Мұнай өнімдерінің қышқылдық санын анықтау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Октября 2012 в 11:35, реферат

Описание работы

Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: конус тәрізді колбалар, кері тоңазытқыш, электроплитка, бюреткалар, нитрозинді сары немесе 6Б көгілдір сілтілік индикаторы, 0,05 н калий гидроксиді, мұнай өнімі.
Жұмыстың барысы: Конус тәрізді колбаға 0,01 г дәлдікпен өлшенген 8-10 г май өнімін салады. Ал екінші колбаға 50 мл 96%-тік этил спиртін құйып, кері тоңазытқышы бар тығынмен жауып, 5 мин қайнатады. Қайнау кезінде спиртте еріген көмірқышқылы жойылады. Қайнаған спиртті ыстық күйінде үнемі араластыра отырып, 4,5 тамшы индикаторды қосып, 0,05 н спирттік калий гидроксиді ерітіндісімен қызғылт түс пайда болғанша бейтараптайды.

Файлы: 1 файл

кислотное число.docx

— 12.04 Кб (Скачать файл)

Мұнай өнімдерінің қышқылдық санын анықтау

Жұмыстың мақсаты: Титрлеу әдісі арқылы мұнай өнімдерінің қышқылдық санын анықтау.

Қажетті құрал-жабдықтар  мен реактивтер: конус тәрізді колбалар, кері тоңазытқыш, электроплитка, бюреткалар, нитрозинді сары немесе 6Б көгілдір сілтілік индикаторы, 0,05 н калий гидроксиді, мұнай өнімі.

Жұмыстың барысы: Конус тәрізді колбаға 0,01 г дәлдікпен өлшенген 8-10 г май өнімін салады. Ал екінші колбаға 50 мл 96%-тік этил спиртін құйып, кері тоңазытқышы бар тығынмен жауып, 5 мин қайнатады. Қайнау кезінде спиртте еріген көмірқышқылы жойылады. Қайнаған спиртті ыстық күйінде үнемі араластыра отырып, 4,5 тамшы индикаторды қосып, 0,05 н спирттік калий гидроксиді ерітіндісімен қызғылт түс пайда болғанша бейтараптайды.

   Бейтарапталған спиртті  бірінші колбаға құяды. 

Ашық түсті мұнай өнімдерін  талдаған кезде, бейтараптаалған ыстық  спирт ерітіндісіне мұнай өнімін құяды.

Кейін колбаның ауызын тығынмен жауып, 5 мин үнемі араластырып қайнатады. Қайнағаннан кейін ыстық ерітіндіні 0,05  н калий гидроксидімен 6Б  көгілдір сілтілік индикатор қатысында  қызғылт түске дейін титрлейді (нитрозинді сары индикаторы қатысында  жасыл түс). 30 с ерітіндінің түсі өзгермеу керек. Титрлеуді ыстық  күйінде өте тез жүргізу қажет, себебі ауадағы көміртегі диоксиді әсер ету мүмкін. Осы кезде мынадай  реакция теңдеуі орнайды:

KOH + RCH2COOH →RCH2COOK + H2O

Осыған параллельді мұнай өнімінсіз  бақылау тәжірибесін орындайды.

Есептеу: Мұнай өнімінің қышқылдығын  төмендегі формуламен есептейді:

К= V*T*100/50

мұндағы: V- титрлеуге кеткен 0,05 н КОН ерітіндісінің көлемі, мл;

                Т- КОН ерітіндісінің титрі,  мг/мл;

            100- 100 мл-гі  қышқылдығын келтіру  коэффициенті;

               50- зерттеуге алынған мұнай өнімінің  көлемі, мл;

                

 


Информация о работе Мұнай өнімдерінің қышқылдық санын анықтау