Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Апреля 2014 в 21:20, реферат
Витамин – адам мен жануарлардың тіршілігіне, олардың организміндегі зат алмасудың бірқалыпты болуы үшін аз мөлшерде өте қажетті биологиялық активті органикалық қоспалар. Витамин (латынша vіta – тіршілік) туралы ілімнің негізін 1880 ж. орыс дәрігері Николай Лунин салды. 1912 ж. поляк дәрігері Казимеж Функ сол кезге дейін жасалған тәжірибелер нәтижесін қорытындылап, ғылымға витамин терминін енгізді. Витаминдердің көпшілігі ферменттердің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Организмде үздіксіз жүріп жататын химиялық реакциялар, мысалы, ішкен тағамның, мал азығының ыдырап, қорытылуы, ферменттердің қызметіне байланысты. Тағамның құрамында витамин жеткіліксіз болса, адам әр түрлі ауруға шалдығады.
КІРІСПЕ . . . . . . . . . . . 2
I.ВИТАМИНДЕР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК . . . . 4
II ВИТАМИН ТҮРЛЕРІ . . . . . . . . 7
ҚОРЫТЫНДЫ . . . . . . . . . . 16
ӘДЕБИЕТТЕР . . . . . . . . . . 17
Никотин
Қышқылының бір тәулікте
В6 витамині (пиридоксин, адермин). 1926 жылы Гольдбергер қолдан жасалған диеталық қорекпен тышқандарды азықтандырғанда , олардың дерматит аурына шалдыққанын байқаған. Бұған қарсы В1,В2 витаминдерімен әсер еткенде жазылмай, ал қоректік заттарға ашытқыны қосып бергенде тышқандардың айыға бастағанын анықтады. Кейіннен бұл витаминнің адам мен жануарлардың қалыпты жағдайдағы тіршілігі үшін де қажетті екені дәлелденді. 1937 – 1939 жылдары бұл зат ашытқылардан бөліп алынып, оны витамині деп аталды. Сөйтіп, тағамдарда пиридоксин жетіспегенде , полиневрит, анимия және тері ауруы – дерматитті тудырады. Бұл дерттерден никотин қышқылынан гөрі, пилидоксин мен әсер етіп жылдам айықтыруға болады.
В6 витамині ағзаға өте қажет – ақ. Өйткені ол зат алмасудың , қан түзілудің барлық процестеріне қатысады. Тері ауруларынан сақтандырады, ферменттердің құрамына енеді, жүйке жүйелерінің қызметін реттеп, бала көтеру мен босанудың бір қалыпты өтуіне көмектеседі, ішектегі пайдалы бактериялардың көбеюіне әсер етеді.
В12 витамині (цианкобаламин, антианемиялық витамин). XIXғасырдың ортасында асқазанның сілемей қабаттарының дертке шалдығатындығы мен қанда шамадан тыс мөлшері жағынан едәуір жетілмеген қызыл қан түйіршіктері кездесетіндігі туралы факт анықталып, бұл ауруды пернициозды анемия деп атады. Мұны жұқпалы ауруы жатқызып, көп уақытқа дейін емдеу тәсілі табылмады. 1926 жылы осы қатерлі қан азаюына қарсы адамдарға шикі бауырды бергенде, оның қан құрамын жақсартуға пайдасы тигендігі байқалды.
1948 жылы бауырдан құрылымы жағынан қан геминіне ұқсас , құрамында кобальт бар, жаңа витамин кристалдық түрде бөлініп алынды. Бұл құрамы жағынан өте күрделі қосылыс .Ол дені сау адамның асқазан сөлінде кездесетін , құрамында 11 –12% гексамині бар, мукопротеин белогі екен.
В12 витаминінің
химиялық құрылымын Дороти
Пангам қышқылы (В15 витамині). 1950 жылы Томияма деген оқымысты ірі қараның бауырының В15 витаминін бөліп алды. Бір жыл өткен соң Кребс бұл затты жылқының бауырынан, күріштің кебегінен, ашытқыдан және өрік сүйегінің құрамынан анықтады. Біраз жылдан соң пангам қышқылы сыра ашытқысынан, көптеген өсімдіктер тұқымдары мен жануарлар ұлпалары құрамынан табылады. Бұл витамин түрі табиғатта кеңінен таралған тұқым, оны пангам қышқылы деп атады. Химиялық табиғаты тұрғысынан пангам қышқылы Д – глюкон мен диметиламиносірке қышқылдарының күрделі эфирі болады. Пангам қышқылы синтетикалық жолмен алынды, суда жақсы ериді, ал органикалық еріткіштерде – эфир, хлороформ, бензолда ерімейді.
Пангам қышқылы әсерінен адам ағзасында, әсіресе бауырда және қанда белоктардың қорланып, жиналуы жақсарған, олардың құрамы ретке келген. Бауырда зиянды майлар түрлерінің жинақталуы азайған, өкпеге және басқа органдарға оттек жақсы сіңіріліп, көмірқышқыл газының бөлініп шығуы артқан.Пангам қышқылы белоктар мен липидтердің алмасу процестерінде негізгі рөл атқаратын холин, креатин және метионин сияқты қосылыстар биосинтезіндегі метил топтарын тасымалдау процестерін жылдамдатады. В15 витамині күнделікті пайдаланып жүрген тағамдарымыз орамжапырақ пен картоптың шырынында, бауыр, ашытқы, жұмыртқа, сүтте көп кездесетіні сияқты.
