Тілендиев Нұрғиса Атабайұлы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Марта 2016 в 16:20, биография

Описание работы

Тілендиев Нұрғиса Атабайұлы (1925-1998) - дирижер, композитор домбырашы, ССРО және ҚазССР-нің халық артисі, ҚазССР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері, ҚазССР-нің Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. П. И. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының дирижерлік факультетін (профессор Н. П. Аносовтың класы) бітірген.
1981 жылы “Отырар сазы” қазақтың мемлекеттік фольклорлық - этнографиялық оркестрін құрып, өмірінің соңына дейін соған жетекшілік етті. Тілендиев - “Алтын таулар” (Қ. Қожамияровпен бірлесіп) операсының, “Достық жолымен” (Л. Степановпен бірлесіп) балетінің, “Ата толғау”, “Аққу” оркестрлік поэмасының, 40 шақты ән мен романстардың авторы. Тілендиев 100 спектакльге, көркемдік құжатты және мультипликациялық фильмдерге музыка жазды. Тілендиев шығармаларынан қазақтың халық музыкасына тән әуезділік, лиризм,азаматтық пафос пен динамизм ерекше үндестік тапқан.

Файлы: 1 файл

Тілендиев Нұрғиса Атабайұлы.doc

— 41.00 Кб (Скачать файл)

Тілендиев Нұрғиса Атабайұлы (1925-1998) - дирижер, композитор домбырашы, ССРО және ҚазССР-нің халық артисі, ҚазССР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері, ҚазССР-нің Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. П. И. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының дирижерлік факультетін (профессор Н. П. Аносовтың класы) бітірген.

1981 жылы “Отырар  сазы” қазақтың мемлекеттік фольклорлық - этнографиялық оркестрін құрып, өмірінің соңына дейін соған  жетекшілік етті. Тілендиев - “Алтын  таулар” (Қ. Қожамияровпен бірлесіп) операсының, “Достық жолымен” (Л. Степановпен бірлесіп) балетінің, “Ата толғау”, “Аққу” оркестрлік поэмасының, 40 шақты ән мен романстардың авторы. Тілендиев 100 спектакльге, көркемдік құжатты және мультипликациялық фильмдерге музыка жазды. Тілендиев шығармаларынан қазақтың халық музыкасына тән әуезділік, лиризм,азаматтық пафос пен динамизм ерекше үндестік тапқан.

 

 

 

Нұрғиса Атабайұлы Тілендиев (1925-1998 жж.) – қазақтың күйші-сазгері, дирижер, дәулескер домбырашы.   
Туып-өскен жері – Алматы облысының Іле ауданына қарасты Шилікемер ауылы. Топырақ бұйырған жері – Жамбыл кесенесінің іргесі.  
Мәскеудің П.И. Чайковский атындағы консерваториясының дирижерлік факультетін (профессор Н.П. Аносовтың класы бойынша) бітірді.  
Қазақтың Абай атындағы Опера және балет театрында (1953-1961 жж.), қазақтың Құрманғазы атындағы Мемлекеттік Академиялық халық аспаптар оркестрінде (1961-1964 жж.) және тікелей өзінің ұйымдастыруымен дүниеге келген «Отырар сазы» халық аспаптары оркестрінде (1981-1998 жж.) бас дирижер қызметін атқарды.  
Сондай-ақ, 1968 жылы «Қазақфильм» киностудиясы музыка редакциясының бас редакторы болып істеді.  
Қазақстан Халық әртісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, КСРО халық әртісі Н.Тілендиевке 1998 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен «Халық Қаһарманы» атағы берілді. 
Нұрғиса Тілендиев – қазақ музыкалық мәдениетіне сазгер, дирижер, орындаушы ретінде өшпес із қалдырған суреткер. Ол – 500-ден астам музыкалық төл туындылардың авторы.  
Осынау мол мұраның жанрлық аясы да қайран қалдырды: ән, күй, романс, уветюра, поэма, кантата, опера, балет т.б.  
Сүйікті шығармаларынан «Достық жолымен» (1958 ж.), «Менің Қазақстаным» кантатасын (1959 ж.), Қ.Қожамьяровпен бірлесіп жазған «Алтын таулар» операсын (1961 ж.), «Ата толғауы» және оркестр үшін жазылған шығармаларын (1962 ж.), «Халық қуанышы» (1963 ж.), «Қайрат» (1964 ж.), «Жеңіс солдаты» (1975 ж.) сияақты уветюраларын атауға болады.  
Оның «Аққу», «Аңсау», «Арман», «Ата толғауы», «Әлқисса», «Қорқыт туралы аңыз», «Көш керуені», «Махамбет», «Фараби сазы» сияқты күйлері мен «Сарыжайлау», «Алатау», «Ақжайық», «Ақ құсым», «Өз елім» сияқты ондаған әндері халықтық бояу-нақышының қанықтығымен, өзіндік қолтаңбасының айқындығымен жұртшылықтың сүйіп тыңдайтын рухани қазынасына айналған. 
Мұның сыртында қырықтан астам пьесаға және жиырмадан астам фильмге музыка жазған.  
Нұрғиса Тілендиев музыкасын жазған М. Әуезовтың, Ш. Аймановтың, Ә. Тәжібаевтың пьесалары, сондай-ақ «Қыз Жібек», «Қилы кезең», «Менің атым Қожа», «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?», «Ақсақ құлан» фильмдері әрқашан қазақ сахнасы мен экран өнерінің классикасына айналған. 
Нұрғисаның сазгер, дирижер, орындаушы  ретіндегі ойы көпке ортақ, тілі көпке түсінікті. Егер сал-серілер өнері адамның жан-жүрегіне бағытталуымен дараланса, сол ұлы дәстүр Нұрғисаның да барша шығармашылық болмысында аста-төк болып, шалқып-шашылып жатты. Дәл осы тұрғыда Нұрғиса қазақтың дәстүрлі музыкасының әрін тайдырмастан, нәрін жоғалтпастан тек қана өзіне тән профессонализмді қалыптастыра алды.

