Роль семьи в обществе

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2010 в 14:46, Не определен

Описание работы

Что такое семья? Каковы её признаки? Какую роль играет семья в обществе? Вопросы пытались решить мыслители всех эпох, начиная с самой древности.

Файлы: 1 файл

хиуаз.doc

— 97.00 Кб (Скачать файл)

Марқұм Қайыр  атаның алдыңғы Мерует анадан көрген Хиуаз, Белмерген, Марат, Алма есімді төрт перзенті болған. Қазір бұлардан тек  Алма ғана арамызда бар, Алматыда тұрады. Белмергеннен туған бір немересі 2004 жылдарда Қапшағай қаласы әкімінің орынбасары дегенді естігенмін. Ал Хиуаз апа мен ері Әміров Шәку ақсақалдан туған Ерболат атты ұлдары математиканың білікті маманы, Қ.Сәтбаев атындағы Ұлттық техникалық университетінің оқытушысы. Ерболат пен Иринадан екі немере бар.

Қазақтың қыран  қанат қаһарман қызы атанған Хиуаз Доспанова жөнінде әзірге айтар мағұлматымыз осындай. Мұны толықтыратын, тыңнан қосатын кезеңдер де келер. Таяуда бір басқосуда аудан әкімі Аманжан Такешев мырзаның айтқан қорытынды сөзі ұлағатты істің үлкен бағытын байқатты. «Бұл мәселе кезеңдік, болмаса бірер жылдың көлемінде тындыра салатын шаруа емес. Хиуаз Доспанованың есімі ұрпақтан-ұрпаққа биік тұлғасымен жететіндей жұмыстар жасалуы керек. Облыс басшылығына қоятын тілегімізді де жеткізерміз, өзіміз де бар мүмкіндікпен ойластыра қызмет етерміз. Бұл мәселені енді жиналыстарда талқылаудың қажеттігі туындамас деп ойлаймын. Ал «Халық қаһарманының» атын беретін мәселені кейінге қалдыра тұрайық», – деген еді. Әрине, Хиуаз Доспанованың есімін мәңгі сақтау шешімін жоғары жақ жүзеге асыратыны заңды жағдай ғой. Солардың құлағына өзінің кіндік қаны тамған топырақ, анасы партком, әкесі колхоз бастық болып қызмет жасаған Киров селолық округіне Хиуаз Доспанованың есімін берсе деген жерлестерінің тілегі жеткізілер деген үміт барын жасырмадық.

Қазақ халқының айбынын аспанға асырған бір батыр қызы дүниеден өтті. Дәл жиырма жасында ерлік даңқы әлемді таңдандырған ержүрек пенденің кәрілік құшағына жеткен шақтағы қазасы тым-тырыс қайғылы көріністе қалды. Қазақ әйелдерінен «Халық қаһарманы» атанған жауынгер ананы біреулер білді, біреулер түсінбей қалды. Бұл – заңды көрініс еді. Бұдан 65 жыл бұрынғы ол жасаған ғаламат ерлік оқиғалары осы кезге дейін бәз-баяғы қалпында қалай сақталар! Қан майданда болған жағдайларды көзімен көргендер мен танып-білгендердің барлығы дерлік енді арамызда жоқ. Оған қоса сол соғыс салған жарақаттардың ауыр зардаптарынан қазақтың батыр қызы 1959 жылы 37 жасында бірінші топтағы мүгедек есебінде ғұмырлық зейнеткерлікке шықты. Сөйтіп Хиуаз Доспанованың жабырқау жағдайындағы жаралы көңілін жұбатқан жылымық тіршілігі басталды. Бұл көрініс бақандай 49 жылға жалғасты. «Елу жылда ел жаңа» дейтіннің кері келгендей еді. «Қанатты қыздың» соғыстағы қыран қимылы өз алдына, тіпті жеңістен кейінгі он шақты жылдардың ішінде оның Қазақстан Комсомолы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болғаны, партияның Орталық Комитетінде қызмет жасай жүріп Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының хатшысы болғаны, Алматы мен Мәскеудің жоғары партия мектептерін оқып бітіргені, басқа да партиялық жауапты қызметтерде болғаны заулаған жылдар ағынымен өз-өзінен біртіндеп ел есінен кете бастағандай еді. Оған қоса қайсар Хиуаздың от үрлеп тұратын мінезіндегі өжеттігі, өрлігі, қаталдығы мен «қиқарлығы» өзінің атақ-даңқын айбындататын асуларын алыстатып жіберді. Тегінде, кез-келген адам батыр бола алмайтын сыңайлы. Әйтпесе, сұрапыл соғысқа қатысқан мыңдаған, миллиондаған жауынгерлердің барлығы бірдей батырлар сапынан көрінер еді. Батыр Бауыржанның мінезін көп айтып, көп жазып келеді. Ол мінез оған үйлеседі, ерлік істер өз-өзінен жасалмайтынын айғақтайды. Ал батыр қыздың бойындағы дәл сондай өрлік пен өжеттікті, қайсарлық пен қаталдықты, ақылдылық пен айбындылықты кезінде танып түсіндік пе? Хиуаз Доспанованың ғұмырлық мүгедектік зейнеткерлікке шыққаны өзіне қатал рухани соққы болды. Ол жиырма жылдай мезгіл тар бөлмедегі тұйық тіршілігінің түндігін ашпауға тырысты. Бағзы біреулердей, «мен қайда қалдым, мені неге айтпайсыңдар, неге жазбайсыңдар» деуді туа біткен қатал мінезі қаламады. Өзінің күш-қуаты барында 1960 жылы «Под командованием Расковой» (орыс тілінде), 1963 жылы «Халқым үшін» деген (қазақ тілінде) майдан естеліктерін ғана жазумен шектелді. Хиуаз Доспанованың ерлік эпопеясы осымен тұйықталғандай еді. Әлде осылай мәңгіге ұмыт болар ма еді, қайтер еді. Егер тәуелсіздік алған еліміздің көреген басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақтың батыр қызына «Халық қаһарманы» атағын беріп, қайсар ананы қайтадан қатарға қоспағанда!

Сөйтіп, «қанатты қыздың» халқымен қайта табысатын  заманы келді. Енді келер ұрпақ қазақтың батыр қызы жайлы нені танып, нені білуі керек. Осы салада кеңесетін, келісетін шаруалар бар сияқты. Рас Хиуазды мәңгілік есте қалдыратын ескерткіштер, басқа да үйлесімді жұмыстар жасалар. Оған облыста, аудандарда ойластырылып жатырған істер барынан хабардамыз.

Олардың барлығы  бірер жылдың бітірер жұмыстары емес, халқымен мәңгі бірге болатын батыр қыздың мадақ-марапаты ғасырларға жалғасатынына шүбәміз жоқ.                    
 
 
 
 

       Қ.Смағұлов атындағы орта мектеп 

  ШЫҒАРМА 
 

  Тақырыбы:  Аб

                

                    

  Орындаған: 9 б  сынып оқушысы Сүгірова.Ә

                   

 

  Тексерген:   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                             Атырау- 2010 оқу жылы 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Роль семьи в обществе