Дәрігер тұлғасына қойылатын психологиялық талаптар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Апреля 2015 в 17:25, реферат

Описание работы

Соңғы он жылда медициналық тәжірбиеде дәрігер ісінің сипаты мен мазмұнына қатысты өзгерістер орын алуда. Бұл іс науқастың еңбекке жарамдылығы мен оның өмірін сақтаудағы дәстүрлі кәсіби міндеттерінен шектен шығып отыр. Соның ішінде пациенттің сапалы өмірін қамтамасыз ету өзекті мәселенің бірі болып табылады. Бұл, өз алдына, халықты сапалы медициналық көмек көрсетумен қанағаттандыруды бірінші орынға шығарады.

Содержание работы

І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
1. Дәрігердің кәсіби деформациясы, себептері.
2. Дәрігер тұлғасына қойылатын психологиялық талаптар.
ІІІ Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

ком дағдылар.docx

— 34.82 Кб (Скачать файл)

 

Жоспар:

 

І   Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім

1. Дәрігердің кәсіби деформациясы, себептері.

2. Дәрігер тұлғасына қойылатын  психологиялық талаптар.

ІІІ   Қорытынды

IV   Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Соңғы он жылда медициналық тәжірбиеде дәрігер ісінің сипаты мен мазмұнына қатысты өзгерістер орын алуда. Бұл іс науқастың еңбекке жарамдылығы мен оның өмірін сақтаудағы дәстүрлі кәсіби міндеттерінен шектен шығып отыр. Соның ішінде пациенттің сапалы өмірін қамтамасыз ету өзекті мәселенің бірі болып табылады. Бұл, өз алдына, халықты сапалы медициналық көмек көрсетумен қанағаттандыруды бірінші орынға шығарады. Дәрігерлердің коммуникативті дағдыларды қолдануы олардың кәсіби қызметіне оң ықпалын тигізеді. Бұл науқас жағдайын толық және нақты дәрігерлік бағалауда білінеді.Дамыған коммуникативті дағдылары бар дәрігерлердің жетекшілігіндегі пациенттер көп жағдайда терапияға берілген болып келеді және өзінің мінез-құлығын өзгерту жөніндегі кеңестерге сүйенеді, сонымен қатар, өздерінің ауруын алып жүруге саналы және белсенді түрде қатысады.Оларда ауруы себепші болатын үрейге және депрессияға әуестіктері азаяды.Медициналық қызметкерлерде коммуникативті дағдыларды жетілдіру кәсіби білім берудің өзіндік мәселесін тудырады. Мұндай дайындық дәрігерлердің пациентпен психологиялық қарым –қатынасын жақсартуға бағытталған және олардың арасында конструктивті ынтымақтастықты тереңдетеді. Бұл өз алдына клиникалық мәліметтерді жинау мен анализ жасау жағдайын жеңілдетеді және емдік-профилактикалық шаралардың тиімділігіне тікелей ықпал етеді. Дәрігерге қажетті коммуникативті дағдылар тізімі көлемді болып келеді. Ол өзіне вербальді, сондай-ақ вербальсіз коммуникация әдістерін, өзін өзі ұғуын және өзін өзі ұстауын тереңдету мен тұлғааралық қарым қатынасты жақсарту әдістерін қосады. Бұған белсенді тыңдау, сараланған сұрақтарды қою, білікті ақпарат беру және науқасқа потенциалды зақым келтіреін мәліметтерді сақтықпен жеткізу сияқты психологиялық техникалар жатады. «Адам-адам» жүйесіндегі кез-келген  іс-әрекет тұрақты немесе уақытша, жағымды немесе жағымсыз бола алатын маман  тұлғаның кәсіби  деформациясына әкеліп соғады. Тұлғаның кәсіби  деформациясы  кәсіби рөлін  орындау әсерінен пайда болатын тұлғаның сапалық өзгерісі ретінде  анықталады. Кәсіби  деформация үш негізгі компоненті бар эмоциялық  «жану»  феноменімен сипатталады:

 

1.    Эмоциялық кернеулік  пен  үмітсіздендіру сезімінен  көрінетін эмоциялық жүдеу. Адам  бұрынғыдай жұмысқа  беріле  алмайтынын  сезінеді.

 

2.    Адамдарға қызмет  бабында  немқұрайлы, жағымсыз, керек  десеңіз орынсыз қатынастың пайда  болуымен байланысты болатын  деперсонолизация.

 

3.    Өзінің құзырлық  бағасының түсуінен, өзіне  қанағаттанбау, өз іс-әрекетінің құндылығының  азаюынан  көрінетін тұлғалық  жетістіктің көмескіленуі.

