Озон қабатының (озоносфераның) бұзылуы және жұқаруы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2015 в 08:05, реферат

Описание работы

Ластаушылардың табиғаты бойынша ластанудың мына түрлерін айырады:
1. биологиялық – экожүйеге оған жат организм түрлерін әкелу және олардың көбеюі. Микроорганизмдермен ластануды сондай – ақ бактериялар мен вирустар, құрттар, қарапайымдылар, шектен тыс көбейіп зиян келтіретін жәндіктер.
2. физикалық (радиациялық, жылулық, жарықтық, электромагниттік, шулық және т.б.);
3. химиялық- көміртек өнімдері, күкірт, көмірсулар, пестицидтер, гербицидтер, фторлы қосылыстар , ауыр металдар , аэрозольдер.

Содержание работы

I.Кіріспе
II.Негізгі бөлімі
2.1Қоршаған ортаның биологиялық , физикалық , химиялық ластануы
2.2Озон қабатының (озоносфераның) бұзылуы және жұқаруы .
2.3 Құрғақ және улы тұман
III. Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

экология реферат.doc

— 3.07 Мб (Скачать файл)

Жоспар:

 

I.Кіріспе 

II.Негізгі бөлімі

2.1Қоршаған ортаның биологиялық , физикалық , химиялық ластануы

2.2Озон қабатының (озоносфераның) бұзылуы және жұқаруы .

2.3  Құрғақ және улы  тұман                                                            

III. Қорытынды

IV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

                               

 

 

 

 

 

 

 

                                   Кіріспе

 

Қоршаған ортаның ластануы – адамға және табиғи экожүйеге зиянды әсер ететін физикалық-химиялық және биологиялық заттардың қоршаған ортаға нұқсан келтіруі. Табиғат құбылыстары мен заңдылықтарына қайшы келетін және оның қалыпты жағдайына нұқсан келтіретін сандық, сапалық және құрамдық өзгерістердің барлығы қоршаған ортаның ластануына алып келеді.

Қоршаған ортаның ластануы кейде табиғат құбылыстары әсерінен, негізінен адам әрекетінен пайда болады. Қоршаған ортаның ластануы табиғи және антропогендік болып бөлінеді. Табиғи ластану күшті табиғи процестер салдарынан антропогендік ластану адамның шаруашылық іс-әрекетінің салдарынан қалыптасады. Антропогендік ластануға өндірістік, тұрмыстық қалдықтар мен әр түрлі улы заттардың қоршаған ортаға белгілі мөлшерден тыс шығарылуы, табиғи нысандарды орынсыз пайдалану жатады. Семей сынақ алаңында болған ядролық жарылыстар, Арал өңірінің экологиялық жағдайлары (Арал экологиясы), т.б. қоршаған ортаға нұқсан келтірудің айқын мысалы болып саналады.

Ластаушылардың табиғаты бойынша ластанудың мына түрлерін айырады:

1. биологиялық – экожүйеге оған жат организм түрлерін әкелу және олардың көбеюі. Микроорганизмдермен ластануды сондай – ақ бактериялар мен вирустар, құрттар, қарапайымдылар, шектен тыс көбейіп зиян келтіретін жәндіктер.

2. физикалық (радиациялық, жылулық, жарықтық, электромагниттік, шулық және т.б.);

3. химиялық- көміртек өнімдері, күкірт, көмірсулар, пестицидтер,     гербицидтер, фторлы қосылыстар , ауыр металдар , аэрозольдер.

 

 

 

 

 

 

 

                       2.1 Биологиялық ластану

 

 Биологиялық ластану - экожүйеде бұрын болмаған немесе мөлшері қалыпты жағдайдан аспаған организмдер түрлері.

