Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2015 в 11:26, реферат
Қазіргі әлемдік қатынастарда, соның ішінде Қазақстан Республикасында дін және дінаралық қатынастар өзекті мәселеге айналып отыр. Социалистік жүйе және Кеңес одағы ыдыраған соң діндердің рөлі және дінаралық қатынастар әлемдік саясатта нығая түсуде. Әлемнің көптеген елдерінде діни экстремизм мен терроризм әрекеттері белең алып отыр.
Қазақстан Республикасында дін және дінаралық қатынастар
Қазіргі әлемдік қатынастарда, соның ішінде Қазақстан Республикасында дін және дінаралық қатынастар өзекті мәселеге айналып отыр. Социалистік жүйе және Кеңес одағы ыдыраған соң діндердің рөлі және дінаралық қатынастар әлемдік саясатта нығая түсуде. Әлемнің көптеген елдерінде діни экстремизм мен терроризм әрекеттері белең алып отыр.
Соңғы кездері Қазақстандағы демократиялық принциптерге қарамастан діни-ахуалдық мәселелер туындады. Экстремистік және террористік бағыттағы Ислам дінін жамылған радикалдық ағымдар пайда болды.Олардың көріністері Ақтөбе облысындағы Шұбаршы ауылындағы террорлық әрекеттер, Ақтау, Атырау, Тараз, Алматы қалаларындағы экстремистік ағымдардың көрініс беруі.
Елімізде конфессиялардың саны тым көбейіп, олардың саны 45-ке жетті.
Көптеген келімсек діндердің немен айналысып жатқанын қадағалау қиынға соқты. Жергілікті мұсылман тектес халықтарды шоқындыру белең алды.
Қазақстанға батыстық протестанттық бағыттағы дәстүрлі емес діндер және шығыстық ислам туын жамылғы еткен Исламдық теріс ағымдар күшейе түсті. Тоталитарлық зорлық-зомбылыққа негізделген діни ағымдар да қызметін жандандырды.
Елімізде экстремистік бағыттағы «Хизб-ут-тахрир » азат ету партиясы ұйымының заңға қайшы әрекеттері жұртшылықтың наразылығын тудырды. Хизб-ут-тахрирдің мақсаты- Ислам атын жамылып, дінаралық келісім мен ынтымаққа зиянын тигізіп, бейбіт өмір тыныштығын бұзу. Хизб-ут-тахрир Орталық Азия елдерінің мемлекеттік құрылысын мойындамайды және осы аймақта халифат құруды өздерінің мақсаты ретінде ұстанады. Аталған ұйым күресі идеологиялық күрес, идеологиялық төңкеріс, билікті өз қолдарына алу сынды үш бағытта жүргізіледі. Кейінгі жылдарда мұсылмандар арасында жік салатын пікірлер мен ұстанымдар көрініс беруде. Экстримистік, діни фанатизм, лаңкестік, пікір төзімсіздігі ислам дініне жат.[2]
Қазіргі таңда жұмыссыздар, өмірден өз орнын таппағандар, рухани ізденісте жүргендер, жеке басы мен отбасындағы психологиялық қиындықтарға төзе алмағандар, Ислам дінін терең білмейтіндер,әсіресе миссионерлердің үгіт-насихатына тез ілігеді.
Елімізде ислам діні күшпен емес бейбіт жолмен енді. Дінбасымыз болған Әбсаттар Қажы Дербісәлінің пікірінше, «Ислам діні барлық адамзатты, соның ішінде, оңы мен солын түсіне қоймаған жастарымызды тәрбиелейтін айқын жол екенін дәлелдеп жатудың қажеті жоқ шығар. Дін барлық ғылымның, рухани дамудың мәдениеттің негізі».
Көптеген жасөспірімдер мен мемлекетіміздің болашағы болатын жас ұрпақтарымыз Йегова куәгерлері, Кришна сектасы, Саентология шіркеуі, т.б. секталарға кіріп, өздерінің қандай бағытта өмір сүріп жатқандығын, қандай секталық бағытқа бара жатқандығын білмей ата-аналарының айтқандарынан шығып, өмірде дұрыс емес, бұрыс жолдарға түсіп кетті.
Салафиттер. Сәләфитік – ислам дініндегі сунниттік бағытқа жататын діни идеологиялық ғылымдардың бірі болып табылады.
«Салафитік» ағым Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғамбар мен оның сахабаларының дәуірін қайтару ұғымына жақын. «Сәләф» сөзі «алдыңғы өткендер», «бұрынғылар» деген мағынаны береді. Оңтүстікте алғашқы сәләфиттік қоғамдар 2004 жылы пайда болды. Оның негізін «Братья- мусульмане» ұйымы және «Кувейттің әлеуметтік реформалар қоғамы», «Азия мұсылмандар комитеті» қалаған. Сәләфилер 4 топқа бөлінетіндігі белгілі.
1. Матхалиттер- ресми билікті мойындайды. Сауд Арабиясында қызмет етеді. Ешқандай жамағатқа бірікпейді.
2. Мединалықтар («Сурруриттер») – жамағатқа бірігеді, лидерлерін сайлайды. Бұлар мемлекетке тікелей қауіпті емес, діни басшылыққа қарсы.
3. Такфирлер 1990 жылдары біздің батыс облыстарда пайда болды. Басқа мұсылмандарға сенбейді. Зайырлы заңдарды мойындамайды.
4. Сәләфит радикалдар- жиһатшылар, террорға шақырады. Ауғанстан мен Шешенстанда соғысқа қатысқан. Оңтүстік Қазақстан облысында осылардың жамағаттары бар екені анықталған.
