Мемлекет

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2011 в 13:30, доклад

Описание работы

Мемлекет саяси жүйенің негізгі бөлігі болып саналады. Мемлекет алғашқы қауымда болған жоқ. Себебі алғашқы қауымдық құрылыста теңсіздік болған жоқ. Құл иеленушілік құрылыста мемлекет пайда болды, себебі өмірге басқарушылар мен бағынушылар келді. Мемлекеттің пайда болуы туралы әр түрлі анықтамалар бар:
Патриархтық теория. Оның негізін салушы XVIII ғ. өмір сүрген ағылшын ойшылы Роберт Филмер. Ол мемлекеттің пайда болуын рулардың тайпаға, тайпалардың одан үлкен қауымдастыққа, олардың одан әрі мемлекетке дейін бірігуінен деп санайды.
Қоғамдық келісім теориясы. Негізін салушылар: Т.Гоббс, Г.Гроций, Ж.Ж.Руссо. Мемлекет тәуелсіз әмірші мен оның қол астындағы адамдардың келісімі арқылы пайда болды.

Файлы: 1 файл

Мемлекет.doc

— 103.50 Кб (Скачать файл)

Мемлекет 

Мемлекет  
1. Мемлекеттің пайда болу себептері, белгілері 
Мемлекет деген ұғым бірнеше мағынада қолданылады. 
Біріншіден: қоғамды басқаратын аппарат. Себебі «үкімет» деген ұғымға сай. Екіншіден: қоғам мүшелерінің ассоциациясы. Мұнда «халық», «ел», «қоғам» сөздеріне сәйкес. 
Мемлекет саяси жүйенің негізгі бөлігі болып саналады. Мемлекет алғашқы қауымда болған жоқ. Себебі алғашқы қауымдық құрылыста теңсіздік болған жоқ. Құл иеленушілік құрылыста мемлекет пайда болды, себебі өмірге басқарушылар мен бағынушылар келді. Мемлекеттің пайда болуы туралы әр түрлі анықтамалар бар: 
Патриархтық теория. Оның негізін салушы XVIII ғ. өмір сүрген ағылшын ойшылы Роберт Филмер. Ол мемлекеттің пайда болуын рулардың тайпаға, тайпалардың одан үлкен қауымдастыққа, олардың одан әрі мемлекетке дейін бірігуінен деп санайды. 
Қоғамдық келісім теориясы. Негізін салушылар: Т.Гоббс, Г.Гроций, Ж.Ж.Руссо. Мемлекет тәуелсіз әмірші мен оның қол астындағы адамдардың келісімі арқылы пайда болды. 
Теологиялық теория. Негізін салушылар: А.Августин мен Фома Аквинский. Мемлекет құдайдың құдіретімен пайда болған. 
Зорлық жасау теориясы. Негізін салушылар: Е.Дюринг, Л.Гумплович, К.Каутский. Мемлекет бір елді екінші елдің басып алуының нәтижесінде арасындағы қатынастарды реттеу үшін пайда болды. 
Географиялық теория. Негізін салушылар: А.Гатцель, В.Соловьев, Б.Чичерин. Мемлекеттің пайда болуы географиялық ортаның өзгешеліктерінен деп түсіндіреді.  
Психологиялық теория. Адамдарға бағыну мен құлшылық ету қажеттігі мәңгі бақи тән болған дегенді айтады. 
Марксистік теория. Мемлекет жеке меншік пен таптың пайда болуынан туған дейді. Яғни, экономика жағынан үстем болып тұрған таптың мүддесін қорғап, басқа таптардың қарсылығын басу үшін керек дейді. 
Шетелдік зерттеушілер мемлекеттің мәнін таптық күресті бітістіруде, татуластыруда деп біледі. Қоғамға қауіпті әлеуметтік шиеленістерді асқындырмауға тырысып және оларды бейбіт саяси жолмен шешу үшін мемлекет негізгі әлеуметтік топтар арасындағы қатынастарға белсене араласып, ортадағы әділ төреші сияқты болуы керек дейді. 
Қорыта келе, мемлекет деп – белгілі бір аумақ шеңберінде адамдардың әлеуметтік топтар, таптар мен бірлестіктердің қатынастары мен қызметтерін ұйымдастыратын, бақылайтын қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементін айтамыз. 
Мемлекеттің мынадай белгілері болады: 
1. Өзінің шекарасы бар, белгілі территориясы болады. Өндірістің өркендеуі, сауданың өсуі, еңбектің бөлінуі, халықтың көбеюі кәсіпке байланысты аумақтық бөлінуге әкелді. Аудан, облыс, штат, т.с.с. пайда болды. 
2. Ерекше үкімет аппараты болады: мемлекетте әр түрлі мәселелерді шешу үшін қарулы әскер, шенеуліктік аппарат, полиция, сот, барлау, шіркеу, баспасөз, т.б. құралдар қажет болады. 
3. Мемлекет егеменді болуы керек. Ол – ішкі және сыртқы істерін атқарудағы толық тәуелсіздігі, дербестігі. 
4. Ішкі істер органдары, тергеу комитеті, прокуратура. Қылмыс жасағандарды еркінен айырудан бастап, өлім жазасына дейін кесе алады. 
5. Салық салу. Үкімет аппаратын ұстау үшін халыққа салық салады. 
6. Мемлекеттің азаматтығын алу қажет. Сол жерде туып, өскен соң, сол елдің азаматы болуың керек, онсыз мемлекет тарапынан қорғаныш болмайды. 
Осы айтылған белгілер мемлекетті басқа ұйымдардан ерекшелендіреді. 
 
