ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Тақырыбы: Витаминдер
Орындаған: Тексерген:
ОРАЛ 2014
жыл
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . . . . . . . . .
2
I.ВИТАМИНДЕР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ
ТҮСІНІК . . . . 4
II ВИТАМИН ТҮРЛЕРІ . . . . . . . .
7
ҚОРЫТЫНДЫ . . . . . . . . .
. 16
ӘДЕБИЕТТЕР . . . . . . . . . .
17
Витамин – адам мен жануарлардың тіршілігіне, олардың организміндегі
зат алмасудың бірқалыпты болуы үшін аз
мөлшерде өте қажетті биологиялық активті
органикалық қоспалар. Витамин (латынша
vіta – тіршілік) туралы ілімнің негізін
1880 ж. орыс дәрігері Николай Лунин салды.
1912 ж. поляк дәрігері Казимеж Функ сол
кезге дейін жасалған тәжірибелер нәтижесін
қорытындылап, ғылымға витамин терминін
енгізді. Витаминдердің көпшілігі ферменттердің негізгі құрамдас бөлігі болып
табылады. Организмде үздіксіз жүріп жататын
химиялық реакциялар, мысалы, ішкен тағамның,
мал азығының ыдырап, қорытылуы, ферменттердің
қызметіне байланысты. Тағамның құрамында
витамин жеткіліксіз болса, адам әр түрлі
ауруға шалдығады. Ал витаминді (әсіресе,
А және D витаминдерін) шамадан тыс көп
қабылдау организмнің улануына (гипервитаминоз)
соқтырады. Ол көбінесе, жас балаларда
жиі кездеседі. Қазір барлық витаминдерді
суда еритін витамин, майда еритін витамин
және витамин тектес заттар деп бөледі.
Витаминнің мал үшін де маңызы зор. Мал
азығында витамин жеткіліксіз болса, малдың
өнімі төмендейді, олар жүдеп, әр түрлі
ауруларға шалдығады. Мал азығында А, Д,
Е, К витаминдері жеткілікті мөлшерде
болуы қажет. Мысалы, А витамині жетіспеген
жағдайда сиыр не бие көз ауруына шалдығады,
сүті кемиді, сондай-ақ олар қысыр қалуы,
іш тастауы мүмкін. Малға қажетті витамин
балауса шөпте, жоңышқада, сүрленген шөптерде,
т.б. болады. Қыста авитаминозға шалдыққан, т.б. түрлі жағдайлармен
жүдеген малға витамин концентраттарын,
сәбіз, балық майы, т.б. витамині мол азық
беру керек. Мал азығындағы витамин мөлшерін
көбейту үшін арнайы витамин препараттары
мен құрғақ ашытқылар шығарылады. Витамин
жетіспеушілік, авитаминоз – күнделікті
ішетін тағамда витаминдердің жетіспеуінен,
олардың бойға сіңуінің бұзылуынан не
витамин синтезделуінің тежелуінен туатын
аурулар. Егер адам үнемі витамині аз,
бірыңғай тағаммен (консервіленген, кептірілген,
рафинадталған) тамақтанса, организмге,
негізінен көмірсулар (қант, т.б.) ғана
түсіп, белок пен майлар аз түссе, ал көкөніс
пен жеміс-жидектер мүлдем болмаса витамин
жетіспеушілік дамиды. Сондай-ақ азық-түлік
дұрыс сақталмаса немесе олардан сапасыз
тағам дайындалса, азық-түлік құрамындағы
витаминдер бұзылады. Мысалы, құрамында никотин қышқылы (РР витамині) аз дәнді дақылдармен
ғана қоректену пеллагра ауруына, ал қауызы
алынған күрішпен және өте ұнтақталған
бидай ұнынан жасалған нанмен ғана тамақтану бери-бери сырқатына әкелуі мүмкін. Тағамда
витаминдердің жеткіліксіз болуы, адам
организмін әлсіретеді. Мұндай жағдайды гиповитаминоз деп атайды. Оған ауа райының
қолайсыз жағдайы, ауасы лас жерде ұзақ
уақыт жұмыс істеу, сондай-ақ гастрит,
асқазан ісігі, гельминтоз, лямблиоз, т.б.
