Тәрбиенің негізгі формаларына сипаттама

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2015 в 19:13, реферат

Описание работы

Мектеп пен жанұяның педагогикалық процесінде оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыру жүзеге асады. Педагогикалық процесті сауатты ұйымдастыру үшін мұғалім оның теориялық негіздерін түсініп, оның мақсаттарын, міндеттерін, мазмұнын, құралдары, формалары жэне әдістерін, тәсілдерін ажырата білуі керек.

Содержание работы

Тәрбие туралы түсінік
Тәрбиенің негізгі формалары
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

сро 1.docx

— 30.89 Кб (Скачать файл)

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Жаратылыстану ғылымдар факультеті

 

 

 

 

 

 

СРО №1

Тақырыбы:  Тәрбиенің негізгі формаларына сипаттама

 

 

 

 

 

 

Орындаған:    Е-213 топ студенті Абдрашева Г.

 

 

 

 

 

 

 

Семей 2015

Жоспар

  1. Тәрбие туралы түсінік
  2. Тәрбиенің негізгі формалары
  3. Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тәрбие –жеке тұлғаның адамдық бейнесін қалыптастырып, өмірге бейімдеу үшін жүргізілетін игі әрекет. Тәрбие-адамды қоғамдық өмірге және өнімді еңбекке дайындау мақсаты көздеп, жаңа үрпаққа қоғамдық тарихи тәжрибені беру процесі.

Мектеп пен жанұяның педагогикалық процесінде оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыру жүзеге асады. Педагогикалық процесті сауатты ұйымдастыру үшін мұғалім оның теориялық негіздерін түсініп, оның мақсаттарын, міндеттерін, мазмұнын, құралдары, формалары жэне әдістерін, тәсілдерін ажырата білуі керек.

Құралдары формалар мен әдістер педагогикалық процеске қатысушылардың іс-әрекетінің қозғаушы күші болып табылады, соның арқасында жеке тұлғаның қалыптасуы жүзеге асады (Н. Д. Хмель). 
Материалистік диалектика адам табиғатын биологиялык пен әлеуметтіктің (тұқымқалаушылық мүмкіндіктер мен әлеуметтік ортаның) бірлігі деп түсіндіреді. Адам, басқа да тіршілік иесі сияқты, табиғат және қоғаммен өзара әрекеттестікте болады, оларды өзінше қабылдайды, яғни осы әрекеттестіктің белсенді қатысушысы.

Қоршаған дүниені өзгерте отырып, адам өзін де өзгертеді (К. Маркс). Бұл ретте әр түрлі іс-әрекеттің орны ерекше. Адамның психикасы мен санасы қоршаған ортамен әрекеттестігі арқасында және нақты бір іс-әрекет барысында дамиды. Бұл ретте индивидумның іс-әрекеті жеке дара емес, басқа адамдардың (ата-ана, мұғалімдер, оқушылар т.б.) іс-әрекетімен тығыз байланыста жүзеге асады. Сондықтан жалпы адамзаттық мәдениетті игеру үшін бала қоршаған ортамен басқа адамдар арқылы әрекеттестікте болуы керек, яғни олармен қарым-қатынас жасауы қажет. Осылайша, іс-әрекет пен қарым-қатынас жеке тұлғаның қалыптасуының ең маңызды шарты болып табылады. Педагогикалық ықпал етудің амалдары да осылар. 
Педагогикалық ықпал ету тәсілдері дегеніміз жеке тұлғанын қоршаған ортамен мақсатты әрекеттестігін ұйымдастыруға жағдай жасау. Сондықтан педагогикалық құралға жеке тұлғаның әрекеттестік жасайтын ортасы (табиғи, әлеуметтік, материалдызқ, рухани) және осы әрекеттестікті ұйымдастыратын іс-әрекеттің түрлері (қарым-қатынас, таным, ойын, еңбек, т.б.) жатады

  Педагогикалық құралға қатысушылардың іс-әрекеті мен қарым-қатынасы педагогикалық ықпал ету арқылы жүзеге асады. Оқу-тәрбие процесінің субъектілері-әрекеттестігінің формалары мен әдіс-тәсілдер арқылы шешілетін белгілі бір мақсаттары мен міндеттері, тиісті мазмұны бар, логикалық тұрғыдан аяқталған, белгілі бір уақыт аралығындағы педагогикалық процесс.

Ұйымдастыру формалары тұтас педагогикалық процеске қатысушылардың қарым-қатынасы мен әрекеттестігінің тәсілі ретінде де қарастырылады. Педагогикалық процестің ұйымдастыру формаларын былай жіктеуге болады:

— қатысушылар құрамы (жеке даралық, шағын топтық, топтық, ұжымдық, жаппай);

— тұтас педагогикалық процестің оқу жұмысында қолданылуы (сабақ, семинар, факультатив, экскурсия);

— таным іс-әрекетінің сыныпта және сыныптан тыс уақыттағы байланысы (бірлесіп жасайтын жұмыс, аз топпен жұмыс, білімді тексеру, оқу жағдайындағы кездесу т.б.)