 

 

 

 

 

 

ілендиев Нұрғиса Атабайұлы

(1925-1998)

 
Дирижер, композитор, домбырашы, ССРО және ҚазССР-нің халық артисі, ҚазССР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері, ҚазССР-нің Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. П. И. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының дирижерлік факультетін (профессор Н. П. Аносовтың класы) бітірген. 1981 жылы "Отырар сазы" Қазақтың мемлекеттік фольклорлық - этнографиялық оркестрін құрып, өмірінің соңына дейін соған жетекшілік етті. Тілендиев - "Алтын таулар" (Қ. Қожамияровпен бірлесіп) операсының, "Достық жолымен"(Л. Степановпен бірлесіп) балетінің, "Ата толғау", "Аққу" оркестрлік поэмасының, 40 шақты ән мен романстардың авторы. Тілендиев 100 спектакльге, көркемдік құжатты және мультипликациялық фильмдерге музыка жазды. Тілендиев шығармаларынан қазақтың халық музыкасына тән әуезділік, лиризм, азаматтық пафос пен динамизм ерекше үндестік тапқан. 

 

 

 

 

 

 

 

Тілендіұлы Нұрғиса қазақтың музыкалық мәдениетіне композитор, дирижер, орындаушы ретінде өшпес із қалдырған суреткер. Ол 500-ден астам муызкалық төл туындылардың авторы. Осынау мол мұраның жанрлық аясы да қайран қалдырады: ән, күй, романс, увертюра, поэма, контата, опера, балет. Сүйікті шығармаларынан «Достық жолымен» (1958), «Менің Қазақстаным» контатасын (1959), Қ.Қожамяровпен бірлесіп жазған «Алтын таулар» операсын (1961),«Ата толғауы» және оркестр үшін жазылған шығармаларын (1962), «Халық қуанышы» (1963), «Қайрат» (1964), «Жеңіс солдаты» (1975) сияқты увертюраларын атауға болады. Оның «Аққу», «Аңсау», «Арман», «Ата толғауы», «Әлқисса», «Қорқыт туралы аңыз», «Көш керуені», «Махамбет», «Фараби сазы» сияқты күйлері мен «Саржайлау», «Алатау», «Ақжайық», «Ақ құсым», «Өз елім» сияқты ондаған әндері халықтық бояу нақышының қанықтығымен, өзіндік қолтаңбасының айқындығымен жұртшылықтың сүйіп тыңдайтын рухани қазынасын айналған. Мұның сыртында қырықтан астам пьесаға және жиырмадан астам фильмге музыка жазған. Тілендіұлы Нұрғиса музыкасын жазған М.әуезовтың, Ш.Аймонвтың, Т.Ахтановтың, Ә.Тәжібаевтың пьесалары, сондай ақ «Қыз Жібек», «Қилы кезең», «Менің атым Қожа», «Қарлығаштың құйрығы неге айыр», «Ақсақ құлан» фильмдері әлдеқашан қазақ сахнасын мен экран өнерінің классикасына айналған. Ол Абайдың «Әсемпаз болма әрнеге...», «Жасымда ғылым бар деп ескермедім...», «Ішім өлген, сыртым сау...», «Қызарып, сұрланып...» өлеңдеріне ән шығарған. Сонымен қатар қазақ ақындарының өлеңдеріне «Ғашыққа мойын қой», «Абай арманы», «Әйгерімнің әні», «Ақынның пайғамбары - Абай ата» әндерін жазды. Қазақстан Республикасы Мемлетінің сыйлығының лауреаты.


Информация о работе Тілендиев Нұрғиса Атабайұлы