«Қазақстан Халық Банкі» туралы жалпы мәлімет

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Мая 2012 в 20:53, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі кезеңде нарықтық типпен дамыған едердің барығында дерлік екі денгейлі банк жүйесі құрылып, белсенді түрде одан әрі өрістеуде. Нарықтық экономикаға көшумен байланысты Қазақстан Республикасының банктер жүйесiнде ұлттық экономиканың басқа секторларымен салыстырғанда елеулi өзгерiстер болып жатқаны баршаға мәлiм. Бүгiнгi таңда нарықтық экономика жолына баяғыда түсiп, зор жетiстiктерге жеткен өркениеттi елдер тәжiрибесiн үйрене отырып, банк жүйесiн халықаралық стандарттарға көшiру ел экономикасы үшiн маңызды болып табылады.

Файлы: 1 файл

отчет.docx

— 81.79 Кб (Скачать файл)

 

Бұл кесте мәліметтеріне сүйенетін болсақ, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның шығындар құрылымын талдауда соңғы 2009-2010 жылдарды салыстыру негізінде сыйақы төлеумен байланысты шығындар 3-есеге өскенін көріп отырмыз, оған: клиенттердің қаражаты, шығарылған берешек бағалы қағаздар, несиелік мекемелердің қаражаты жатады.

 

 

 

 

 

3 « ХАЛЫҚ БАНК » ТІҢ ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

3.1 Қазақстан Халық Банктің ұзақ мерзімді даму стратегиясы

 

Ұзақ мерзімді кезеңде  Халық Банкі Тобының үйлестірілген  және сапалы өсуінің негізі мынадай  стратегиялық мақсаттарға жету болып  табылады:

- Бөлшек, корпоративті және  ШОБ секторларындағы клиенттер  мен ықтимал клиенттер үшін  сенімді серіктес-банк мәртебесін  нығайту;

- Көрсетілетін қызметтер  мен өнімдердің жоғары сапасы;

- Көрсетілетін қаржы қызметтерінің  жиынтығын кеңейту, оның ішінде  банктік емес еншілес компаниялардың (зейнетақы өнімдері, сақтандыру, лизинг, брокерлік қызметтер және активтерді  басқару) өнімдерін екі жақты  сату арқылы;

- Филиалдық желіс және  қаржы қызметтерін ұсынудың өзге  арналарын дамыту және жақсарту;

- көрші елдердегі еншілес  банктік ұйымдарына инвестициялардың  оңтайлы партфеліне қол жеткізу;

- Тәуекел-менеджмент стандарттарын  жетілдіру және инвестициялар  арқылы адам ресурстары мен  ақпараттық технологияларға операциялық  тиімділікті жақсарту;

- Топтың акционерлік капиталын  ұлғайту;

- Болашақта бизнес жүргізу  стандарттарын жақсарту және  банктік өнімдердің жиналымы  мен сапасын жетілдіру үшін  жетекші халықаралық банктік  ұйыммен стратегиялық серіктестік  құру.

 «Қазақстан Халық Банкі»  АҚ жоғары халықаралық беделі  бар және «Халық», оның ішінде  «HALYK» және «НАРОДНЫЙ» брэнді  арқылы көрсететін банктік қызметтер  нарығында 88 жылғы табысты тарихы  бар Қазақстан Республикасындағы  ірі қаржы институты болып  табылады. Бұл брэндтер Қазақстан  Республикасының уәкілетті органының  шешімімен Қазақстандағы әйгілі  тауар белгілері болып танылды,  және қажетті құқықтық қорғау беріліп олар «Қазақстан Халық Банкі» АҚ атына тіркелді. Сонымен қатар, «ХАЛЫҚ» и «HALYK» тауар белгілері Банк атына тауар белгілері ретінде Қазақстан Республикасында, Ұлыбританияда, сондай-ақ Әзірбайжан Республикасы, Бельгия Корольдігі, Нидерланды Корольдігі, Люксембург Ұлы герцогтығы, Қытай Халық Республикасы, Ресей Федерациясы, Монғолия Республикасы және Тәжікстан Республикасы сияқты Белгілерді халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісімінің мемлекет-мүшелерінде тіркелді.                 

                  Халық банк жетістіктері: Сауданы  қаржыландыру - 2012 саласындағы Қазақстанның  таңдаулы банкі.  «Қазақстан Халық  Банкі» АҚ бұрынғы Қазақстан  Республикасы Жинақ банкінің  негізінде қайта құрылды және  біраз жылдар бойы ҚР Үкіметінің  зейнетақы мен жәрдемақы төлеу  жөніндегі агенті болып келді.2001 жылы жүргізілген Халық банкін  жекешелендіру рәсімі нәтижесінде  Банк өз клиенттеріне кең ауқымды  және барынша сапалы қызметтер  спектрін ұсыну мүмкіндігін беретін  бизнес құрылымын жасауға қол  жеткізді.«HALYK GROUP» Халық банкі  қаржылық тобын дамыту стратегиясы 