Табиғи ортада химиялық және радициялық ластанушылардан басқа адамда әр түрлі ауру туғызатын биологиялық ластаушылар да кездеседі.Микрорганизмдермен ластануды бактериологиялық ластану деп атайды. Әсіресе кейбір елдердің қарулы күштерінің лабораторияларында жасалатын арнайы немесе кездейсоқ ауру тудырғыш микроорганизмдердің штаммдарымен атмосферанын ластануы өте қауіпті.Экожүйедегі өсімдіктер бөтен түрлермен өздері бөліп шығаратын фитонцидтер деп аталатын арнайы заттармен күресе алады. Кейбір фитонцид түрлері көп клеткалы организмдерге қатты әсер етіп тіпті жәндіктерді өлтіріп те жібереді. Олар әсіресе бактериялы және саңырауқұлақты флораға қатты әсер етеді. Емен ағашының фитонциді қашықтан дизентерия мен паратиф қоздырғыштарын өлтіреді.Эвкалипт ағашының жапырақтары бөлетін фитонцидтер стрептококты, май қарағай қылқандары - дифтерия қоздырғышын, қарағайдың қылқандары - өкпе - құрт ауруы қоздырғыштарын өлтіреді. 1 га арша тоғайы күніне 30 кг фитоцидтер бөледі.

 Олар зиянды микроорганизмдерді өлтіріп қана қоймай, шыбындарды және басқа да жәндіктерді жолатпайды.

Табиғи ортада химиялық және радиациялық ластанудан басқа әр түрлі ауру туғызатын ластанудың биологиялық түрі кездеседі.

 Биологиялық ластануға: ауру туғызатын микроорганизмдер, вирустар, құрттар, т.б. жатады. Олар ауада, суда, топырақта, жануарлар мен адамның организмінде  кездеседі. Жер бетіндегі шамамен 1 500 000 жануардың 50 000-ға жуығы паразиттік тіршілік етеді, соның ішінде 500-дей түрі адам организмінің паразиттері болып саналады.

 

                    

 

 Адам паразиттерінің  көбісі – ауру қоздыратын жәндіктер. Тіршілік етуіне қарай паразиттер – уақытша және тұрақты болып бөлінеді. Уақытша паразиттер организм денесінде қорек керек болғанда ғана пайда болады. Оларға: сүліктер, кенелер, масалар, бүргелер жатады. Ал тұрақты паразиттер үшін организмдер қоректену объектісі ғана емес, олардың өсіп-көбейетін тұрақты ортасы болып саналады. Оларға: безгек плазмодиі, аскаридалар, қышыма қоздырғыштары жатады.Микробтардың ауру қоздыруына қажетті бірден-бір шарт - адам организмінің әлсіреуі, оның оған қарсы тұратын қауқарының болмауы. Организмге түскен микробтар өсіп-өну үшін айрықша жағдай керек. Эволюциялық өзгерістер арқасында микробтар адам организмінде де белгілі бір жерде өсіп-өнуге бейімделеді.         Мысалы, безгек қоздырғышы тек қанның эритроцитінде өсе алады.Тіршілік етуге бейімделген микроорганизмдердің жетілуіне қарай жұқпалы аурулардың таралу жолдары бірнеше түрге бөлінеді.Бірінші -ауадағы тамшылар арқылы тарау, яғги микробтардың ішекқарын жолдарына түсуі.

 Ол  сырқат адам түкіргенде, жөтелгенде, сөйлегенде ауру қоздырғыш микробтар шашырап, ауамен бірге өзі бейімделген тыныс жолдарының сілемейлі қабығына таралады.Мұндай жолмен тарайтын ауруларды ауа арқылы таралатындар деп атайды.

 

 Екінші - микробтардың ауыз арқылы таралып, ішек қарын жолдарына түсуі . Қоздырғыш микробтар қоршаған ортаға үлкен және кіші дәрет арқылы шығады. Бұл жолмен ішек-қарын жұқпалы аурулары тарайды. Оларға тырысқақ, іш өту, полиомиелит, т.б. Негізінен, жұқпалы аурулар адамдардың гигиенаны, тазалықты сақтамауынан, қолды сабындап жумай, жуылмаған жеміс-жидектерді жеуден болады. Әсіресе жаз айларында шыбын-шіркейлер, әр-түрлі жәндіктер ауру микробын таратады. Олардан сақтанудың жолы - тазалық. Үшінші түрі - қан арқылы таралу, яғни микробтардың маса, бүрге, кандала, бит сияқты паразиттер арқылы қанға түсуі. Бұл аурулар тобына: безгек, бөртпе, сүзек, оба, энцефалит, т.б жатады.