аурулар себеп болады. Витамин жетіспеушілік
болғанда организмде зат алмасу процесі
бұзылып, оның жұқпалы ауруларға қарсы
тұру қабілеті нашарлайды. Сондай-ақ, адамның
көңіл-күйі күйзеліске ұшырағанда, ауа-райының
құбылмалы кезеңдерінде, әйелдердің жүктілігі
не сәбиін емізуі, т.б. жағдайларда организмде
витамин жетіспеушілік артады. Мұндай
жағдайда дәрігерге қаралып, арнаулы витаминдер
қабылдап, көкөніс пен жемістерді көбірек
пайдалану қажет. Витамин жетіспеушілік
және гиповитаминоз жануарларда да болады.
Мал авитаминозбен, көбінесе көктемде
ауырады. Витамин жетіспеушіліктен аналық
мал қысыр қалады, төл нашар өседі. Мысалы,
В витамині жетіспеген жағдайда құс полиневритпен,
шошқа пеллаграмен ауырады. D витамині жетіспесе,
төл қатпа болады, ірі мал сүйек ауруына
шалдығады.
- ВИТАМИНДЕР ТУРАЛЫ
ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
Витаминдер
дегеніміз – барлық тағам мен
азық – түлік өнімдерінде, жем
- шөпте шағын мөлшерде ғана
кездесетін, ал адам мен жануарлар
ағзасында бірқалыпты тіршілік
үшін өте қажет төменгі молекулала
органикалық заттар. Астық құрамында
витаминдер аз мөлшерде кездескенімен,
олардың ағзаға тигізетін әсері өте үлкен.
Егер үнемі тамақтың бір түрімен ғана
қоректену, сондай-ақ ұзақ уақытқа созылған
саяхат кезінде адамдарда ұшырасатын
бірқатар сырқаттардың қоректе кейбір
заттардың жетіспеуінен болатыны белгілі
болды.
Азық – түлікте жүгері
өнімдері басым болатын кейбір елдерде
(Италия, т.б.) пеллагра деген ауру таралған,
ондай сырқат кезінде дененің ашық жері,
терісі қабынып ауруға (дерматит) ұшырайды.
Ал, негізгі қорегі күріш дақылы болып
табылатын Азия елдерінде бери–бери (паралич)
деген ауру кездеседі. Мұндай сықат әсіресе
күрішті машинамен өңдеп, ақтау тәсілдерін
енгізу салдарынан көбейіп кетті.
Олардың
едәуір бөлігінің құрамында амин
тобы да, азот та болмайды. Осыған
қарамастан мұндай ауыстырылмайтын
тіршілік факторы үшін «витамин»
деген тарихи термин сақталып
қалды.
Адамның
және жануарлардың ағзасында, өсімдік
тектес азықтарда витаминдердің
алғы шарты сияқты қосылыстар
болады. Олар провитаминдер (каротиндер,
стеролдар) деп аталады. Мұндай провитаминдер
тиісті активті қалыпқа түскеннен
кейін сәйкес витаминдерге айналады.
Витаминдер
жетіспеген жағдайда ағза ауруға
шалдығады. Химиялық құрылысы жағынан
витаминдер алуан түрлі. Олар
құрамында 18-20 көміртек атомы бар
циклді көмірсутектер мен қанықпаған
- лактандар, аминоспирттер, қышқылдардың
амидтері, циклогександар, хош иісті
қышқылдар, нафтохинондар,, имидазол, пиррол
тағы басқа да циклді қосылыстардан
тұрады. Витаминдердің басым көпшілігіне
спиртті және карбоксилді топтар
тән. Тек кейбіреулерінде ғана
амин тобы болады. Кейбір витаминдер
ағзаға да синтезделеді. Олар
қоректік заттармен ағзаға түсіп,
зат алмасуға, ағзаның өніп-өсуіне
әсерін тигізеді. Витаминдер негізінен
тек өсімдіктерде пайда болады.
Витаминдер,
сол сияқты жоғары дәрежелі
өсімдіктер мен микроорганизмдердің
қалыпты өсуі мен дамуы үшін
қажетті заттар. Кейбір жоғары
сатыдағы жасыл өсімдіктердің
ұлпалары, мысалы тамыры, камбиальды
ұлпасы, тұқымнан бөлініп алынған және
қараңғыда өсірілген жас өскіндер тіршілік
барысында өздігінен витаминдерді синтездей
алмайтындықтан, әр уақытта оларды сырттан
алуға мұқтаж болады. Сондықтан да қоректік
ортаға тиамин мен пиридоксинді аздап
қоудың өзі көптеген өсімдіктердің тамыршалары
мен жас өскіндерінің өсуіне жақсы жағдай
туғызады.
