Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2014 в 09:13, реферат
Кластер – бір – біріне жақын орналсқан, біріне – бірі байланысты, өзара шаруаларын толықтыра алатын, белгілі бір салаларда еңбек ететін кәсіпорындар мен ұйымдар тобы. Қолда бар мәліметтерге қарағанда, ел экономикасын дамытуға туристік кластер де қомақты үлес қоса алады, өйткені, бізде туризмнің мәдени – танымдық, экономикалық, іскерлік, сауықтыру бағыттарындағы түрлері де дамып келеді.
Кластерлік стратегиялардың әлемдік тәжірибесі.
Кластер – бір – біріне жақын орналсқан, біріне – бірі байланысты, өзара шаруаларын толықтыра алатын, белгілі бір салаларда еңбек ететін кәсіпорындар мен ұйымдар тобы. Қолда бар мәліметтерге қарағанда, ел экономикасын дамытуға туристік кластер де қомақты үлес қоса алады, өйткені, бізде туризмнің мәдени – танымдық, экономикалық, іскерлік, сауықтыру бағыттарындағы түрлері де дамып келеді. «Маркетинг және талдау орталығы» мен америкалық «Austin Associaties» және «Economic Competitiveness Group» компаниялары бірлесіп, Индустрия және сауда министрлігінің Сауда және туризм қызметін реттеу комитеті өкілдерінің қатысуымен туристік кластер жобасының алғашқы нұсқаның жасаған еді. Ал ел экономикасын кластерлік басқару туралы қабылданған жаңа жобаға келсек, оның негізгі мақсаты еліміздің өндеуші салаларын тұрақты түрде дамыта отырып, бәсекеге қабілеттігін арттыру шараларының жоспарын жасау болып табылады. Соның нәтижесінде жаңа жұмыс орындарын көбейтуге, өткеру нарығы неғұрлым қажетсінетін тауарларды экспортқа шығаруға, мұнай өндіруге тәуекелділікті азайтуға, елімізде дамыған салалық кластерлер қалыптастыруға қол жеткізу сияқты ауқымды міндеттер орындалуы тиіс.
Қазіргі кезде əлемге танымал, əйгілі компаниялар кластерлік тəсілді жүзеге асыру арқасында шаруасын дөңгеленте алғанын айтқан жөн, атап айтқанда: Солтүстік жəне Оңтүстік Каролина штаттарындағы тоқыма-тігін кəсіпорындары, Германияның оңтүстік бөлігіндегі автомобиль жасау компаниялары, Италиядағы модельдік аяқкиімдер өндірісі, шарап жасаушылардың Калифорниялық тобы. Португалия мен Швециядағы ағаш өңдейтін өнеркəсіптер жəне тағы басқалар деп тізімді одан əрі жалғастыра беруге болады. Соңғы кездері дүниежүзілік «World Economic Forum» зерттеу орталығы шығарған талдау қорытындыларында Финляндия индустриялық жағынан кемелденген АҚШ, Жапония, Ұлыбритания сияқты алпауыттар бастаған жүзден астам елдің ішінде бəсекелестік қабілеттілігі бойынша қатарынан үшінші рет бірінші орынды иеленіп отырғанын жариялады. Оған себеп Фин үкіметі 1995 ж. ел аумағында құруға негізі бар деген кластерлердің құрылымын, олардың даму тенденцияларын, келешектегі тиімділігін егжей-тегжейлі зерттеуге кіріскен. Мұның сыртында, шұғыл түрде жаңаша іске серпін бере алатын сауатты менеджерлер іріктеліп, олардың біліктілігін арттыру шаралары қолға алынды. Нəтижесінде сауатты жүргізілген менеджмент көп кешікпей-ақ өз жемісін бере бастады. Мəселен, əлемдік байланыс құралы саласында аз уақытта көшбасшылық орынға көтерілген «Nokia» телефон маркасын алайық. Қазір екінің бірінің қолында
жүрген телефон Финляндияның балықшылар мен бұғы өсірушілер мекені ретінде ғана белгілі Оулу қаласында шығарылады. Қазір жоғары технологиялар шығаратын орталық ретінде əйгіленген бұл қаладағы 100 мың тұрғынның 6 мыңы «Nokia» өндірісінде еңбек етеді. Осындағы бас компания телекоммуникациялық құралдарды шығара отырып, микроэлектроника жабдықтары мен түрлі бағдарламалар жасайтын 120 кəсіпорынды маңайына шоғырландырған. Өткенге көз жүгіртсек, 80-жылдары дағдарысқа тап болған
Оулу қаласы тұйықтан шығу үшін жаңа технологиялар өндірісіне молынан
Инвестиция артуға күш салады.
