Озон қабатының (озоносфераның) бұзылуы және жұқаруы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2015 в 08:05, реферат

Описание работы

Ластаушылардың табиғаты бойынша ластанудың мына түрлерін айырады:
1. биологиялық – экожүйеге оған жат организм түрлерін әкелу және олардың көбеюі. Микроорганизмдермен ластануды сондай – ақ бактериялар мен вирустар, құрттар, қарапайымдылар, шектен тыс көбейіп зиян келтіретін жәндіктер.
2. физикалық (радиациялық, жылулық, жарықтық, электромагниттік, шулық және т.б.);
3. химиялық- көміртек өнімдері, күкірт, көмірсулар, пестицидтер, гербицидтер, фторлы қосылыстар , ауыр металдар , аэрозольдер.

Содержание работы

I.Кіріспе
II.Негізгі бөлімі
2.1Қоршаған ортаның биологиялық , физикалық , химиялық ластануы
2.2Озон қабатының (озоносфераның) бұзылуы және жұқаруы .
2.3 Құрғақ және улы тұман
III. Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

экология реферат.doc

— 3.07 Мб (Скачать файл)

Кейін анықталғандай, атмосферадағы озонның мөлшері Солтүстік жарты шардың орта және жоғары ендіктерінде қыс-көктем (қаңтар-наурыз) айларында, әсіресе Европа, АҚШ, Тынық мұхит, Ресейдің европалық бөлігінде, Шығыс Сібір, Жапония үстінде жылдан- жылға азайып келеді.Осыған байланысты  БҰҰ жанынан ғылыми кеңес құрылып "озон қабатының жұқаруы" себебін зерттеу басталды.70-жылдардың екінші жартысында озон қабатының бұзылуына ықпал ететін екінші бір себеп табылды -ол фреондар ( хлор және фторкөмірсутегі).Бұл заттар химия мен тұрмыста жиі пайдаланылады : кондиционерлерде, аэрозолды қораптарда.

Озоносфераның бұзылуы орны толмас жағдайларға, тері ісік ауруының күрт көбеюіне, көз катарактасына, жүйке жүйесінің әлсіреуіне, мұхиттағы планктонның жоғалуына, өсімдіктер мен жануарлар әлемінің мутациясына алып келеді.

1980 жылдары Антарктидадағы ғылыми жұмыс станцияларында жүргізілген зерттеулерден атмосферадағы озон құрамының төмендегені байқалған. Осы құбылыс- «озон тесігі» деген атау алды.

1992 жылы Оңтүстік Америка құрылығы мен оған жақын кеңістіктерде озон құрамының айтарлықтай төмендегені (50%-ға) тіркелді. 1995 жылы көктемде Арктиканың озонды қабаты шамамен 40%-ға дейін азайған. Сонымен бірге Канаданың солтүстік аудандарында және Скандинавия түбегінің, Шотландия аралдарының, Қазақстанның, Якутияның үстінде «мини-тесіктер» қалыптасқаны тіркелген. Озон қабатының бұзылуы, яғни, «озон тесігінің» пайда болуы биосферада елеулі өзгерістер тудыруы мүмкін. Сондықтан бұл жағдай күрделі экологиялық мәселенің бірі. Озон қабатының бұзылу процесіне ғарыштық аппараттар, дыбыстан да жылдам ұшатын ұшақтар және ондағы толық жанып бітпеген отын өнімдері және ядролық жарылыстардан бөлінген заттар әсер етеді.

Озонның жұқаруы табиғи сондай –ақ, антропогендік жағдайларға байланысты, әсіресе, өнеркәсіпте және күнделікті тұрмыста озон қабатын бұзатын құрамында хлоры бар хладондарды ( фреондарды ) пайдалануға байланысты болады.Соңғы 20 жылда озон тесігі ұлғая түсті ( жыл сайын 4%-ға ).Озон тесігі арқылы күннің ультракүлгін сәулелерінің атмосфераға еш бөгетсіз өтіп кетуі қоршаған ортаны ластап, ондағы тірі ағазаларға қауіп -қатер туғызады.Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша атмосферадағы озонның 1 % -ға азаюы қауіпті ісік ауруларын көбейтіп жіберетіні анықталған.АҚШ ЕРА мамандарының бағалуы бойынша,атмосферадағы озон қабатының қысқаруы ең алдымен, экваторлық зонада ауру санын 4-5% арттыруы мүмкін және адам иммунитеті мен жануар иммунитетінің төмендеуіне алып келеді.

