Көтергіш крандардың түрлері және оларға қойылатын талаптар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Октября 2015 в 13:35, реферат

Описание работы

Қазіргі кезеңде рудалы емес материалдарды, құрылыс конструкциясын, ағашты, металды тиеу-түсіру механизацияланған тәсілмен жүзеге асады.
Осымен қоса, қоймаларға жеткізумен немесе шатыр, қаптау және тағы басқа майда материалдарды құрылыс алаңдарына тікелей жеткізудегі тиеу-түсіру жұмыстарының қол еңбегінің шығыны үлкен.

Содержание работы

КІРІСПЕ
1 КӨТЕРГІШ КРАНДАР, ТҮРЛЕРІ
2. КРАНДАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ
3.КРАНДАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ҚАУІПСІЗДІК ТАЛАПТАРЫ

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Файлы: 1 файл

Көтергіш кран реф.docx

— 594.48 Кб (Скачать файл)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Д. СЕРІКБАЕВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН

МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Жер туралы ғылымдар факультеті

Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау кафедрасы

 

 

РЕФЕРАТ

 

Тақырыбы: Көтергіш крандардың түрлері және оларға қойылатын талаптар

 

 

 

 

Орындаған:  13-БЖк-1 тобының студенттері: Тұрғанов Ж.М.

 

Тексерген:                      аға оқытушы  Даумова Г.К.

 

 

 

 

 

Өскемен қаласы

2015 жыл

 

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ

1 КӨТЕРГІШ КРАНДАР, ТҮРЛЕРІ 

2. КРАНДАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ

3.КРАНДАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН  ҚАУІПСІЗДІК ТАЛАПТАРЫ

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Қазіргі кезеңде рудалы емес материалдарды, құрылыс конструкциясын, ағашты, металды тиеу-түсіру механизацияланған тәсілмен жүзеге асады.

Осымен қоса, қоймаларға жеткізумен немесе шатыр, қаптау және тағы басқа майда материалдарды құрылыс алаңдарына тікелей жеткізудегі тиеу-түсіру жұмыстарының қол еңбегінің шығыны үлкен.

Көліктік және тиеу-түсіру жұмыстарындағы еңбек шығынын қысқарту үшін тасымалдауды және көлік құралдарын таңдауды ұтымды ұйымдастыру аса маңызды. Құрылыстың дамуы және заводтық құрылыс конструкцияларын және бөлшектерін дайындау дәрежесінің ұлғаюы оларды құрылыс алаңдарына жеткізу механизациясы мен ұйымдастырылуын жетілдіруді талап етті.

Алғы шептегі өндірістер мен ұйымдар өндірістік-техникалық жинақтаудың, жүктерді контейнерлеу және пакеттеудің дамыған әдісін қолданады, сонымен қатар, оларды құрылыс алаңдарына жеткізу жұмыс өндірісінің технологиясымен ұштастырылған, көліктік-жинақтау графигінің жалпы сағаты бойынша жүзеге асады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. КӨТЕРГІШ КРАНДАР, ТҮРЛЕРІ

 

Көтергіш кран (нем. kran) — жүкті көтеру және жылжыту (тасымалдау) процесін циклмен атқаратын жүк көтергіш машина.

Көтергіш кран көпір, ферма, мұнара, платформа, діңгек, жебе не таған тәрізді металл құралымдардан; шығыр, тельфер, шток, рычаг сияқты көтергіш механизмнен; ілгек, траверса (көлденең тірек), қысқыш не шөміш секілді жүк қармағыш жабдықтардан тұрады. Құралымдық ерекшеліктеріне сай көтергіш кран бұлардан басқа қосымша қондырғылармен және механизмдермен жабдықталады.

Бумен жұмыс істейтін алғашқы жүк көтергіш кран Ұлыбританияда 1830 ж., гидравликалық жүк көтергіш кран да осы елде 1847 ж. жасалды. Құралымы мен іс-қимылына қарай бұрылмалы және бұрылмайтын болып ажыратылады.

Сурет 1 Алғашқы жүк көтергіш краны.  1830 ж Ұлыбритания.

 

Бағыт бойынша жүкті жеткізудің басты құралы автомобиль көлігі болып табылады. Мысалы, жалпы көлемде құрылыс жүктерінің 80 %-ын автомобиль көліктері тасымалдайды.