1. Кең таралған филиалдар  желісін, «Қазақстан Халық жинақ  банкі» деген танымал атауы  мен имиджін пайдалана отырып, Халық банкі өзінің еншілес  компанияларымен бірге қаржылық  топқа айналуға және жеке тұлғалармен  жұмыс істейтін жетекші ірі  банк ретінде айқындалуға тиіс. Бұл үшін:

 • қаржы тобы артықшылығы  нақты айқындалған сегменттерде (төлем карточкалары, төлемдер мен  аударымдар) өз күшін басым түрде  шоғырландырып, сол салада жаңа  өнімдер - телефондық банкинг,  супер банкоматтар, т.б. енгізуге  көңіл бөлуі қажет; 

 • бір-біріне сәйкес  келетін, түйіспелі кешенді қаржылық  қызметтің тиімді жүйесін жасау,  сөйтіп Банктің филиал желісі  арқылы «one stop shopping» тұжырымдамасымен  бір клиентке орташа алғанда  кемінде 4 түрлі өнім: төлем карточкаларын,  депозиттер, тұтыну немесе тұрғын  үй кредитін, сақтандыру (жалпы) қызметін, зейнетақы қорының өнімдерін сату, ал болашақта - бағалы қағаздармен жасалатын операциялар, сондай-ақ орташа кластың жоғары тобына кіретіндердің активтері мен өмірін қорғау қызметін ұсыну керек;

 • қазіргі уақытта  нақты бәсекелестерде жоқ жаңа  өнімдер түрін енгізу және  Қазақстанда ыңғайлы да икемді  қаржылық супермаркет сервисінің  жоқтығынан қаржылық қызметтерді  жеткілікті пайдалана алмайтын  клиенттерді түйіспелік сатулар  қызметі есебінен тартып отыру  қажет. 

2. Корпоративтік клиенттерге  қызмет көрсету тұрғысынан алғанда  корпоративтік және инвестициялық  банкингтегі айқындамаларды нығайту  қажет. Мақсатты клиенттік база  мыналар болуға тиіс:

 • аса ірі клиенттер,  экспортер-кәсіпорындар, оларға жергілікті  және шетелдік жетекші банктердің  ұсынатын қызметтерімен салыстыруға  келетін қызметтер түрін көрсететін  жағдай жасау. Мұндай клиенттерге  жоғары деңгейдегі сапалы қызмет  пен кешенді банктік және қаржылық  қызмет ұсынылуға тиіс;

 • сонымен қатар  қазіргі уақытта кредитті қажет  етпейтін клиенттерге де көңіл  бөлінгені жөн және оларға  қаржы тобының банктік емес, пайызы  жоқ өнімдерін ұсыну қажет; 

 • шағын және орта  бизнес саласындағы клиенттер  базасын бөлшек банкинг секторындағы  секілді «one stop shopping» арқылы және  түйіспелі сатулар есебінен жетілдіру  керек.

3. Қаржы секторындағы  өтімділіктің артуы және жоғары  класс пен орта класс өкілдері  әл-ауқатының өсуі бізде активтерді  басқару қызметіне сұраныс туғызады (asset management және private banking). Бұл ретте  серпіліс жасап, неғұрлым алға  дамуға, еншілес зейнетақы қорының  жетекшілік рөлін барынша пайдалануға  ұмтылған жөн болады. Активтерді  басқару арқылы қаржылық топ  ұсынып отырған қолда бар қызметтер  спектрін толықтыруға болады, бұл  сондай-ақ жеке адам өмірін  сақтандыру компаниясын құруға  мүмкіндік береді. Аталған компанияның табысты қызмет істеуін қамтамасыз ету үшін активтерді басқаруға дағдылану, машықтану қажет.

 Қаржылық топ ішінде  жүретін процестерді басқарудың  негізгі міндеттері 

 • 1) Қаржы тобының  стратегиялық серіктесі ретінде  еуропалық қаржы институтын тарту  қажет. 

 • 2) Филиалдар желісі  арқылы сатуларды кеңейтуге, бір  орталықтан есепке алуға мүмкіндік  беретін және тәуекелдерді басқару  жүйесіне қолдау көрсететін ІТ  жүйесін іске қосу керек. 

 • 3) Стратегиялық серіктеспен  бірлесіп, еуропалық стандарттарға  толық сәйкес келетін тәуекелдерді  басқару жүйесін құру қажет. 

 • 4) Клиенттерге филиалдар  желісі арқылы жоғары сапалы  қызмет көрсетуді және толық  өнім жиынтығын ұсынуды қамтамасыз  ететін қызметкерлер құрамын  оқытып-үйрету жүйесін құру керек. 

 • 5) Қаржы тобы шығаратын  шешімдердің бүркемесіз, ашық болуын  және акционерлер құқығының қорғалуын  қамтамасыз ететін корпоративтік  басқару жүйесін құру қажет. 

