Кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Ноября 2011 в 07:25, реферат

Описание работы

Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 6 - наурыздағы №3398 «Шағын кәсіпкерлікті дамытуды белсендету және мемлекеттік қолдауды күшейту шаралары туралы» және 1998 жылғы 27-сәуірдегі №3928 «Жеке және заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне деген құқығын қорғау туралы» жарлықтары кәсіпкерліктің дамуына жаңа күш берді.

Содержание работы

КІРІСПЕ……………………………………………………………….3
І - БӨЛІМ. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны………………………..6
1.1. Кәсіпкерліктің мәні, экономикалық негізі……………...……6
1.2. Кәсіпкерліктің түрлері…………………………………………10
1.3. Кәсіпкерлік тәуекелдің мәні және түрлері…………….…….12
ІІ - БӨЛІМ. Кәсіпкерлік бәсекелестік, франчайзинг жүйесі….14
2.1. Бәсекелестіктің мазмұны және түрлері……………………...14
2.2. Монополияға қарсы мемлекеттік реттеу……………………16
2.3. Франчайзингтік қатынастар жүйесі…………………………19
ІІІ - БӨЛІМ. Кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеу……………...24
3.1. Кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеудің қажеттілігі………..24
3.2. Мемлекеттің кәсіпкерлік ісіне араласу жағдайы, себептері………………………………………………………………28
3.3. Қазақстандағы кәсіпкерлікті басқару……………………….30
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………35
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………………

Файлы: 1 файл

Документ WordPad.doc

— 362.62 Кб (Скачать файл)

Қазақстандық кәсіпкерлер үшін халықаралық франчайзинг ең алдымен біріккен кәсіпорын, лицензия сатып алу, тікелей инвестиция және мемлекеттік деңгейдігі келісім түрінде болуы мүмкін. Көп нәрсе осы бағтта іске асырылуда, бірақ өкінішке орай батыс бизнесмендерінің қолдарындағы Қазақстан нарығы оның әлеуеті мен дамуы туралы алған мәліметтері аз. Шетелдік франчайзерлер үшін арзан жұмысшы күші мен жоғары білікті мамандардың болуы, қолда бар ресурстар, оңтайландырылған инфрақұрылым, саяси тұрақтылық және кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік саясат ұтымды факторлар бола алар еді.

Шағын бизнестің негізін қалаудың төртінші жолы - бір отбасы мүшелерінің күшімен негізі қаланып, жұмыс істеп жатқан отбасылық бизнес. Отбасылық бизнестің көбісі - шабын, бірақ отбасылық бизнестің ірі кәсіпорынға айналып, отбасылық болып қала беретін мысалдары да іс жүзінде аз кездеспейді.

Кез келген отбасылық бизнес - бұл отбасы мен бизнестің симбюзы. Отбасының мақсаты - балаларды тәрбиелеу және отбасы мүшелеріне қарау. Бизнестің мақсаты - өндіріс жолымен немесе тауар сатып, қызмет көрсетіп пайда табу. Бұл екі мақсат көбінесе бір-бірін толықтырып отырады, бірақ ұрыс-керіс жағдайлар да болуы мүмкін. Менеджер қызметкерді жұмысқа кешігіп келгені үшін сөгуі мүмкін, бірақ сол кешігіп келген қызметші өз отбасының мүшесі болса, онда бұл проблематикалық жағдайға айналады.

Отбасылық бизнестің басты артықшылығы - кез-келген қиыншылықтарға қарамастан бизнесті жүргізуге көмектесетін туыстық байланыстың беріктігі. Отбасы мүшелері бизнесті ағымдағы қажеттіліктері үшін өздерінің еңбек ақылары мен дивиденттерін жиі құрбан етеді. Жұмысқа берілгендік, жоғары әдептік нормалар, тұтынушылар үшін тікелей жауапкершілік - отбасылық бизнестің негізгі критериялары екендігі белгілі. Кәсіпорын отбасылық бизнестің тағы бір артықшылығына, ірі корпорацияларымен салыстырғанда жұмысшыларға қарау деңгейінің жоғарылығы жатады.

Отбасылық бизнес кәсіпорындары көлемдері бойынша, ұсынатын өнімдері мен қызмет түрлері бойынша әр алуан болуымен ерекшеленеді. Отбасының бизнеске қатысу деңгейі бойынша былай айыруға болады:

      толығымен отбасы басқаратын және бақылайтын бизнес.

      Отбасы бақылайтын, бірақ маман менеджерлер басқаратын бизнес.

      Отбасы тарапынан басқарылмайтын бизнес.

    Франчайзингтік қарыматынастардың терминологиясы  

Термин Анықтама
1 Франчайзинг Бір тарап (франчайзер) өз құқықтарының бір бөлігін (сауда маркасын, технология, «ноухоу» өнімдерін және т.б.) екінші фирмаға (франчайзи) белгілі төлемақыға беретін екі тарап арасында келісімнің жасалуын ұйғаратын нарықтық өзара қарыматынас жүйесі.
2 Франчайз Құқық беретін (франчайзер) фирма мен осы құқықтарды алатын (франчайзи) фирма арасындағы арнайы келісімде ескерілетін құқықтар.
3 Франчайзи Арнайы келісімде анықталған құқықтарды алатын кәсіпорын.
4 Франчайзер Өз құқықтарын басқа кәсіпорынға беретін кәсіпорын.
5 Франчайзингтік шарты Франчайзи мен франчайзер арасындағы заң және құжат.
6 Франчайзингтік өнім және сауда маркасы Бұл франчайзердің франчайзи фирмаға пайдалалануға беретін құқықтары, өнім және сауда маркасы
7 Бизнестің Франчайзингтік моделі Франчайзер пайдалану құқығын тең өнімге, қызмет көрмсету, сауда маркасына ғана емес және де бизнес концепциясының өзін де беретіндігін көрсететін келісім.
8 Бөлшек Франчайзинг Ірі дүкендердің (франчайзер) бөлшек сауда құқығын басқа фирмаға (франчайзи) беруі.
9 Франчайз сатылымы бойынша қызмет Франчайзерлер мен қажетті кеңестерді жүзеге асыру және оларға франчайзингтік операциялар құқығын беретін лицензия сату жүргізу мақсатында франчайзер атынан әлеуетті франчайзерлерді іздестірумен айналысатын фирма немесе жеке агенттер.
10 Мультифранчайзи Фирма франчайзи, өз кезегінде, бірнеше бөлімдерден тұрғанда және франчайзингтік қарыматынастардың жүйесін өзінің барлық бөлімдеріне таратқанда пайда болады.

Информация о работе Кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеу