Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Октября 2015 в 13:35, реферат
Қазіргі кезеңде рудалы емес материалдарды, құрылыс конструкциясын, ағашты, металды тиеу-түсіру механизацияланған тәсілмен жүзеге асады.
Осымен қоса, қоймаларға жеткізумен немесе шатыр, қаптау және тағы басқа майда материалдарды құрылыс алаңдарына тікелей жеткізудегі тиеу-түсіру жұмыстарының қол еңбегінің шығыны үлкен.
КІРІСПЕ
1 КӨТЕРГІШ КРАНДАР, ТҮРЛЕРІ
2. КРАНДАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ
3.КРАНДАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ҚАУІПСІЗДІК ТАЛАПТАРЫ
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
бірнеше қабатқа орнатылған көпірлік крандар жұмыс істегенде, жоғарғы қабаттағы крандардың төменде орналасқан крандардың үстінен, бірақ жүксіз жоғарғы жұмыс жайына көтерілген ілгегі бар өту жайы орындалады.
Адамдар кранның кабинасынан тыс болғанда (галереяда, машинаның орынжайында, жебеде, мұнарада, қарсы салмақта және басқа жерлерде) кран механизмдерін қосуға;
Жүкті тура оның орналастырылған жерінен жебелі шығырмен көтеруге жол берілмейді.
Кранды жөндеуге шығаруды жөндеу жасау кестесіне сәйкес жүк көтергіш машиналардың дұрыс жағдайында қауіпсіз пайдалануын қамтамасыз ететін бақылау тұлғасы жүргізеді.
Көпірлік және консолды жылжымалы крандардың жөндеу жұмыстарын жүргізуге рұқсат наряды беріледі.
Рұқсат нарядта жөндеу жұмыстарын орындауға қауіпсіз жағдайларды жасау жөнінде шаралар белгіленеді. Көбінесе, жөндеу жұмыстарын жүргізетін қызметкерлердің электр тоғымен жарақаттануын, биіктен құлауын, жұмыс істеп тұрған кранның жөнделіп жатқан жолға құлауын алдын алу жөнінде, жөндеу жұмыстарын жүргізетін жұмыскерлерді қолданыстағы крандардың кран жолдарына шығуларын ескерту жөніндегі шаралар көрсетіледі.
Алдын ала
байлаусыз жүкті жүк көтергіш механизм
ілмегіне ілу үшін (ілмектері, шетмойындары,
ілгектері бар, шөміштерде, қауғаларда,
контейнерлерде немесе басқа ыдыста болатын
жүк) немесе жүк жартылай автоматты қармау
құрылғыларымен қармалған жағдайларда
қармаушы мамандығы бойынша оқыған негізгі
мамандық жұмыскерлері жіберіледі. Бұл
жұмыскерлерге ілмектеушілерге сияқты
осы Қағидалар талаптары қойылады.
Жүк көтергіш
кранның қызмет көрсететін аймағы краншы
кабинасынан толық көрінбейтін жағдайларда
және ілмектеушімен краншы арасында ілмектеуші
краншыға белгі беру үшін радио- немесе
телефон байланысы болмаған кезде ілмектеушілер
арасынан сигнал беруші тағайындалады.
Краншы, оның көмекшісі,
слесарь, электромонтер, ілмектеуші міндеттерін
атқару үшін медициналық куәландырудан
өткен жұмысшылар тағайындалады.
Жүк көтергіш
кранның жарылыс өрт қауіпті ортада (ортаның
санатын көрсетумен) жұмыс істеу мүмкіндігін
дайындаушы паспортында, сондай-ақ пайдалану
бойынша нұсқаулықта көрсетеді.
Кедендік одаққа мүше
емес басқа мемлекеттерде дайындалған
шет елден шығарылған жүк көтергіш крандар,
олардың тораптары, механизмдері, басқару
станциялары, қорғану жүйелері мен қауіпсіздік
құрылғылары мемлекетаралық, ұлттық стандарттарға,
осы Қағидаларға сәйкес болуы керек.
