Семирамида аспалы бағы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2015 в 12:58, реферат

Описание работы

Семирамида аспалы бағы — Вавилонның патша сарайындағы алып құрылыс, Әлемнің жеті кереметінің бірі. Бұл сәулет туындысы ежелгі дәуірде билік жүргізген патша Навуходоносор ІІ-нің бұйрығымен өзі тұратын сәулетті сарайдың кең ауласында тұрғызылған. Тарихи деректерге қарағанда, Навуходоносор б.з.б 605-562 жылдар аралығында патшалық етіп, Вавилон империясын құрып, кейін Вавилон қаласының атағын шығарған.

Файлы: 1 файл

Сады Семирамиды.pptx

— 1.23 Мб (Скачать файл)

Семирамида аспалы бағы 

Семирамида аспалы бағы — Вавилонның патша сарайындағы алып құрылыс, Әлемнің жеті кереметінің бірі. Бұл сәулет туындысы ежелгі дәуірде билік жүргізген патша Навуходоносор ІІ-нің бұйрығымен өзі тұратын сәулетті сарайдың кең ауласында тұрғызылған. Тарихи деректерге қарағанда, Навуходоносор б.з.б 605-562 жылдар аралығында патшалық етіп, Вавилон империясын құрып, кейін Вавилон қаласының атағын шығарған.

Навуходоносор II атты Вавилон патшасы(б.з.б 605—562 )ең басты жауы- Вавилон мемлекетінің астанасын екі рет талқандатқан Ассирияға қарсы тартыс үшін Мидия ханы, Киаксармен әскери одақ құрады. Жеңіске жеткен олар Ассирия жерін өз арасында бөліп алады. Олардың әскери одағы Навуходоносор II - нің Мидия ханының қызы Амитиске үйленуімен расталды. Таулы және жасыл Мидияда өскен патшайымды жалаң құмды жазықта орналасқан шаңды да, дулы Вавилон қуантпады. Оны жұбату үшін, Навуходоносор аспалы бақ тұрғызуды бұйырады. Бірақ тарихи ғылымда жаңылысып, бақ атауын одан екі ғасыр бұрын өмір сүрген ассириялық Семирамида патшайымның атауымен атап кеткен.

Деректерге қарағанда, Навуходоносор Аспалы бақты Амитис үшін, Вавилонның шаңдағында өз елін аңсап жүрген кезінде салғызған. Қалың өскен өсімдіктер әлемі оның есіне Мидияның (қазіргі Иран) көк шалғын төбелерін есіне түсіретін. Бұл жасанды жолмен жасалған жұмақта жұбайлар қыдыратын, демалатын және сарай қызметшілерімен бірге тамақтанатын болған.

Қызықты мәліметтер:  
-Бақтың әр жағы 4 плетронға тең болған. Плетрон - гректердің ұзындық өлшемі, ол 30,8 м-ге тең, олай болса,бақтың ауданы 123,2 м² болған.  
-Вавилонның көп ғимараттары ашық көк кірпіштермен безендірілген. 
-Бақтарды күту, егу, суару, жерді қопсыту, өсімдіктерді отырғызып, оларды кесу-жүздеген құлдарға жұмыс тауып берді. 
-Патшаның әскери жеңістерінің нәтижесінде оның жаулары да көп болды, осыған байланысты аспалы бақтарды қарулы әскерлер күзетті. 
-Ешкім де сеніммен Аспалы бақта қандай өсімдіктер өскендігі жөнінде айта алмайды, бірақ патша Ашурнасирпала II (б.з.б. 883-859) осы жерден алыс емес Нимруде қаласындағы бақта мирт, арша, бадам, құрма, зәйтүн, паслен, анар, қара өрік, алмұрт, айва, інжір және жүзім өсірген.  
-Бақтарға су Ефрат өзенінен каналдар жүйесі арқылы берілген. 
-Аспалы бақтың әр қабатының табаны саз кірпіштен қаланған, араларына қамыс жайылып, су өтпес үшін оларды қарамаймен және қабатталған қорғасынмен жапқан. 
-Ағаштар көлеңке және ылғалды сақтау үшін бір-біріне жақын егілген. Олар: кипарис, қарағаш, самырсын, емен, ақ үйеңкі, үйеңкі және т.б. Бұл ағаштар: мысалы, пальма мықтылығымен қатар, шірімейтін қасиетті болған, сол қасиеті үшін құрылысқа пайдаланған.  


Информация о работе Семирамида аспалы бағы