 

Дәрігердің кәсіби деформациясы, себептері

Кәсіптік деформация дегеніміз- дәрігердің психологиялық болмысына мамандығының жасайтын әсері. Кәсіптік деформация адаммен адам қарым-қатынас жасайтын қызметтерге тән. Кәсіптік деформация,кәсіби адаптацияға байланысты, яғни дәрігер аурудың қиналуына үйреніп, бейімделу негізінде пайда болады. Әрине, дәрігерге змоционалдық қарсы тұру қабілеті де керек, бірақта ол мамандықтың оңды қасиеттерін, этика нормалары негіздерін мұқият сақтауы қажет.Дәрігер өз шешімдері мен әрекеттеріне толық міндетті және науқастарға көрсетілген жәрдемнің түрлеріне толық жауапты болады. Науқастарға көрсетілген жәрдемнің сапасы ешқашан да оның білімі мен біліктілігінен жоғары болмайтынын есінде сақтап, дәрігер міндетті түрде және үнемі кәсіби дәрежесін жетілдіруі керек. Дәрігер өз әрекетін іске асыруда медицина ілімінің соңғы жетістіктерін қолдануы қажет. Кәсіби шешім қабылдауында, материалдық пайда табу жағы, дәрігерді қиянатқа итермелемеуі кажет.Дәрі шығару фирмаларының препараттарын тағайындау үшін, дәрігер олардың сыйлықтарын алуға дағдыланбауы жөн. Дәрілерді тағайындаған кезде, дәрігер тек науқастың кұкығын сақтап, меди-циналық көрсеткіштерін басшылық етеді. Соғыс және бейбітшілік жағдайында, медициналық жәрдемді қажет етуші адамдарға, олардың жасына, жынысына, ултына, дініне, әлеуметтік жағдайына, саяси көзқарасына, азаматтылығына және басқадай медициналық емес жағдайына, сонымен қатар, материалдық жағдайына байланысты көмек беріледі.Емделудің кезеңдеріне қарай, дәрігер мен науқастың қарым-қатынасы дәрігерге түрлі міндет артады. Мысалы, 1-ші сатысында бір-бірін түсініп, ем мақсатына келісім жасалады. Екінші сатыда - коммуникативтік жүйесі қүрастырылып, әрқайсысының реттік ролі және емдеуге әрекеттесіп қатынасу дәрежесі анықталады. Үшінші кезеңде дәрігер белсенділігін тежейді, аурудың дербестігіне және тәуелсіздігіне мүмкіндік жасайды.Қарым-қатынас  жасаудың  қолайлы түріне, дәрігердің белсенді болып, директивті және директивті емес стильдің шегінен шықпауы жатады.Ақылы медициналық жәрдем беру жағдайында, науқастың дәрігерден тосулары және талап қоюы қарқынды өседі. Мұндай жағдайда, екеуінің қарым-қатынасы келісім-шарт үлгісіне негізделеді. Бұл үлгі жеке кәсіпкерлік руһына сай, сұраныс және үсыныс, нарықтық қарым-қатынасқа байланысты қүрылады.           Қазіргі таңда жұмыстың кәсіби зиянды әсері зерттелуі психологиялық тұрғыдан маңызды мәселе болып отыр. Алайда химиялық, физикалық немесе биологиялық зиянды әсері емес, эмоционалдық  және стрес әсері. Кәсіби стрессогендік факторлар, маманның тікелей жұмысына байланысты болғандықтан, әр түрлі неврологиялық  бұзылулардан психосоматикалық бұзылуларға әкелуі мүмкін.   Тұлғаның кәсіби деформациясы – бұл кәсіпқой маман иесінің жұмысының әсерінен тұлғаның мінез-құлқының өзгеруі.

Кәсіби деформацияның себептері, яғни оған әкелетін  стрессогенді факторлар: эмоционалды күю синдромы, моббинг, субъективті моббинг, кәсіби өшу синдромы, қажу, жұмыс қарбаластығы және қақтығыстар, жұмыстың бірқалыптылығы және т.б. себептерден пайда болуы мүмкін. Осы аталған факторларға қысқаша тоқталып кетсек:

Жағымсыз алаңда жұмыс істеу – кез келген мамандықта жағымсыз материалмен жұмыс істеуге тура келеді, осы жағдайда жағымсыз эмоциялар пайда болады. Өз кезегінде олар жинақталып, кәсіби деформацияға әкеледі.   Эмоционалды күю синдромы – бұл когнитивтi және физикалық энергияның бiртiндеп жоғалтуын, жұмыстың орындауымен зерделi жүдеу, физикалық қажу, жеке аластатушылық және қанағаттанудын төмен деңгейін көрсететiн процесс.  Жұмыс қарбаластығы және қақтығыстар – әріптестер арасында түсініспеушілік, олардың тым сынағыштығы. Дәрігер тәжірибесінде әріптестерімен кейбір жағдайда келіспеушіліктер,  түсініспеушіліктер болып тұрады.  Моббинг – психология ғылымында жаңа терминдердің бірі болып табылады, ол жұмыста қыспаққа алуы және қудалауды қайғыру күйімен сипатталады.  Субъективті моббинг – тұлғаның жұмысқа бейімделуінің деструктивті формасы. Тексеріс, эмтихан, комиссия және т.б. себептерден қобалжу болып табылады.             Өзінің денсаулығына қауіп төндіру – вирустармен жұмыс кезінде инфекция  жұқтырып алу, психикасы бұзылған науқастармен жұмыс кезінде, жедел жәржем көлігінде жарақаттану қаупі.         Ургентті аддикция – өзі байқамай, мiндеттемелердiң орындалмайтын санымен жүктеу.            Экстремалды жағдайлар – дәрігерлер жұмыс барысында тез әрі жауапты шешімдер қабылдауы қажет.          Аса жоғары жауапкершілік – жасалынған жұмыс туралы  есеп беру, уақытысында және ұқыпты протокол толтыру, ауру тарихын толтыру және т.б.  Дәрiгердiң жұмысы адам өміріне байланысты болғандықтан жеке де, кәсiби де өте қызу шығынды, тұрақты жетiлдiруді талап етедi.      

Кәсіби бейімсіздену мәселесімен байланысты кәсіби деструкцияны қарастырып өтуге болады. Кәсіби деструкция – бұл кәсіби еңбек үрдісінде тұлғаның психологиялық құрылымында пайда болатын бұзылыс, өзгеріс немесе деформация. Кәсіби деструкцияның пайда болуы және дамуы іс-әрекетті орындау өнімділігін төмендетеді, мотивация және кәсіби іс-әрекеттің позициясына негативті әсер етеді. Кәсіби деструкция жасерекшеліктік психологиялық өзгерістермен де байланысты: денсаулықтың нашарлауы, психикалық процестің әлсіреуі, интеллектуалды көмексіздік. Бұл жұмыс қабілетін төмендетеді, кәсіби шаршауды, жабырқаңқылықты тудырады. Кәсіби деструкцияның пайда болуына әкелетін факторларды үш топқа бөлуге болады:

    • әлеуметтік – кәсіби ортамен байланысты; объективті факторлар: әлеуметтік-экономикалық ситуация, мамандықтың сипаты және имидж, кәсіби - кеңістіктік орта;
    • тұлғаның ерекшеліктерімен және кәсіби өзара қатынасымен қамтылған субъективті фактор;
    • кәсіби процестің жүйесі мен ұйымдастыруынан, басқарудан, басшылардың кәсіпқойлығынан туындайтын объективті - субъективтілік фактор [3].

А.К.Маркова тұлғаның кәсіби дамуының бұзылуын жалпылап кәсіби деструкцияға апаратын келесі тенденцияны бөлді:

- жасерекшеліктік және  әлеуметтік нормалармен салыстырғанда  кәсіби дамудың тежелуі;

- кәсіби дамудың дезинтеграциясы, кәсіби сананың құлдырауы –  шынайы емес мақсат, кәсіби жанжал;

- төмен кәсіби мобильділік, жаңа жағдайға бейімделе алмау, бейімсіздену;

- кәсіби дамудың жеке  бөлімдерінің арасындағы келіспеушілік, біреуі жоғары көтерілгенде, екіншісінің  төмендеуі;

- кәсіби қабілет, кәсіби  ойлаудың әлсіреуі;

- кәсіби дамудың бұрмалануы, бұрында болмаған негативті саналардың  пайда болуы, әлеуметтік және  индивидтік нормалардан ауытқуы;

- тұлғаның деформациясының  пайда болуы (эмоционалды қажу  және күйін кету);

- кәсіби аурудан және  жұмысқа қабілеттілікті жоғалтудан, кәсіби дамудың тоқтауы;

С.П.Безносов, Р.М.Гроновская, Л.Н.Корнеева, А.К.Маркова көрсетуі бойынша кәсіби деформацияның жоғарғы дәрежесі үнемі адамдармен жұмыс істейтін әлеуметтік мамандық өкілдерінде пайда болады: дәрігер, педагогтар, қызмет көрсету қызметкерлері, құқық қорғау органдары, мемлекеттік қызметкерлер, басшылар, кәсіпкерлер және т.б.