Асқорбин қышқылы (С витамині). 1820 жылы Австралия дәрігері Крамері белгісіз аурудың әсерінен адамның тістерінің еті қанталап, түбі босап, тіс түсіп және оңай жарақаттанғыш келетінін, экземасы пайда болатынын, ағзаның жұмысқа қабілеті төмендеп, тез шаршайтынын кезінде жазып сипаттаған еді. Құрқұлақ ауруымен, әсіресе теңізшілер, жауынгерлер жиһангездер ұзақ сапарға шыққанда жиі ауырады екен. Мысалы, Португалияның атақты теңізшісі Васко да Гаманың Үндістанға бірінші саяхатында 100 адамынан,ал бір жылдан кейінгі екінші саяхатында 160теңізшісінің 150-нен айырылуының себебі осы құрқұлақ ауруының салдарынан екен.
XVI ғасырдың
басында атақты Христофор
Адам тарихындағы ең бірінші дүниежүзілік саяхат кешкен Магелланның үш кеме толы теңізшілерінен отаны Испанияға оралғанда небары бірнеше ғана адам тірі қайтқаны белгілі. Соның көпшілігі жолшыбай осы құрқұлақ ауруынан қаза тапқан. Ресей ғылым академиясының атақты Сібір экспедициясының басқарған Ветус Беринг те осы құрқұлақтан қаза тапқан.
Бұдан бізге XXғасырдың басына дейін бүкіл дүние жүзінде құрқұлақ ауруының етек алып келгені белгілі болып отыр. Кейіннен бұл аурудың себебі – ағзада С витминінің жеткіліксіздігінен екені анықталды.
1907 жылы
Хольст пен Фрейлих теңіз
1921 жылы
Н.Бессенов орамжапырақ
Венгр оқымыстысы
Сент-Дьердьи малдың бүйрек
Р витамині (флавон, цитрин, рутин). Венгр оқымыстысы Сент-Дьердьди зерттеулерінің нәтижесінде өсімдіктер өнімдерінде физиологиялық қасиеті жағынан қышқылына ұқсас заттар бар екендігін анықтап, оны Р витамині деп атады. Тағамдар құрамында бұл витамин аз болып жетіспеген жағдайда адам ағзадағы ұсақ әрі жіңішке қан тамырлары-капиллярлардың өткізгіштігі артып, денеге зиянды қан құйылу байқалады. Егер осындай дертпен ауырған адамға құрамында Р витамині жеткілікті цитрус өсімдіктері өкілдерінің шырынын, не қызыл бұрыштың экстрактысын бергенде капиллярлардың өткізгіштік қабілетін қалпына келтірген. Ал таза аскорбин қышқылын бергенде мұндай өзгеріс байқалмаған.
Қорытынды
Витамин (латынша vіta – тіршілік) туралы ілімнің негізін 1880 жылы орыс дәрігеріНиколай Лунин салды. 1912 жылы поляк дәрігері Казимеж Функ сол кезге дейін жасалған тәжірибелер нәтижесін қорытындылап, ғылымға витамин терминін енгізді.
Витаминдердің көпшілігі ферменттердің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Организмде үздіксіз жүріп жататын химиялық реакциялар, мысалы, ішкен тағамның, мал азығының ыдырап, қорытылуы, ферменттердің қызметіне байланысты. Тағамның құрамында витамин жеткіліксіз болса, адам әр түрлі ауруға шалдығады. Ал витаминді (әсіресе, А және D витаминдерін) шамадан тыс көп қабылдау ағзаның улануына (гипервитаминоз) соқтырады. Ол көбінесе, жас балаларда жиі кездеседі. Қазір барлық витаминдерді суда еритін витамин, майда еритін витамин және витамин тектес заттар деп бөледі.
Витаминнің мал үшін де маңызы зор. Мал
азығында витамин жеткіліксіз болса, малдың
өнімі төмендейді, олар жүдеп, әр түрлі
ауруларға шалдығады. Мал азығында А, Д,
Е, К витаминдері жеткілікті мөлшерде
болуы қажет. Мысалы, А витамині жетіспеген
жағдайда сиыр не бие көз ауруына шалдығады,
сүті кемиді, сондай-ақ олар қысыр қалуы,
іш тастауы мүмкін. Малға қажетті витамин
балауса шөпте, жоңышқада,
сүрленген шөптерде, тағыда басқа болады.
Қыста авитаминозға шалдыққан, тағыда
басқа түрлі жағдайлармен жүдеген малға
витамин концентраттарын, сәбіз, балық
ӘДЕБИЕТТЕР
1.К.С.Сағатов. Биохимия. - Алматы: «Білім», 2007
2.К.С.Сағатов.Биологиялық химия. – Алматы: «Ғылым» баспасы, 2002
3.Н.К.Шоқанов. Микробиология. – Алматы: «Санат», 1997
4.Н.К. Шоқанов. Микробиология. Алматы, «Санат», 1997