S-;p-;d- элементтердің медициналық–биологиялық маңызы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2017 в 18:32, реферат

Описание работы

Вернадскийдің анықтамасы бойынша ағзада жинақталып, әртүрлі биологиялық қызмет атқаратын элементтерді биогенді деп атайды. Элементтер электрондық орбитальдардың толуына байланыста s-, p-, d- деп жіктеледі.
s-элементтер Д. И. Менделеевтің периодтық жүйесінің IA және IIA негізгі топшасында орналасқан. Сыртқы электрон қабатында бір (s1-элементтер)немесе екі (s2 элементтер) электроны бар. Олар электрондарын онай беріп бір және екі зарядты оң иондарға айналады. s-элементтер катиондарының гидроксидтері негіздік қасиет көрсетеді. (Ba(OH2) басқасы) ол Э-OH ионды байланыстың әлсіздігінен болады. Сондықтан да s-элементтерді сілтілік және сілтілік-жер металдары деп атайды. Топтарда s-элементтері гидроксидтерінің негіздігі жоғардан төмен қарай артады (мысалы, LiOH тан CsOH қарай) ал период бойынша (s1- ден s2 элементке өткенде) артады.

Содержание работы

І. Кіріспе бөлімі
ІІ. Негізгі бөлімі:
1.Д.И. Менделеевтің периодтық жүйесінде орналасу ретіне байланысты
элементтердің биологиялық маңызы
2.s-элементтердің биологиялық маңызы және олардың косылыстарының
медицинада қолданылуы
3. р-элементтердің биологиялық маңызы және олардың қосылыстарының
медицинада қолданылуы
4. d-элементтердің биологиялық маңызы және олардың қосылыстарының
медицинада қолданылуы
ІІІ. Қорытынды бөлімі
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

s,p,d биологиялык манызы.doc

— 331.50 Кб (Скачать файл)

H2O+CO2→←H2CO3→←H++HCO3-

OH+CO2→←HCO3

Мырыштың кон қосылыстары антисептикалық зат ретінде қолданылады.

1.  ZnS04 • 7Н20-коз тамшысы

2.    ZnО-тері ауруларында  приеынка, мазь паста ретінде  қолданылады.

3. Мырыш инсулин-қант диабетін емдеудс колданылады.

Сынап. Сынап-тірі өсімдіктер мен жануарлар агзаларының негізгі құрам бөлігі. Сынап негізінде бауыр мен бүйрекке жинақталады. Табиғи сулар, топырак, осімдік және жан-жануарлар сынаппен улануда- ол биосфераға сынаптың көп мөлшерде тасталуынан болуда. Сынаппен уланганда ауызга металдың дәмі келіп тұрады, сілекей ағатын болады, адамның бас ауруы жэне есте сақтау қабілеті нашарлай түседі.

Барлық тұздары улы болғанымен, оның көбі медицинада қолданылады:

1.    НgO (сары сынап майы); тері ауруларына қолданылады;

2.    НgСІ2 (сулема); өте улы, онымен жұмыс жасағанда байқаған жөн, 1:1000 катынасындай етіп сұйытылган ерітіндісін         төсеніштерді,            медициналық           кұралсаймандарды,           болмені           дезинфекциялағанда           қолданылады.

Мeдицинада қосылыстарын қолданып қана қоймай металл сыпап пен оның буы да қолданылады (сынап тсрмометрлері аппаратында)

Хром, Хром-өсімдік жэне тірі ағзаның негізгі құрамды бөлігі. Хромның биологиялық активтілігі оның иондарының комплекс түзуге бейімділігі. Мысалы, Сr3+ ионы нуклеин қышқылының құрылысының тұрақтануына қатысады.

Хром қосылыстары улы, сондықтан медицинада қолданылады.                                         

Молибден. Молибден ағзаға жат заттардың заласыздануына қатысатын ферменттердің қүрамында кездеседі. Ағзада фторды ұстап қала отырып, кариестің дамуын болдырмайды, сонымен қатар темірдің бауырдағы метоболизміне кедергі. келтіреді. Молибден пуриндердің ыдырауын жетелдетеді жэне ағзадан несеп қышқылын бөліп шығарады, сонымен подаграны болдырмайды.

Молибденнің хапшылығында ауыз қуысының, қызыл иекті дерттердщ дамуы мүмкін, рактың даму қаупі жоғарлайды, 60 жастан асқан еркектерде импотенция болуы ықтимал.

Марганец. Марганец- микроэлемент, Мп2+ ионының биогенді функциясы ферменттер активтілігін реттеуге қатысуы. Сондықтан Мп2+ ионның биологиялық әсері кең: қан айналымы, минералды алмасу, өсу, көбею т.б. Сонымен қатар Мп2+ ионы нуклеин қышқылдарының құрылымын тұрақтандырады.

Медицинада КМпО4. калий пермансанаты қолдаңылады. Бұл жараларды жууда, тамақты шаюда антсептик ретінде қолданылады.

