Адвокаттар көрсететiн заң көмегiнiң түрлерi

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2015 в 12:59, реферат

Описание работы

1991жылдың 16 желтоқсанында «Қазақ Советтiк Социалистiк Республикасы атауын Қазақстан Республикасы деп өзгерту туралы» заңға қол қойылды. Осы уақыт iшiнде Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы, әнұраны сияқты мемлекеттiк рәмiздерi қабылданып, тәуелсiз елдiң алғашқы Конституциясы өмiрге жолдама алды. Осы 12 жыл iшiнде мемлекет және қоғам дамудың барлық бағыттарында сүбелi жетiстiктерге қол жеткiздi. Қазақстан Президентi Н.Ә. Назарбаевтың елде жүргiзiп отырған әрелi саясатының арқасында мемлекеттiк билiктiң мықты жүйесi құрылды. Қазiргi таңда Қазақстан Республикасы демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтiк мемлекет танылады.

Файлы: 1 файл

реф.doc

— 101.50 Кб (Скачать файл)

Қорғаушының қатысуы сезiктi мен айыпталушының құқықтарын шектемейдi.

Адвокат қылмыстық iс бойынша қорғаушы болып төмендегi жағдайларда мiндеттi түрде қатысады:

- қорғаушының қатысуы туралы  сезiктi немесе айыпталушы өтiнiш  жасаса;

- сезiктi немесе айыпталушы кәмелетке  толмаса;

- сезiктi немесе айыпталушы дене  немесе психикалық кемiстiгiнен  өзiнiң қорғану құқығын өз бетiнше жүзеге асыра алмаса;

- сезiктi немесе айыпталушы сот iсi жүргiзiлетiн тiлдi бiлмесе;

- адам жазалау шарасы ретiнде  он жылдан астам мерзiмге ба  с бостандығынан айырылу, не өлiм  жазасы тағайындалуы мүмкiн болатын  қылмысты жасағаны үшiн айыпталса;

- айыпталушыға бұлтартпау шарасы ретiнде қамауға алу қолданылса немесе мәжбүр етiлiп стационарлық сот-психиятриялық сараптамаға жiберiлсе.

ҚIЖК-нiң 71 бабында көзделген өзге де жағдайларда адвокат қылмыстық iске мiндеттi түрде қорғаушы болып табылады.

Қорғаушыны, яғни адвокатты сезiктi немесе айыпталушы, олардың заңды өкiлдерi, сондай-ақ сезiктiнiң, айыпталушының келiсiмiмен, тапсырмасы бойынша басқа да адамдар шақырады. Сезiктi немесе айыпталушы, сотталушы қорғану үшiн бiрнеше адвокаттарды шақыруға құқылы.

Сезiктiнi, айыпталушының, сотталушының сұрауы бойынша адвокаттың қатысуын қылмыстық процестi жүргiзушi орган қамтамасыз етедi.

Айыпталушы мен сезiктiнiң таңдап алған немесе тағайындалған адвокат бес күн мерзiм iшiнде келмесе iс жүргiзiп отырған орган сезiктi мен айыпталушыға, сотталушыға басқа адвокатты шақыруды ұсынуға немесе адвокаттардың кәсiптiк ұйымы немесе оның құрылымдық бөлiмшелерi арқылы қорғаушы тағайындауға шаралар қолданады.

Қазақстанның қылмыстық iс жүргiзу заңдылығы әрқашанда сезiктiнiң айыпталушының қорғануға құқығын дамытып жетiлдiрiп келедi. Мысалы, 1864 жылғы Қылмыстық iс жүргiзу заңы бойынша қорғаушы алдын ала тергеуге қатыспаған болса, 1959 жылғы Қаз ССР ҚIЖК-сi бойынша қорғаушы бiрiншi рет алдын ала тергеуге қатысты.11

Ал, 1997 жылы Қазақстан Республикасының ҚIЖК-не сәйкес қорғаушы қылмыстық iс жүргiзудiң кез келген сатысына қатысуға құқылы. Қазақстан Республикасының Конституциясының 16-бабының 3 бөлiгiне сәйкес ұсталған, тұтқындалған, қылмыс жасады деп айып тағылған әрбiр адам, сол ұсталған, тұтқындалған кезден бастап қорғаушының көмегiн алуға құқылы.

Қорыта айтқанда сезiктiнiң, айыпталушының қорғану құқығы мынадай бөлiктерден тұрады:

- заңда тыйым салынбаған әдiстер  мен құралдарды қолдана отырып  айыпталушы, сезiктi, сотталушы өзiнiң  құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн кез келген дәлелдемелердi ұсынуға құқылы;

- сезiктi, айыпталушы, сотталушы өзiнiң  құқықтары мен заңды мүдделерiн  қорғау үшiн адвокаттық көмек  алуға құқылы.

- анықтау органдары, тергеушi, прокурор  мен сот сезiктiге, айыпталушыға құқықтарын түсiндiруге және олардың айыптаудан заңмен тыйым салынбаған барлық құралдарымен қорғану мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге, сонымен бiрге олардың жеке мүлiктiк құқықтарын қорғауға шаралар қолдануға мiндеттi.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 


1 ҚР «Адвокаттық қызмет туралы» Заңы  5.12.1995 жыл.

2 Чертков. В.Л. Дела гражданские (Записки адвоката)  М. Росийское право. 1992.

3 Бусленко Н.И. Адвокат: Вопросы и ответы. Ростов на Дону.1996.

4 Кожевников А.В. Адвокат – представитель потерпевшего, гражданского истца, ответчика в советском уголовном процессе. Автореферат канд.дисерт. канд.юрид.наук. Свердловск.1974.

5 Гаврилов С.Н. Адвокат в уголовном процессе.  М.1996.

6 Қайыржанов Е. Жамиев Р «Қылмыстық iстер бойынша адвокаттың қорғау тәсiлдерi» Заң журналы 2001 №1. 

7 Николаев Т.П. Деятельность защитника в судебном следствии. Саратов.1987

8 Стецовский Ю.И. Ларин А.М. Конституционный принцип обеспечения обвиняемому права на защиту.-М.1988.

9 «Адвокаттық қызмет туралы» Заңның 13-бабы.

10 ҚIЖК 7 бабының 4 бөлiгi.

11 Шаламов  М.П. История Советской адвокатуры.  М.1939

 


Информация о работе Адвокаттар көрсететiн заң көмегiнiң түрлерi