— оқушылардың сыныптан тыс іс-әрекеті кезіндегі өзара әрекеттестігі (ертеңгілік, пәндік кеш, конференция, олимпиада т.б.).

Тəрбие жұмыстары формаларын түрліше топтастыру мүмкіндіктері бар. Бір форманың басқаларынан ерекшеленуі төмендегі шарттарға тəуелді: 
- уақыт ұзақтығы: қысқа мерзімді (бірнеше сағат, минут); ұзаққа созылған (бірнеше күн, апта);

- тəрбиеленушілер  қызметтерінің түрі: оқу, еңбек, спорт, көркем өнер; 
- педагогтың ықпал жасау тəсілі: тікелей, жанама; 
- нəтиже: ақпарат алмасу, жалпы тұжырымға келу, қоғамдық мəнді өнім; 
- қатысушылар саны: жеке-дара (тəрбиеші –тəрбиеленуші), топтық (тəрбиеші –оқушылар тобы), жаппай көпшілік (тəрбиеші –бірнеше топ) формалары. 
Қатысушылар санымен ажыралған тəрбиелік жұмыстардың кейбір формаларының ерекшеліктерін қарастырып көрейік.

Жеке-даралықты тəрбие формалары: əңгімелесу, сыр бөлісу, кеңес беру, пікір алмасу, нақты жұмыс бойынша жеке жəрдем, проблема шешімін бірлікті іздестіру. Тəрбиеші міндеттірі: оқушы мүмкіндіктерімен танысу, оның талантын ашу, бала мінезіндегі барша құндылықты бітістер мен дамуына кедергі қасиеттерді байқау. Ұжымдық шығармашыл жұмыстар формалары: дəстүрлі тапсырмаларды кезегімен ауыстырып бару, сюжетті-ролдік ойындар, ұжымдық жоспарлау, бірлікті талдау. Топтық тəрбие формалары: іс-шаралар кеңесі, шығармашылық топтар, өзіндік басқару кешендері, шағын үйірмелер. Тəрбиеші міндеттері: əр оқушының өзін танытуға жəрдемдесу, топ мүшелерінің бəріне бірдей мəнді нəтижеге жету жағдайларын жасау. Ұжымдық тəрбие формалары: конкурстар, сахналық қойылымдар, əн-күй кештері, үгіт бригадалары, саяхат-шерулер, спорт жарыстары. Тəрбиелік іс-əрекет формаларының əрбіріндегі тəрбиешінің ролі мен орны əрқилы. Олар тəрбиеленушілердің жас ерекшеліктеріне, тəрбие мақсаттарына байланысты.

Тəрбие жұмысының формасы ұжымдық шығармашылық түрінде болуы мүмкін. Мұндай ұжымдық шығармашылық қызметтер барысында тəрбиеленушілер ересектермен бірлікте жəне олардың басшылығында жаңа тəжірибелер жасайды, бұрын игерген білім, ептіліктерін қолданады, жаңа ғылыми ақпараттар топтайды. Ұжымдық шығармашылық жұмыстар əдістемесі негізін қызметтестік, ұжым мүшелерінің бірлікті істері, көппен бірге жоспарлау, жұмысты өткізу жəне бағалау, өмірлік маңызды міндеттер шешімін табудың ұтымды жолдарын іздестіру құрайды

Ұжымдық шығармашыл жұмыстарды дайындау жəне өткізу бірнеше кезеңнен тұрады.

Бірінші кезең – уақытша ынталы топ құрылады. Ол алдағы жұмыстарды жоспарлайды.

Екінші кезең – басқарушы топ алдағы жұмыстардың бағыттарын белгілейді, қатысушылар өз ұсыныстарын береді, ұсыныстар талданады, ниетке алынған істердің жалпы бағдарламасы пайда болады.

Үшінші кезең – ойға алынған істердің орындалуына қажет дайындық жұмыстарының , құрал-жабдықтардың, материалдардың тізімі жасалады. 
Төртінші кезең – тапсырмалар бөлістіріледі, тəрбиеленушілердің баршасын түгелдей қамтыған жеке-дара, топтық, ұжымдық іс-шаралар жүктеме ретінде тапсырылады.

Бесінші кезең – тəрбиеленушілердің бəрі өз борышына алған шығармашыл жұмыстарды дайындауға кіріседі.

Алтыншы кезең – дайындалған тəрбиелік шығармашыл іс өткізіледі. 
Жетінші кезең – тəрбиелік іс-шара өткізілгеннен соң ынталы топ жəне ұжым мүшелерінің қатысуымен көзделген бағдарламаның орындалуына ұжымдық талдау беріледі, сапасы бағаланады.