Ағзаға
тағамдар арқылы келіп түсетін
белоктардың, майлардың, көмірсулардың
және минералдық тұздардың алмасуын
тездететін және реттейтін де
витаминдер. Витаминдерді тек дәрі-дәрмек
ретінде қарастырып, оларды түрлі
аурулардың алдын алып күресу
үшін қолданылатын заттар деп
қарау қате. Бұларды тағамдық
заттар деп қарауымыз тиіс, өйткені
витаминдер тағамның құрамына
кірмесе, онда тіршіліктің қалыпты
жайы бұзылады.
Ерте көктемде
адамдардың әл-қуаты азайып, тез
шаршағыш келеді, жиі-жиі салқын
тиіп, тұмауратып ауырып, бұрыннан
белгілі әр түрлі созылмалы
сырқаттары қозады.
Осы жоғарыда
аталған себептердің адам ағзасына
тигізетін зиянды әсерлерін алдын-ала
болдырмауға немесе азайтуға
болама?
Әрине, болады.
Қазіргі
кезде көпшілік адамдардың ерте
көктемде әл-қуаты кеміп, тез шаршап-шалдығып,
ағзаның әлсіреуінің ең басты
себебінің бірі – адам ағзасына
қажет витаминдердің жетіспеуі
екендігі дәлелденіп отыр.
Витаминдердің
адам ағзасы үшін биологиялық
мәні өте зор. Олар ағзадағы
зат алмасу процестерін жақсартады,
ағзаның әр түрлі жұқпалы ауруларға
қарсы күресу қабілетін күшейтеді
және адамның жұмыс істеу қабілетін
жақсартады. Сонымен қатар әрбір
витаминнің ағзада ерекше орындайтын
өз міндеті бар.
Азық-түлікте,
жем-шөпте ұзақ уақыт бойы витаминдер
болмаса, ағзаның витаминді сіңіру
қабілеті бұзылса, ауру пайда
болады. Ондай ауруды авитаминоз
деп атайды. Қоректе ұзақ уақыт
С витамині болмаса, ағза құрқұлақ
ауруына ұшырайды. Мұндай витаминдер
жоқ жағдайда құр-құлақ – С
– авитаминоз деп жазу қабылданған.
Осылайша рахит Д - авитаминоз, бери-бери
– В1 – авитаминоз т.с.с.
Авитаминоз
ауруларын витаминдерді көбірек
беру арқылы емдейді. Авитаминоз ауруларының
белгісі айқын білінеді, сондықтан оның
диагнозын қойып, анықтау онша қиын емес.
Витаминнің
жетіспеуі жиі кездеседі. Мұндай
кезде сырқат белгі береді. Бұл
құбылысты гиповитаминоз деп
атайды. Гиповитаминоз құбылысы
ағзаға қажет витамин мөлшерінің
қалыптан тыс төмендеп кетуінен болады.
Гиповитаминоз белгілерін анықтау өте
қиын. Әдетте гиповитаминоз сырқаты қыстың
аяғына таман, азық-түлікте және жем-шөпте
витаминдер мөлшері өте азайған кезде
байқалады.
Кез келген
витаминді ағзаға қалыптан тыс
көп беру гиповитаминоз ауруына
ұшыратады.Витаминді бірден көп мөлшерде
қабылдау да ағзаға кері әсер етеді, яғни
уландырады.
Жүргізілген
ғылыми жұмыстардың қорытындыларына
қарағанда, ой жұмысымен шұғылданатын
адамдардың ағзасы қара жұмыспен
айналысатын адамдармен салыстарғанда
витаминдерді әсіресе С витамині мен
В тобының витаминдерін көбірек қажет
етеді екен. Сол себепті көктемде витаминдерді
мол тағамдарды жиірек пайдаланған жөн.
Бұл мезгілде кептірілген итмұрын жемісінің
тұндырмасын, сонымен бірге басқада жеміс-жидектердің
шырындары мен қайнатпалары асқа көбірек
пайдаланған тиімді. Тамаққа қосып көк
пиязды және де ашытқан капусталарды жеу
қажет. Себебі, бұл тағамдардың құрамында
әр түрлі витаминдер мол болады, әрі ұзақ
жақсы сақталады.