Қазіргі кезеңде рудалы емес материалдарды, құрылыс конструкциясын, ағашты, металды тиеу-түсіру механизацияланған тәсілмен жүзеге асады.

Осымен қоса, қоймаларға жеткізумен немесе шатыр, қаптау және тағы басқа майда материалдарды құрылыс алаңдарына тікелей жеткізудегі тиеу-түсіру жұмыстарының қол еңбегінің шығыны үлкен.

Кран деп, үлкен емес арақашықтыққа жүкті горизонтальді орын ауыстыруға және көтеру немесе түсіруге арналған жүк көтергіш машиналарды айтады.

Көтергіш крандар мынадай топтарға бөлінеді: консольді , мостылы, козловые , портальные және мостылы.

Консольды крандар –бұрылатын және бұрылмайтын бөліктері бар жебелі. Оларға жылжымалы обоймасына жүкқапсырғыш құрылғысы бекітілген ұшында полиспаст бар жебе бекітіледі. Обойма жебе бойымкен орын ауыстыратын жылжымалы арбаға орнатылуы мүмкін. Мұндай крандарда жүк кранның тірек контурынан тыс жатады. Консольді крандарға мачта-жебелі және мұнаралы крандар, өздігінен жүретін жебелі крандардың басым бөлігі (жылжымалы, рельсдөңгелекті, пневмодөңгелекті, автомобиль типіндегі шассилі, автомобильді, тракторлық, кран-тұргіштер, қуатты монтаж крандары)  жатады.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 2. Консольды кран.

Мостылы кран – жүк арбасымен асылмалы көпір немесе тіреу түрінде жасалған көтергіш кран. Цех аралығын түгел кран асты рельсі бойынша көпір орналасады, ал арба – көпір бойынша көлденең ралықта орналасады. Кранның жүк көтергіштігі 5т- дан 450т –ға дейін.

Сурет 3. Мостылы кран.

Козловый кран – қатаң тіреуде орналасқан көпір түріндегі рельсті жол немесе бетонды негіз бойынша қозғалатын көтергіш кран. Көпірге орналасқан жүкті арба немесе таль. Ашық қоймаларды және құрылысты қамтамасыз ету үшін қолданылады. Кранның жүк көтергіштігі 800т –ға дейін, ал аралығы 170т- ға дейін.

 

Сурет 4. Козловый кран.

 

 

 

Порталды кран – стреласы және бұрылыс платформасы бтік портальда орналасқан рельсті жол бойынша қозғалатын көтергіш кран. Портарда, теңіз құрылыс зауыттаррында, гидро техникалық, тұрмыс және өндіріс құрылыстарында және тағы басқа қолданылады. Кранның жүк көтергіштігі 300т – ға дейін, жүкті көтеру биіктігі 45м-ге дейін,

Сурет 5. Порталды кран.

Мұнаралы кран – құрылыс негізінде қолданылатын және биік мұнарасы, бұрылмалы стреласы және көтергіш ілмегі бар көтергіш кран. Қозғалмалы кран мұнарасы рельс жолы немесе жер бойынша қозғалатын жүретін дөңгелекке немесе уүректі арбаларға бекітіледі. Қозғалмалы мұнаралы кранның жүк көтергіштігі 100т- ға дейін, ал стационарлы крандарда 400т- ға дейін. Жүкті биіктікке көтеруі 150м- ді құрайды, ал стреланың ұшы – 5м.

Сурет 6. Мұнаралы кран.

 

2. КРАНДАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ

 

Крандардың жіктелуі:

- атқаратын қызметіне  қарай  (құрылыс, монтаждық , кран артық жүктегіштер);

- қозғалыс мүмкіндігіне  қарай (рельстермен; стационарлы немесе  орнатылған; өздігінен көтерілетін);

- жебе ұшуын өзгерту  тәсіліне қарай (көтергіш және  горизонталь балкалы жебелі);

- мұнара-жебелі жабдығының  айналу типіне қарай (бұрылмалы  мұнаралы және басты);

- металлконструкциялар типіне қарай (торлы және тұрбалы).

 

 

Сурет 7. Мұнарасы бұрылатын кран.

