Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2015 в 23:38, реферат
Ежелгі Грекияда онда қоғамдық және діни қызметкерлер болды. Грекияда медицина басқа елдердегі ежелгі медицинасымен салыстырғанда, аз дәрежеде болды, себебі дін әсер етті. Құл жүйесінің дамуымен және дінге байланысты Грекияда храмдар, ежелгі басқа елдерде, сондай-ақ емдеу орны болды және діни қызметкерлер дәрігерлер функцияларын атқарды. Бірақ ғибадатханамен бірге, діни қызметкерлер медицинаны жалғастырды.
Ежелгі Грек медицинасы. Гиппократ. Гиппократ жинағы
Ежелгі Грекияда онда қоғамдық және діни қызметкерлер болды. Грекияда медицина басқа елдердегі ежелгі медицинасымен салыстырғанда, аз дәрежеде болды, себебі дін әсер етті. Құл жүйесінің дамуымен және дінге байланысты Грекияда храмдар, ежелгі басқа елдерде, сондай-ақ емдеу орны болды және діни қызметкерлер дәрігерлер функцияларын атқарды. Бірақ ғибадатханамен бірге, діни қызметкерлер медицинаны жалғастырды. Ежелгі Грекияда қалалар саны жағынан кедей азаматтарды тегін емдеп және эпидемияға қарсы шаралар қабылдауға көмектесетін қоғамдық дәрігерлер болды. Қоғамдық дәрігерлердің адамгершілігі мол болды. Себебі олар соғыста жараланған жауынгерлерді емдеді. Ал қала дәрігерлері көпестер мен байларды, саудагерлерді емдеп отырды. Грекияда, дәрігерлерді оқыту түрі үшін дайындалған мектеп болды. Кіші Азия жағалауындағы Кос түбегінің Книд аралында (700 жылы ашылған) ең танымал мектеп пайда болды.
Гиппократ (Ἱπποκράτης) – ежелгі грек дәрігері, көне медицинареформаторы. Ол Ежелгі Грекияның Кос аралында біздің заманымыздан бұрынғы 460 ж. туып, 377 ж. (басқа мәліметтер бойынша 356) Фессалияда дүние салған. Гиппократ Грекияда, Кіші Азияда, Ливияда, сондай-ақ Қара теңіз жағалауындағы сақтар арасында болып, Азия және Мысыр халық медицинасымен танысқан: ол науқасты емдегенде, аурудың пайда болу жолдары мен негізгі даму кезеңдерін анықтау керек екенін айтып, адамзатты табиғат емдейді.
• Адам ағзасындағы өзгерістердің
бәрі табиғат пен климат әсерінен болады.
• 60 - қа жуық әр түрлі медициналық
еңбектер жазды.
• Азия және Египет елдерінің
халық медицинасын пайдалану туралы еңбегі
бар.
• Гиппократ анты деп аталатын
ант мәтінін де жазған.
«Дәрігер – табиғаттың көмекшісі ғана» деген тұжырым жасады, сондай-ақ ауыр халде жатқан науқастың кейпіне сипаттама да берген, оны медицинада «Гиппократ кейпі» (Facіes Hіppokratіca) деп атайды. Гиппократ жараны таңу, буын шығуын және сүйек сынуын, геморройды, т.б. жараны емдеу әдістерін тапқан. «Гиппократ анты» деп аталатын дәрігерлік моральдік-этикалық ант мәтінін жазған. Осы еңбектеріне орай, Гиппократты «медицинаның атасы» деп атайды.
Ол ауруды емдеудің тәсілдерін мистика мен теологиядан бөліп, нақты ғылыми негізге қойған. Оның б.з.б. V ғасырда жазылған еңбектері бүгінге дейін маңызын жойған емес. Қазіргі заманда әрбір дәрігер өзінің кәсіби жолын бастар алдында оның атына ант береді. Көне грек дәуірінің дәрігері Гиппократ медицинаны ғылым салаларының арасындағы ең қайырымдысы деп білген.
Медицина «атасының» өміріне қатысты тарихи деректер бізге аңыздар негізінде жеткен. Гиппократ б.з.б. 460 жылы гректің Кос аралында дүние келеді. Аңыздарға сенсек, эллиндіктер Гиппократты көне грек мифологиясындағы медицина құдайы Асклепийдің (Эскулап) ұрпағы деп білген. Ол алғашқы медициналық білімін әкесі Гераклиттен алады. Жастайынан аралдағы Эскулаптың құпия ұйымына мүше болып, жиырма жасында медицина «атасы» Гиппократ та ант береді. Кейіннен Асклепий құдайының абызына айналып, адамдарды емдеумен айналысады.