Басқа тағамдарға
қарағанда сүтте жеткілікті мөлшерде
көптеген витаминдер бар және олар ағзаның
тұрақты да негізгі қайнар көзі ретінде
ерекше орын алады. Барлық витаминдер
ағзаға комплексті әсер етіп, бірін-бірі
толықтырады. Олар ағзада жетіспесе, зат
алмасу бұзылып, денсаулықтың нашарлауына
әкеп соқтырады.
Негізгі
қоректік заттармен (белоктар, майлар,
көмірсулар, минерал тұздары ) салыстырғанда
ағза витаминдерді тым аз мөлшерде
қажет етеді. Ересек адамның тәулігіне
пайдаланатын әртүрлі тағамдарындағы
витаминдердің орташа мөлшері микрограммен
есептеледі.
Сөйтіп витаминдер
- әр түрлі химиялық жаратылыстың органикалық
қосылуы, тағамның басқа ештеңемен алмастыруға
болмайтын заттары.
Витаминдерді
зерттеуді ең алғаш орыс ғалымы
Н.И.Лунин бастады. Ол алғашқы
рет тамақтың құрамындағы жануарлардың
тіршілігіне әсер ететін заттарға
көңіл аударады. 19 ғасырдың аяғына
дейін жануарлар тіршілік етуі
үшін көмірсулар, майлар, белоктар,
минералды заттар және судың
болуы жеткілікті деген пікір
қалыптасып келді. Бірақ Н.И.Луниннің жасаған
тәжірибесі ол пікірді жоққа шығарды.
Н.И.Лунин жоғарыда көрсетілген заттардың
қоспасымен тышқандарды қоректендірген.
Бірақ тәжірибе тышқандардың тіршілік
етуі үшін бұл қоспалардағы заттардан
басқа бір заттың жетіспейтінін көрсетті.
Осыдан кейін ғана бүкіл тірі ағзалардың
тіршілік етуі үшін қажетті бұрыннан белгілі
заттармен қоса тағы бір белгісіз зат
бар деген пікір пайда болды. Осындай пікірді
У.Бунгенің С.А.Сосиннің және тағы басқа
шет ел оқымыстыларының жұмыстары дәлелдеп
берді. 1986 жылы голланд дәрігері Эйхман
ақталған күрішпен тамақтанатын адамдардың
«бери-бери» ауруымен көп ауыратынын,
ал ақталмаған немесе жартылай ақталған
күрішпен тамақтандырылғанда адамдар
ол аурумен ауырмайтынын байқады. Кейіннен
Гопкинс (1906 жылы) күріш дәнінің сыртқы
қауызында белгісіз бір заттың бар екенін,
ал ақталған күріште ол заттың болмайтындығын
анықтады. 1912 жылы поляк оқымыстысы К.Функ
ашытқыдан витаминге ұқсас құрамында
амин тобы бар кристалды затты бөліп алды.
Бұл затпен полиневрит ауруымен ауырған
көгершінді емдеп жазды.Бұл заттың жануарлар
ағзасына тигізетін әсерін зерттей келе,
оның проф. Н.И.Лунин ашқан жаңа затқа ұқсас
екенін анықтады. Осыдан кейін Функ адам
мен жануарларда болатын кейбір аурулар
тағамның құрамындағы белгісіз бір заттың
жетіспеуінен болады деген қорытындыға
келді. Ол бұл затты «витаминдер» деп атады.
«Вита» - латынның «тіршілік, өмір» деген
сөзі, ал «амин» - деп химиялық құрамында
азоты бар заттарды атайды.
II ВИТАМИН ТҮРЛЕРІ
Суда еритін
витаминдер.В1 витамині (тиамин, антиневриттік
витамин, аневрин). Тамақ құрамында тиамин
немесе В1 витамині жоқ болса, бери-бери
немесе полиневрит деген ауруға шалдығады.
Полиневрит кезінде жүйкелері қабынады,
жүректің қызметі бұзылады, асқазан –
ішек трактасының қызметі бүлінеді, ас
қорыту сөлінің секрециясы төмендейді,
судың алмасуы бұзылады, ісік пайда бастайды.
Азия мен
Оңтүстік Америка материктерінде тұратын
халықтардың арасында «бери-бери» ауруы
ерте заманнан-ақ кең етек алып келгені
белгілі. Бұл нерв жүйесінің ауруы әсіресе
Жапония, Шығыс Азия, Филлипин аралдары,
Оңтүстік Америка сияқты күріш дақылдарын
көп пайдаланатын елдерде жиі тараған.
