Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Февраля 2015 в 20:33, курсовая работа
Қазіргі уақытта химиялық тазалау және кір жуу кәсіпорындары қонақ үй, әскери мекемелер, ауруханалар, сияқты ірі ұйымдардың компоненнтері түрінде, ірі кәсіпорындардың қосалқы ұйымдары ретінде жұмыс істейді. Химиялық тазалау және кір жуу қызметтерін көрсететін жеке кәсіпорындарға келетін болсақ, жағдай келесідей: бір жағынан тұрғындардың белгілі бір бөлігінің қымбат киімдерді сатып алуға және оларды қалпына келтіру үшін химиялық тазалау қызметін пайдалану мүмкіндігі пайда болды. Екінші жағынан тұрғындардың бір бөлігі киімді химиялық тазалауға немесе жууға бергеннен жаңа киім сатып алу оңай деген пікір қалыптасқан.
КІРІСПЕ
Қазақстандағы нарықтық қатынастардың дамуы фирмалардың басшыларынан тек тауар өндірісін ғана емес, сонымен қатар тауарлардың ішкі және сыртқы нарықтағы өткізілімін басқарудың шеберлігін қажет етеді. Соңғы кездері нарықтық қатынастардың дамуына байланысты қазіргі кәсіпорындардағы жоспарлық-басқару іс-әрекеті жоғары деңгейдегі автоматтандыруды, жоспарлау мен басқарудың түрлі кезеңдерінде қолданылатын ақпаратты жинақтау, сақтау және өңдеуден өткізудің компьютерлік әдістерін игеруді қажет етеді. Персоналды компьютерлер барлық түрдегі жоспарлы іс-әрекеттер мен өндірісте орындалатын түрлі функцияларды автоматтандыруға мүмкіндік береді. Жас мамандардың персоналды компьютерлерде жұмыс істеу, нарық жағдайындағы кәсіпорындардың жағдайы мен өсу серпініне талдау жасау, сондай-ақ олардың өндірістік-техникалық іс-әрекетін жетілдірудің әдістері мен үлгілерін әзірлеу ептілігінің болуы нарықтық қатынастардың қазіргі кезеңіндегі мамандардың біліктілік деңгейіне қойылатын қажетті талабы болып табылады.
Автоматтандырылған технологияның қолданылуы жүйелік жоба материалдарының негізінде ақпараттық жүйелерді жүзеге асырудың қолданбалы программалық құралдарының жіктелуі мен қолданылуына жаңаша көзқараспен қараудың қажеттілігін туындатты. Негізгі жіктемелік критерийлер болып баптаудың еңбек сиымдылығы, компаниялардың АТ-менеджерлерінің жүйелік жобаның әзірлеушілерінен және оны жүзеге асырудың программалық құралдарының жобаға енгізілуі кезіндегі тәуелсіздігінің дәрежесі және консалтинг, енгізу және ілесе жүру жұмыстарының құны болды.
Химиялық тазалау тұрмыстық қызмет көрсету саласына жатады және болашақта дамуының үлкен әлеуеті бар табысты Бизнес болып есептеледі. Әдетте, химиялық тазалаудың пайдасы кәсіпорынның көлеміне тікелей байланысты. Нарықтық экономикаға өткеннен кейін химиялық тазалау және кір жуу кәсіпорындары коммерциялық кәсіпорындарға айналды және кәсіпорын иелерінің компанияны табысты етуге байланысты проблемалары пайда болды. Бірақ, қатардағы тұтынушылардың көпшілігінде химиялық тазалау қызметіне деген тұрақты сенімсіздік қалыптасты. Химиялық тазалау кәсіпорындарының қызметіне тек бұйымды үйде тазалау мүмкін болмаған жағдайда ғана жүгінеді.
Қазіргі уақытта химиялық
тазалау және кір жуу кәсіпорындары қонақ
үй, әскери мекемелер, ауруханалар, сияқты
ірі ұйымдардың компоненнтері түрінде,
ірі кәсіпорындардың қосалқы ұйымдары
ретінде жұмыс істейді. Химиялық тазалау
және кір жуу қызметтерін көрсететін жеке
кәсіпорындарға келетін болсақ, жағдай
келесідей: бір жағынан тұрғындардың белгілі
бір бөлігінің қымбат киімдерді сатып
алуға және оларды қалпына келтіру үшін
химиялық тазалау қызметін пайдалану
мүмкіндігі пайда болды. Екінші жағынан
тұрғындардың бір бөлігі киімді химиялық
тазалауға немесе жууға бергеннен жаңа
киім сатып алу оңай деген пікір қалыптасқан.