Төртінші түрі- жұқпалы аурулар қоздырғышымен зақымдалған және зақымдалмаған адамдардың терісі мен сілемейлі қабығының бір -біріне жанасуы арқылы тарауы.Бұған жыныстық жолмен жұғатын (мерез, соз, ЖИЖС  (СПИД) жұқтырып алған иммундық жетіспеушілік синдромы), құтыру, сіріспе,газды гангрена ,т.б аурулары жатады. Жұқпалы аурулардың осылай таралуы эпидемиялық тұрғыдан шапшаң және жай таралатындар деп аталады.Ол ауру жұғу үшін теріде, сілемейлі қабықта жарақат болуы қажет.

Биологиялық ластауыштарды жұқтырудың негізгі көзі топырақ болып саналады. Сіреспе, ботулизм және басқа да кейбір жұқпалы аурулардың қоздырғыштары үнемі топырақта тіршілік етеді. Жеке бастың тазалығын сақтамауыдың нәтижесінде, жуылмаған жеміс -жидек , көкөніс арқылы , дененің терісін жарақаттап алған кезде , олар адам организміне түседі. 
Көптеген ауру таратқыш микробтар жер асты суларына өтіп, жұқпалы аурулардың таралуына себепші болады. Сондықтан құдық пен бұлақ суларын пайдаланар алдында қайнату керек. Өзен, көл, тоған сулары көбінесе осы микроорганизмдермен ластанады. Су көздері тырысқақ, іш сүзегі, дизентрия ауруларының таралуына себеп болған кездері жиі кездеседі.  Ауа райы ыстық елдерде су арқылы амёбиаз, эхинококкоз және басқа ауру тудыратын паразиттер адам организміне түсіп , кең таралады.Эхинококкоз көбінесе ит пен мысық арқылы немесе тамақ арқылы жұғады.

Биологиялық ластушылар адамға ауа арқылы да жұғып ,түрлі тұмау , көкжетел, күл ауруы , қызылша және басқа ауруларды тудырады. Бұл аурулардың қоздырғыштары ауру адамдар жөтелгенде, түшкіргенде , тіптен сөйлегенде ауаға тарап отырады. Кейбір жұқпалы аурулар адамдармен өте тығыз байланыста болғанда, мысалы , оның орамалын,қол орамалын немесе басқа да сол ауру адам пайдаланған заттарды ұстап. пайдаланғанда жұғады.    Мысалы , жұқпалы жыныс  аурулары ( мерез, соз, ЖИЖС ( СПИД), трахома, сібір жарасы сияқты ауруларды алайық.Әдетте ,СПИД вирусы тек адам организімінде ғана ауру тудырады. Жануарлардың организмінде тіршілік ете алмайды. СПИД ауруын тек қана адам ғана тарататын болғандықтан, бірнеше рет пайдаланылған шприц инесі арқылы қан құйғанда немесе нашақорлардың бір инені бірнешеуі пайдалануынан жұғуы мүмкін.

Жұқпалы аурулар таралған аймақта болған кезде адамдар түрлі сақтық шараларын жасауы керек.Жас нәресте туа салып оған дифтерияға, туберкулез ауруларына қарсы егу жұмыстары жүргізіледі. Оба, безгек аурулары шыққан аймақтарда карантин жарияланып, аурудың алдын алу жұмыстары ұйымдастырылады.

 

                            Физикалық ластану

Физикалық ластану — қоршаған ортаның температуралық-энергетикалық, толқындық, радиациялық және басқа да физикалық қасиеттерінің нормадан ауытқуларынан болатын ластану.Физикалық ластаушылар - бұл биосфераға техногендік себептерден түсетін энергияның артық көздері.

