Аристотель

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2011 в 16:33, реферат

Описание работы

Аристотель (грекше: Ἀριστοτέλης Aristotélēs) (б.з.д. 384 – б.з.д. 322 жылдар) — грек пәлсапашысы, Платонның шәкірті, Ұлы Александрдың ұстазы. Ол түрлі-түрлі тақырыптарға зерттеулер жазған, соның ішінде физика, метафизика, ақындық өнер, театр, музыка, логика, шешендік өнері, саясат, үкімет, этика, биология және зоология.

Файлы: 1 файл

Аристотель.docx

— 70.73 Кб (Скачать файл)

       "Политикада”  ол былай деп жазады: "Мейірбандық  пен зұлымдық, әділеттілік пен  әділетсіздік, т.б. семья мен мемлекеттің  негізін қалайтын  ұғымдарды сезім тұрғысынан қабылдау адамның ғана қолынан келеді”. Философ адамгершіліктің көзі енжарлық пен дәрменсіздікте емес, керісінше белсенделік пен жасампаздық деп дұрыс түсінеді. Адамның әділетті, жігерлі болуы оның игілікті ісімен тығыз байланысты.

     Александр Македонский Аристотель шәкірті  болғандықтан, оған патша тағына отырғаннан кейін Александр Аристотельге ескерткіш  орнатып, былай деп жазыпты: "Бұл  ескерткішті Никомаха ұлы, данышпан, құдіретті Аристогтельге қойған Александр”. Кезінде ол Платонды өмірден  идеяны жоғары қойғаны, нақты өмір оның көлеңкесі дегені үшін қатты сынға  алды. Бірақ, Аристотель түр мен мазмұн арақатынасын зерттеп, алғашқыны түрге  берген. Мәселен, кірпіш – түр, ал сол  кірпіштің негізі болып, қалыпқа  құйылған материал (батпақ) – материя, яғни мазмұн деп қарады. Ол формальды  логиканың Аристотель ашқан 1.Дәлме-дәлдік; 2. қайшылық; 3. жоққа шығару заңдары.

     Аристотельдің ілімін дамытып, дүниеге танытқан ұлы  шәкірттерінің бірі ұлы жерлесіміз - Әбу Наср әл Фараби болды. Аристотельдің  философиясы орта ғасыр мен жаңа дәуірде қазіргі батыс философиясында талқылауға түсті, әр кезеңде ойшылдар өзінше түсінуге және өзінше түсіндіруге  де тырысты. Алайда оның мұралары адамзаттың ақыл-ойына өлмес азық бола берері анық. 
 
 
 
 
 
 

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  БІЛІМ  ЖӘНЕ  ҒЫЛЫМ  МИНИСТРЛІГІ

 
 

Жәңгір  хан атындағы Батыс Қазақстан  аграрлық- техникалық университеті

«Қазақстан  тарихы және философия» кафедрасы 
 
 
 

РЕФЕРАТ 
 

Тақырыбы : «Ұлы ойшыл - Аристотель »

Дайындаған : ХТОВ-21 топ студенті Кадешева А.Б

Тексерген : Хайруллина Г.М 
 
 
 
 
 
 
 

Орал  – 2011 жыл

Информация о работе Аристотель