Мектепте психологиялық қызметінің
мәні.
Ертеңгі күннің бүгінгідей
нұрлы болуына ықпал етіп, адам баласын
алға жетелер құдіретті күштің бірі білім
болса, сол білім діңгегінің сапалы болуы
үшін жас ұрпақты оқытып, тәрбиелеу ұлттық
негізінде жалғасын табуы тиіс. Қай кезеңде
болмасын жас ұрпақтың өнеге тұтар өзіндік
ұлттық-тәрбиесі болатыны да анық.
Ендеше егеменді еліміздіңболашақ
ұрпақтарының счана сезімін, ұлттық психологиясын
ата-бабаларымыздың салт-дәстүрлерімен
сабақтастыраотырып тәрбиелеу қазіргі
күннің ең өзекті мәселесінің бірі деуге
болады.
Ұлттың болашағы-ұрпағында
болса. Ұрпақтың тәрбиесі – ұстаз қолында.Ал
ұстаз мұраты- жетілген, толыққанды, жан-жақты
дамыған азамат тәрбиелеу. Осы орайда
«Баланы жан-жақты етіп тәрбиелеу үшін
оны жан-жақты білу керек» деген белгілі
психолог К.Д.Ушинскийдің пікірі педагогикалық
іс-әрекеттің психологиялық қызметпен
тығыз қарым-қатынаста болу керектігін
дәлелдегендей.
Психологиялық қызметтің жұмысының
тиімділігі-балалар мен жас өспірімдердің
психологиялық және психологиялық тұрғыда
толыққанды жеке адам болып қалыптасуына,
олардың қабілеттілік деңгейлерін, бейімділігін,
шығармашылығын, таным үрдістерінің даму
деңгейін, жас ерекшеліктеріне байланысты
даму кезеңдеріндегі кездесетін қиындықтардың
алдын алуға мүмкіндік беріп, қоршаған
ортадағы адамдармен дұрыс қарым-қатынас
жасауға бағыттап, баланың мүмкіндіктеріне
жол аша алады жәнемұғалім қолында жеке
тұлғаның мүмкіндігі туралы құнды деректер
береді.
«Білім туралы» заңда білім
берудегі міндеттерінің ішінде ең маңыздылығының
жеке тұлға ретінде қалыптастыруда және
дамыту туралы айтылады.
Мемлекеттіміз бәсекелестікке
қабілетті 50 мемлекет қатарына кіру үшін
балаларымыз дүниежүзілік білім кеңістігінде
өз білімі, қабілеті, еңбекқорлығымен
өз орнын табу керек. Міне, осы міндеттерді
орындауда жас ұрпаққа, мұғалімдерге,
ата-аналарға мектепте жүргізілетін психологиялық
қызметінің рөлі зор.
Мектептегі психологиялық
қызмет нәтижелі көрсеткіштерге жету
үшін мектептің шығармашылық тақырыбына
сай барлық іс-әрекеттер 4 бағыт бойынша
жүргізіледі.
1.Психологиялық зерттеу
бағыты.
Мақсаты: Тұлғаның жеке және
жас ерекшеліктеріндегі өзара әрекет
ерекшеліктерін таным процестерінің
дамуын зерттеу.
2.Психологиялық түзету, теңестіру
және дамыту бағыты.
Мақсаты: Оқушының психикалық
және тұлғалық дамуындағы ауытқуларыды
болдырмау, оқу дағдысымен біліктілікті,
білімділікті дамыту.
3.Психологиялық кеңес
беру бағыты.
Мақсаты: педагогикалық үдеріске
қатысты мәселелерді шешуге көмек көрсету.
4.Психологиялық ағарту
бағыты.
Мақсаты:Педагогикалық үдеріске
қатысушылардың психологиялық мәдениеттің
психология ғылымына толық мағлұмат
беру, психологиялық
жұмыстары жүргізу.