Жүк көтергіш кранмен
жеткізілген паспорт, нұсқаулық және басқа
да пайдалану құжаттамасы мемлекеттік
және орыс тілдерінде ұсынылады.
Жебелі өзі жүретін,
теміржол және тіркеме крандар, экскаватор-крандар,
мұнаралық және порталдық крандар жұмыс
істеп тұрған күнінде және жұмыс істемей
тұрған күйін де тұрақты.
Кран тұрақтылығын
есептеу сынақ жүктемесі, жүк күші (жүк
тұрақтылығы), жүк болмағанда (өзіндік
тұрақтылығы), жүктемені кенеттен алу
мен монтаждау (қайта монтаждау) ықпал
еткенде жүргізіледі.
Пайдалану шарттары
бойынша жүктемесі шамалы жебені көлденеңінен
түсіріп қою талап етілетін крандарда
жебенің осы күйінде тұрақтылық қамтамасыз
етіледі.
Төрттағанды және консольді
крандарда жүк арбалардың жолындағы еңіс
жұмыс жүгі ең көп арбаның күйі неғұрлым
қолайсыз болғанда 0,003-тенаспауға тиіс.
Еңістің көрсетілген нормасы арбаның
жылжу механизмі қалыпты жабық түрдегі
автоматты тежегішпен жабдықталған немесе
арбасыарқан күшімен жылжитын крандарға
қатысты емес.
Жүкті көтерумен тартылуын
өзгерту механизмдері жүкті немесе жебені
тек қана қозғалтқышпен түсіруді қамтамасыз
етеді.
Жұмыс қимылы жылдамдықтарын
қосу немесе ауыстурға арналған жұдырықты,
фрикциондық немесе басқа механикалық
құрылғылармен жабдықталған жүк көтергіш
крандардың механизмдері олардың өздігінен
қосылуын немесе тіркесуін болдырмайды.
Жүк көтеретін жүк шығырда және жебеде
бұдан басқа тежегішке салмай, жетегін
ажырату мүмкіндігіне жол берілмейді.
Мыналардан басқа:
1) бір жылдамдықтан
екінші жылдамдыққа ауысу үшін бірнеше
жылдамдық диапазоны бар қозғалту немесе
бұру механизмін;
2) бөлек-бөлек басқару
үшін екі шынжыртабанды жалпы жетегі бар
шынжыртабанды крандардықозғалту механизмін
қоспағанда, адамдарды, балқытылған металды
не шлакты, улы және жарылыс заттарды көтеруге
арналған механизмдерде, сондай-ақ электрлі
жетегі бар механизмдерде фрикциондық
және жұдырықтықосу муфталарын қолдануға
рұқсат етілмейді.
1) және 2) тармақшаларда
көрсетілген жағдайларда тежегіш кранның
бұрубөлігімен, шынжыр табандармен немесе
дөңгелектермен ажыратылмайтын кинематикалық
байланысы болуы керек.
Жүк көтергіш кранның
айналмалы сәтті беретін механизмдерінің
тораптарында оймакілтек, кілтек және
бұранды қосылыстар қолданылады.
Жүк көтергіш крандардың
бұранды, кілтек және оймакілтек қосылыстары
өздігінен босаудан немесе ажыратылудан
сақтантырылады.
Жылжымалы жебелері
мен мұнаралары бар крандарда жылжымалы
құрылымын мықтап бекіту көзделген болуы
тиіс.
Сомдалған крандардың
көтергіш механизмдері амортизациялайтын
құрылғылармен жабдықталады.
Жүк көтергіш кранның
арқанды және шынжырлы тальдары мен полиспастары
тальдан арқанның (шынжырдың) өздігінен
түсуін, сондай-ақ арқанның (шынжырдың)
блок пен осьтің (жұлдызшамен осьтің) арасында
сыналануын болдырмайтындай орналастырылады.
Қабатталған полиспасты
қолданғанда теңдестіретін блок немесе
теңгергіш орнатылады.