Мысалы, жылу (атмосфераға қызған газдардың бөлінуі); жарық (жасанды жарықтың әсерінен табиғи жарықтың нашарлауы); шуыл (шуылдың мүмкін деңгейден артуы); электромагнитті (электр желісі, радио, теледидар); радиоактивті (атмосфера радиоактивті заттардың бөлінуі); озон бұзғыш (фреондардың атмосфераға бөлінуі).Қала үшін жағымсыз факторлардың бірі физикалық табиғаты әртүрлі дыбыс тербелісінен пайда болатын шуыл. Әдетте төменгі жиіліктегі автокөліктердің шуылы жоғары жиіліктегі шуылға қарағанда алысқа тарайды. Зерттеулер көрсеткендей, тіпті қысқа уақытты шуыл организмнің барлық жүйелеріне (әсіресе жүреқ- қан және жүйке жүйелеріне) жағымсыз әсер етеді. Адам 30-40 дБ шуылда өзін қолайлы сезінгенімен, 120 дБ-ден жоғары шуыл орғанизмге үлкен ауыртпалық түсіреді.Өсімдіктер шуылдан қорғауда да үлкен роль атқарады. Үй қабырғасының жартысына дейін өсіп тұрған жүзім өсімдігі пәтердегі шуылды екі еседей төмендетеді. Өсімдіктердің шуылдан қорғау қасиеті өсімдіктің еніне (габитусына), қалың болуына, құрамына, биіктігіне байланысты. Шуылдан арнайы (бетонды, металл, әйнекті ағашты) қондырғылар жақсы қорғайды.

           

 

 

   Физикалық ластану — бұл бес түрге бөлінеді:

 

а) Өнеркәсіп және жылу-энергетикалық комплекстердің жұмысы 
барысында коршаған орта температурасьшың бұзылуы, мұны жылулық деп атайды.

ә) Жарықтық — жергілікті жерлердін табиғи жарық көздерінен баска, жасанды жарық көздері арқылы, өсімдік жөне жануарлар дүниесінің тіршілікету жағдайының өзгеріске ұшырауы;

б) Шу, дабыл нәтижесінде;

в) Электромагнитгі толқындардың шектен тыс артуы;

г)  Радиоактивті ластану.

Радиоакциялық ластанудың негізгі көзі - альфа, гамма,  және бета сияқты радиоактивті сәулелер.Иондаушы сәулелер адам, жануар организмдерінде нәруыз фермент және басқа да заттардың өзгеруіне яғни сәулелік аурулардың дамуына апарып соғады.

Радиоактивтік ластану ХХ ғасырдың 40 -жылдары  уранның ыдырау реакциясы ашылғаннан бастап пайда болған.  Радиоактивті қалдықтарды теңізге, мұхитқа , өзенге тастауға рұқсат етілмейді.Әрине бұл жағдай кейбір капиталистік елдерде сақталмайды. Мәселен , Ирландия жағалауы қазір ядролық үйіндіге айналған.Атом электр станцияларындағы аппараттарға немқұрайлы қарауға болмайды. Мысалға Чернобель ядролық апатын алайық. Чернобель апаты  -айналадағы орта мен халықтың денсаулығына қатты әсер еткен. Чернобель апаты кезінде атмосфераға шамамен 50 т ядролық отын шығарылған және ол ауданы 3000 км -дей жерге таралған. Біздің республикамыздағы Семей ядролық полигоны туралы тоқталып кетейік . Мұнда 40 жылдан астам уақыт ішінде жер астында және жер бетінде 500-  дей  ядролық жарылыстар жасалған.Жарылған заттардың қуаты Чернобель апаты кезіндегі жарылғыш заттардың қуатынан бірнеше мың нсн асып кеткен. Осы жарылыстың 27- сі атмосферада , 113-і жер бетінде , ал қалғаны жер астында жүргізілген.Олардың радиоактивті қалдықтары жарты миллион адамға зиянын тигізгені белгілі болып отыр.

                          

 

                            Химиялық ластану

Химиялық ластануға қоршаған ортада табиғи – антропогенді және қоршаған ортада болып жатқан  физикалық – химиялық процестер кезінде зиянды, улы заттардың пайда болуын жатқызамыз. Дамуы жорғары елдерде соңғы екі – үш онжылдықта қолданылған шараларға байланысты қоршаған ортаның химиялық ластануы екінші орынға түсіп, бірінші орынға радиактивті ластану шығып отыр. Біздің елімізді қоршаған ортаның химиялық ластану қаупі әлі де жоғары болып тұр.