Аталған жеті кезеңнің əрқайсысының орындайтын өзіне тəн міндет, қызметі бар. Атап айтсақ, бірінші кезеңде - өзіндік басқару кешенін түзу тəжірибесі қалыптастырылады, тəрбиеленушілер өз тұлғалық қасиет-сапаларын бағалауға үйренеді; екінші кезеңде –топтық жоспар жасау қабілеттері дамиды; үшінші кезеңде –қызмет бабына, іскерлікке дағдыланады, табыс берер шарттарды көрегендікпен тануға баулынады; төртінші кезеңде - əлеуметтік тəжірибе қалыптасып, тұлғаның ұйымдастырушылық сапалары тұрақтанады; бесінші кезеңде – танымдық, ұйымдастыру, тақырыптық, ой-пікірлерін хаттау, іс-шараға сай безендіру əрекеттері нығайып, тəрбиеленушілердің өзара қатынастарынан іскерлік сапалары байи түседі; алтыншы кезеңде - əртүрлі ұжымдық, топтық, дара жұмыстарға араласа отырып, тəрбиеленуші өзінің тұлғалық деңгейін көтереді. Жетінші кезеңде - өз əрекеттері мен ептіліктерін сын көзбен саралаумен өзіндік бағалауға үйренеді.

Ұжымдық шығармашыл іс-əрекеттерді ұйымдастырушының төмендегі технологиялық ұстанымдарды ескергені жөн:

- ұжым  мүшелерінің саны 7-9-дан 25-30 адамға  дейін болуы мүмкін. Қатысушылар  саны шектен тыс көбейіп кетсе, іс тиімділігі күрт төмендейді;

- ұжымдық  шығармашыл жұмысқа қатысушылардың  жеке тұлғалық даму мақсаты  басты назарға алынуы шарт;

- шығармашыл  мəселе, міндеттер тəрбиеленушілердің  өздері тарапынан анықталып, белгіленгені  дұрыс;

- əрбір  тəрбиеленушіге өз қызығулары  мен тілектеріне сəйкес жұмыс  түрлерін таңдау мүмкіндігі беріледі. Жоғарыда баяндалған технология форма тұрғысынан əрқилы тəрбиелік шараларды өткізуде пайдаланылуы мүмкін (əртүрлі тақырыптағы сынып сағаттары; конференциялар; поэзия, əн-күй, би; ауызекі журналдар; конкурстар; əйгілі адамдармен кездесу; құрбы-құрдастарымен, мектеп түлектерімен дидарласу жəне т.б.). Соңғы жылдары тəрбиелік жұмыстардың келесідей формалары кең тарап, мектеп тəжірибесіне енуде: Көпшілік тыңдарман тəрбиеленушілерге арналған дəрісбаяндар : əдемі əрі сəнді жағдайда 15-20 минут аралығында ұсынылатын қызықты да тосын мысал, деректерге бай жарқын ақпарат тəрбиеленушілердің баяндалып жатқан құбылыс не оқиғаға болған көзқарас, қатынасын жаңа қырынан қалыптастыруға мүмкіндік береді. «Сократтық сұхбат» - кезегімен қосымша сұрақтар қоя отырып, оларға жауап тауып, қойылған проблеманың көптеген балама шешімдерін кеңінен қарастырумен біртіндеп шындыққа жету жолы. Ашық микрофон формасы қоғамдық өмір проблемаларын талқылау үшін қолданылады.

  Фəлсафалық бас қосу – тəрбиеленуші өмірінің мəн-мағынасын тереңдей түсінуге арналған ғұламалық сұхбат-кеңес. Белгілі тақырып бойынша пікір-сайыс – екі топ кезегімен ой толғаныстарын ортаға салып, өз жобаларын қорғайды. Интеллектуалдар саудасы – ақыл-ес əрекеттерін жарыстырудың ойын формасы. Ұсынылған «тауарды» – кітап, сурет, күйтабақ, қолөнер туындысы жəне т.б. «сатып алу» үшін, қатысушы қалаған затына байланысты өз білімдерін жария етуі тиіс. 
Мамыра жай əңгіме- сезім төрінде жатқан құпия көңіл сырларын бөлісу, тəлімдік мазмұнды өмір құндылықтары жөнінде сұхбат. 
Даналар күні – арнайы күні, ұлы ғұламалар мерейтойларына орай өткізілетін танымдық, құндылықты бағыт беретіндей қызықты да мазмұнды шара. 
Кесірлі дөңгелек стол – алдын ала жинақталған пікір таласты материалдар негізінде заманның көкейкесті проблемалары жөніндегі тəрбиеленушілердің пікірін біліп, олар бойынша талдау салуға арналған сөз-жарыс.

 Тәрбиенің  негізгі формаларын схема түрінде  көрсетсек келесідей болады 


Жеке-даралық тәрбие формалары


 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1.Әбенбаев  С.Ш. Тәрбие теориясы мен әдістемесі.Оқу  құралы.–Алматы.: Дарын, 2004 ж  

2.Сынып  жетекшісі. Әбенбаев С.Ш. Алматы, 2003.

3.Сынып  жетекшісі Қожахметов К. Алматы, 2001.

4 Болдырев Н.И. Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы.  -А.: Мектеп, 1987 ж

 

 


Информация о работе Тәрбиенің негізгі формаларына сипаттама