Адам үш түрлі қартаяды

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2016 в 21:38, реферат

Описание работы

Геронтология (грекше geron және logos – ілім) – адамның және жануарлар организмінің қартаю заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Егде тартқан және қартайған адамдардың ауруларын клиникалық медицинаның гериатрия (грекше geron және іatreіа – емдеу) деп аталатын бөлімі зерттейді. 20 ғасырдың 30–40-жылдары Қазақстанда қариялар мен мүгедектер үйі, геронтологиялық және гериатриялық кабинеттер (Алматы, Қарағанды, т.б.), ауруханаларда гериатриялық бөлімдер ашылды, жүйелі зерттеулер жүргізіле бастады

Файлы: 1 файл

МБГ СӨЖ Фарида Қартаю механизмдері.docx

— 111.21 Кб (Скачать файл)

 

МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН

МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

                                            

 

 

БІЛІМ АЛУШЫНЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ

 

 

Мамандығы:___________________________________________________

Дисциплина:__________________________________________________________________________________________________________________

Кафедра:_______________________________________________________

_______________________________________________________________

 Курс:  _________

Тақырыбы:___________________________________________________________________________________________________________________

Орындалу түрі:_________________________________________________

 

 

 

                                                        Орындаған:  ________________________

 

                                                       Топ:________________________________

 

                                                       Тексерген:___________________________

 

                                                         Бағасы:_____________________________

 

                                                        Оқытушы қолы:______________________

 

                                                        Күні:_______________________________

 

 

Ақтөбе  2016 жыл

 

 

Геронтология

        Геронтология (грекше geron және logos – ілім) – адамның және жануарлар организмінің қартаю заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Егде тартқан және қартайған адамдардың ауруларын клиникалық медицинаның гериатрия (грекше geron және іatreіа – емдеу) деп аталатын бөлімі зерттейді. 20 ғасырдың 30–40-жылдары Қазақстанда қариялар мен мүгедектер үйі, геронтологиялық және гериатриялық кабинеттер (Алматы, Қарағанды, т.б.), ауруханаларда гериатриялық бөлімдер ашылды, жүйелі зерттеулер жүргізіле бастады. Бұл зерттеулердің нәтижесінде қартаюдың әлеуметтік -гигиеналық себептері мен клиник. белгілері анықталды; адам жасының ұлғаюына байланысты жүрек пен қан тамырларында пайда болатын өзгерістер зерттелді; егде тартқан және қартайған адамдардың әдетте байқалмайтын жүрек ақауларына сипаттама берілді. Физиологиялық және биохимиялық көрсеткіштердің қалыпты деңгейі анықталып, егде тартқан және қартайған адамдардың денсаулығын тексеру әдістемесі ұсынылды. Кейбір дәрілердің қартайған организмге тигізетін әсері, вегетативтік жүйке мен лимфа жүйесіндегі морфологиялық және гистохимиялық өзгерістер зерттелді.

