Экологиялық ақпаратқа қол жетімділік қағидасын қамтамасыз ету мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2013 в 06:12, реферат

Описание работы

Экологиялық ақпарат, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жалпыға бiрдей қолжетiмдi болып табылады.
Жалпыға бiрдей қолжетiмдi экологиялық ақпаратты құрайтын жекелеген мәлiметтер мен деректерге қол жеткiзу оларды жеке және заңды тұлғалардың сұратуы бойынша беру, бұқаралық ақпарат құралдарында, арнайы басылымдарда тарату, Интернетте орналастыру арқылы, сондай-ақ өзге де жалпыға бiрдей қолжетiмдi ақпараттық-коммуникациялық құралдар қолданыла отырып жүзеге асырылады.

Файлы: 1 файл

Экология.docx

— 31.24 Кб (Скачать файл)

Экологиялық ақпаратқа  қол жетімділік қағидасын қамтамасыз ету мәселелері

 

Экологиялық ақпаратқа қол жеткiзу

 

     Экологиялық ақпарат, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жалпыға бiрдей қолжетiмдi болып табылады. 
       Жалпыға бiрдей қолжетiмдi экологиялық ақпаратты құрайтын жекелеген мәлiметтер мен деректерге қол жеткiзу оларды жеке және заңды тұлғалардың сұратуы бойынша беру, бұқаралық ақпарат құралдарында, арнайы басылымдарда тарату, Интернетте орналастыру арқылы, сондай-ақ өзге де жалпыға бiрдей қолжетiмдi ақпараттық-коммуникациялық құралдар қолданыла отырып жүзеге асырылады. 
       Экологиялық ақпараттың мемлекеттiк ақпараттық ресурстарына (ақпараттық деректер базасына) қол жеткiзу жалпыға бiрдей қолжетiмдi тiркелiмдердi және экологиялық ақпарат кадастрларын қалыптастыру мен сүйемелдеу арқылы жүзеге асырылады. 
      Қол жеткiзу шектелген мәлiметтер мен деректердi қамтитын құжаттарға және ақпараттық ресурстарға қол жеткiзуге рұқсат беру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

      Жеке және заңды тұлғалардың экологиялық ақпараттың жалпыға бiрдей қолжетiмдi мемлекеттiк ақпараттық ресурстарына еркiн қол жеткiзуге құқығы бар.

      Мемлекеттiк органдар, сондай-ақ мемлекеттiк функцияларды атқаратын лауазымды адамдар немесе жария шарттың негiзiнде халыққа қоршаған ортаға қатысы бар қызметтер көрсететiн жеке және заңды тұлғалар экологиялық ақпаратқа, оның iшiнде жеке және заңды тұлғалардың сауалдары бойынша ашық түрде қол жеткiзудi ұсынуға мiндеттi.

      Қызметiн Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын өзге де жеке және заңды тұлғалар азаматтардың өмiрi мен денсаулығына әсер етуге қатысты экологиялық ақпаратты адамдардың сауалдары бойынша беруге мiндеттi.

      Жеке және заңды тұлғалар осы баптың 2-тармағында аталған тұлғалардан, егер оны басқа нысанда беруге негiз болмаса, сұрау салу нысанында экологиялық ақпарат алуға құқылы.

Мемлекеттiк органдардың экологиялық ақпарат беру мерзiмдерi мен тәртiбi Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк рәсiмдер туралы және  азаматтардың өтiнiштерiн қараудың тәртiбi туралызаңнамасында белгiленедi.