Бүгінде Қазақстанда, мысалы Европамен
салыстырғанда, химиялық тазалау қызметін
тұрғындардың көп пайызы пайдаланбайды. Бірақ
Қазақстан халқының өмір сүру деңгейі
мен мәдениет деңгейі өсіп келеді. Яғни
химиялық тазалау қызметіне деген сұраныс
та тұрақты өседі.
1.«Химиялық тазалау» кәсіпорын жұмысының автоматтандырылған жүйесін құру
Химиялық тазалау — мамандандырылған кәсіпорындарда киім-кешектердегі дақтарды кетіру мен жалпы кірден тазартудың күшті әрекетті органикалык ерітінділер қолданылатын әдісі.
Мұндай ерітінділер қатарында х
Ерітінділердің зиянын азайту үшін жабдықтар тұмшаланғанымен, аппараттарды толтыру және жөндеу кезінде жұмыскерлердің денсаулығына нұқсан келтірмей қоймайды. Пайдаланылатын ерітінділер канцерогенді заттектер болғандықтан, химиялық тазалау кәсіпорындарының жұмыскерлері үшін обыр ауруына душар болу қатері төнеді.
Химиялық тазалауға кең ассортименттегі
бұйымдар келіп түседі, олар талшықтарының
құрамы, дайындау әдісі, пайдалану мақсаты
мен өңделуі бойынша ерекшеленеді. Химиялық
тазаланатын барлық бұйым түрлеріни келесі
топтарға бөлуге болды:
-сыртқы киім;
- тері киімдер;
- гардин-тюль бұйымдары.
1.1 Жобаның тұжырымдамасы
Жобаның тұжырымдамасы кім және басқа да тоқыма бұйымдарды химиялық тазалау және жуу кәсіпорын жұмысын автоматтандыруды қарастырады. Химиялық тазалау жалпы алаңы шамамен 80 шаршы метрді құрайтын жалға алынған ғимаратта орналастырылады. Бұдан бөлек, айына екі рет, жақын орналасқан үш ауданға, химиялық тазалауды қажет ететін бұйымдарды қабылдау және жеткізу мақсатында шығып тұру жоспарлануда.
Осы жоспарланған кәсіпорынның
айналымын ескере отырып, қызметті жеңілдетілген
режимде жеке кәсіпкерлік шеңберінде
жүзеге асыру ұсынылады.
Бұл нақты әрекетте басшылыққа алынатын
соңғы вариант болып табылмайды, ол тек
осындай бизнес-идеяны дамытудың мүмкін
екендігін көрсетеді. Сондықтан нақты
жобаны жүзеге асыру барысында сату бағдарламасы
да, көрсетілетін қызмет түрлері де өзгертілуі
мүмкін.
Көрсетілетін қызметтерді сипаттау
. Бүгінді матаны
күтудің екі шешуші әдісі бар
Бұл жобада жуу бойынша да, химиялық тазалау бойыша да қызмет көрсету қарастырылған.
Жұмыстың міндеттері мен мақсаты:
- химиялық тазалау жұмысының барысын анықтау;
- химиялық тазалаудың
түрлері мен атқаратын
- химиялық тазалаудың қажеттілігін айқындау.
- химиялық тазалаудың тиімді жолдарын ұсыну;
- тұтынушыларға қызмет көрсету;
- шығындардың және жұмыс
істейтін заңның есепке алынуы
бағалардың құрастырылуын
- қызметтерге және бағаларға, түрлерге түралы клиенттердің толық дерек беруі.
Жұмыстың практикалық өзектілігі:
- химиялық тазалау базасының тиімділігін ұсынылады;
- жарнама арқылы химиялық
тазалаудың артықшылығын
- қызмет түрлерінің тіркелуі;
- Жоба негізінде жасалған бағдарламаның қолданылуы;
- Іс-тәжірибе барысында пайдалану.
Жұмыстың артықшылығы: Жоба барысында химиялық тазалау мекемесіне арнайы бағдарлама құрылады. Бағдарлама кәсіпорын жұмысын жеңілдету мақсатында құрылады және барлық орындатын жұмыстар бір жүйеге тіркеледі. Бағдарламада орындалатын жұмыстар: тұтынушыларды тіркеу, заттың түріне байланысты жеке жүйелердің құрылуы; көлеміне байланысты бағасын анықтау, есеп беру, жеңілдіктердің жүйелері қолдануы.