2. Мемлекеттің қызметтері 
Мемлекеттің ішкі, сыртқы қызметтері болады. 
Ішкі: 
Экономикалық салада мемлекет кәсіпкер, жоспаршы, үйлестіруші ретінде мәселелерді шешеді. Экономикалық бағдарламаны жасайды. Халық шаруашылығының әр түрлі салаларының арасындағы байланыстарды реттеуге, экономикалық интеграцияны өрістетуге, ғылыми-техникалық революцияның жетістіктерін енгізуге, т.с.с. қатысады. 
Әлеуметтік өмірді ұйымдастырады. Халықтың әл-ауқатын, өмір деңгейін көтеру, денсаулықты сақтау ісін жақсарту, тұрмыс қажетін өтеуді жетілдірумен айналысады. 
Заңдылықты қамтамасыз етеді. Ел ішінде қарапайым тәртіпті сақтауға, қылмысқа қарсы күресті өрістетуге, әкімшілік – зорлыққа жол бермеуге басшылық етеді. 
Мәдени-тәрбиелік салада мемлекет халыққа білім беру және оқу-ағарту ісін, ғылымды, әдебиет пен өнерді дамыту жөнінде қамқорлық жасайды. 
Сыртқы: 
Мемлекеттің тұтастығы мен қауіпсіздігін қорғау. 
Өзін-өзі билеу, егемендігін сақтау, басқа елдермен тиімді қарым-қатынасты орнату, олармен бірге алынған міндеттердің екі жаққа бірдейлігін қамтамасыз ету. 
Өз елінің саяси мүддесінің ықпалдылығына, ұтымдылығына, өтімділігіне, тиімділігіне жағдай жасау, басқа елдердегі жаңалықтар туралы өз еліне дер кезінде мәліметтер беру және т.б. 
Жалпы азаматтық, аймақтық саяси негізде интеграциялық процестерді дамыту. 
Қорытындылай келе, мемлекеттің ең басты міндеті – қоғамның тұрақтылығын орнатып, қалыпты тіршілігіне жағдай жасау. Ол әр түрлі топтарға, жіктерге бөлінген қоғамның бірлігін қамтамасыз етуге тиіс. 
 
