Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2011 в 13:01, реферат
Ақпаратты басқару компюьтерлерді қолданудың негізгі сферасы болып табылады және де, болашақта үлкен роль атқарады. Мәліметтер қорын басқару жүйесі компьютерлік техниканың даму жолдарына байланысты жетілдендіріліп тұрды, пайдаланушының қойған барлық күрделі деңгейдегі талаптарын орындауға бейімделді. Қазіргі қоғамның талаптарына сәйкес жаңа техналогиялардың даму барысында жұмыс орнын автоматтандыру негізгі мәселелердің бірі.
Кіріс және шығыс деректерді ұйымдастыру А ҚОСЫМШАға сәйкес келу керек.
Бағдарламаның жұмыс кезінде кіріс ақпарат деректер қорының файлы болу керек.
Бағдараламаның кез келген батырмаға басу әрекетін жасау уақыты және тышқанмен басқару 0,25 с аспауы керек, егер техникалық құралдар параметрлеріне және құрамына талаптардың жүйелік ресурсқа сәйкес болған жағдайда. Жедел жадыны орын алатын көлемі 2 Мбайттан аспау керек.
Бағдарлама келесі жүйелік талаптарға қамтамасыз ететін компьютерде жұмыс істеу керек.
Сонымен қатар пайдаланушының компьютерінде қазақ тілінің драйвері орнатылған болу керек (KazKey, KazWin немесе т.б.).
«Қоймалық есеп» бағдарламасы сатып алу, өткізу және қоймадағы тауарлар санын есепке алу үшін және жасалған операциялар бойынша есептемелерді басып шығару үшін арналған. Бұл бағдарлама кіші сауда кәсіпорындары, дүкендер үшін арналған.
Бағдараламада кіріс құжат – келіп түскен тауар болып келеді, ал шығыс құжат – өткізілген тауар.
Кіріс және шығыс құжаттар негізінде және жасалған талдау бойынша келесі атрибуттар мен олардың идентификаторлары анықталды:
№ | Атрибуттың атауы | Типі, ұзындығы | Мағынасы |
1 | Жабдықтаушының атауы | Мәтіндік, 30 | Жабдықтаушының атауы |
2 | Мекен-жайы | Мәтіндік, 30 | Жабдықтаушының толық мекен-жайы |
3 | Телефоны | Мәтіндік, 30 | Жабдықтаушының телефоны |
4 | Жөнелтпе құжаттың нөмірі | Сандық | Келіп түскен тауар бойынша жөнелтпеқұжаттың нөмірі |
5 | Түсім күні | Күн/уақыт | Қоймаға тауардың түскен күні |
6 | Шифр | Сандық | Тауардың шифры |
7 | Тауардың атауы | Мәтіндік, 10 | Тауардың атауы |
8 | Саны | Сандық | Тауардың саны |
9 | Бағасы | Ақша | Тауардың бағасы |
10 | Өлшем бірлігі | Мәтіндік, 10 | Тауардың өлшем бірлігі |
11 | Толық атауы | Мәтіндік, 10 | Өлшем бірліктің толық атауы |
12 | Стеллаж | Сандық | Қоймада тауардың орналасқан жері |
13 | Шығыс күні | Күн/уақыты | Тауардың қоймадан шығу күні |
Ұсынылған атрибуттардың негізінде келесі мәндерді анықтаймыз:
Әрбір мәнге атрибуттар жинағын береміз:
Логикалық
жобалау бағдарламаның
Жұмысты орындау үшін деректердің реляциялық моделін және осы модельге негізделген ДҚБЖ таңдаймыз, мысалы MS Access, өйткені ол деректердің ішкі моделін жақынырақ көрсетеді, техникалық сипаттамаларының көзқарасынан деректер қорымен пайдалунышаларды қанағаттандырады, сонымен қатар қосымшаларды жоблау кезінде кең мүмкіндіктерге ие.
Ақпараттың құрамды бөлінбейтін бірлігі болып келетін көптік қатынастарды алғанға дейін пәндік облыстың декомпозициясын жүргізу керек (1 бөлімді қараңыз).