Қазір республикамыздың әр өңірінде салафиттердің саны мыңдаған адамға жеткен, олар бей-берекетсіз топтардан нақты басқарушы, үйлестіруші механизмдері бар құрылым болып қалыптасу үстінде. Шешенстан, Өзбекстан және Тәжікстан тәжірибесіне қарасақ қалыптасу процесінен өткен салафиттердің ендігі мақсаты- билікті басып алу үшін қарулы қақтығыс ұйымдастыру және халифат орнату болатынын байқаймыз.
Салафиттердің негізгі «жұмыс орны» - мешіттер, түрлі ислам мәдени қайырымдылық қорлары жанындағы курстар, т.б. Бұл жерде негізгі назар жастарға, студенттерге, кәсіпкерлер мен шығармашыл зиялы қауым өкілдеріне түседі.
Салафиттер қажылықты да өз мақсатына жақсы пайдаланады. Шенеуніктер, мемлекеттік және мәдени сала қызметкерлері, кәсіпкерлер мен спортшылардан құралған топтар Сауд Арабиясына жолданады. Сол жерде Қазақстан азаматтары жүйелі идеологиялық, психологиялық «өңдеуден» өтеді.[3]
Алғашқы кезде дінге ықылас танытқан адамға түрлі діни әдебиет, Интернет мақалалары, түрлі уағыз жазылған аудио-бейне жазбалар ұсынылады. Мұнда ашық жиһадқа шақыру, халифат құру секілді экстремистік идеялар болмайды. Бірақ бұл кітаптар мен брошюралардың негізгі мақсаты – адам санасына уаһһабиліктің базалық идеяларын сіңіру, сол арқылы болашақта экстремистік идеяларды жатсынбайтындай ету болып табылады. Көбіне бұл кітап пен брошюралар уаһһабилік идеология жақсы дамыған араб елдерінің теологтары еңбегінен аударма болып келеді.
Кеңес одағы кезінде атеистік ұстаным болатын, Ол кездері қоғамда діни экстремистік әрекеттерге бой алдыртпады. Ал қазіргі біздің зайырлы демократиялық елімізде дәстүрлі емес діндердің көбейіп кетуі және де экстремистік ағымдардың белең алуы мемлекттегі әр азаматты ойландырып жүрген мәселелердің бірі.
Қазір кейбір сыртқы экстремистік күштер жастарымызды ислам дінінің хақ жолынан адастырып, теріс бағытқа тартуға тырысуда.
Бабаларымыз ұстанған дәстүрлі дініміз Исламда жас ұрпақтың санасына өркениеттік, адамгершілік, гуманистік тәрбиені бойына сіңіру міндеті тұр.
Жастарға көңіл бөлу ,оларды тәрбиелеу –дәтүрлі діннің жетекшілері мен қоғам қайраткерлерінің қоғам алдындағы міндеттерінің бірі.
Қазақстан Республикасы Конституциямызда зайырлы мемлекет ретінде табылды. Сондықтан, мемлекетіміздің ұстанып отырған саясаты экстремистік ағымдағы дәстүрлі емес діндерге заң, құқықтық нормативтік актілер арқылы шектеу қояды және қарсы күреседі.
Осыған байланысты 2006 жылғы
8 қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясы «Ғаламдық
террормен күрес» стратегиясын қабылдады.
Бұл құжатта БҰҰ - ға мүше мемлекеттер
экстремизм мен терроризмнің барлық пішінін
бір жақты айыптайды және осыған қарсы
тығыз ынтымақтастық арқылы әрекет етуге
дайын екендігін көрсетеді. Стратегияны
әр мемлекет шынайы түрде іске асырып
жатса, діни экстремизм мен күрес шын мәнінде
өз нәтижесін берер еді.
Елімізде 2005 жылдың 18 ақпанында
«Экстремизмге қарсы іс - қимыл туралы»
Заң қабылданды. Осы заңның 10 - бабы «Қазақстан
Республикасы мемлекеттік органдарының
шет мемлекеттердің органдарымен және
халықаралық ұйымдармен экстремизмнің
алдын алу, анықтау және жолын кесу саласындағы
өзара іс - қимылы» деп аталады. Осы бап
жоғарыда аталған БҰҰ - ның «Ғаламдық террормен
күрес» стратегиясына сәйкес еді. Демек,
еліміз аталған стратегиядан бір жыл бұрын
қабылданған заңы арқылы экстремизм мен
терроризмге қарсы басқа мемлекеттермен
бірігіп күресуге әбден дайын.
Қазақстан өзі тарапынан аймақтық
бейбіт өмірді, қауіпсіздікті және тұрақтылықты
қамтамасыз ету, сонымен қатар, демократиялық,
әділ және ұтымды саяси, экономикалық
халықаралық тәртіп орнату үшін қолынан
келгеннің бәрін жасап жатыр. Соның бір
мысалы ретінде Қазақстанның 1996 жылы «Шанхай
бестігі» деген атаумен құрылып, 2001 жылдың
1 маусымынан бастап Шанхай ынтымақтастық
ұйымы аталған құрылым аясындағы экстремизм
мен терроризмге қарсы нақты іс - шараларын айтуға
болады.
Бір сөзбен айтқанда діни экстремизм мен терорризмнің мақсаты – өз қатарын көбейтіп, жақтаушылар санын арттыра түсу . Оған қаражаты да , басқа түрлі айла-тәсілдерін аяр емес. Ендеше, « жау жоқ деме ,жар астында » деген халық , ел болып бірігіп , күресіп, сақ болайық!
Информация о работе Қазақстан Республикасында дін және дінаралық қатынастар