Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2011 в 13:01, реферат
Ақпаратты басқару компюьтерлерді қолданудың негізгі сферасы болып табылады және де, болашақта үлкен роль атқарады. Мәліметтер қорын басқару жүйесі компьютерлік техниканың даму жолдарына байланысты жетілдендіріліп тұрды, пайдаланушының қойған барлық күрделі деңгейдегі талаптарын орындауға бейімделді. Қазіргі қоғамның талаптарына сәйкес жаңа техналогиялардың даму барысында жұмыс орнын автоматтандыру негізгі мәселелердің бірі.
Delphi 7 деректер базасының қосымшаларын жасаудың ең таратылған құралы болып табылады және өзінің қосымшасынан Microsoft, Word, Excel және т.б. бағдарламалық өнімдермен байланысу мүмкіндегіне ие.
Бағадарламаны жасау кезінде ADO технологиясы қолданылды. ADO компонеттері MS Access-тегі деректер базасымен байланыстыру үшін керек.
Деректер базасын жасау кезінде ADO-ның келесі компонентері қолданылды:
Microsoft ActiveX Data (ADO) технологиясы OLE DB – ға жоғарғы деңгейдегі объектті құрылымды білдіреді. OLE DB – ның деректермен манипуляция жасауына толық интерфейсінің барына қарамастан көптеген бағдарламашылар деректермен төмен деңгейдегі бақылау процессіне қосылуымен оларды басқаруды қажет етпейді. ADO жұмыс үшін кез-келген OLE DB провайдерларымен қолданылуы мүмкін.
ADO негізі. ADO-ның объектті моделі жеті объектіден тұрады, оның иерархиясы төменде көрсетілген. Connection объектісі өзінде OLE DB DataSourse және Session объектілерін құрайды. Олар деректер көзінен жалғыз ғана сессияны құрайды. Connection объектісі деректермен қосылудың қасиетін анықтайды, жергілікті транзакциялардың мүмкіншіліктерін анықтайды, Error қателіктері туралы деректерді алудың орталықтанған объектісін және де сұпаныстардың үлгісін қолдануға сілтеуді қамтамасыз етеді.
Command
объектісі OLE DB Command біратты объектісін
инкапсуляциялайды. Объект
ADO-ның әрбір жоғарғы деңгейдегі объектісі Property объектілерінің коллекциясын құрайды. Property объектісі ADO-ға деректердің кез келген провайдерінің мүмкіншіліктерін динамикалық жариялауды қамтамасыз етеді. Кейбір провайдерлер функциялардың барлық түрін қолдай бермегендіктен ADO моделі объектісінің ең негізгі ерекшелігі өзгешелік функцияларға динамикалық қосылудың мүмкін болуы.
«Қоймалық есеп» бағдарламасы келесі функционалдық қызметтерді атқарады:
Бағдарламаның алгоритмі.
Бағдарламаны іске қосқан кезде экранға мәзірден және үш қосымшадан тұратын терезе шығарылады.
Тауардың келіп түсу алгоритмі:
Тауарды қоймадан шығару алгоритмі:
Бұл бағдарламада объекттік бағдарламаның әдісі қолданылды. Бұның мақсаты командалардың реттілігін функциялар/процедуралар ретінде рәсімдеу және мәні бойынша байланысты деректерді күрделі құрылымды деректермен біріктіру. Бағдарламаны жазу кезінде қолданылған процедуралар мен функцияларды қарастырайы:
procedure TForm2.TntButton1Click(Sender: TObject) – келіп түскен тауарларды деректер қорына енгізу және сәйкес хабарлама беру;
procedure TForm2.TntButton4Click(Sender: Tobject) – қоймадан тауарларды шығару туралы деректерді деректер қоына енгізу және сәйкес хабарлама беру;
procedure
TForm2.TntButton11Click(
function
SQLTEXT2(par1,par2:string):
procedure TForm2.N2Click(Sender: TObject) – экранға анықтамалар формасын шығарады;
procedure TForm2.Button1Click(Sender: TObject) – есептемені экранға шығарады;
procedure TForm2.N5Click(Sender: TObject) – бағдарламадан шығу.
Бағдарламаны іске қосу үшін дисктен бағдарлама орналасқан папканы өзіңіздің компьютеріңізге көшіріңіз. Sklad.exe файлын ашыңыз. Бағдарламаның жалпы көлемі 2 мб.
