Қазақстан Республикасындағы қазіргі мемлекеттік реттеу жолдары мен даму деңгейі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2013 в 20:29, курсовая работа

Описание работы

Транзиттік экономика жағдайындағы реформаларды ойдағыдай жүргізу үшін өндірістік саладағы, әлеуметтік сфералардағы, сонымен қатар аймақтардағы барлық әлеуметтік-экономикалық үдерістерді мемлекет тарапынан реттеу қажет. Нарықтық шаруашылық жағдайындағы экономиканы реттеу мемлекеттің ең маңызды қызметтерінің бірі болып табылады.
Мемлекеттік реттеу бүкіл қоғамның мүддесіне арналған экономикадағы іс-әрекеттердің қолданыстағы формалардың ұтымдылығын арттыру және жағымсыз үдерістерді шектеу үшін пайдаланылады. Ол шаруашылық және әлеуметтік сфералардың, аймақтардың түгелдей дерлік мүдделерін қамтиды да олардың дамуына аса зор әсер етеді.

Содержание работы

1.Экономика дамыуындағы мемлекеттің рөлі және оның негізгі қызметтері.
1.1.Мемлекеттің экономикадағы рөлі.
1.2. Мемлекеттік реттеу формалары мен әдістері, функциялары.
1.3. Мемлекеттің экономиканы реттеудегі шетелдік тәжәриебесі.
2. Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік реттеудің нақты механизмдері.
2.1. АӨК құрамы, мақсаты мен міндеттері.
2.2.Экономиканың аграрлық секторының қазіргі жағдайын талдау.
2.3. Агроөнеркәсіп кешеніндегі шаруашылық байланыстарды реттеудің шетелдік тәжірибесі және оны Қазақстанда қолдану мүмкіндіктері
3. Қазақстан Республикасындағы қазіргі мемлекеттік реттеу жолдары мен даму деңгейі
3.1. ҚР мемлекеттік бағдарламалау мен жоспарлау нәтижелері.
3.2. Мемлекеттік реттеуді жетілдіру

Файлы: 1 файл

курсовая оригинал.docx

— 177.64 Кб (Скачать файл)

                                                          Жоспар:

 

1.Экономика дамыуындағы  мемлекеттің рөлі және оның  негізгі қызметтері.

1.1.Мемлекеттің экономикадағы  рөлі.

1.2. Мемлекеттік реттеу  формалары мен әдістері, функциялары.

1.3. Мемлекеттің экономиканы  реттеудегі шетелдік тәжәриебесі.

2. Агроөнеркәсіптік  кешенді мемлекеттік реттеудің  нақты механизмдері.

2.1. АӨК құрамы, мақсаты  мен міндеттері.

2.2.Экономиканың аграрлық  секторының қазіргі жағдайын  талдау.

2.3. Агроөнеркәсіп кешеніндегі  шаруашылық байланыстарды реттеудің  шетелдік тәжірибесі және оны  Қазақстанда қолдану мүмкіндіктері

3. Қазақстан Республикасындағы  қазіргі мемлекеттік реттеу жолдары мен даму деңгейі

3.1. ҚР мемлекеттік бағдарламалау  мен жоспарлау нәтижелері.

3.2. Мемлекеттік реттеуді  жетілдіру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                

 

 

 

 

 

                                                    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                Кіріспе

Транзиттік экономика  жағдайындағы реформаларды ойдағыдай  жүргізу үшін өндірістік саладағы, әлеуметтік сфералардағы, сонымен қатар  аймақтардағы барлық әлеуметтік-экономикалық  үдерістерді мемлекет тарапынан  реттеу қажет. Нарықтық шаруашылық жағдайындағы экономиканы реттеу мемлекеттің  ең маңызды қызметтерінің бірі болып  табылады.

Мемлекеттік реттеу бүкіл  қоғамның мүддесіне арналған экономикадағы  іс-әрекеттердің қолданыстағы  формалардың  ұтымдылығын арттыру және жағымсыз үдерістерді шектеу үшін пайдаланылады. Ол шаруашылық және әлеуметтік  сфералардың, аймақтардың түгелдей дерлік мүдделерін қамтиды да олардың дамуына аса  зор әсер етеді.