       Қарттар мен егде жастағы адамдардың психикасы мен мінез-құлық ерекшеліктерін, жас психологиясының бір саласы геронтологиялық психология зерттейді. Ол қартаюдың белгілерін, яғни адам организмінің функционалдық мүмкіндіктерінің (сыртқы әсерлерді қабылдауы көмескіленіп, қимыл белсенділігі баяулауы, күш-қуатының азайып, денсаулығының нашарлауы) біртіндеп төмендеуін қарастырады. Психика функцияларындағы (зерде, ес, зейін, т.б.) өзгерістер бір жақты ғана байқалады. Қарт адамдардың психикасына интеллектуалдық және эмоционалдық «ішкі әлемге кету», өткізген өмірін бағалау мен ұғынуға байланысты қайғыру, өміріндегі басты мақсаттары орындалмаса, өкіну, түңілу сияқты қасиеттер тән болады. Алайда қартаюды тек регрессивтік құбылыс деп қарамау керек. Қартаю дамудың бір кезеңі. Бұл кезеңде адамның рухани жетілу деңгейі жоғары болады. Мысалы, қанағаттану, парызын өтеген жағдайда өмірге ризашылық, мейірімділік, т.б. қасиеттермен қатар кемелденген адамдардың даналыққа жетуі – осы қартаю кезінде орын алатын құбылыс. Қарт адамның шығарм. белсенділігі жоғары болатындығы жиі байқалады. Қартаюдың психикалық ерекшеліктері мен өзгерістеріне ерте кезден назар аударылса да, Геронтология ғылыми пән ретінде егде жастағы адамдардың көбеюі, олардың жұмысқа қабілеттілігі мен тұрмыс жағдайының, сондай-ақ іс-әрекетінің сипаты мен құндылықты бағдарларының өзгеруіне, яғни жеке адамның даму мәселелеріне, т.б. байланысты пайда болды. Геронтологияның қазіргі кездегі негізгі міндеттеріне адамды кәрілікке дайындау, егде жастағы адамдар мен қарттардың белсенді әрі толық өмір сүруі амалдарын зерттеу, т.б. жатады.

       Қартаю – негізінде атрофиялы және дегенеративті процестер жатқан онтогенетикалық дамудағы заңды жаплылама процесс. Қартаю кәріліктен бұрын басталады. Қартаюды негіздейтін маңызды фактор протоплазманың өзіндік жаңару қарқындылығының төмендеуі болып табылады. қартаю процесі кезінде репродукцияға, синтезге және қайта қалпына келуге қабілетті генеративті белоктардың (нулеопротеидтер) көп дәрежесі репродуктивті қабілеті жоқ функционалды белсенділігімен алмастырылады. Жас келе органзмнің синтетикалық мүмкіншіліктері әлсірейді және бұл синтездің реттелуі нашарлайды.

Қартаю процесі кезінде протоплазмалар нуклеопротеидтерді, нуклеин қышқылдарын және белок синтезінің және жоғары өзіндік жаңару қабілетімен сипатталатын басқа компоненттерді жоғалтады. Қартаю атрофиялық және дегенеративті өзгерістермен (тірек-қимыл аппаратында, бұлшық еттерде, эндокринді жүйелерде ж.т.б.), сонымен қатар организмнің барлық жүйелерінің функционалдық қабілеттілігінің әлсіреуімен жүреді. Қартаюдың сипаты мен дәрежесі организмнің әр түрлі жүйелерінде әркелкі білінеді.Функционалдық және биологиялық тұтастығын жеткілікті ұзақ сақтайтын жүйке ұлпасы қартаю процесіне аз дәрежеде ұшырайды.Қартаю процесі кезінде маңызды өзгерістер асқорыту жүйесінде байқалады. Иіс сезу луковицалары, дәм сорғыштар және сілекей бездерінің белгілі бір бөлігі атрофияланады, яғни ұлпалардың біраз бөлігі дәнекер және май ұлпаларымен алмастырылады. Атрофиялық процестердің нәтижесінде асқазанның шырышты қабаты жұқарады, ал оның клеткасы төмен ажыратпалы және өте қарапайым болғандықтан, асқазанның секреторлық және моторлық функциясының төмендеуіне алып келеді. Асқазанның шырышты қабатының осындай өзгерістері 60 жастан жоғары адамдардың 80%-де байқалады. Қартаю кезінді асқорыту функциясының маңызды бұзылыстары болып асқазан сөлінің қышқылдылығының төмендеуі, ферменттердің концентрациясының төмендеуі және олардың белсенділігінің түсуі саналады. Асқазан сөлінің секрециясының төмендеуі, тұз қышқылының бөлінуі тоқтағанға дейін әлсіреуі және пепсиннің ферментативті белсенділігі асқазанның қортуының функционалдық қабілетіне, сонымен бірге шіріген микроорганизмдері жылдам жоғарылайтын ішек микрофлорасының сипаты мен жағдайына әсер етеді. Бұл өзгерістер ішекте шіріген өнімдердің жоғары түрде түзілуі мен сіңірілуіне алып келеді. Бұдан басқа, асқазан сөлінің қышқылдылығының төмендеуі ішек микрофлорасының қалыпты орналасуы емн функциясының бұзылуын шақырады. Сонымен, асқазанда тұз қышқылының болмауы және асқорыту сөлдерінің ферментативті белсенділігінің төмен деңгейінің нәтижесінде асқазан-ішек жолдарының жоғарғы бөлімінде асқорытуға қатысуға қабілетсіз және олардың жеке процестеріне теріс әсер ететін, оларға тән емес микроорганизмдер түрі пайда бола бастайды. Қартаю кезінде ұйқы безінде де өзгерістер пайда болады, нәтижесінде онымен өндірілетін ферменттердің саны мен белсенділігі төмендейді. әсіресе ұйқы безінің протеолитикалық (белоктарды қорытатын) және төмен дәрежеде амилолитикалық (көмірсуларды қорытатын), липолитикалық (майларды қорытатын) сөлдердің белсенділігі төмендейді.