Бұл мамандық өкілдерінде кәсіби деформация  әртүрлі деңгейде көрінеді:  Осы мамандық жұмысшыларына тән жалпы мамандық деформациясы. Бұл тұлғаның инвариантты ерекшеліктері және кәсіпқойлардың мінез-құлық еңбек өтілі жоғарғы жұмысшыларда көрінеді, бірақ бұл топтан деформацияның көрінуі әртүрлі. Мысалы, дәрігерлерге «қайғырушылық қажу» синдромы тән, бұл науқастардың қайғыруына эмоционалды индеференттіліктен көрінеді. Құқық қорғау органдарының жұмысшыларда «асоциалды перцепция» синдромы дамиды, яғни әрбір азаматты потенциалды құқық бұзушы ретінде қабылдайды. Кәсіп бойынша мамандандырылған процесте пайда болатын арнайы кәсіби деформация. Кез келген кәсіп бірнеше мамандықтарды біріктіреді. Әрбір мамандықтың өзіндік деформациясы бар. Тергеуші де - құқықтық күдіктенушілік, оперативті жұмысшыда - өзекті агрессия, адвокатта – айлакерлік, прокурорда – кінәлаушылық сияқты кәсіби деформацияның дамитынын көрсетуге болады. Тұлғаның индивидуалды – психологиялық ерекшеліктерімен – темперамент, қабілет, мінезбен қамтылған кәсіби – типологиялық деформация. Мұнын нәтижесінде кәсіби - тұлғалық комплекстер дамиды.

- тұлғанын кәсіби бағытталуындағы  деформация: іс-әрекет мотивациясының, бұрмалануы, құндылықтық бағдарларын  қайта құру, пессимизм.

- қандай да бір қабілеттердің  негізінде дамитын деформация:  ұйымдастырушылық, коммуникативті, интеллектуалды (артықщылдыққа ұмтылу комплексі, талаптанудың гипертрофилденген  жоғарғы деңгейі, шамадан жоғары  өзіндік бағалау, нарциссизм) өзінің  денесіне деген эротикалық құмарлық.

- мінез бітістерімен қамтылған  деформация: билікті жақсы көру, доминанттылық, индеферентілік.

 Әртүрлі кәсіптегі  жұмысшылардың ерекшеліктерімен  қамтылған дараланған деформация. Кәсіби іс-әрекетін ұзақ жылдар  бойы орындау процесінен, тұлғаны  мамандықтың жеке кәсіби қасиеттерімен  жетілдіру, жоғарғы қасиеттердің, акцентуацияның  пайда болуына әкеледі. Мысалы: шамадан  тыс жауапты, супер әділ, гипер  белсенділік, еңбектік фанатизм, кәсіби энтуизм . Осы айтылғандарды талдай отырып, тұлғаның кәсіби деформациясының дамуының келесі ерекшеліктермен қорытындылауға болады:

1. Кәсіби қалыптасу тұлғаның  түрлі бағыттағы онтогенетикалық  өзгерістерімен өтеді. Кәсіби даму  – бұл меңгеру және жоғалту, демек, маманның, кәсіпқойдың қалыптасуы  тек жетілу ғана емес, сонымен  қатар бұзылу, деструкция да болып  табылады..

2. Кәсіби деформация көп  жағдайда – бұл меңгерілген  іс-әрекет тәсілдерінің бұзылысы,  кәсіби мінез-құлық стереотиптерінің  және жаңа кәсіби технологияны, жаңа мамандықты немесе мамандануды  меңгерудегі психологиялық кедергілердің  пайда болуы. Бұл сонымен қатар  кәсіби қалыптасудың бір сатысынан  келесі сатысына ауысудағы тұлға  құрылымының өзгеруі. Кәсіби деформация  жасерекшелік өзгерістерде, физикалық  және жүйке қажуында да пайда  болады.

3. Кәсіби деструкцияны  бастан кешіру психикалық шиеленіспен, психологиялық дискомфортпен өтеді, ал кейбір жағдайларда қақтығыс  және дағдарыстық құбылыстармен  көрінеді. Кәсіби қиындықтарды сәтті  шешу іс-әрекетті ары қарай  жетілдіруге және тұлғаның кәсіби дамуына апарады.    
4. Кез-келген кәсіби іс-әрекетті меңгеру сатысында және оны ары қарай орындау тұлғаны деформациялайды. Іс-әрекеттің нақты түрін жүзеге асыру алуан түрлі қасиеттердің барлығын талап ете бермейді, олардың көпшілігі қажетсіз болып қалады. Сондықтан да олардың кейбіреулері кәсіби қажетсіз қасиетке айналады. Осыдан кәсіби акцентуация дамиды – шамадан тыс айқын қасиет және олардың үйлесуі, маманның мінез-құлқына және іс-әрекетіне теріс әсерін көрсетеді [6].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Информация о работе Дәрігер тұлғасына қойылатын психологиялық талаптар