Келіп түскен тауарлар туралы деректерді бағдарламаға енгізу үшін келесі кіріс деректерді толтыру қажет:
Шығыс деректері қоймаға келіп түскен тауарлар бойынша, қоймадан шығарылған тауарлар бойынша және қоймадағы қалған тауарлар бойынша есептемені қарау болып келеді.
Қоймаға келіп түскен тауарларды есепке алу үшін Кіріс қосымшасында (3-сурет) тауарлар бойынша деректерді енгізіп, Тауарды енгізу батырмасын басыңыз.
Егер енгізілген тауар қоймада бар болса, онда бағдарлама хабарлама шығарады (4-сурет) және Қойма кестесінде бұл тауардың саны енгізілген мөлшерге көбееді.
Егер тауар жаңадан түскен болса, онда бағдарлама енгізілген деректерді енгізеді және тауарды орналастыру туралы, оның өлшем бірлігі туралы деректерді енгізу терезесі шығады (5-сурет).
Деректерді енгізіп батырмасын басыңыз. Тауар деректер қорына енгізіледі.
Кіріс қосымшасында жазбаларды жою үшін батырмасын басыңыз.
Кіріс тауарлары туралы деректерді баспаға шығару үшін немесе есептемені қарау үшін батырмасын басыңыз. Келіп түскен тауарлар бойынша есептемені көрнекі түрде қарауға болатын форма ашылады (6-сурет).
Келіп түскен тауарлар бойынша іздеуді орындау үшін Іздеу жиынтығында (7-сурет) іздеу параметрлерін (іздеу параметрлерін бір-бірден немесе бірінің соңынан бірін беруге болады) енгізіңіз. батырмасын басыңыз.
Енгізілген параметрлерді тазарту үшін батырмасын басыңыз.
Қоймадан тауарларды шығару бойынша деректерді бағдарламаға енгізу үшін Шығыс қосымшасын ашыңыз (8-сурет). Шығыс туралы деректерді енгізіңіз, батырмасын енгізіңіз.
Шығысты енгізу кезінде, егер қоймадан шығарылатын тауар қоймада жоқ болса немесе саны жетіспесе, бағдарлама хабарлама шығарады.
Мұндай жағдайда қоймадан шығарылатын тауар туралы деректерді өзгертіп әрекететті қайтадан орындау керек.
Егер тауар қоймада бар болса және тауардың саны жеткілікті болса, тауарды шығару туралы дерек деректер қорына енгізіледі, қоймада бұл тауардың саны азаяды және хабарлама шығарылады.
Қоймадан шығарылған тауарлар бойынша жазбаларды жою үшін кестеден керекті жазбаны таңдап батырмасын басыңыз.
Қоймадын шығарылған тауарлар бойынша есептемені қарац үшін және баспаға шығару үшін батырмасын басыңыз. Есептеме формасы ашылады.
Қоймадын шығарылған тауарлар бойынша жазбаларды іздеу үшін Іздеу жиынтығында (12-сурет) іздеу параметрлерін (іздеу параметрлерін бір-бірден немесе бірінен соң бірін енгізуге болады) енгізіңіз, батырмасын басыңыз.
Енгізілген параметрлерді жаңарту үшін батырмасын басыңыз.
Қоймадағы қалған тауарлар туралы деректерді қарау үшін Қоймадағы тауарлар қосымшасын ашыңыз (13-сурет). Бұл қосымшада тауардың шифры, оның өлшем бірлігі, саны және қай жерде орналасқаны көрсетіледі.
Қоймадағы таусылған тауарларды қарау үшін батырмасын басыңыз. Тауарлардың саны нөлге тең тауарлардың тізімі шығарылады (14-сурет).
Қоймадағы тауарлар бойынша жазбаларды іздеу үшін іздеу параметрлерін енгізіп, батырмасын басыңыз.
Өрістегі енгізілген параметрлерді тазарту үшін батырмасын басыңыз.
Қоймадағы тауарлар бойынша есептемені қарау үшін және баспаға шығару үшін батырмасын басыңыз. Есептемені қарау үшін терезе ашылады (15-сурет).
Анықтамалармен жұмыс жасау үшін Анықтама мәзірінен керекті анықтаманы таңдаңыз (16-сурет).