Мұнарасы бұрылатын мұнаралы кран жүретін құрылғылы бұрылмайтын рама мен  оның жетегінен және бұрылмалы бөліктен тұрады. Соңғысы қарсы жүкті платформаны, айналу механизмін, жүк және жебелі лебедкаларды, мұнараны, жебені, полиспасттарды қамтиды.  Барлық механизмдерде электр жетекті жебе жүк арбасымен жабдықталады.

Мұнарасы жылжымайтын крандардың ерекшелігі төменгі рамасымен  және жүк арбасымен қатар жылжымайтын бөлігіне төменгі бөлігіне балласт пен порталды мұнара жатады.

 

Сурет 8. Мұнарасы жылжымайтын кран.

 

Стационарлы мұнаралы крандар биік құрылыс ғимараттарын тұрғызу үшін қолданылады (150 м және одан да жоғары). Бұрылмалы бастан және бойымен жүк арбасы қозғалып отыратын горизонталь жебеден тұрады. Олар арнайы іргетастарға немесе тұрғызылып жатқан ғимарат іргетасының бір бөлігіне орналастырылады. Мұнарасы ғимаратқа жапсырмалы рамалар көмегімен бекітіледі. Мұнара 2,5-7 м секциялармен өсіріледі.

 

Сурет 9. Өздігінен көтерілетін кран.

 

 

Өздігінен көтерілетін крандар қатаң және берік металл каркасты биік ғимараттарды тұрғызу кезінде қолданылады.

Өзгешелігі – порталсыз және мұнараны қамтитын обоймалы қысқа мұнара. Мұнара тірек балкасына шалқаймалы сүйеулермен тіреледі. Жүккөтергіштігі 15т. Мгр=3300кНм.

Өздігінен жүретін мұнаралы крандар.

Бұл маневрлігі жоғары, электрмен тәуелсіз қамамасыз етілетін, жұмысшы органдары алуан түрлі крандардың үлкен тобы. Жүру жабдығы – жылжымалы және пневмодөңгелекті.

Мұндай крандарда әртүрлі жебелер қолданылады:  1- тік қысқа (негізгі), 2- ұзартылған, 3- гуськалы.

 

Сурет 10. өздігінен жүретін кран.

 

Өздігінен жүретін жебелі кран жүргіш бөліктен, тірекжбұрылу құрылғысынан, кран жабдықты бұрылу платформасынан, жебелі және мұнаралы-жебелі жұмысшы органынан, күштік құрылғыдан, жетек механизмінен және басқару жүйесінен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

3.КРАНДАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН  ҚАУІПСІЗДІК ТАЛАПТАРЫ

 

      Соңғы уақытта түрлі жүк көтергіш механизмдер иелерінің саны өсіп келеді. Өнеркәсіптік саласындағы ҚР заңнамаларында қарастырылған жеке және заңды тұлғаларға бір қатар міндеттер  қойылады.

 

     Жүктердің крандармен  жылжуы  анағұрлым қауіпті факторлармен байланысты.

 

      Көтергіш құрылғыларын және т.б., кранмен байланысты тұлғалардың кәсіби дайындықтарын қоса жинау(бөлшектеу), жобалау кезінде инженерлік шешімнің сапасына, пайдаланатын материалдардың сонымен қатар жаңа конструкциялардың  сенімділігіне жоғары талаптар қойылады.

ҚР «Қауіпті өндірістік нысандарындағы өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Заңның 11 бабына сәйкес, жүк көтергіш механизмдерінің иелері көрсетілген баптың бір талабы бойынша уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде крандарын есепке қоюы жүзеге асырулары керек.

Бір қарағанда,  заңның нормалары қарапайым болып көрінеді, ал практика жүзінде  кейбір кран иелері үшін мемлекеттік органның сәйкес өтінішке  қарсы болуы.

«Қондырғылар мен  жүккөтергіш механизмдерін қауіпсіз пайдаланудағы өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары» бойынша кранды тіркеу кезінде кран иесі толық техникалық куәландыру актісінің көшірмесін қоса беру керек.

Техникалық куәландырудың мақсаты:

-         жүккөтергіш машинасы және оның қондырғылары, талаптарға сай;

-         жүккөтергіш машинасы қауіпсіз жұмысты қамтамасыз ететін жағдайда;

-         иесі жағынан өндірістік бақылауды ұйымдастыру, талаптарға сай;

Жоғарыда көрсетілгендерді орындау үшін, толық техникалық куәландыру

кезінде тексеру, статикалық және динамикалық сынақтар өткізіледі. Жұмыс істеп тұрған күйінде оның механизмдері мен электржабдықтары, қауіпсіздік құралдары, тежеуіші, дөңгелектері мен жүргізу аппараттары тексеріледі, сондай-ақ жарық, дабыл қақышы мен габариттері тексеріледі.

