Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2013 в 02:24, реферат
Органикалық қосылыстардың барлығының құрамында көміртек атомы бар. Көміртектен басқа сутек, азот, оттек, т.б. элемент атомдары болады. Кей органикалық қосылыстар құрамына күкірт, фосфор, галогендер, металдар кіреді. Ал бейорганикалық қосылыстарды біріктіретін бір ортақ элемент жоқ.
Органикалық химия – көмірсутектер мен олардың туындыларының химиясы. Органикалық заттардың санының көп болуы көміртек атомының ерекше қасиеттеріне байланысты:
• Органикалық қосылыстарда көміртек атомдары өзара жалғасып, құрамына көп атом топтары кіретін тізбек құра алады. Сонымен қатар көміртек атомдары бірімен-бірі түзу тізбекті, тармақты, тұйықталған цикл түзіп те байланыса алады.
│