Мемлекеттік реттеудің негізін  экономикалық үдерістерді реттеуші тікелей және жанама тетіктер мен  әдістерді құрайды. Мемлекет экономикалық іс-әрекеттердің әртүрлі аспектілерін бюджеттік, банктік жүйелер, мемлекеттік  тапсырыстар және кедендік қызмет арқылы реттеп отырады. Реттеу ісінде жоспарлау, экономикалық болжау, бақылау және басқа да басқару функциялары  кеңінен қолданылады.

Мемлектік реттеу экономикалық іс-әрекеттердің ережелері мен тәртәбән орнықтырады және осы ережелердің  сақталуын қадағалайды. Сонымен  бірге мемлекеттік реттеу бүкіл  экономикалық құрылымдардың әрқайсысының дербес қызметін қамтамассыз етеді.

Экономиканы мемлекеттік  ретттеудің маңыздылығы, әсіресе қазіргі  кезде еселеп артып отыр. Әлемдік  эеономиканың жаһандануы үдерісінде Қазақстан  экономикасы  бірқатар мәселелермен бетпе-бет келіп ортырған жағдай бар.Қазақстан Республикасының 2003-2015жж индустриалды-инновациялық даму Стратегиясында көрсетілгендей оларға: экономиканың шикізаттақ бағыты, әлемдік экономикаға  интергациялануы деңгейінің төмендігі  ел ішіндегі салааралық және аймақаралық  экономикалық интеграцияның әлсізжігі, ішкі рыноктағытауарлар мен қызмет көрсетуге тұтынушылық сұраныстың  төмен дәрежесі, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдарының дамымауы, кәсіпорындардың  техникалық және технологиялық тұрғыдан артта қалуы, ғылым мен өндіріс  арасындағы шыныйы байланыстың болмауы, ғылыми зерттеулер мен тәжіриебе-конструкторлық жұмыстарға арналған қаржы тапшылығы, экономиканы жаһандану  үдерісіне  сәкестендіре отырып сервистік-технологиялық  экономикаға өту мәселелері жатады.

Стратегия ел ішінде ғылым  жіне инновациялық қызметті ынталандыруға  бағытталған белсенді мемлекеттік  ғылым және инновациялық саясат жүргізуді  көздейді. Аталмыш мақсаттарға жету үшін қаржы рыногын дамыта түсу,  сондай-ақ фискалдық, білім беру,монополияға  қарсы, инфрақұрылымдық  саясатты жетілдіру  шаралары қолға алынады. Стандарттау  саясаты шеңберінде экономика мен  басқару салаларының түгелінде  дерлік әлемдік стандарттарға өту  көзделуде.

Стратегияны ойдағыдай жүзеге асыру экономика құрылымында  сапалық өзгерістерге қол жеткізуге  көмектесетін болады да, адами, өндірістік және табиғи капиталдарды тиімді пайдалану  негізінде оның тұрақты дамуының және Қазақстанды әлеуметтік өркендеудің  жаңа деңгейіне жоғарылатудың кепілі болады.

Экономиканы мемлекеттік  реттеудің әдістері мен механизмдерін  жетілдіру бойынша жекелеген  ұсыныстарды негіздеу үшін стратегияның тиісті бөлімдерінде импортты алмастыру  және  экспортқа бағдарланған  саясатты жүзеге асыру бойынша  шетелдік тәжіриебе  кеңінен қарастырылған. Сондықтан еліміздің бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарынан орын алуы үшін қолға алынған шаралар өз жемісін  береді деп сенімді түрде айтуға болады.

Жалпы, 2015жылға қарай стратегияны  ойдағыдай жүзеге асыру нәтижесінде  ел экономикасы сервистік-технологиядлық даму жолында дайын болуы тиіс.

Өтпелі кезең тәжіриебесі  көрсеткендей экономикалық теорияда экономиканы  мемлекеттік реттеу проблемасын  қарастырудың негізгі 3 тәсілі белгілі  болып отыр. Олар: өркениетті-тарихи; мемлекеттік, яғни әлеуметтік-экономикалық трнасформация кезеңінднгі мемлекеттің  өзіндік  рөлін баса көрсету; конъюктуралық-практикалық, яғни реттеудің нақты құралдарын іздестіру және тиімді қолдану

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.1.Мемлекеттің  экономикадағы рөлі.