 

1. Экологиялық ақпарат:

1) қоршаған ортаның  және оның объектілерінің жай-күйі;

2) қоршаған ортаға  әсер ету факторлары, оның ішінде  оның ластануы туралы;

3) қоршаған ортаға  әсер ететін немесе әсер ете  алатын бағдарламалық, әкімшілік  және өзге де шаралар;

4) экологиялық  нормативтер мен шаруашылық және  өзге де қызметке қойылатын  экологиялық талаптар;

5) қоршаған ортаны  қорғау жөнінде жоспарланатын  және іске асырылатын іс-шаралар  және оларды қаржыландыру;

6) қоршаған ортаға  әсер ететін немесе әсер ете  алатын қызмет, ол бойынша шешім  қабылдау процесі және инспекторлық  экологиялық тексерулер нәтижелері, оның ішінде бұл ретте қаралған  қоршаған ортаға қатысты есептер,  талдаулар мен өзге де мәліметтер;

7) қоршаған орта  жай-күйінің халықтың денсаулығына, қауіпсіздігіне және тіршілік  жағдайларына, мәдениет объектілеріне,  ғимараттар мен құрылыстарға  әсер етуі туралы мәліметтер  мен деректерді қамтиды.

 

Экологиялық ақпаратқа  қол жетімділік қағидасын қамтамасыз ету мәселелері мен ұсынымдар.

 

Шын мәнінде туған  еліміздің экологиялық ақуалы қандай екенін көпшілік біле бермейді. Неге десеңіз, экологиялық ақпаратты игеру  үшін экологиялық білім керек. Қазақстанның экологиялық ахуалына қысқаша талдау жасағанда мынаны байқауға болады.

Солтүстік Қазақстан  бойынша құнарлы жерлердің 25-30% жарамсызданса, Павлодардағы ірі өндіріс орнының  зиялды экологиясы айтпаса да түсінікті. Батыс Қазақстанда мұнай-газ өнеркәсібінің  өнімдерімен ластану 2,5 млн.га жайылымдардың  деградацияға ұшырауы З млн. га жерді  қамтып отыр. Семей полигоны жайлы  көп айтылады, бірақ халыққа әкелген  зардабы жайлы маңызды шешім  табылған жоқ. Әсіресе, Азғыр мен  Тайсойған полигондары қамтып отырған 1,4 млн. га жер радиоактивті ластануда.

Ал Каспий теңізінің 268 млн. га жағалауы су астында қалып, олардың мұнай өнімдерімен ластануы одан ары етек алуда. Күрделі экологиялық  шиеліністер Орталық Қазақстанды  да қамтуда. Байқоңырдан ұшырылатын тәжірибелік космос кемелерінің  сол жердің тұрғындарына әкелетін экологиялық  апаты ондағы техногендік, өндірісте  ластану, радиоактивтілік және ракета-космос қалдықтарымен (Бетпақдала) ластану  топырақтың құнарсыздануына, жайылымдардың  тозуына жоғары деңгейде әсер етуде. Оңтүстік Қазақстандағы экологиялық  жағдайлар Арал өңіріне тән Әмудария мен Сырдария бассейнінің 2 млн. га жерін шөлге, жарамсыз жерге айналдырды. Сорға, тақырға айналған жерлер мен Арал табанындағы тұздар ғаламдық экология проблемаларын тудырып, экожүйелерді қайтымсыз бүлдіруде. Осы өңірдегі 300 млн. га сексеуіл ормандары құрып кетті. Шу-Мойынқүл, Балқаш-Алакөл, Ақдала аймақтарының да экологиясы мәз емес. Әсіресе, Қапшағай, Тасөткөлкел су қоймаларының салынуы, суды көп қажет ететін күріш, техникалық дақылдардың егілуі-суырмалы жерлердің азуына әкеліп соқты. Іле өзені суының 10-15% Қытай Республикасының алуы бұл өңірде қауіпті жағдайлар туғызуда. Шығыс Қазақстан жағдайында да экологиялық проблемалар жеткілікті. Түсті металлургия, вольфрам, қорғасын, мырыш өнеркәсіптері елді мекендер мен қала тұрғындарына апат әкелуде. Бүгінгі таңда Өскемен қаласы дүние жүзіндегі экологиялық бас қаланың қатарына жатады.