1.2 Нарықты талдау және маркетингтік стратегия
Химиялық тазалау тұрмыстық қызмет көрсету саласына жатады және болашақта дамуының үлкен әлеуеті бар табысты Бизнес болып есептеледі. Әдетте, химиялық тазалаудың пайдасы кәсіпорынның көлеміне тікелей байланысты. Нарықтық экономикаға өткеннен кейін химиялық тазалау және кір жуу кәсіпорындары коммерциялық кәсіпорындарға айналды және кәсіпорын иелерінің компанияны табысты етуге байланысты проблемалары пайда болды. Бірақ, қатардағы тұтынушылардың көпшілігінде химиялық тазалау қызметіне деген тұрақты сенімсіздік қалыптасты. Химиялық тазалау кәсіпорындарының қызметіне тек бұйымды үйде тазалау мүмкін болмаған жағдайда ғана жүгінеді.
Қазіргі уақытта химиялық
тазалау және кір жуу кәсіпорындары қонақ
үй, әскери мекемелер, ауруханалар, сияқты
ірі ұйымдардың компоненнтері түрінде,
ірі кәсіпорындардың қосалқы ұйымдары
ретінде жұмыс істейді. Химиялық тазалау
және кір жуу қызметтерін көрсететін жеке
кәсіпорындарға келетін болсақ, жағдай
келесідей: бір жағынан тұрғындардың белгілі
бір бөлігінің қымбат киімдерді сатып
алуға және оларды қалпына келтіру үшін
химиялық тазалау қызметін пайдалану
мүмкіндігі пайда болды. Екінші жағынан
тұрғындардың бір бөлігі киімді химиялық
тазалауға немесе жууға бергеннен жаңа
киім сатып алу оңай деген пікір қалыптасқан.
Бүгінде Қазақстанда, мысалы Европамен
салыстырғанда, химиялық тазалау қызметін
тұрғындардың көп пайызы пайдаланбайды. Бірақ
Қазақстан халқының өмір сүру деңгейі
мен мәдениет деңгейі өсіп келеді. Яғни
химиялық тазалау қызметіне деген сұраныс
та тұрақты өседі.
Киімнің жылтырауын жою
Жүн немесе жартылай жүн киімдерде матаның үйкелісі әсерінен жылтырау пайда болуы мүмкін. Оны ылғал шыт мата арқылы үтікпен булап, мата суығанша қатты шөткемен ысқылап кетіруге болады.
Жылтыраған жерді сонымен қатар бензинге батырылған шүберекпен, артынан мүсәтір спитінің судағы ерітіндісімен (5:1) сүртіп, ылғал қалың матамен үтіктеуге де болады.
Бензинмен сүрткенде мата қатты түктеніп кетсе, өте ұсақ құрғақ ас тұзымен шүберекпен немесе губкамен ысқылап жіберіңіз.
Бас киімді күту
Фетр қалпақтар жұмсақ шөткемен түгінің бағытымен тазаланады.
Фетр қалпақтарындағы дақтар бірдей өлшемде алынған мүсәтір мен спирт ерітіндісімен жақсы тазаланады. Қалпақтың қатты ылғалдануына жол бермеңіз, пішінін бұзып алуыңыз мүмкін. Одан кейін құрғақ орамалмен сүртіп, шөткемен тарап, кептіруге қойыңыз.
Жаңа түскен май дағын қара нан қабығымен ктіруге болады. Ал кетпесе, бензин немесе дақ кетіргіш ерітіндіні қолдануға тура келеді.
Фетр қалпағының түктеліп кеткен жерін ұсақ зімпара қағазбер абайлап ысқылауға болады. Екінші әдісі - ұсақ тұз сеуіп, қатты шөткемен ысқылаған.
Тері баскиімдерді тазалауда да бензинді қолдануға болады.
Былғары баскиімдерді екіге жарып кесілген пиязпен ысқылап тазалаңыз. Пияздың ластанған бетін жонып алып тастап отырыңыз.
Замш баскиімдерді ұсақ тұзбен тазалауға болады. Тек бұл әдісті жиі қолданып керегі жоқ.
Аяқ киім күтімі
Лакталған аяқ киімді жиі кимеңіз, әсіресе жаңбырлы күні киілген лакталған аяқ киім тез тозады. Жаңа лакталған аяқ киімді сүтке батырылған жұмсақ шүберекпен сүртіп, кейін пияз кесіндісімен ысқылап, тағы шүберекпен құрғатылады.