Сол сияқты УК сәуленің жерге көбірек өтуі адам баласының иммундық қорғаныс қабілетін кемітіп, жұқпалы аурулардың көбейіп кетуіне жол ашатыны дәлелденіп отыр.Алайда озон қабаты үшін ең қауіпті заттар - үй тұрмысы мен өнеркәсіпте пайдаланатын мұздатқыштар мен аэрозольді баллондарда пайдаланатын фреондар. Осы заттар атмосфераның жоғарғы қабаттарына көтерілгенде қарқынды түрде озонды бұзатын хлор немесе басқа галогендердің атомын түзетін фотохимиялық ыдырауға ұшырайды, ал олар әрі қарай озонның оттегіне айналу процесін жылдамдатады. Дүние жүзі бойынша шамамен 1,3 млн тонна озон ыдыратушы заттар өндіріліп отырған. Оның 35%-ын АҚШ, 40%-ын Европа елдері, 10-12%-ын Жапония, 7-10%- ын Ресей өндіреді.Озон қабатының бұзылуы адам денсаулығы мен қоршаған ортаға өте зиян екендігі ресми түрде де айтылуда. Озон қабатын сақтау үшін халықаралық келісімдер қажет.1977 жылы ЮНЕП ( БҰҰ- ның Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы ) басшылығымен Вашингтонда озон қабатын қорғау жөніндегі сарапшылардың арнайы мәжілісі болып өтті. Онда « Озон қабаты жөніндегі іс -әрекеттердің әлемдік жоспары » әзірленіп қабылданды, қазір бұл жоспар халықаралық ынтымақтастық шеңберінде жүзеге асырылуда.          

1987 ж. Монреаль хаттамасында  фреондарды өндіру және пайдалануды  бақылау жайында 70 мемлекет арасында  келісім жасалды. Ол құжат бойынша  озон қабатына қауіпті фреондарды  өндіру 2010 жылға дейін тоқтатылуы  керек болатын.  Қазіргі уақытта барлық дамыған елдерде , сондай-ақ  Қытай мен Үндістанда озонның « тесілу » құбылысының алдын алу және оған жол бермеу жөніндегі шаралар қабылдануда. Сондықтан қазіргі мемлекеттер алдындағы қоршаған ортаны қорғау саясатындағы міндеттердің бірі -озон қабатын бұзатын заттарды өндіру мен тұтыну көлемін азайтып, оның орнын озон қабатына қауіпсіз өнімдер мен заттармен алмастыру болып табыла

                     2.3 Құрғақ және фотохимиялық тұман 

Улы және фотохимиялық тұман. Үлкен қалаларға тән, жиі байқалатын құбылыс - улы туман (тұман мен түтіннің қосылысы). УЛЫ тұмандар үш түрлі - ылғалды, құрғақ және мұзды болып келеді. Ылғалды улы тұман (Лондондық тип) - газтәрізді ластаушы заттар, шаң және тұман тамшыларының қосылыстары. Бұл қосылыстағы заттар бір-бірімен химиялық реакцияға түсіп бастапқы түрлерінен әлдеқайда қауіпті қосылыстар түзеді. Атмосфералық ауаның 100-200 метр биіктігінде улы, сарғыш түсті лас, ылғалды улы тұман осылай пайда болады. Мұндай тұман теңізге жақын, тұманды, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы жоғары елдерде түзіледі.

Құрғақ улы тұман (Лос-Анджелестік тип) - озонның пайда болуы кезінде химиялық реакциялардың әсерінен атмосфералық ауаның екінші рет ластануы. Құрғақ улы тұман Лос-Анджелесте (АҚШ) қалың тұман емес, көкшіл түтін түзеді. Улы тұманның үшінші түрі - мұзды улы тұман (Аляскалық тип). Ол Арктика мен Субарктикада антициклон кезінде төменгі температурада пайда болады. Мұндай ауа райында ластағыш заттардың аз мөлшерде бөлінуінің өзі мұздың майда кристалдарынан тұратын қалың тұманның пайда болуына алып келеді. Сондай-ақ улы тұман шұңқырлы жерлерде орналасқан қалаларға, мысалы, Алматы, Ереван, Кемерово, Новокузнецк, Братск, Мехико және т.б. тән. Улы тұман кезінде, жарықтың әсерінен зиянды заттардың ауа, ылғал компоненттерімен фотохимиялық реакциялары нәтижесінде қосымша улы өнімдер (альдегидтер, кетондар) түзіледі.Атмосфералық ауаның тұмандануы қала микроклиматының нашарлауына - тұманды күндердің көбеюіне, атмосфераның тұнықтығына, мөлдірлігіне әсер етеді.

 Мысалы, 1948 жылы 26 қазанда  Донора (АҚШ, Пенсильвания) қаласында қалың тұман мен түтіннің қосылуынан (улы тұман) жолдың көрінуі өте нашарлап қаланы қара күйе басып қалған. Адамдардың тыныс алуы қиындап, тамақтары ауырып, көздері ашып, құсқылары келген. Сөйтіп жаңбыр жауғанға дейін 3-4 күннің ішінде 14000 қала тұрғындарының 6000 тұрғын ауырып, 20 адам қайтыс болған. Сонымен қатар көптеген құстар, иттер мен мысықтар да өлген. 1952 жылы желтоқсанда Лондон қаласында улы тұманның әсерінен 3-4 күн ішінде 4000 адам қайтыс болды. Себебі ауасы лас қалада жел болмай, атмосфералық ауа құрамындағы күкіртті ангидридтің мөлшері қатты көбейіп кеткен.

