртқы сипаттамалары

     Трансформатордың  сипаттамалары – сапалық көрсеткіштері, жұмыс істеу режимі немесе пайдалау көрсеткіштерітдеп бөлінеді. Жүктеме  жалғанғандағы трансформатордың кернеуінің проценттік өзгерісі трансформатордың сапалық көрсеткіші деп аталады.

     U% =

;     

     

 U2       I1,P1     η,cosφ cosφ max

      R-C

U2H                                                                                                                                         Pm при U1= U1ном

      R-L                      R                                           при Р2    Р1

                                  i2                                                                  P2m                        P2

     Трансформатордың  пайдалану сипаттамалары деп  І1токтың Р1 қуаттың шамасына тәуелділігін айтамыз. Трансформатордың сыртқы сипаттамалары деп, U2 кернеудің, активті, активті – индуктивті, активті – сыйымдылықты, кедергілері кезінде і2 токқа тәуелділігін айтамыз. 
 
 
 
 
 
 

№6 дәріс

Үшфазалы  трансформатордың түрлері

     Үшфазалы  трансформатор көп жағдайда стерженьді түрде жасайды. Мындай трансформатордың құрылысының сұлбасын қарастырайық.

         

                                 a)  б)

     Барлық  бірдей бірфазды трансформатордың біріншілік және екіншілік бір стерженьде орналасқан, ал екі стерженьде ешқандай орамсымдары  жоқ. Жалпы үшфазды желіде трансформаторлардың  екіншілік стерженінен ағатын магниттік  ағын 0 – ге тең. Егер осы үш трансформаторды  орамсымы жоқ стерженьдерді жақын  орналасатындай етсек, онда бұл 3 бос  стерженьді біреу етіп біріктіруге  болады. Фазалық ығысуы периодтық 13 тең трансформатордың магниттік  ағындары 0 – дік стерженьдері арқылы біріктіріледі. Себебі біріктірілген  стерженнің магнит ағыны Ф = 0, олай болса  орамсымдары жоқ стерженнің керегі жоқ. Оны төмендегі сұлбадағыдай етіп жинайды.

     

     Әрбір стерженьге 1фазаның жоғарғы және төменгі кернеуінің орамсымы орналасады. Үш фазалы трансформатордың жұмыс істеу  принципі, бір фазалы трансформатордың жұмыс істеу режимімен бірдей.

     Жоғарғы кернеуінің орамдарының фазаларының  басы А, В, С әріптерімен белгіленеді. Ал олардың кейінгісі x, y, z ұшы деп  белгіленеді. Үшфазды жүйелер үшін жұлдызша етіп қосқанда Іж = Iф, ал Uж = 3Uф. Ал үшбұрыш етіп қосқанда Uж = Uф, ал Іж = 3 Iф. Электр қозғаушы күші үш векторының қосындысы 0 – ге тең болса, І1 + I2 + I3 = 0 үш фазалы симметриялы активті және реактивті қуаттарының құраушысы.

Р = 3Uф ∙ Іф cosφ = 3 Uж Іж cosφ

Q = 3Uф ∙ Іф sinφ = 3 Uж Іж cosφ

мұндағы φ кернеу мен токтың арасындағы фазалық  ығысу бұрышы φ = φu- φi.

Автотрансформаторлар

     Автотрансформатор деп біріншілік және екіншілік орамсымдары  ортақ және гальваникалық байланысы  бар трансформаторды айтамыз. Гальваникалық  байланыс деп өтімділік ортамен  тікелей байланысты айтамыз.

     

     Гальваникалық байланыс магнит ағынының шамасын анағұрлым  төмендетеді. Жүктемелік І2 Іах – тің бір бөлігі болып табылады. Бос жүріс режимінде І2 =0, олай болса Іах << Іном, онда былай жазуға болады U2 =E2; мұндағы Е2 = 4,44·n·ƒ·Ф трансформация коэффиценті:

Информация о работе Қорек көздері пәніне кіріспе