Бауырда бауыр балкалары жұқарады, гепатоциттер созылған, яғни атрофиялық өзгерістер және дегенерация байқалады. Компенсаторлы реакциялы сипаттағы 2 ядролы клетка орын алады ж.т.б. Бауырдың гликоген түзу фукционалдық қабілетінің төмендеуі, сонымен қатар олардың белокты-синтетикалық және антитоксикалық функциясының төмендеуі байқалады. Қартаю кезінде аш және тоқ ішектің шырышты қабаттарында салыстырмалы түрде біраз өзгерістер байқалатынын айта кету керек. Қартаю процесі кезінді асқорыту жүйесі асқорыту мүшелерінің функционалдық қабілеттілігіне, сонымен қатар егде және кәрі адамдардың тамақтануын ұйымдастырған кезде ескерілетін тамақтық заттардың сіңірілуіне теріс әсер ететін өзгерістерге ұшырайды. Қартаюмен байланысты өзгерістер организмнің барлық жүйелерінде (тірек-қимыл аппаратында, бұлшық еттерде, тамырларда, бездерде ж.т.б.) байқалады. Қартаю алмасу процестерінің жүйкелік-гуморалды реттелудің өзгерістерімен жүреді.

Организмнің қартаюы организмнің тіршілік қозғалысының негізінде жатқан алмасу процестерінің қарқындылығының біртіндеп төмендеуімен сипатталады. Бұл негізгі амласу көрсеткішетрінің төмендеуімен, оттегіні пайдалану және көмірқышқыл газының шығарылуымен, белок алмасуының қарқындылығының төмендеуімен, ұлпаларда липидті компоненттердің жиналуымен, бауыр, бүйрек, жүрек ж.т.б. маңызды мүшелердің ұлпаларында ферментті биологиялық тотығудың белсенділігінің түсуі және глюкоза өтелденуінің жылдамдылығының төмендеуімен айқындалады.Демек, қартаю процесі кезінде организмнің мүшелері мен жүйелерінде олардың функционалдық қабілеттілігінің төмендеуіне алып келетін атрофиялық және дегенеративті сипаттағы морфологиялық өзгерістер пайда болады. Қартаюды жеделдететіндермен бірге дұрыс емес тамақтану (жүйке жүйесіне күш түсу, гипокинезия, артық салмақ ж.т.б.) қартаюға ықпал жасайтын маңызды факторларға жатады.Қартаю процесі кезінде  организмде белокты ассимиляциялау қабілеттілігі төмендейді, нәтижесінде белокты, тамақтың минералды компоненттері мен витаминдерді эндогенді жоғалту жоғарлайды. Витаминдік жетіспеушіліктің пайда болуы ферменттік жүйелердің дезадаптациясы және тотығу процестерінің бұзылыстарымен байланысты  созылмалы гиповитаминоз жағдайын шақыруы мүмкін. Айтылған бұзылыстар организмнің уақытынан бұрын қартаю белгілерінің білінуіне ықпал жасайды.