1949-1996 жылдар  арлығында Қазақстан жерінде  503 ядролық қару сыналды. 20 млн.  га жер экологиялық апатты  аймаққа, тіршіліксіз экожүйелерге  айналды. Бұл апат 3,4 млн. адам  тұратын елді мекендерді қамтыды.  Сондағы тұрғын халықтың болашағы  қандай? Олардың ұрпақтары қандай  зардап шегіп отыр? Оған жауап  жоқ.

Қазақстанда қазіргі  кезде 16 млн.т. қатты радиоактивті қалдықтар  жинақталған. Мамандардың зерттеуі бойынша, Қазақстанда тұратын 2,6 млн. адам мутагенез ауруына шалдыққан. Егер де соңғы кезде жиі сөз  болып жүрген шетелдердің радиоактивті қалдықтарын біздің жерімізде сақтауға рұқсат етсек не боламыз. Бұған ешбір  жол беруге болмайды.

Қазақстандағы мұндай экологиялық жағдайлар туралы ақпараттық шын мәнінде көпшілікке жетпейді. Тіпті, полигондар қамтып отырған аймақтардың  тұрғындардың өздері ауруының неден  болатыны туралы хабарсыз. Мұны адам құқын  бұзғандық және еліміздегі жариялылық демократиялық мемлекетті құрудағы ағаттықтар деп білу керек.

Қоршаған ортаның  жағдайы туралы ақпараттың дұрыс  көлемде берілмеуі құпияда ұсталынуы, адамдарға келтірілген зиянның  мөлшерін анықтауға кедергі келтіріп отыр.

«Ақпаратқа кіру, шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысуы және қоршаған ортаға қатысты  мәселелер бойынша сот әділдігіне қол жеткізу туралы» Орхус  конвенциясының 4-бабында: «қазіргі және болашақ ұрпақтардың әрбір адамның, оның денсаулығы мен әл-ауқаты үшін қолайлы қоршаған ортада өмір сүру құқығын қорғауға жәрдемдесу үшін қолайлы  қоршаған ортада өмір сүру құқығын  қорғауға, экологиялық ақпаратқа  қол жеткізу, жұртшылықтың шешімдерін қабылдау процесіне қатысуы, қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әділдігіне қол жеткізу құқығына кепілдік береді», - деген норма бекітілген.

 

Экологиялық кодексте (4, 5, 13, 14, 17, 163 баптар) экологиялық ақпаратқа қол жеткізудің негіздері салынған. Алайда, экологиялық ақпаратты халыққа ұсыну үшін оны жинауды, тұрақты сақтау мен мәліметтер базасын толықтыруды, Интернетте және тәуелсіз БАҚ да орналастыруды қамтамасыз ету қажет. 

Экологиялық кодекстің 159 бабы экологиялық ақпаратқа жататын  мәліметтерді қарастырады. Аталған  бап нақтылауды қажет етеді, өйткені  экологиялық ақпарат мазмұндалған тізіммен шектелмейді. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен көрсетілетін мемлекеттік қызмет шеңберінде, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар сұранысы,  ашық қол жетімді интернет-қорлары, блог-платформалар, БАҚ және өзге де ақпараттық-коммуникациялық қорлар арқылы жалпыға бірдей экологиялық ақпарат тізімі бойынша бөлек нормативтік-құқықтық акт қажет.

160 баптың 4 тармағы мемлекеттік  органдарды экологиялық ақпараттың  электрондық кадастрын қалыптастыруды  және сүйемелдеуді міндеттейді,  алайда онда мемлекеттік органдар  және кадастрларды қалыптастырудың  тетіктері айқындалмаған. Қазіргі  таңда, негізгі міндеті экологиялық  ақпаратты жинау мен сақтау  болып табылатын экологиялық  ақпараттың мемлекеттік қоры  құрылғанын және қызмет атқаруын  есепке ала отырып, заң жобасымен  мемлекеттік органдармен экологиялық  ақпаратты Мемлекеттік экологиялық  ақпарат қорына ұсыну туралы  ережені бекіту қажет.

