Экологияның негізгі заңдары және теориялық, практикалық маңызы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2015 в 12:12, реферат

Описание работы

Бұл дегеніміз, біздің әрбір қызметіміз қоршаған ортаға қалай да болса әсер етеді дегенді білдіреді. Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі шартттары мемлекет өз органдарына қоршаған ортаны қорғау бойынша экономикалық, техникалық, ұйымдық және құқықтық шараларды жүзеге асыруды міндеттейді. Бұл шаралардың барлығы заңдар мен басқа да құқықтық актілердің ережелеріне негізделуі қажет. Өз кезегінде барлық заңдар құқықтық қағидаларға негізделуі керек.

Содержание работы

Кірспе.

1. Экологияның негізгі заңдары және теориялық,
практикалық маңызы.

2. Негізгі жер беті және су экожүйелері.

3. Экожүйедегі биоценоздың рөлі.

4. Экожүйедегі химиялық элементтердің айналымы
және энергия айналымы.

Қолданылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

Ekologia_referat.docx

— 31.71 Кб (Скачать файл)

                    Жоспар:

 

  Кірспе.

 

1. Экологияның  негізгі заңдары және теориялық,   

                 практикалық маңызы.

 

2. Негізгі  жер беті және су экожүйелері.

 

3. Экожүйедегі  биоценоздың рөлі.

 

4. Экожүйедегі  химиялық элементтердің айналымы     

               және энергия айналымы.

 

  Қолданылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Экологияның негізгі заңдары және теориялық,    

                  практикалық маңызы.

 

Белгілі америкалық эколог – ғалым   Б. Коммонер экологияның негізгі заңдарын былай түсіндіреді:

• 1) барлығы барлығымен байланысты;

• 2) барлығы әйтеуір бір жаққа кетуі керек;

• 3) табиғат ненің жақсы екенін "біледі";

• 4) еш нәрсе тегін берілмейді.

  Бұл дегеніміз, біздің  әрбір қызметіміз қоршаған ортаға  қалай да болса әсер етеді  дегенді білдіреді. Қоршаған ортаны  қорғаудың негізгі шартттары  мемлекет өз органдарына қоршаған ортаны қорғау бойынша экономикалық, техникалық, ұйымдық және құқықтық шараларды жүзеге асыруды міндеттейді. Бұл шаралардың барлығы заңдар мен басқа да құқықтық актілердің ережелеріне негізделуі қажет. Өз кезегінде барлық заңдар құқықтық қағидаларға негізделуі керек.

    Құқықтың қағидалары  — Қазақстан Республикасы Конституциясында  көрсетілген негізгі бастамалар, басшы идеялар мен құқық ережелері. Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі  қағидаттарын қарастырайық:

• қолайлы қоршаған ортаға және тұрақты дамуға адам құқығының басымдылығы қағидаты. Адамдардың табиғатпен үйлесімділікте, салауатты және жемісті өмір сүруге құқығы бар;

• мемлекеттің табиғи ресурстарды пайдалануға егемендік кағидаты. Мемлекет қоршаған ортаны қорғау саласында тиімді заңдық актілер қабылдайды;

• әрбір адамның қоршаған ортаны қорғау ісіне қатысу қағидаты. Табиғаттың жағдайы әрбір адамға байланысты болады, біз табиғат үшін жауаптымыз және болашақ ұрпақ үшін табиғат байлығын сақтауға бар күшімізді жұмсауға тиістіміз;

• қоршаған ортаны қорғаудағы жауаптылық қағидаты. Ол жер бетінің барлық бөліктеріне: құрлыққа не теңізге қатысты қолданылады. Табиғаттың сұлу өңірлері ерекше қорғалуы тиіс. Қазақстанда алғашқы табиғи күйінде сақталған және ерекше бақылауға алынған түрлі қорықтар мен қорықшалар бар.