Мәндердің арасындағы байланыстарды жасаймыз:
Жабдықтаушы, Кіріс –1:К типті байланыс;
Жабдықтаушы, Тауарлар – К:1 типті байланыс;
Тауарлар, Қойма –1:К типті байланыс;
Тауарлар, Шығыс –1:К типті байланыс;
Аccess-те жобалау
Деректер
қорының сервері ретінде
Алдымен конструктор арқылы кестелер құру керек. Кестелерге құрылымды беру ерекшеліктеріне индексті өрістерді құру жатады. Индекстелген өрістер деректер схемасында қатынастар арасында дұрыс байланыстар үшін қажет. Индекстелген өрістердің тізімі төменде келтірілген:
Кестелерді
құрып болғаннан кейін
Delphi-де жобалау
ДҚБЖ құру үшін орта ретінде Delphi 7 таңдалды. Бұл әр түрлі типті ДҚБЖ құру үшін үлкен мүмкіндіктерге ие. Сонымен қатар мұнда пайдалану интерфейс жасау өте қарапайым.
Access деректер қорын қосу үшін ADO қолданылды. Деректер қоры жобаға ADOConnection компоненті арқылы қосылады.
Кестелермен жұмыс жасау үшін ADOTable компоненті қолданылады. Ол ADOConnection көмегімен қосылған кестелермен әрекеттесу интерфесін ұсынады.
Сұраныстарды құру үшін SQL сұраныстарын құратын тілді қолдайтын ADOQuery компоненті қолданылады. Сұраныстардың нәтижелерін жаңа сұраныстарды құру үшін және оларды пайдаланушыға шығару үшін қолданады.
Кестелермен, сұраныстармен және басқару графикалық элементтермен жұмыс істеу мүмкін болу үшін DataSource компоненті қолданылады. Қажет кестені (ADOTable) немесе сұранысты (ADOQuery) DataSource компонентімен байланыстырып, содан кейін қажетті басқару графикалық элементті байланыстырып экранға немесе принтерге деректерді шығару үшін қарапайым интерфейс құрылады.
Графикалық элементтерге DBGrid, DBNavigator, QuickReport жатады. DBGrid элементі DataSource ұсынатын деректерді кесте түрінде экранға оңай шығаруға және түзетуге мүмкіндік береді. QuickReport – басып шығаратын есептемелерді құру үшін ыңғайлы құрал.
«Қоймалық есеп» бағдарламасы тауарларды есепке алу операцияларын жүргізу үшін арналған. Бұл бағдарлама қазақ тілінде жасалған, сондықтан бағдарламаның қатесіз жұмыс істеуі үшін компьютерде қазақ тілінің драйвері орналасқан болу керек.
Бұл бағдарлама Microsoft Access 2003 ортасының кестелері арқылы жасалынған және ADO технологиясы арқылы Delphi-мен байланыстырылған.
Деректер базасы – деректер жиынтығы.
Access
– қарапайым әрі күрделі
Access
деректер базасының
Деректер базасының негізін оның ішіндегі сақталатын деректер құрайды. Бірақ Access деректер базасында басқа да маңызды компонентер бар, олар объектілер деп аталады.
Олар келесідей болады:
Кестелер. Access деректер базасына енгізілетін қандайда бір ақпарат кестеде сақталынады. Деректер базасы тілінде жолдар – жазбалар, ал бағандар - өрістер деп аталады. Access-те кестелерді құрудың көптеген тәсілдері бар.
Бұл жоба Borland Delphi7 бағдарламасында әзірленді.
Borland Delphi7.
Берілген жобаны жобалау үшін визуальді обьекттік бағытталған Delphi 7 бағдарламалау тілі таңдалды.
Delphi 7 – бұд бағдарлама жасау ортасы, Windows жұмысына бағытталған. Delphi 7 идеология негізінде визуальді проектілеу технологиясы және обьекттік бағытталған бағдарламалау методологиясы жатыр. Бұл бағдарлама визуальді обьекттік бағытталған бағдарламалаудың ең күшті жүйесі болып табылады. Оның көмегімен бастапқы бағдарламашылар да Windows стандартын қанағаттандыратын терезелік интерфейстерді өздері жасай алады. Delphi 7 бағдарламасын қолдану спектрлері кең: инженерлік, офистік, сату және т.б. Delphi 7 қолдану арқылы .DLL компоненттер, формалар, функциялар, кітапханасын құруға болады, өшірілген және локальді әр-түрлә типтегі (InterBase, Microsoft SQL, SyBase, dBase, Oracle және т.б.) деректер базасымен жұмыс істеуге болдады.