Түрлі аңызға орай, ол тәжірибе жинақтау мақсатында, өркениеті дамыған елдерге саяхат жасаған екен. Айта кетсек, Гиппократ жылдар бойы Мысырда емші болып, сосын Македония патшасын өлім аузынан алып қалады. Ал парсы патшасы Канхусрабтың(Ксеркс) жеке дәрігері болу ұсынысынан бас тартады. Өз біліктілінің арқасында Гиппократ Афина қаласында өршіген обадан полис халқын аман алып қалады. Алғысы шексіз қала тұрғындары Афина көшелерінің біріне оның мүсінін орнатқан екен. Медицина «атасы» жасы 40-ты алқымдап қалған кезде туған аралы Косқа барып, көмекке мұқтаж жандарды емдеуді жалғастырады.
Көне дәуірдің адамдары ауруды қаһарға мінген құдайлар жібереді деп сенген. Ал Гиппократ мұның табиғи факторларын іздеп, сенімнің орынсыз екенін ғылыми негізбен дәлелдейді. Ол ауруға ауа-райының өзгеруі, жыл мезгілдерінің ауысуы, тамақтану тәртібі және адамның өз мінезі себеп болуы мүмкін екенін анықтайды. Ересек аурулардың қатар Гиппократ балалардың ауруларын зерттеді. Ол шошқа ауруына сипаттама берді. «Ежелгі медицина туралы» эссе Гиппократ негізінен тамақтану туралы өзінің алаңдаушылығын, өнімдерді пайдалануға, алғашқы қауымдық қоғам материалдық жағдайын медицина туындауына түсіндірді. Гиппократ бүкіл организмнің жалпы процесс ретінде ауру түсінді.
Гиппократтың бізге жетіп келген 70-ке жуық жазбасы бар. Еңбектер оның тәжірибесі туралы дерек береді. Нақтырақ айтар болсақ, олар медициналық кеңес ретінде жинақталған афоризмдер топтамасы еді. Оның еңбектері қазіргі медицина ғылымында «Гиппократ корпусы» деп аталады.
«Гиппократ корпусындағы» жазбаларда оталар мен хирургиялық емдеулер туралы ашық жазылады. Расынмен, көне грек өркениетінің медицинасында хирургиялық оталар жасау үшін қолданылған медициналық құралдардың болғанын кейіннен археологиялық қазбалар нәтижесі дәлелдейді. Жазбалардың көмегімен адамның бас сүйегіне де ота жасалғаны туралы мәлімет табылады.
Медицина сол дәуірдің өзінде үлкен мүмкіндікке ие болғанымен, Гиппократ адамның емделуінен бұрын, аурудың алдын алуды жөн көрген екен. Сондықтан, ол тамақтану тәртібін бір қалыпты ұстауға кеңес береді. Тек дәрігер ғана емес, науқастың өзі де емделудің алдын алуға тырысуы міндетті болғанын ұғындыра білген.
Гиппократ мектебі әрбір науқасқа жеке назар аударуды басты негізге алады. Гиппократ адамның денсаулығы мен темпераменті денедегі төрт сұйықтықтың бір қалыпты болуына тікелей байланысты екенін айтады. Сол төрт сұйықтық негізінде Гиппократ адамның холерик, флегматик, сангвиник және меланхолик сынды төрт түрлі мінезі болатынын анықтайды. Сонымен қатар, медицина «атасы» 200-ден астам дәрілік шөпті танып, емдік сипатта пайдалана алған. Бір уақытта көп емді қолданбауға кеңес беріп, танымал «Нұқсан келтірме» (Primum non nocere) сөзін қалдырады. Белгілі дәрігер өз-өзіне жақсы қараса керек, 90 жасқа дейін өмір сүреді.
Гиппократтың еңбектерін оқыған Платон, Аристотель сынды ғұлама ғалымдар оны медицина ғылымының «атасы» деп жоғары бағалаған.
Көне медициналық-этикалық
құжаттардың бірі – бәріне танымал «Гиппократ
анты» болып табылады. Медицина құдайы
болып саналатын Асклепий негізін қалаған
асклепиадтар мектебінің түлектері осы
антты берген. Гиппократ ІІ Ұлы Косский
(б.д. 460жылы туылған, кейбір деректерде
оны 83 жыл, ал кейбір деректерде 104 жыл
өмір сүрген делінген) осы мектептің ең
танымал түлегі болды.