 

Адам үш түрлі қартаяды

 

 

      

          Адамның салыстырмалы түрде ұзақ жасаған ғұмыры көп сатылы.

Ғалымдар өмір жолын кезеңдерге бөліп, әрқайсысына биологиялық және физиологиялық тұрғыда толық мінездеме береді:

 

  • нәрестелік (бір жасар),
  • балалық (1-13 жас),
  • жастық (13-25),
  • кемелдік (25-49),
  • егделік (49-61),
  • кекселік (61-73),
  • қариялық (73-85),
  • қаусау (85-тен асқан)

 

        Бір ғажабы, ғылыми нұсқалы аталған кезеңдер қазақтың мүшел жас

(13, 25, 37, 49, 61, 73, 85) өлшемдеріне дәлме-дәл  келеді. Адам межелі ғұмырында  қоян жымындай бұралаң, кедірлі-бұдырлы  соқпақ, табан тірелмес тайғақ, биік  асулы, терең өткелді, сондай-ақ тақтақ  даңғыл, әйтеуір, қилы-қилы жолдардың  талайынан өтеді. Өмірдің ең баяу  сырғитын бөлігі қырық жасқа  дейін ысылады, пы­сиды. Ой және  қол еңбегінде шыңдалады. Ой өрісі  кеңиді. Дүние танымы тереңдейді, молаяды. Қоғамдық ортада өз орнын  табады. Азаматтық бейнесі әбден  қалыптасып, келешек өмір нысанасы  ай­қын­далады. Одан әрі талпыныс, ілгерілеу, жеделдеген елу, сосын  алпыс. Алпыс – төре және сыни  жас. Өткен кезеңдерге сарап­шы, алдағыны болжамшы шақ. Апақ-сапақ  өмірдің қоңыр күзі, ақшамы. Егделіктің  көлеңкесі ұзарып, батыс көкжиегіне  еңкеюі, қарттықтың табалдырығы, босағасы.Өмір  оты ерте өшірілмесе, адам баласының  қартаюы табиғи заңдылық. Қартаю  организм мен ой сезімнің даму, жетілу үдерісі тоқырып, белсенділік  мүмкіншілігі мен қарқынының  үдемелі төмендеуі.

       Адамға қалауынсыз-ақ өзінің табиғи жолымен жетер бұл кәрілік кезең ел аузында:

            "Ат мініп, атан жетелеп, келмейді, сірә, кәрілік.

             Күтпейді оны көпшілік, сағынып не тарығып," -  деп сипатталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бағалау критериі

 

 

Орындау критерилері

0-0,1

0,2-0,3

0,4-0,5

1

Эссе мазмұны тақырыпқа сәйкестігі

     

2

Мазмұндама стилі әдеби, қысқа түрде (3-4 парақ баспа түрде, 6-8 парақ қолмен жазылған түрде)

     

3

Эссе очерк, трактат, мысал, өлең жолдары, т.б. түпнұсқалы түрде ерекшелеп орындалады.

     

4

Мәтінде синтаксис пен грамматика ережелері сақталған.

     

5

Алынып отырған мәселе бойынша автордың пікірінің түпнұсқалылығы, мәселеге оның жеке дара қатынасы көрсетілген.

     

6

Шығармада көркеми тәсілдер пайдаланылған(метафоралар, аллегориялар, афоризмдер және т.б) Эссе тақырыбы бойынша әдеби, клиникалық немесе басқа мысалдар келтірілген.

     

7

Мәтінде тақырып бойынша әдебиет көздеріне сілтемелері бар, олардың қысқа сипаты немесе сынауы

     

8

СӨЖ тапсыру мерзіміне сәйкес уақытында орындалуы

     
 

ҚОРЫТЫНДЫ

     

 

 


Информация о работе Адам үш түрлі қартаяды