Қазіргі кезде химиктерге химиялық заттардың 4 – 5 млн түрі белгілі. Олардың саны жыл сайын 10% өсіп отырады. Адам организміне әр түрлі жолдармен (тамақпен, ауамен, сумен) түсіп тұратын организмге жат химиялық ластаушы заттарды ксенобиотиктер (грек. ксенос – жат, биос - өмір) деп айтады.

             

 

 

Жердің геосферасы бойынша атмосфераның, гидросфераның және литосфераның ластануын айтады. Қоршаған ортаның компоненттері мен ластану орындары бойынша химилялық ластануды келесі түрлерге бөледі:

Ортаның химилық ластаушы көздерін мынадай үлкен топтарға бөлеміз:

1)  қоршаған ортаға сұйықтық, газды және қатты түрдегі өндірістік қалдықтарын шығаратын техникалық қондырғылар;

2)  ластанушы заттар шығаратын, немесе оларды жинақтап, сақтайтын шаруашылықтар;

3)  ластаушы заттар келіп тұратын (трансшекаралық жылу) аймақтар;

4)  планетарлық ластануға әкелетін атмосфералық жауын – шашын, тұрмыстық, өндірістік және ауылшарушылық қалдықты сулар

 

2.2Озон қабатының (озоносфераның) бұзылуы және жұқаруы .

Озоносфера , озон қабаты  ( гр.ozon -аңқығыш және sphaira -шар ) -озонның жоғары концентрациясымен ерекшеленетін страстосфералық қабат. Атмосферадағы озонның ең көп концентрациясы 20-25 км биіктікте болады, мұнда озонның тығыздығы жер бетіне қарағанда , 10 есе көп.Атмосферадағы озонның мөлшері бар болғаны 0,004%-ды құрайды. Страстосферада(10-50 км биіктіктегі) қалыңдығы 2-4 мм-ді құрайтын қабат. Атмосферада электр зарядтарының, Күннің ультракүлгін реакцияларының әсерінен оттегінің молекуласынан (02) озон молекуласы (О3) түзіледі. Озон қабаты биосфераның жоғарғы шекарасы болып есептеледі. Одан жоғары орналасқан қабаттарда тіршілік нышаны білінбейді. Жер бетіндегі барлық организмдердің тіршілігіне қауіпті Күннің өте қысқа ультракүлгін сәулелерін сіңіріп отыруына (6500 есе) байланысты озон қабатын «қорғаныш қабаты» деп те атайды. Озон қабатының 50%-ға бұзылуы ультракүлгін радиацияларды 10 есеге көбейтеді.

Озон қабатынан күннің ұзын толқынды ультракүлгін сәулелері (290-380 нм) өтіп кетеді. Біраз мөлшерде тіпті бұл сәулелер адам үшін пайдалы да: терімізді қарайтып күйдіреді, организмнің қорғаныштық қызметі артады. 70-жылдардың басында озон қабатына деген қызығушылық жаңа сипат алды: озон қабатының жыртылуы жоғары дыбысты Конкорд» ұшағын және ТУ-144 ( КСРО) жасаумен байланысты деген тұжырымдар қалыптасты , себебі олардың ілеспе газдары озон қабатының бұзылуының негізгі себебі болып табылады. Озоносфера қабатының жұқаруы (диаметрі 1000 км-ден астам) Антарктида мен Арктикада ерекше байқалады.

ХІХ ғасырдың 80- жылдарында атмосфера қабатында озонның кейбір жерлерде жұқаруы байқалған. Мәселен ,1987 жылы Антарктида тұсында байқалып, озонның мөлшері күрт азайып ол 7 млн   аумақты қамтыған.

 Яғни ауадағы мөлшері қалыпты нормадан 30-50%-ға төмендеген. Антарктидадағы бұл құбылыс қыркүйек- қараша айларында байқалып, маусымның басқа кездерінде озонның мөлшері нормаға жақын болады.Ал осы жағдай 1992 жылы Оңтүстік Америкада байқалған.

Информация о работе Озон қабатының (озоносфераның) бұзылуы және жұқаруы