Европа елдерінде «бери-бери» ауруы, керісінше,
өте сирек кездеседі. Себебі, ондағы тұратын
халықтардың негізгі тағамы күріш емес,
қара нан, әр түрлі тағамдар мен көкөністерді
жиі пайдаланады. Голланд ғалымы Эйхман
1890-1897 жылдары Ява аралында жүргізген
зерттеулері кезінде мынаны байқады: адамның
жегенінен қалған таза күріш берілген
тауықтарда «бери-бери» ауруының белгілері
пайда болған. Ал, әр түрлі тағам қалдықтары
берілген тауықтар бұл аурумен ауырмаған.
Осы байқауларға сүйене отырып жүргізілген
зерттеулердің нәтижесінде «бери-бери»
ауруының негізгі себебікүріштің кебегінде
көп кездесетін В1 витаминінің жетіспеушілігінен
екені анықталған.
Организмде
В1 витаминінің жетімсіздігінен нервтердің
жарақаттануының мәні – бұл витамин фосфор
қышқылымен қосылып тиаминпирофосфат
декарбоксилаза деген ферменттің құрамына
кіреді. Бұл фермент заттар алмасуынан
пайда болатын организмде зиянды пирожүзім
қышқылын ыдыратуға керек. Денеде В1 витамині
жетіспегенде ферменттің активтілігі
азаяды да, қанда прожүзім қышқылы көбейіп
кетеді, ақырында ол нерв жүйесіне зақым
келтіріп, адамды ауруға шалдықтырады.
Тиамин ашытқы , сәбіз, сүт, бауыр құрамында
көп кездеседі. Бұл тағамдарда тиамин
таза, не қосынды – тиамин – және кокарбоксилаза
түрінде кездеседі. В1 витаминінің таза
кристалды препараты 1926 жылы күріш кебегінен
бөлініп алынды.
В1 витаминінің зат алмасуға,
әсіресе көмірсулардың организмдегі түрлі
химиялық өзгерту процестеріне өте қажет.
Өйткені ол осы процестерге қатысы бар
ферменттердің құрамына кіреді.
В1 витаминінің
организмнің түрлі зиянды әсерлерге қарсы
күресу қабілетін арттыруда мәні зор.
Күнделікті тағамда бұл витамин жеткіліксіз
болса, нерв жүйесі зақымданады. Сөйтіп,
полиневрит,яғни нерв жүйелерінің ауруы
пайда болады. Жоғарыда айтылған «бери-бери»
ауруының негізгі себебі де осында.
«Бери-бери»
ауруымен ауырғанда адамның жүру
қабілеті нашарлап, кібіртіктеп
жүреді, организмнің жалпы әлсіреуі байқалады.
Тамаққа тәбеті тартпайды, салмақ кемиді.
Аяқ-қолдың шаншып немесе сыздап ауыруы
пайда болады, сол ауырған жерлердің сезіну
қабілеті нашарлайды. Бұлшық еттер тартылып
солып қалады. Жүрек қысылып, тамыры жиі
соғатын болады. Тиаминнің организмде
жетіспеуінің негізгі себептерінің бірі
– оның тағам құрамында аз болуы. Жоғарыда
көрсетілгендей; В1 витамині қауызынан
тазаланбаған күріште, ірі тартылған ұнда,
тағы басқа өсімдік тағамдарында кездеседі.
Сүтте, жұмыртқаның сары уызында, бауырда,
бүйректе, етте көп болады. Ағза тәулігіне
орта есеппен 2-3 миллиграмм тиаминді керек
етеді. В1 витаминінің жалпы формуласы
– С12Н17N4OSC HCI. Тиаминнің құрамында 2 гетероциклды
сақина болады: пиримидин және тиазол.
Тиазол молекуласында амин тобы мен күкірттің
кездесуіне байланысты тиамин деген атқа
ие болады. Тиаминді кристалдық жағдайда
түссіз ине тәрізді тұз қышқылды тиамин
түрінде алады. Тиамин суда жақсы еріп,
этил спиртіне нашар ериді, эфир мен
хлороформда ерімейді. Күшті қышқыл ортада
тиамин қыздыруға берік, ал сілтілі және
бейтарап орталарда, ол қайнағанға дейінгі
уақыттың өзінде-ақ бұзылады. Тиаминпирофосфат
кофермент есебінде ферменттер құрамын
кіреді. Тиаминнің жеткіліксіз нәтижесінде:
қанда, жүйке ұлпасында, мида прожүзім
қышқылының мөлшері артады.