Ант құнды құжат болып
саналады, ол Гиппократ дәуіріндегі медициналық
мектептердің дәрігерлік қызметі туралы
түсініктерді береді. Дәрігерлердің «асклепиадтар»
деп аталуының мағынасы Асклепиядан шыққан
дегенді білдіреді, сондықтан да оның
атымен антты береді. Осы антта және «Гиппократ
жинақтарының» өзге де шығармаларында
дәрігерлердің шіркеулік медицинаға қатысы
туралы ешқандай айтылмайды. Дегенмен
де, дәрігерлер «Асклепий» (асклепейондар)
құдайының құрметіне тағзым ететін, шіркеу
адамдары емес.Сол заманда емші, бақсы,
көз бояушылар көптеп болды, солардан
арнайы мектепті (асклепиадтар корпоациясын)
бітірген дәрігерлерге қоғамда сенімді
қамтамасыз ету үшін Гиппократ анты шықты
деп айта аламыз.Осы «Антқа» немесе «Гиппократтың
10 уағызына» кейде оны (Мойсейдің 10 шіркеулік
уағызымен ұқсатады) логикалық-тарихи
талдау жүргізейік.Осы дәуірде дәрігерлердің
мінез-құлқын реттейтін әдістің бар екендігін
«Анттың» преамбуласы дәлелдейді.
«Келесі
ант пен жазбаша міндеттемелерді өз
ақыл-ойыммен, күшіммен адал орындауға,
дәрігер Аполлонды, Асклепийді, Гигиея
мен Панацеяны және барлық құдайларды
куә ете отырып, ант беремін.»
Аполлон гомердәуірінен
кейінгі кезеңдегі дәрігерлердің құдайы
болып саналады. Асклепий (Ежелгі Римде
– Эскулап деп аталды) – дәрігерлік өнердің
құдайы Аполлонның баласы. Ал Гигиея Асклепийдің
қызы, ол –денсаулықтың құдайы («гигиена»
сөзі осыдан шыққан), оны қолында жылан
ішіп тұрған тостаған бар жас қыз бейнесінде
бейнеленген (ақылдылық символы). Панацея
(емдеуші) – ол Асклепийдің басқа қызы.
Панацея барлық ауруды емдей білді. Сондықтан
да, «Панацея барлық ауруды емдейтін дәрі»
- деген ұғым осыдан шыққан. «Анттың» келесі мәтіндері
дәрігерлік қызметтің әкеден балаға берілетін «жанұялық
қызмет» екендігін көрсетеді.Қызмет
одан әрі кеңейіп, оған сырттан оқушылар
алына бастады. Оған дәлел Гален мен Платон,
сол дәуірдің дәрігерлері оқушыларды
медицинаға ақымен оқытқан. «Антта» бұл
туралы ештеңе айтылмайды; оқушы оқытушының
жанұясына мүше болып кіріп, оқытушы қажет
еткен жағдайда ғана оған көмектескен.
Ақша туралы келісім өз алдына құрастырылуы
мүмкін.
Бұл жайлы «Анттың»
мәтінінде былай делінген: «мені дәрігерлік
қызметке үйреткен ұстазды өз ата-анаммен
бірдей көруге, өз пайдамды онымен бөлісуге,
оның мұқтаждығына көмектесуге, оның ұрпағын
«өз бауырларым» деп санап, егер олар осы
өнерді қаласа, онда оларға ешқандай келісімсіз,
ақысыз үйретуге, оқытуға; осы өнердің
ауызша сабақтарын және т.б. ілімдерін
медициналық заңдағы ант пен міндеттемелерге
байланысты өзгелерге емес өз балаларыма,
ұстазымның балаларына және оқушыларына
жеткізу, үйрету».
«Өз ақыл-ойым мен күшіме сүйене отырып, мен аурудың режимін оған пайда болатындай етіп бағыттаймын» - деп «анттың» авторлары өздерінің медициналық міндеттерін ескере отырып, аурулардың өміріндегі образды (режимді) бірінші орынға қояды.
«Әділетсіздік пен әртүрлі зиян келтіруді болдырмаймын» - деп, міндет алған жас дәрігер, «Зиян келтірме» деген медицинаның алғашқы заңын өзінің алғашқы қадамында меңгеруі қажет және дәрігерлік қызметте ешқандай әділетсіздіктің орнауына жол жоқ екенін түсінуі керек. Әділетсіздіктің қағидалары ешқандай ауытқусыз қадағалануы тиіс.