Ең алдымен мемлекет елдің  шаруашылық өмірін ұйымдастыратын орталық  болып табылады және құқықтық актілер  бекітілген, экономикалық қатынастарды реттеуге байланысты өкілеттік құық берілген жалпы мемлекеттік және жергілікті өкімет органдарының жүйесі, олардың өндірістік министрліктердің басқару ақпараты, олардың бірлестктері мен кәсіпорындары арқлы рыноктық экономиканың дамуына ықпал етеді. Екіншіден, мемлекет экономиканы реттеудің  құықтық шараларын белгілейді, көлемді  мақсатты халық шаруашылық бағдарламаларын  жүзеге асыруға басшлық жасайды, мемлекеттік бюджетті құрады, мамандарды дайындаумен айналысады және т.б.

Осылармен бірге, мемлекет баға белгілеу, қаржы-несие, ақша айналысы, тұрғындардың ақша қаражаты, сыртқы экономикалық істер, өндіргіш күштерді орналастыру  саясатының негізін құрумен де айналысады.

Нарықтық өзгерістер жағдайында мемлекет, қоғамның өзін-өзі күн  көру минимумымен қамтамасыз ете  алмайтын қаржысы аз топтарын  әлеуметтік тұрғыдан қорғауға міндетті.

Мемлекет, меншік нысандырының алуан түрлілігі, өндіріс құрылымының  салалық, аймақтық өзгеруі жағдайында жаппай жұмыссыздыққа жол бермеу механизмін жасайды.

Мемлекет пен рыноктың өзара қатынас рыноктық қоғамда  маңызды мәселелердің бірі, себебі бұл экономикалық жүйеде мемлекет ерекше қызметтерді атқарады. Шарауашылық  байланыстарын интернационализациялау мемлекеттің экономиканы ретеуіндегі  ролін күшейтуге  объективті салдарлар  жасайды. Экономиканы мемлекеттік  реттеу жүйесі ұзаққа сызылған эволюцияның  жемісі, бұл істі жүзеге асыруда  оны реттеудің экономикалық механизмдері өзгеріп отырды. Мемлекеттің экономиканы  реттеу түрлері мен тәсілдерін жасауда  дүниежүзілік экономикалық дағдарыстар, әсіресе 1929-1933 жылғы ұлы депрессия  аталған әлемдік экономикалық дағдарыс ерекше роль атқарды. Бұл жағдайда мемлекет өзіне бірқатар қызметті алуға мәжбүр болды, сөйтіп рыноктық экономикаға  мемлекеттің араласуынан оңтайланған  шекараларын іздеді. Кез-келген елдің  экономикалық жүйесіндегі мемлекеттің  ролі оның қызметі арқылы байқалады. Экономикалық қызметтің түрлері  өте көп, сондықтан оны топтап, негізгі блоктарға біріктіру  қажет.

    1. рынок жағдайында мемлекет мына қызметтерді өз мойынына алады: стратегиялық, экономикалық, құрылымдық, техникалық, әлеуметтік, демографиялық  болжау мен жомпарлауда. Экономиканы реттеудің тікелей және жанама қызметін де атқарады. Осы аталған нәрселердің барлығының қызметін тек қана мемлекет өткеруі мүмкін.
    2. мемлекет иығына мемлекеттік кәсіпкерлік қызметі жатады. Ол қоғамға қажет мемлекеттік кәсіпорын мен өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымды жасайды. Олар. Темір жол мен жалпы ұлттық шоссе жолдары, көпір, каналдар, газ бен мұнай құбырлары, байланыс, аурухана, мектеп т.б. объектілер.
    3. рыноктық жүйе қалыпты қызметін қамтамасыз ету. Сатып алушы мен кәсіпкер мүдделерін қорғау, стандартқызметін құру, өнім сапасы мен салмағын өлщеу, бәсекені  қолдай отырып, рыноктық экономикада монополизмнің болуына барынша күрес жүргізу, ол үшін әйгілі құқытық база жасалады. Мемлекет бұл жағдайда өзіне қоғамдық әрбір қызметін алғаны жөн;
    4. мемлекет дағдарысқа қарсы саясатты жасау мен өткеру қызметін атқаруды бюджет саясатының көмегімен ұлттық табысты үлестіру арқылы экономиканы тұрақтандыру қызметін жүзеге асырады.
    5. мемлекет тұрғындарды әлеуметтік қорғау жұмыстарын өзіне алады. Оларға-оқушылар, студенттер, зейнеткерлер, мүгедектер, көп балалаы отбасын жатқызамыз. Өскелең ұрпақты тәрбиелеуді де өз қызметі санайды.