1992 ж. аталған телефон құралының 50 млн
данасы шығарылса, 1999 ж. оның сату көлемі
бірден бес есеге көтеріліп, 2002 жылдан
бастап Финляндия сыртқы рынокқа Nokia-ның
1 млрд-тан астам данасын сатқан.
Кластерлеудің жетекші үрдісі бүгінгі
күні әлемдік инновациялық кластерлерді,
оның ішінде жеке мемлекеттердің – халықаралық
және трансшекаралық шектерінен шығатын
кластерлерін дамыту болып табылады.
АҚШ, Жапония, Швецияда және басқа да жоғары
дамыған елдердегі жаңа буын кластерлерін
қалыптастырудың әлемдік тәжірибесі инновациялауды
олардың перспективалы өнімге және одан
әрі табысты компанияларға айналуын бастамалауға
мүмкіндік беретін тұғырнама 3-ші жаңартылымдағы
технопарктер болып табылатынын көрсетеді.
Бұл ретте маңайында шағын инновациялық
кәсіпорындар мен старт-аптар белдеуі
құрылатын Университеттер жаңа буын кластерлерінің
ядросы болып табылады.
Экономиканың жоғары технологиялық
секторларындағы инновациялық қызмет
жаңа жаңартылымдағы кластерлердің шешуші
бағдарына айналды. Сарапшылардың болжамы
бойынша 2030 жылға дейінгі кезеңде шикізат
нарығы 1,5 трлн. АҚШ долларына ғана өскенде,
жоғары технологиялық өнім нарығы 10-12
трлн. АҚШ долларына өспекші. Осылайша,
жоғары технологиялық сектор әлемдік
экономика серпінінің негізгі драйверіне
айналады. Осылайша, сарапшылардың бағалауы
бойынша жаңа материалдар, био және нанотехнологиялар,
композиттер толықтай әлемдік металлургияның
перспективасын қайта құрады және экономиканың
көптеген дәстүрлі салаларын дамытуға
айтарлықтай әсер етеді: құрылыс, әуе құрылысы,
көлік, энергетика, ауыл шаруашылығы. Әлемдік
тәжірибеде жаңа технологиялар мен білімге
негізделген NBIC-экономика түсінігі кең
таралған.
Осыған байланысты Қазақстанда кластерлердің
жеткілікті жаңа тәсілдерін және мемлекеттік
саясат шараларын әзірлеу қажет.
Кластерлерді дамыту жөніндегі
мемлекеттік саясат мынадай бағыттар
бойынша шаралардың кең жинағынан тұрады:
өндірістік-инфрақұрылымдық жобалар,
дамытудың институционалдық талаптарын
құру, ғылыми-білім беру әлеуетін дамыту,
ұйымдық қолдау.
Кластерлік саясатты тәжірибелік іске
асыру бизнестің (ірі компаниялар, шағын
және орта бизнес) басқарудың ыңғайлы
сипатына және өзін-өзі ұйымдастыруға
(АҚШ және ЕО тәрізді) бағдарланған кластерлік
моделін қабылдауға дайындығының жеткіліксіздігін
көрсететін негізгі проблемаларды анықтады:
компанияның кооперацияға және оқшаулануға
ынталылығының болмауы, бизнес және инженерлік
құзыреттің тапшылығы, кәсіпорынның 6
%-ының ғана инновациялық белсенді болуы.
Кластерлер қалыптастыруды мемлекеттік
реттеу шаралары негізінен кластер қатысушыларында
стратегиялық жоспарлау ресурстары мен
дағдыларының жеткіліксіздігіне байланысты
макроэкономикалық ынталандыру шараларына
шоғырланды.
Қазіргі уақытта
Кластерлерді өндірістік шығасыларды
төмендету жолымен ауқымдандыруға ғана
емес, сонымен қатар инновациялық өнімдер
мен қызметтер өндірісіне, оның ішінде
экономиканың дәстүрлі салаларына: өңдеу
өнеркәсібіне, ауыл шаруашылығына, энергетикаға,
химияға, көлікке, машина жасауға бағдарлау
қажет.