«Мен өлгісі келетіндерге өлтіретін дәріні берген жоқпын және оларға өлудің жолын көрсетпеймін».Осы дәуірдегі медициналық-этикалық кодекске «Анттың» осы жағдайы «Өлтірме» деген көне уағыздан қалған.Дәрігерлік өнер науқастың өлімін жылдамдатуға бағытталмаған болуы керек.
«Сондай-ақ, мен ешқандай әйелге құрсағындағы баласын алдырмаймын».Бұл міндеттен біз өмірді беретін де, тоқтататын да дәрігер емес, құдай екеніне сене отырып, ұрықтану болған күннен бастап, жарқын өмірді әркімнің де көруі керек екенін түсінеміз.
«Мен өз
өмірім мен өнерімді таза және адал өткіземін».Бұл сөзді түсіндірудің
қажеті жоқ сияқты. Дәрігерлік ол бір кәсіп
ретінде емес, қателіктерге жол бермейтін
және таза өнегелікті қажет ететін өнер
ретінде қарастырылады.
«Мен ағзасында
тасы бар науқастардың тасын алуға өз
бетімше әрекеттер (сою, кесу және т.б.)
жасамаймын, оларды сол істің мамандарына
бағыттаймын».Осы айтылған сөзге
мәтінді түсіндірушілер еш түсінбейді,
ежелгі египеттіктер мен гректерге танымал
операция «литотрипсияны» (кесу арқылы
тасты алу, зәр қабындағы тасты майдалау
және оларды емдеу) неге дәрігерлер жасай
алмайды? Орта ғасырдаң аяғында осы операцияны
Ежелгі Египет пен Батыста арнайы мамандар
жасай бастады. Ол дәрігерлер арнайы ұйым
болып бірігіп, осы мамандықтың құпиясын
бірге меңгерді және өздерінің беделін
түсірмес үшін, біліктілігі жеткіліксіз
болатын өзге аймақтарға кіріспеді.
«Мен қандай
үйге кірсем де, ауруға көмегімді тигізу
үшін кіремін, ондағы әйел немесе еркекпен
махаббат құру, қауіп төндіру, пиғылдану
сияқты ойлардан аулақ боламын».
Жақсылық жасауға және
жамандық жасамауға бағытталу – этиканың
басты қағидасы. Дәрігер мен науқас арасында
(жан дүниелік) белгілі шекаралардан асатын
жақындық болмауы керек, егер олай болмаса,
онда оны «физикалық жақындық» деп санайды.
Дәрігерлік қызметтің ақысын «тәнмен
өтеу» туралы әртүрлі халықтардың ежелгі
медициналық-этикалық кодекстерінде жазылмаған.«Емдеу немесе емдемеу
кезінде, ауруға қатысты нәрсені көрсем
немесе естісем, оны ешкімге жария етпеймін».«Антты»
құдайлар және адамдар алдында салтанатты
түрде серт берумен аяқтайды:
«Осы антты
бұлжытпай орындаған маған, менің өміріме,
менің өнеріме бақыт берсін; антты жалған
берген немесе бұзғандарға соған кері
жағдайлар болсын».Бұл бостан бос айтылған
сөздер емес. Ежелгі Греция мен Ежелгі
Римде мақтаулы дәрігерлерге ескерткіштер
орнатылған. Ал кімде-кім антты бұзса,
соған айып тағылған немесе оның қолы
кесілген.Кәсіптік істің түрі ретінде
дәрігерлікті таңдаған адамдардың өнегелік
кодексінің алғашқы кезеңі «Медицина
қалыптасуынан» басталып, Ежелгі грек
философтарының «Гиппократ корпустары»
деген еңбектерінің пайда болуымен аяқталады.Медициналық
этика дамуының екінші кезеңінің басы
монотеистік діндер пайда болуымен байланысты
болды. Осылайша, медициналық-этика дамуының
екінші кезеңі монотеистік діндер: ислам,
христиан, иудаизм, буддизм қалыптасуы
кезінде өтті.
Жоспар:
1 Ежелгі Грек медицинасы
2 Гиппократ
3 Гиппократ жинағы
АО « Астана медициналық университеті»
Қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасы
Тақырыбы: Ежелгі Грек медицанасы. Гиппократ. Гиппократ жинағы
Информация о работе Ежелгі Грек медицинасы. Гиппократ. Гиппократ жинағы