Қол жетегі бар жүк
көтергіш крандардың тарту дөңгелектерінің
оларда жұмыс істеп тұрған шынжырлардың
түсуіне жол бермейтін бағыттаушылары
бар. Тартушы шынжыр оның төменгі бөлігі
кранды басқарушы жұмысшы орналасқан
жерден 500 мм-ге жуық биіктікте болатындай
ұзындықпен орналасады.
Жүк көтергіш крандардың
металл құрылымдары мен металл бөлшектері
тоттанудан қорғалынады.
Ашық ауада жұмыс істейтін
кранның қорапты және құбырлы металл құрылымдарында
оларда ылғалдың жиналуына қарсы техникалық
шешімдер қолданылады.
Жүк крандарының металл
құрылымдарының техникалық қызмет көрсетуді
қажет ететін механизмдеріне, сақтандыру
құрылғыларына, электр жабдықтарына, элементтеріне
қауіпсіз қолжетімділік қамтамасыз етіледі.
Осы мақсатта галереялар, алаңдар, сатылар
құрылғылары қарастырылады. Жебеде қауіпсіздік
блоктарымен құрылғыларына қызмет көрсетуге
арналған сатылар мен алаңдар болмаған
жағдайда оны түсірудің мүмкіндігі қарастырылады.
Гидравликалық жетегі
бар крандар гидравликалық жүйеде құбырлар
үзілген немесе қысым түскен жағдайдаавтоматты
тоқтатылатын құрылғымен жабдықтау және
механизмдерді (бұру, жүк және жебелі жүкшығыр,
жебені көтеру және тіреулерді шығару,
жебе секцияларын жылжыту) бекіту құрылғысымен
жабдықталады. Кран-манипуляторлар иілгіш
құбырлар үзілгенде автоматты түрде тоқтайды.
Жүк көтергіш крандардың
гидравликалық жүйесі әр жұмыс шеңберінде
қысымды бақылау және жұмыс сұйықтығын
бактан төкпей, гидроагрегаттарды, шлангілерді,
сүзгілерді ауыстыру мүмкіндігін қамтамасыз
етеді.
Жүккөтергіш крандар
мотосағаттарда жұмысты есепке алу үшін
құрылғылармен жабдықталады. Мұндай құрылғылар
кранның қалған ресурсын оны пайдалану
барысында анықтауға мүмкіндік береді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Көліктік және тиеу-түсіру жұмыстарындағы еңбек шығынын қысқарту үшін тасымалдауды және көлік құралдарын таңдауды ұтымды ұйымдастыру аса маңызды. Құрылыстың дамуы және заводтық құрылыс конструкцияларын және бөлшектерін дайындау дәрежесінің ұлғаюы оларды құрылыс алаңдарына жеткізу механизациясы мен ұйымдастырылуын жетілдіруді талап етті.
Алғы шептегі өндірістер мен ұйымдар өндірістік-техникалық жинақтаудың, жүктерді контейнерлеу және пакеттеудің дамыған әдісін қолданады, сонымен қатар, оларды құрылыс алаңдарына жеткізу жұмыс өндірісінің технологиясымен ұштастырылған, көліктік-жинақтау графигінің жалпы сағаты бойынша жүзеге асады.
Материалды-техникалық қамтамасыз етудің мұндай әдісі құрылыс индустриясы өндірісінің, көлік ұйымдары мен құрылыс-монтаж басқармасының жұмыстарын толық келісімге келтіруге себеп болады; бір технолгиялық ағымды жасайды; жұмысты механизациялау және еңбек өнімділігі деңгейін арттыруды қамтамасыз етеді.
Кран деп, үлкен емес арақашықтыққа жүкті горизонтальді орын ауыстыруға және көтеру немесе түсіруге арналған жүк көтергіш машиналарды айтады.
Көтергіш крандар мынадай топтарға бөлінеді: консольді , мостылы, козловые , портальные және башнялы. Кранның ең көп таралған түрлері : стрела түрі, мұнаралы, стрелалы өзі жүретін крандар болап саналады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Информация о работе Көтергіш крандардың түрлері және оларға қойылатын талаптар