Мемлекеттің реттеуші рөлі өнім өндірісінің сыртқыэкономикалық қызметінің ұйымдастырылуында маңызы зор, себебі бұл сфера экономикалықпен  қоса мемлекетаралық ережелердің бар  болуымен сипатталады. Сондықтан қазір  сыртқы жабдықтаушылар мен тауарды  тұтынушылардың қарым-қатынасын қамтамасыз ететін шаруашылық басқарудың мемлекеттік  органдары күшеюде. Нарық және қазіргі  нарықтық       өзін-өзі  басқаратын құрылымдар мемлекеттің  қолдауын қажет етеді.

Нарықтық шаруашылық жағдайындағы экономиканы мемлекеттік реттеу заң шығарушы, атқарушы және бақылаушы  сияқты тұрпатты әдістермен жүйеленген мемлекеттің құқытық мекемелерімен  және қоғамдық ұйымдармен елдегі бар  әлеуметтік-экономикалық жүйені  тұрақтандыру және  өзгермелі жағдайларға бейімдеумен  байланысты қоғамдық ұйымдармен сипатталады.

Нарықтық шаруашылықтың  дамуымен байланысты жеке меншік базасындағы, өзі шешіле қоймайтын экономикалық және әлеуметтік мәселелер пайда  болды.Ұлттық масштабтың қайта бөлу үдерісін ары қарай жалғастыру үшін жеке капитал көзқарасынан аз рентабельді  және рентабельді емес инвестицияларға  деген айтарлықтай қажеттілік туындады. Салаларалық және жалпыұлттық дағдарыстар, жаппай жұмыссыздық, әлемдік нарықтардағы күрделенген бәсекелестік жалпымемлекеттік экономикалық саясаттың болуын талап  етеді.

Қазіргі жағдайлардағы экономиканы  мемлекеттік реттеу қайта бөлу үдерісінің құрамдас бөлігі болып табылады. Ол шаруашылықта және әлеуметтік сферада  туындайтын  мәселелердің өткірлігіне  байланысты жоспардың алдында тұратын  сан алуан міндеттерді шешеді.  Оған мысал ретінде экономикалық өсуге ынталандыру, жұмысбастылықты  реттеу,  салалы және аймақтық құрылымдардағы прогрессивті жылжуларды қолдап дем  беру, сыртқы экономикалық тепе-теңдікті бір деңгейде ұстап тұру болады.     ЭМР-дің нақты бағыттары, нысандары, масштабы мемлекеттегі белгілі бір  кезеңдегі экономикалық және әлеуметтік мәселелердің сипаты мен өткірлігіне  байланысты болады. ЭМР-дің объективті мүмкіндігі экономикалық дамудың белгілі  бір жетістіктері, өндіріс пен  капиталдың шоғырлануында  пайда  болады.   Бұл мүмкіндікті шынайылыққа  айналдыратын қажеттіліктің  мәні ЭМР-дің  мәселелері мен қиындықтарының көбеюінде  болып табылады.

Дәл осы экономикалық, әлеуметтік, әлемдік шаруашылық, экологиялық  мәселелердің өткірлігі  мемлекеттік  және қоғамдық субьектілермен танылып, түсіндіріліп, мемлекеттік органдар тарапынан нақты акциялардың  пайда болуын  туындатады. Тәжірибе мен көптеген зерттеулер көрсеткендей, елдің экономикалық гүлденуі мен  халықтың әл-ауқаты абстрактілі экономикалық жағдайларға емес, мемлекеттік басшылықтың  нақтылы саяси стратегиясына  тәуелді болады. БҰҰ-ның мамандарының жасаған қорытындылары келесідей: «Егер мемлекет басшылығы толық  және нәтижелі жұмыс істеп, заңдардың  дұрыс орындалуын қамтамасыз етіп отырса, онда елдің гүлденуі байқалады». Елдердің экономикалық жағдайлары мемлекеттік  басқарудың әдістері мен кәсіпқойлығымен  анықталады. БҰҰ мәліметтері бойынша  соңғы 30 жылдарда архаикалық басқару  нысаны сақталған ең кедей елдер  үшін жалпыәлемдік табыс үлесі 2,3-тен 1,4% пайызға төмендеген, ал басқаруға  ерекше назар аударылатын  ең бай  елдер үшін ол көрсеткіш 23% пайызды  құрайды.     Осымен байланысты көптеген елдердің шаруашылық (коммерциялық және коммерциялық емес) ұйымдар  қызметі  әкімшілік басқарудың тікелей буындарымен  қоса мемлекеттік реттеумен қамтылады. Бұл үшін атқарушы органдар (министерліктер, комитеттер) құрылады. Салалық, функционалды  (қаржы, салық және т.б.), сонымен қатар  аймақтық және нейтралды органдар ешбір  шаруашылық объектісін өзінің бақылауы мен қадағалауынсыз қалдырмайды. Экономиканы  басқаруға мемлекеттің  араласуы керек екендігі дәлелденген шынайылық  болып табылады.