Кластерлік саясат ел экономикасын жаңа
технологиялық тұғырнамаға, жоғары деңгейдегі
өнімділікке ие салаларға, өнімдер мен
қызметтің қосылған құны мен қайта өңдеу
дәрежесін құруға ауыстыруға бағытталатын
болады.
Кластерлік саясат индустриялық-инновациялық
дамыту бағдарламасының 2-кезеңін іске
асырудың маңызды құралы болуы тиіс (Қазақстан
Республикасын индустриялық-инновациялық
дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы). Индустрияландыру картасын
қалыптастыру кезінде ұлттық кластерлер
шеңберінде іске асырылатын жобаларды
енгізу басым сипатқа ие болады.
Кластерлікбастамалардымемлекет
Мемлекеттікқолдаудыұсынусубъек
Кластерлікбастамалардыынталанд
ұлттық және ірі жүйе құрушы компаниялардың ұзақ мерзімді тапсырыстарды орналастыруы.
«Болашақ экономикасы» секторындағы
кластерлер.
«Болашақ экономикасы» кластерлерінің
мақсаты елде бұдан бұрын болмаған ғылымды
көп қажет ететін өндірістерді және экономика
секторларын, жаңа технологиялық құзыреттер
құру, инновациялық серпінді қамтамасыз
ету негізінде әлемдік нарықта елдің жаңа
бәсекелестік артықшылықтарын (білім
кластері, әлемдік технологиялық аутсорсинг)
қалыптастыру болады.
Аталған кластерлер тобы отандық экономиканың
инновациялық даму моделіне көшуіне, ғылымды
қажетсінетін салалардың өсуі мен бәсекелес
артықшылықтардың құрылуына негіз қалыптастыруы
тиіс.
Бұл бағытта «болашақ экономикасы» секторларын
құру және инновацияларды экономиканың
дәстүрлі секторларына енгізу жолымен
жаңа бірегей білім мен нарықтарды дамыту
қамтамасыз етіледі.
Кластерді қалыптастыру тетігі.
«Болашақ экономикасы» секторларындағы
кластерлер және олардың мамандандырылуы
тиісті кластер интеграторына зерттеулер
мен болжамдау нәтижелері бойынша анықталатын
болады.
Бұдан кейін, кластерлерді дамытудың
жол карталары және стратегиялары әзірленеді,
кластерлерге қатысушылар арасында көпжақты
келісімдер жасалатын болады.
Кластердің практикалық қызметі ғылымды
көп қажет ететін компаниялар белдеуін
дамытуға, инноваторлар үшін қолайлы жағдайлар
жасауға, жаңа технологиялық зерттеулерге
инвестицияларды, инновациялық экожүйенің
негізгі элементтерін тартуға, инновациялық
жобаларды іске асыруға, құзыреттерді
әзірлеуге және дамытуға, инновациялық
кәсіпкерлерді, технологиялар трансфертін
өсіруге бағытталатын болады.
Кластерлік дамытудың әлемдік
тәжірибесі.
Кластерлік тәсіл негізінде
бәсекеге қабілеттілікті арттыру
әлемнің көптеген елдерінің даму стратегияларында
кең таралған. Оны соңғы 10 жылда әлемнің
20 елінде іске асырылған 500-ден астам кластерлік
бастамаларды талдау көрсетіп отыр.
Бүгінгі күні инновациялық кластерлердің
«үздік тәжірибелері» Америка Құрама
Штаттарында (бұдан әрі - АҚШ), Еуропалық
одақта (бұдан әрі - ЕО) және Оңтүстік Шығыс
Азияда шоғырланған. Сарапшылардың бағалауы
бойынша қазіргі уақытта кластерлеумен
әлемнің жетекші елдері экономикасының
шамамен 50 %-ы қамтылған.
Кеңістікте ұйымдастырудың жаңа нысандарының жарқын мысалдары мына инновациялық орталықтар мен кластерлер болып табылады:
Қытай Халық Республикасының (бұдан әрі – ҚХР) «Шанхай аймағы».
Кластерлерді қалыптастыру және іске асыру саласындағы әлемдік тәжірибені талдау мынаны көрсетті:
ескі индустриялық кластерлерге қарағанда, жаңа буын кластерлерінің ерекше белгісі олардың инновациялық бағдарлануы болып табылады.
Егер өнеркәсіп
Информация о работе Кластерлік стратегиялардың әлемдік тәжірибесі