• табиғи ортаны пайдаланудағы басымдылық кағидаты. Табиғат байлықтарын ысырап қылмай, ұқыпты пайдалану керек. Қазақстанда мемлекеттің ерекше қорғауға алынған өсімдіктер мен жануарлар жазылатын Қызыл Кітап бар. Мысалы, сексеуіл — шөлде өсетін өсімдік, ол жойылып кету үстінде тұр, сондықтан да оны кесуге және пайдалануға тыйым салынған;

• кедейлік пен қайыршылықты жою кағидаты. Демократиялық мемлекеттер өзінің алдына кедейшіліктің деңгейін төмендете отырып, ақыр аяғында кедейшілікті жоюды мақсат етіп қояды. Ол үшін мемлекет әр түрлі шаралар қолданады — жұмыссыздықпен күресу, әлеуметтік зейнетақы мен жәрдемақылар тағайындау, арзан тұрғын үйлер салу, әр түрлі әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру арқылы халықтың әлеуметтік жағынан қорғаусыз қалған топтарына қолдау жасау және т.б;

• қоршаған ортаны ластаудың және табиғатқа өзге де зиянды әсер етудің алдын алу қағидаты;

• коршаған ортаны қорғау саласындағы тығыз халықаралық ынтымақтастық кағидаты;

• қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша халықтың хабардар болу кағидаты. Әрбір адам экологиялық сауатсыздық тек оның жеке басына ғана емес, сондай-ақ барлық тұрғындарға да зардабын тигізетінін білуі керек. Мысалы, орманда от жағуға, тұрғын жайларға жақын жерлерде полиэтилен материалдарын өртеуге болмайды, улы заттарға ұқыпты болу керек және т.б.

   Қазақстан Республикасы  Конституциясының 31-бабында былай  делінген: "Мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына колайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды. Адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін деректер мен жағдаяттарды лауазымды адамдардың жасыруы заңға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады". Осының нәтижесінде республика азаматтарының өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы қоршаған табиғи ортаны қорғау мемлекеттің міндеті ретінде бекітілген. Сонымен бірге республиканың әрбір азаматына табиғатты сақтау мен оның байлықтарына ұқыптылықпен карау міндет болып табылады. Адамның қолайлы қоршаған ортаға құқығы әр түрлі заңдарда бекітілген. Бүгінгі күні адамның қолайлы қоршаған табиғи ортаға құқығы мынадай мәселелерді қамтиды:

• халықаралық және ұлттық стандарттарға сай келетін салауатты қоршаған табиғи ортада өмір сүрудің шынайы мүмкіндіктері;

• экологиялық қауіпсіздікке байланысты шешімді дайындауға, талқылауға және қабылдауға қатысу, қоршаған табиғи ортаның жай-күйі туралы тиісті ақпараттар алу;

• қоршаған ортаның ластануы нәтижесінен адам денсаулығына келтірілген зиянды мемлекеттің өтеуі құқығы.

Осы орайда адам құқықтарының оның міндеттерінен бөлінбейтіндігін атап кеткен жөн. Бұл дегеніміз: адам қолайлы қоршаған табиғи ортаға деген құқыққа ие бола отырып, оның сақталуы үшін қажетті, тиісті нәрсенің бәрін жасауға міндетті дегенді білдіреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

            

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

         Негізгі жер беті және су экожүйелері.

 

  Жер беті ағындысы, ауырлық күшінің әсерінен атмосфералық судың жер бетімен жылжу процесі;  жердегі су айналымының (ылғал айналымы) құрамды бөлігі. Жер беті ағындысының көлемі жауын-шашын мөлшеріне және ормандылыққа байланысты: ормансыз ауданда жер беті ағындысы жауын-шашынның жылдың қосындысының 65%-ын құрайды және топырақтың су эрозиясына себепші болады; ормандылыққа Жер беті ағындысы 5%-ын ғана құрайды.

    Жер  беті суларының режімі — жер беті суларының табиғат заңы бойынша кайталанып, өзгеріп отыратын көрсеткіштерінің жинағы. Жер беті суларының режімі алаптағы су теңдестігінің кірісі мен шығысы элементтерін әрекетке келтіріп, жергілікті климат жағдайымен жөне су жинағыш алаптағы жер бетінің бедерімен тығыз байланысты болады.

    Жер бетімен суландыру — суландыру тәсілі, суландыру кезінде су жер бетімен жайылып,топырақ біртегіс ылғалдандырылады. Жер бетімен суландыру және су басу аңыз арқылы, суды жер бетімен жайып жіберу, жаңбырлатып және су басу суландыру әдістері болып бөлінеді.