XX ғасырдың 30-шы жылдарынан  бастап Лос-Анджелес қаласында  да жылдың жылы маусымында, әдетте жазда және ерте күзде ылғалдылығы 70% құрайтын тұман пайда бола бастады. Бұл тұманды фотохимиялык, тұман деп атайды. Улы тұман кезінде көріну қабілеттілігі нашарлап, үй жануарлары (ит, құс) еле бастайды. Адамдардың тыныс алуы қиындап, көздері жасаурап, тамақ пен мұрынның шырышты қабаттарының тітіркенуіне, өкпе және басқа да созылмалы аурулардың қозуына алып келеді. Улы тұман өсімдіктерге, әсіресе бұршақ, қызылша, астық тұқымдастар, жүзім және сәнді өсімдіктерге де зияны көп.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                

 

 

 

 

 

 

                               

 

 

 

                                   

 

 

                                 Қорытынды

 

Климаттың адам өмірі мен басқа да тірі ағзаларға әсері қоршаған ортадағы жылулық алмасуға тікелей байланысты. Тірі ағзалардың жылу реттелу үдерісіне температура және ауа ылғалдылығы , жел әсер етеді.Мысалы, жел режимі ,атмосфералық қысым мен температураның кенеттен өзгеруі адамдардың басым көпшілігінің денсаулықтарына кері ықпалын тигізіп, метеотәуелділіктің пайда болуына алып келеді. Климат адам өмірінде маңызды рөл атқарады .Климат -адамның еркіндігіне бағына бермейтін ерекше құбылыс. Бірақ ХХ ғасырдың аяғында адам өзінің іс -әрекетімен атмосфераға, сонымен қатар климатқа елеулі әсер ете алады.

Ғаламдық негізгі экологиялық проблемалардың бірі атмосферадағы ластаушы заттардың ұзақ қашықтықтарға тасымалдануы. Алғашында бұл проблема радиоактивті заттардың үлкен қашықтықтарға таралуына байланысты пайда болды. Негізінен күкірт диоксиді және оның қосылыстары, азот оксиді және оның қосылыстары, ауыр металдар (әсіресе сынап), пестицидтер, радиоактивті заттар сияқты улылығы жоғары заттардың таралуына баса назар аударған жөн.

Қышқыл жаңбыр -атмосфераға байланысты қазіргі кезеңдегі үлкен проблема. Оның негізгі көздері күкіртті ангидрид, азот оксидтері және хлорсутек.Қышқыл жаңбырлардан жалпақ жапырақты ормандарға қарағанда қылқан жапырақты ормандар қатты зардап шегеді. Қышқыл жаңбырлар топырақ қышқылдығын тудырады. Нәтижесінде минералдық тыңайт-қыштардың пайдасы азаяды. Әсіресе бұл шымды күлгін топырақтарда қатты байқалады. Өткен жүзжылдықта қышқыл жаңбырлардың зиянды әсеріне Скандинавия елінің тұрғындары назар аудара бастады : өзендер мен теңізлерде арқан балық, форельдер өліп, балықтың түрлік құрылымы өзгеріске ұшыраған. Балықшылар маусым кезеңінде мол болатын хариустың біреуінде аулай алмаған. Тауға жауған қар түсі сұрға боялып, ағаштардың жапырақтары уақытынан бұрын түсе бастаған. Осындай белгілер  АҚШ , Канада, Батыс Еуропада байқала бастады. Қышқыл жаңбырларға байланысты мәселелер мұхитты басып озып бірнеше мемлекеттерді қамти бастады, нәтижесінде«қышқыл жаңбыр адамзат баласының басына төнген қауіп»  ретінде сипатталады.Яғни бұлардың барлығы қоршаған ортаны ластаушы заттар болып табылады. Қоршаған орта бұл біздің орта, сондықтан қоршаған ортаны таза ұстайық.

 

 

 

 

.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                         

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. М.Ш.Алипов.Экология және тұрақты даму. Алматы 2012 ISBN 978-601-7275-58-7
  2. Экология және тұрақты даму:оқу құралы С.Ж.Колумбаева,Р.М.Білдебаева, М.Ә.Шәріпова-Алматы 2012 130 бет
  3. А.Ж.Ақбасова, Г.Ә.Саинова.Экология Жоғарғы оқу орындарына арналған оқу құралы 2003 292 бет
  4. Жалпы экология Оқулық Алматы ЖШС РПБК Дәуір 2012-376 бет

 

 

 

 


Информация о работе Озон қабатының (озоносфераның) бұзылуы және жұқаруы