Оның ішінде:

1)      жүккөтергіш машинасының  темір конструкцияларының  жай күйі,кабиналары, баспалдақтары, алаңдары мен қоршаулары;

2)      Ілгіштердің, дөңгелектердің, блоктардың, барабандардың, тежегіш элементтерінің күйі. Қорытылған металл мен сұйық шлакты тасымалдайтын  жүккөтергіш машиналарды ревизиялау - бұзылмайтын бақылауды қолдану арқылы өткізіледі. Бақылау қорытындылары кранның төлқұжатымен бірге сақталады. Бұзылмайтын бақылау кезінде ілгіште жарықтардың болмауы тексеріледі. Бұндай тексеріс 12 айда бір рет өткізіледі.

3)      Көтергіш механизмнің соңғы сөндіргіші қосылған кезде тіреу мен

              ілгіштің ара қашықтығы.

4)       Электр крандарындағы сымдардың  жерге тұйықталуы мен сымның

              тоқ айырылатын қабының күйі;

     5) Төлқұжатта көрсетілген крандардың балласт пен салмаққа массасының  сәйкестігі;

     6) Кран жолдарының жай-күйі мен қолданыстағы талаптарға сәйкес,

жүккөтергіш машиналарын пайдалану бойынша әдістемелік нұсқаулар;

7)  Арқандардың жай-күйі мен олардың  бекітілуі.

Кранды  толық техникалық куәландыру бойынша кешенді іс-шараны

өткізгеннен кейін, кран иесінің  кранды тіркеуге қоюға негізі болады және жұмыс істеуіне рұқсат беріледі.

Қауіпті машиналар көтергіш пайдалануға ең көп таралған қауіпті бірі болып табылады. Ең жиі қауіп тетіктерін көтеру дұрыс Чалочные жүк арқандар үзілуіне және істен байланысты. Қауіпсіздігі үшін, әрқашан крандарды Строповка және пайдалану ережелерін сақтауға, жұмысқа кран мен құрылғылардың сауалнама жүргізуге, қауіпсіздікті сақтауға. Жазатайым жағдайлардан крандар жиі авариялар өтпейді

Осы Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Азаматтық қорғаныс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 16 тармақшасына сәйкес әзірленген және жүк көтергіш механизмдерді жөндеуді, жаңартуды және пайдалануды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалардың жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.

 

 Көпір краны мен жылжымалы консолды кранды статикалық сынау мына жолмен жүргізіледі. Кран жолдарының тіреуіштерінің үстіне орнатылады, ал арбасы (арбалары)-ең үлкен майысуға жауап беретін жағдайға қойылады. Ілмекпен немесе оны ауыстыратын құрылғымен жүк ілініп алынады және 100-200 мм биікке көтеріледі, содан кейін сол күйінде 10 минут бойы ұсталады.

10 минуттың ішінде жүк  төмен түсіріледі, содан кейін  кран көпірінің қалдық деформациясының  ахуалы тексеріледі.

Тіреуіш және көпір кранын статикалық сынау көпір кранына жасалатындай болып жасалады және тиеледі; бұл жағдайда консолдары бар кранда әрбір консоль жеке-жеке сыналады. Кранды жүкпен сынаудың салдары болып табылатын қалдық деформация болған жағдайда, өнеркәсіп қауіпсіздігінің сараптамасын өткізгенге дейін, деформация себебін анықтағанға дейін және кранның әрі қарай жұмыс істеу мүмкіндігін анықтағанға дейін кран жұмысқа жіберілмейді.

Көпірлік крандарды иесінің шешімі бойынша кранда бар алаңшалардан құрылыс, бояу сылақшылық және басқа жұмыстарды жүргізу үшін пайдалануға жол беріледі. Бұндай жұмыстар рұқсаты наряды бойынша орындалады. Аталған жұмыстарды көпірден орындағанда жүктерді тасымалдауға арналған кранды пайдалануға жол берілмейді.

Информация о работе Көтергіш крандардың түрлері және оларға қойылатын талаптар