   Жер бетіндегі  судың жалпы қоры — шамамен 1386 млн. км²-ге тең. Өзен арналарындағы су қоры 2120 км3-ге тең, тұщы көлдердегі су — 91 мың км3. Тұщы жер асты суларының қоры 10,5 млн. Км3 мөлшерінде деп есептелсе тұщы сулардың  жалпы қоры — 3,5 млн. Км3 немесе гидросфера көлемінің 2,53%-ын құрайды. Егер, біз тұщы судың негізгі массасы мұздықтарда жиналғанын есте ұстасақ, онда адам қажетіне жұмсалатын таза тұщы судың көлемі шұғыл кемиді және шамамен гидросфераның 0,80% бөлігін қүрайды.

    Жер  бетіндегі ылғал айналымы — судың фазалық өзгерістері негізінде табиғатта үздіксіз жүретін жер беті мен атмосфера арасындағы ылғал алмасу. Ылғал айналы-мының екі түрі болады: 1) кіші немесе мұхиттық су айналысы, яғни мұхиттар мен теңіздердің бетінен буланған ылғал құрлыққа тасымалданбай, су бетінен аспанға тік көтеріліп конденсацияға ұшырайды да, теңіздер мен мұхиттардың бетіне жауын-шашын болып қайта оралады; 2) үлкен айналым, ылғалдың ауа ағындарының күшімен мұхиттардың үстінен құрлықтарға тасымалдануы. Онын құрлық бетіне жауын-шашын түрінде түсіп, мұхиттар мен теңіздерге жер беті немесе жер асты жолымен қайта оралу процесі. Су буының мұхит бетінен келген I кішігірім бөлігі құрлықтың түйық аймақтарына жауын-шашын түрінде түседі жөне қайтып оралмайды, яғни үлкен айналымға қатыспайды.

                                             Су қоры

 

      Жер бетінің 77.5 процентін (мұздарды, батпақтарды қосып есептегенде) су алып жатыр. Су қорларына өзен, көл, теңіз, жер асты, таулар мен поляр шеңбердегі мұздар, атмосфералық ауадағы ылғал кіреді.

   Өнеркәсіпте, ауыл  шаруашылығында, тұрмыстық қажетке  көбіне өзен, көл және жер асты  тұщы сулар жұмсалады. Олардың  қоры бүкіл гидросферадағы судың тек 1 проценті ғана. Гидросферадағы су қорлары төмендегі мөлшерде бөлінген. Көлемі және су қорларының мөлшері жөнінде гидросфераның ең ірі бөлігі - мұхиттар. Мұхит суларында пайдалы кендер, биологиялық ресурстар, энергия қуаты, химия және дәрі-дәрмек өндірістері үшін қажетті шикізаттар қоры өте көп. Құрлықта жыл сайын азайып бара жатқан пайдалы кендер орнын мұхит суларынан алып толтыруға әбден болады. Міне, сондықтан да ірі мемлекеттер мұхиттарды өзара бөлісіп «менің меншігім» деген белгілерін қойып жатыр.

   Теңіз суында алтынның, магниттің, платинаның, алмаздың, тантал-ниобиттің, цирконийдің, тағы басқаларының қоры құрлықтағы мөлшерге тең. Онда көмірдің,темірдің, мыстың, никельдің, қалайының қорлары да көп.

   Теңіз суында минералды заттар да аз емес. Ондағы ас тұзын, натрий сульфатын, калий тұзын, бромды, магнийді, йодты бірқатар елдер қазірдің өзінде пайдаланып жүр. Теңізде құрылыс материалдары да бар. АҚШ пен Ұлыбритания жыл сайын 600 млн. тонна құм, қиыршық және ұлутастарын алады. Теңіз түбінде фосфорит, қызыл саз, әк қорлары да жеткілікті.

    Мұхиттар мен  теңіздер жер шарында өнетін  биологиялық өнімдердің 43 процентін, оттектің 50-70 процентін береді.

   1900 жылы дүние жүзінде 7 млн. тонна балық ұсталса, 1980 жылы 64.6 млн. тоннаға жетті. Балықты енді  теңіз жағалауында ғана емес, ашық теңізге шығып, жағадан алыс  кетіп, ұзақ уақыт жүріп аулайтын  болды. Теңіз суларынан криль  аулау, тағы басқа зооплактондарды ұстау да тез өсіп келеді.