Темір. Биоэлементтердің ішінде тіршілік үшін негізгі маңызы бар элементтердің бірі-темір, ол ағзадағы каталитикалық процестердің активаторы және қандағы газдардың тасымалдануы процесіне қатысады. Ересек адамның ағзасында- 3,5 г темір болады. Оның көп бөлігі эритроциттердің демалатын пигментінде, ягни гемоглобинде болады. Гемоглобин-күрделі ақсыл, оның молекуласы екі бөліктен ақсылды (глобин) және темірден түрады. Гем-темірдің порфиринмен комплексті қосылысы. Гемоглобин молекуласының құрамы төрт гемнен тұрады, оның эрқайсында бір атом темір бар. Темірдің біраз бөлігі  ақсыл ұлпасына миоглобинде болады. Құрылысы гемоглобинге ұқсас онда молекулалы оттегіні кері байланыстырады. Адам агзасына темір жетіспеген жағдайда адам анемия ауруына шалдыгады, шаштың ағаруы жэне түсуі, сүйектің қақсауы байқалады.

Анемияда, адам агзасы элсірегенде темірдің келесі препараттары қолданылады:

1.     Темірдің  аскорбинаты (II);

2.    "Ферроплекс" (аскорбин қышқылы мен темірдің  (II) сульфаты).

3.    "Гемостимулин", "Гематоген".

4.    Алоэ мен  темір топшасы.

Кобальт. Со3+ ионы В12 (кобаламин) витамині құрамына кіреді. Бүл витаминдер қүрамына кіретін жеке металл В12 қан айналымында тек эритроциттер түзілуі үшін қажет.

Ағзада В 12 жетіспеуі анемия (қан аздыққа) туғызады.

Кобальттің радиоактивті изотопты (- СО) қатерлі ісік ауруларын емдеуге қолданылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды бөлім

Тіршілік ең бірінші мұхитта, яғни суда басталды деген пікірге негіз бар, оның себебі гидросферадағы минералды заттар тірі ағзалар құрамында да бар. Шындығында да 29 кестеде келтірілген элементтер теңіз жануарларынын кұрамында да бар. 1916 ж. бастап В.Н. Вернадский тірі ағзаның химиялық құрамы мен -жер қыртысының химиялық құрамы арасындағы байланысты зерттеді. Ол, орта мен ағза, химиялық элементтер атомдарының тарихымен тығыз байланыста екендігін атап көрсетті. Ағзаның қарапайым химиялық құрамы, жер қыртысының химиялық құрылымымен тығыз байланыста екендігін болжады. Биосферадағы химиялық элементтердің таралуы және ағза дамуындағы оның маңызы туралы терең зерттеуді А.П. Виноградов жасады. Тірі зат ағзасы құрамының көп бөлігі оттегіден (62,4%), көміртегіден (21,15%) және сутегіден (9,8%); аз бөлігі азоттан, кремнийден, алюминий, темір, кальций, марганең күкірт фосфор, хром, магний, калий, натрий, хлор т.д. элементтерден тұрады. А.П. Виноградов ағзада осы  элементтер мен олардың изотоптарының, радиоактивті және радиоактивті емес элементтердің мөлшерінің қанша болатындығын анықтады.Ағзаның негізгі құрамын оңай газ түзе алатын және суда жақсы еритін қосылыстар түзетін элементтер құрайды. Жер қыртысында кең таралған алюминий, кремний, титан биосфера жағдайында оңай еритін қосылыс бермейді, сондықтан ағзада өте аз мөлшерде болады. Керісінше сутегі, көміртегі, азот және фосфор жер қыртысында аз мөлшерде болады, бірақ жақсы ериді, қосылыстары ағзада көп мөлшерде кездеседі. Элементтерді талғампаздықпен жинақтайтын ағзалар белгілі, сондықтан олар ортаның химиялық жағдайының «идикаторлары» қызметін атқарады. А.П.Виноградовтың «биогеохимия» іліміне сүйеніп    жер    қыртысының    кейбір аймақтарындағы микроэлементтердің артық немесе аз болуын сипаттауға болады және ол кейбір эндемиялық аурулардың шығу тегі мен онымен күресу жолдарын көрсетеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

1.        Ә.К.Патсааев, С.А. Щитыбаев., Қ.Н. Дәуренбеков., «Бейорганикалық және физколлоидтық химия»

2.         Ершов Ю.А., Попков В.А., Берлянд А.С., Книжник А.З., Михайличенко Н.И. Общая химия. Биофизическая химия. Химия биогенных элементов. -М.: Высшая школа, 1993. -560 с.

3.         Ершов Ю.А., Плетнева Т.В. Механизмы токсического действия          неорганических соединений. -М.: Медицина, 1989. -272 с.

4.         Жолнин А.В. Комплексные соединения. Челябинск: ЧГМА, 2000. –28 с.

5.         Бингам Ф.Г., Коста М., Эйхенберг Э. И др. Некоторые вопросы токсичности ионов металлов. -М.: Медицина, 1993. -368 с.

 

 

 

 


Информация о работе S-;p-;d- элементтердің медициналық–биологиялық маңызы