Қалың былғары аяқ киімді шаңынан тазартқан соң май жағып қоюға болады. Жұмсақ былғары аяқ киімді шаңынан тазартып, кептіріп, аяқ киім кремін жұқалап жағып қояды да, құрғағаннен кейін шүберекпен жылтырағанша ысқылайды.
Су аяқ киімді пешке жайып кептіруден аулақ болыңыз, былғарысы тез тозып, қатайып, жарылып кетеді. Аяқ киімді құрғақ жерде, ішіне газеттерді тығындап кептіріңіз.
Сөмкелер мен қолғаптар күтімі
Замш қолғапты тазалау үшін мынадай ерітінді дайындаңыз: жарты стакан майсыздандырылған сүтке жарты ас қасық ас содасын, осыншама 10 пайыздық мүсәтір спиртін қосып, араластырыңыз. Қолғапты қолыңызға киіп, дақтарын ерітіндіге батырылғанмақтамен сүртіңіз. Сонымен қатар мүсәтір спиртінің 1:4 қатынасындағы суға ерітіндісімен тазалауға болады. Одан кейін таза суға батырылған мақтамен сүртіп алыңыз.
Сөмкенің ішін босатып, астарын жиі тазалап тұрыңыз.
Былғары сөмкені жұқа аяқ киімді күту әдісімен тазалауға болады. Тек аяқ киім кремін аз жағыңыз. Соңынан барқұт шүберекпен май дағы көрінбейтіндей етіп ысқылаңыз. Сөмке қатты кірлеп кетсе, Сабын ерітіндісімен тазалап, кем жағылған шөткемен ысқылап, жылтырата сүрту керек.
Тері киімдерді күту
Тері тоныңызды ұзақ пайдалану үшін сөмкеңізді иығыңызға асып іліп жүрмеңіз. Жаңбыр немесе қардан су болып қалса, сілкіп алыңыз да, пештен аулағырақ жерге иықілгішке іліп кептіруге қойыңыз. Тері кепкеннен кейін тағы да сілкілеп жіберіңіз, тек түктерін тарауға болмайды.
Тері тонды ізбес қабырғаға ілмеңіз, ізбес - терінің жауы.
Тон шаң болып кетсе, кілемқаққышпен ұрғылаңыз. Егер шаң көп болса, ылғал жаймаға түгін төмен қаратып жайып, кілемқаққышпен қағып алыңыз.
Ақ тонды тазалауда крахмалды қолданыңыз, жылтырату үшін сіркесуға батырылған шүберекпен сүртуге болады.
Жасанды теріден тігілген киімді кіржуғыш ұнтақпен салқын суда жууға болады. Жақсылап шайғаннан кейін жаймаға орап, аз уақыттан кейін жазып, иықілгішке іліп кептіреді. Ақ жасанды теріні нілдің көмегімен аздап көгертуге болады.
Тері түктерін абайлап тарауға да болады. Терідегі май дағын бензинмен немесе дақкетіргіш сұйықпен кетіруге болады. Сабын немесе кір жуатын ұнтақ ерітіндісі де дақты кетіре алады. Тек ылғал теріге тимеуін бақылау керек. Бензин дағы жылы сумен жылып, кептіруге ілінеді.
Тері киімді құрғақ жерде сақтау керек. Киім арасына қалташа ішіне тігілген камфара салып қойса, ылғалды өзіне жақсы жұтып отырады. Тек оны анда санда ауыстырып отыру керек. Немесе селикогель қолданған дұрыс. Оны пеште немесе табада қыздырып, ауыстырып отырады.
Тері киімдерді сандықта сақтамаған дұрыс, олар мақта-мата немесе қағаз пакеттердің ішінде ілініп тұруы керек. Сақтауға қойылатын шкафты алдын ала тазалап, ішін желдетіп алыңыз. Тері киім қалтасына күйеге қарсы нафталин салуды ұмытпаңыз, тек нафталинді киімге сеппеңіз. Жасанды тондға күйе түспейді.
1.3 Delphi программалау жүйесі
Delphi 6 ортасын жүктегеннен
кейін экранда интегралданған
программаланған ортасының
Экранның жоғарғы бөлігінде негізгі терезе орналасады. Онда құрал-саймандар тақтасы (Standard. View. Debug және Custom) және компоненттер палитрасы орналасады. Негізгі терезе Delphi 6 ортасы жабылмайынша ашық тұрады. Негізгі терезені жабу арқылы Delphi 6 -ны жабамыз.
Информация о работе «Химиялық тазалау» кәсіпорын жұмысының автоматтандырылған жүйесін құру