   Теңіз су толқындары, әсіресе көтеріліп жағадан шыққанда  және кері серпіліп қайтқанда, энергия қуатын беретіні белгілі. Мысалы, Ла-Маншта болатын толқын есебінен бүкіл Еуропа елдерінің электр қуатын көп пайдаланатын кездегі қажетін өтеуге болар еді.

   Дүниежүзілік су  қорларының ластануы бүкіл адамзат  қауымын алаңдатып отыр. Судың  ластануы көп түрлі әрі ең  соңында су экожүйесін бүлдірумен  аяқталады.

   Су айдындарының ластануын былайша топтайды:

биологиялық ластану: өсімдік, жануар, микроорганизмдер және аш бейімді заттар;

химиялық ластану: уытты және су ортасының табиғи құрамын бүлдіретіндер;

физикалық ластану: жылу-қызу, электр-магнитті өріс, радиоактивті заттар.

Судың сапасы, ластану деңгейі үнемі бақылауға алынып отырады. Судың құрамындағы химиялық қоспалар, тұздық құрамы, еріген бөлшектер, температура әр түрлі болуы мүмкін.

   Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ауыз судың 100-ден астам сапалық көрсеткішін ұсынған.

    Су бассейнінің ластануының негізгі себептері - тазартылмаған ағын суларды өзен-көлдерге жіберу. Бұған жол беретіндері:

  1. тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықтар;
  2. өнеркәсіп орындары;
  3. ауыл шаруашылығын химияландыру:
  4. халық шаруашылығының басқа да салалары.

Ағын суларға құйылатын лас сулар да бірнеше топқа бөлінеді. Оларды қоспалар (ерімейтін, коллоидты, еритіндер), лас сулар (минералдық, органикалық, бактериалдық, биологиялық) деп жіктейді. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

             Экожүйедегі биоценоздың рөлі.

 

    Табиғатта әр түрлі түрлердің популяциялары бірегей жүйелерге бірігіп ірі бірлестіктер құрады. Оларды ғылым тілінде "бірлестіктер" немесе "биоценоздар" деп атайды. Биоценоз (bios-өмір, kоіnos-жаллы) — табиғи жағдайлары бірегей жерлерде тіршілік  ететін өсімдіктер жануарлар және микроорганизмдердің жиынтығынан тұрады.

    Биоценоз ұғымын алғаш рет ұсынған неміс зоологі К.Мебиус (1877 ж.). Биоценоз құрамындағы организмдердің бір-бірімен қарым-қатынасын биоценотикалық тұрғыда қарастыру  қажет. Өйткені, кез келген биоценоз өзімен-өзі жеке дамымайды.  Ол әр қашанда өлі табиғатпен бірлестікте ғана өмір сүреді. Сондықтан биоценоз компоненттерінің қолайлы тіршілік ортасы — биотоптардан тұрады. Яғни, биотоп — тірі организмдердің жиынтығы, тіршілік ететін орта.   

Нәтижесінде биоценозбен биотоп бірлесіп-биогеоценозды құрайды. Алғаш рет бұл терминді ғылымға 1940 жылы В.Н.Сукачев енгізген. Сонымен биогеоценоз дегеніміз – биоценоз + биотоптың (экотоп) диалектикалық бірлестігі. Ол төмендегідей құрамдас бөліктерден тұрады: өндірушілер (жасыл өсімдіктер); талап етушілер (бірінші - өсімдік қоректі жәндіктер; екінші – жануар тектес қоректілер); ыдыратушылар (микроорганизмдер) және өлі табиғат компоненттері. Міне, осы компоненттер арасында үнемі қарым-қатынастар жүріп жатады. 

     Биоценозды  зерттеуші ғылым саласы — биоценология деп  аталады. Ал, биогеоценоз ұғымы тек биоценоз бен биотоп жиынтығы ғана емес, ол табиғаттың біртұтас және өзінің даму заңдылығы бар күрделі жүйе. Сондықтан табиғаттағы биологиялық бірлестіктер — кез келген популяциялар мен биотоптардан тұратын  кішігірім жәндік (жануар) інінен бастап, мұхиттардың биотасын қамтыйтын табиғи бірлестіктер. Ең үлкен биологиялық жүйе - биосфера немесе экосфера. Ол жер шарының барлық тірі организмдері мен оның тіршілік ететін физикалық ортасын қамтиды.

Информация о работе Экологияның негізгі заңдары және теориялық, практикалық маңызы