6) Банкте клиенттермен  қарым-қатынасты басқару жүйесін  енгізу керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                              ҚОРЫТЫНДЫ 

 

           Сонымен, Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы банк жүйесінің даму кезеңдерін қарап, жетістіктерді атап өтуге болады. Дағдарыс кезіндегі және одан кейінгі жылдары қабылданған шаралар қаржы жүйесін реттеудегі іс-қимылдардың маңыздылығын көрсетті. Казіргі таңда банк секторы үшін өтімділік тәуекелі оншалықты қауіпті емес, себебі банктердің депозиттік базасы өсуде, халықтың несиелік белсенділігі төмендеді. Сондықтан бос құралдар көбеюде.

  Банктер ҚР территориясында және басқа елдерде еншілес банктер, филиалдар, өкілдіктер ашуға құқылы. Банк ашуға лицензия 2004 жылға дейін ҚР  Ұлттық банкімен берілетін, 2004 жылдан бастап ҚР ҚҚА, ал  14.04.11ж. – өкілеттіктер қайтадан Ұлттық банкке берілді. Қазақстанда банктер тек қана акционерлік қоғам формасында құрылады, жарғылық капитал оның акционерлерінің құралдары есебінен қалыптасады, негізгі шешімдер акционерлер жиналысымен қабылданады.

       Коммерциялық  банктер өз активтерінің сапасына  мұқият қарай бастады, өйткені  активтер сапасын дәл және  өз уақытында бағалау банктер  сенімділігінің кепілі. Банктер  басшылығы өз активтерінің сапасына,  жаңа несиелерді беруге, несиелеу  технологиясына (құжаттар, контрактілер, қамтамасыз ету), заем алушының  несие шарттарын сақтауына және  т.б. бақылау жасап отырады.

         Банктік операциялардың дамуында  ерекше рольді ақпарат пен  коммуникацияның қазіргі техникалық  құралдары атқарады. Банк ісі  бұрын-соңды болмаған ақпаратты  дер кезінде беру, оның тез  өңделуі мен мәліметтердің растылығына,  экономикалық жағдайды талдау  мен ақша нарығының даму перспективаларын  дұрыс бағалауға байланысты болып  отыр.

Банктік жүйе белсенді дамып, жақсы нәтижелер арқылы елдің  сапалы экономикалық дамуына негіз  болды.

ҚОЛДАНЫЛҒАН  ӘДЕБИЕТ:

 

1. “Қазақстан Республикасындағы  Ұлттық банк туралы” ҚР Президентінің  заң күші бар жарлығы (соңғы  өзгерістер мен толықтырулары  есепке алғандағы). 30.03.95.

2. “Қазақстан Республикаындағы  банктер банктік қызмет туралы”  ҚР Президентінің заң күші  бар жарлығы (соңғы өзгерістер  мен толықтырулары есепке алғандағы). 31.08.95.

3. Қазақстан Республикасының  экономикасын қысқа мерзімді  несиелеу ережесі. 11.02.94. ҚР Ұлттық  Банк басқармасы бекіткен (хаттама№4).

4. Банова Г.С. Кредитная  политика коммерческого банка.  В М-97

5. Банковское дело /Под  ред. Г.С. Сейткасымова – Алматы: “Қаржы-қаражат”, 1998

  6. Информационно –  аналитический сборник. Казахстан  91-2001. Султанбеков 408 стр. 

7. Ақша. Несие. Банктер:  оқулық. Жалпы редакциясын басқарған  Ғ.С. Сейтқасымов. Алматы –  Экономика, 2001- 466 бет 

8. Досқалиев С.Ә. “Қазақстанның  халықаралық қатынастар” Алматы, 1997ж 

9. Ақше. Несие. Банктер.Валюта  қатынастары. Оқу құралы/ Көшенов  Б.А. Алматы,- экономика, 2000 – 328бет. 

10. Шаров “ Производство  потребительских кредитов” //Деньги  и кредит, 1990, №10.

11. Мақыш “ Коммерциялық  Банктер операциялары” С.Б. Мақыш  – Алматы, Қазақ Университеті. 2007ж  – 229б

12. http://www.halykbank.kz/kz/press-center/news/year-2011/726

 

 

 

 

Қосымша 1 Халық банктің  қаржылық қызметінің көрсеткіштері

Көрсеткіштер

2010

2009

%

%

Орта меншікті капиталға  қайту

11,8

6,3

Орташа активтерге қайту

1,7

0,8

Таза проценттік маржа

4,8

5,3

Таза проценттік спрэнд

4,5

5,2

Операциондық шығыстар

 

32,4

28,5

Операциондық пайда

Операциондық шығыстар/активтер

2,1

2,1

1 деңгейдегі Капиталдың  толымдылық коэффициенті

17,3

16,9

Капиталдың толымдылық коэффициенті (Базел стандартты бойынша)

20,5

20,6

Информация о работе «Қазақстан Халық Банкі» туралы жалпы мәлімет