Экологиялық кодекстің 161 бабындағы  қайшылықты алып тастау қажет. Осылайша, осы баптың 4 тармағының 5) тармақшасы Экологиялық ақпараттың мемлекеттік қоры құрамына қоршаған ортаға әсерді бағалау және мемлекеттік экологиялық сараптама материалдары жоспарланатын қызмет тапсырыс берушісінің келісімімен кіретіндігі ұйғарылған. Ал, 160 баптың 3 тармағында қоршаған ортаға айтарлықтай әсерін тигізуі мүмкін жоспарланатын және жүзеге асырылатын қызмет туралы мәліметтерді арнайы уәкілетті органдар міндетті түрде тексеруге және есепке алуға тиіс екендігі көрсетілген, яғни сол қоршаған ортаға әсерді бағалау және мемлекеттік экологиялық сараптама материалдары, тек қана басқа сөздермен мазмұндалған.  Бұл орайда аталған нормаларды корреспонденциялау және Мемлекеттік қорға мемлекеттік экологиялық сараптама өткеннен кейін қоршаған ортаға айтарлықтай әсер тигізуі мүмкін жүзеге асырылып және жоспарланып жатқан шаруашылық туралы мәліметтерді сақтауға беру туралы ережені бекіту қажет. 

Бұдан өзге, Мемлекеттік  қордың құрамын қалдықтар Кадастры, озон қабатын бұзушы заттар, парниктік  газдар, зиянды заттарды көму туралы (Экологиялық  кодекстің 152; 158-2; 156; 316 баптары) және тағы да басқа ақпаратпен толықтыру ұсынылу керек.

Мемлекеттік экологиялық  ақпарат қоры шеңберінде (161 бап) ластаушылардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімін жүргізу қарастырылған. Аталған тіркелім табиғатты пайдаланушылардан  жыл сайынғы қоршаған ортаға эмиссия  және ластаушы заттардың тасымалы туралы мәліметтерді жинақтау, оларды тексеру  мен интернет-қорларында жария етілуін  қарастырған. Экологиялық кодексте аталған тіркелімді қалыптастыру бойынша  негізгі ережелерді және Мемлекеттік  ластаушылардың шығарындылары мен  тасымалдары тіркелімін жүргізуге  қоршаған ортаны қорғау саласындағы  уәкілетті органның құзыретін бекітуді анықтау қажет. 

Халықтың арасында экологиялық  ақпарат таратудың экология қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелерiн шешуде үлкен ағартушылық-үгiт-насихаттық мәнi бар. Бұл жұмыста орталық, облыстық және аудандық бұқаралық ақпарат  құралдары қатыстырылуы тиiс.    Сонымен бiрге, берiлетiн материалдардың сапасын, жеделдiгiн және өзектiлiгiн арттыру жөнiнде шаралар қабылдау қажет. Мемлекеттiк органдар олар бойынша ресми материалдар беру арқылы өзектi экологиялық проблемаларды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауы тиiс. Бұл үшiн интернетте экологиялық сайттар құрып, онда ресми ақпаратты орналастыру, ғылыми мақалаларды, монографияларды жариялауды жалғастыру, экологиялық газеттер мен журналдар басып шығару қажет.     Экологиялық проблемаларды шешуде барлық мүдделi азаматтардың қатысуының тиiмдiлiгiн ескере отырып, мемлекеттiк органдар экологиялық ақпаратқа тиiстi қол жеткiзудi, қоршаған орта қорғау саласындағы шешiмдердi қабылдауды қамтамасыз етуi тиiс.

Әрбiр адамның экологиялық ақпаратқа қол жеткiзу құқығын сақтау және жұртшылықтың қоршаған ортаны қорғау мен орнықты даму мәселелерiн шешуге жан-жақты көңіл бөлінуі тиіс.


Информация о работе Экологиялық ақпаратқа қол жетімділік қағидасын қамтамасыз ету мәселелері