Мемлекеттің экономикадағы  рөлі туралы теориялар.

Өзінің толық мәнінде  экономиканы мемлекеттік реттеу орныққан саяси жүйенің ұлттық шаруашылыққа макроэкономикалық әсерін дарыту болып  табылады. Мемлекеттің экономикадағы  рөлі туралы, оның экономикаға әсерінің деңгейі туралы пайымдаулардың өзіндік  үзақ тарихы бар. Есте жоқ ерте замандарға, яғни капитализмге дейінгі кезеңдердегі мемлекеттің рөлі мен функцияларындағы өзгерістерді құнттап алғаннаң өзі  жеткілікті болар еді деп ойлаймыз.

Тарихи тұрғыдан мемлекеттің  рыноктық экономикадағы рөлі туралы алғашқы концепциясы капитализм саяси экономиясы классиктердің  концепциясы болып табылады. Классикалық  теория XVIIғасырда дүниеге келеді және ол өзінің ортасында экономикалық  ғылымның көптеген өкідлері шоғырланды. Олардың ішіндегі ең көрнектілері шотландық  экономист және философ А.Смит және ағылшын экономисті Д.Рикардо. Мемлекеттің  экономикадағы рөлі туралы ілімнің  дамуына А.Смиттің «Халықтар байлағының табиғаты мен себептері туралы зерттеу» (1776ж) еңбегі зор үлесін тигізді.

Бұл концепция бойынша  рыноктық күштердің еркін әрекеті  тепе-теңдікті механизм жасап шығарады. Классиктер рыноктық экономикадағы  мемлекет рыноктық үдеріс жағдайындағы адамдардың қауіпсіздігін қамтамассыз  етіп, меншігін қорғауы тиіс және рыноққа  қатасушылар арасында туындайтын дауларға төрелік айтуы қажет. Басқаша  айтқанда, мемлекет жекелеген адам дербес атқара алмайтын немесе тиімді түрде жүзеге асыра алмайтын істерді  атқаруы тиіс. Экономикалық мәні бойынша  бұл концепция рыноктық экономиканың өзін-өзі реттеп, ұйымдастырып отыруға  хал-ахуалы әбден жететіндігін дәлелдеу болатын. Өндіріс тұтынуды арттыру  үшін ұйымдастырылады, ал тұтынудың  өсуі өндірісті ынталандырады деді классиктер.

Бұл себепті-салдарлы өзара  байланысты жүзеге асыру билік құрылымдарының тауар өндірушілердің шаруашылық қызметіне  араласпай ақ мүмкін болады. А.Смиттің  пікірі бойынша өндірушілердің жеке экономикалық мүдделеріне ұмтылысы және рыноктағы бәсекелестік жағдайы  рыноктық экономика дамуының  басты  механизмі болып табылады және  мұның өзі әрбір өндірушінің  және барлық қоғамның  байлыған арттыруға  алып келеді. Рынокқа қатысушылардың жиынтық әрекеті  тепе –теңдік  бағаларды орнықтырады және әрбір  сатып алушы осы бағаларға  бағынады , ал бағалардың өздері болса  жекелеген адамдардың жекелеген  адамдардың жиынтық әсері шеңберінен шыға алмайды. Экономиканың осындай  табиғи қызметін А.Смит «рыноктың көрінбейтін  қолы» қағыдасы деп атады.

Капитализм дамуының ерте сатыларында мемлекеттің экономикаға  араласуы негізінен екі қызметпен  шектелді деген пайымдамалар басымдық танытты. Олар: жеке меншік құқықтарын заңнамалық тұрғыдан қорғау және экономикалық таңдау еркіндігін

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы қазіргі мемлекеттік реттеу жолдары мен даму деңгейі