3. Мемлекеттің түрлері 
Мемлекеттің түрі деп оның ішкі құрылысын, ұйымдастырылуын және мемлекеттік биліктің жүзеге асырылу тәсілін айтады. Мемлекеттің үш жағы  
бар: 
Басқару түрі. 
Саяси тәртібі. 
Мемлекеттік құрылысы. 
Басқару түрі жоғарғы өкімет билігі кімнің қолында екендігін көрсетеді. 
Монархия деп – мемлекеттің жоғарғы өкімет билігі жеке-дара, бір билеушінің қолында болып, ол әкеден балаға мұра ретінде қалатын түрін айтады. Монархия абсолюттік, конституциялық болып бөлінеді. Абсолюттік монархия деп жоғарғы өкімет билігі бүтіндей, тұтас, формальді түрде де шектелместен бір адамның қолында тұрған құрылысты айтады. Мысалы: Ресейдегі Романовтар әулеті. Қазір басқарудың мұндай түрі жоқ. 
Конституциялық монархияда монархтың билігі белгілі дәрежеде заң шығаратын билік парламентпен шектеледі. Қазір Бельгия, Голландия, Дания, Иордания, Испания, Норвегия, Люксембург, Морокко, Жапонияда сақталған. 
Республика деп – мемлекеттік биліктің барлық жоғары органдары белгілі бір уақытқа сайланатын немесе өкілдік мекемелер арқылы қалыптасатын мемлекеттік басқарудың түрін айтады. 
Республика президенттік және парламенттік болып бөлінеді.  
Президенттік басқаруда мемлекеттің де, үкіметтің де басшысы президент болып саналады. Оны парламент немесе халық сайлайды. Егер президентті парламент сайласа, «парламенттік президент» дейді. Конституция бойынша президентке белгілі бір құқықтар беріледі. Ол құжатқа премьер-министрдің қолы керек. Онсыз Президентті жалпыға бірдей, құпия түрде, сайлау арқылы халық сайласа, ондай мемлекетті президенттік республика дейді. Ондай президенттің билігі зор. Мысалы: АҚШ. Мұнда атқарушы билік парламентке бағынбайды. Президент үкіметті өзі тағайындап, өзі басқарады. 
Парламенттік тәртіпте елдің жоғарғы басшысы парламентке бағынады. Мұнда заң шығарушы билік те, атқарушы билік те парламентке тәуелді. Ол салықты белгілейді, бюджетті бекітеді, соттарды құрады, соғыс аша алады, әскерді қамтамасыз етеді, т.с.с. 
Парламент екі палатадан тұрады. Жоғарғы палата сенат арқылы, ал төменгі палата жалпыға бірдей тікелей сайлау арқылы қалыптасады. Парламент бірпартиялық және екіпартиялық болуы мүмкін. 
Бірпартиялық парламент кішкентай елдерде кездеседі. Мысалы: Финляндияда бірпартиялық парламент қызмет етеді. Дамыған елдерде екіпартиялық парламент жүйесі қалыптасқан. Мысалы: АҚШ-та республикалық және демократиялық партиялардан тұрады. 
Әр елде парламентті әр түрлі атайды: 
АҚШ, Филиппинде – конгресс; 
Польша, Финляндияда – Сейлі; Иран, Түркияда – Мәжіліс; Израильде – Кнессет; Швейцарияда – Ригстаг; Францияда – Ұлттық жиналыс дейді. 
Мемлекет құрылысына қарай унитарлық, федерациялық, конфедерациялық болып бөлінеді. 
Унитарлық – құрылыста саяси билік бір орталыққа бағынады, мемлекеттің ішінде өз алдына бөлек басқа құрылымға жол бермейді. Оның жері, конституциясы бір болады. Мемлекеттік биліктің жоғарғы органдар жүйесі, азаматтығы ортақ. Мысалы: Қазақстан, Италия, Греция, т.с.с. 
Федерация – деп белгілі бір саяси тәуелсіздігі бар бірнеше мемлекеттік құрылымдардың бірігіп одақтық жаңа бір мемлекет құруын айтады. Жалпы мемлекеттік конституция барлық міндеттерді реттейді. Әрқайсысының жоғарғы билеу органдары болады. Барлығы ортақ институттарға бағынады. Мысалы: АҚШ, Германия, Канада, т.с.с. 
Конфедерация – деп өздерінің кейбір амал-әрекеттерін үйлестіріп, белгілі бір мақсаттарды жүзеге асыру үшін бірлескен егеменді елдер одағын айтады. Міндетті ортақ заңдары болмайды. Мысалы: бұрын Швейцарияда, Солтүстік Америка Штатында болған. 
 
4. Мемлекеттің саяси режимі 
Негізгі мәні: Түрлері:              Қамтыған бағыттары: 
-мемлекет басшысының                                                              парламенттік-монархиялық, 
рөлі, қызметі мен                      Демократиялық:                    парламенттік президенттік,  
өкілеттері;                                                                                      жартылай президенттік. 
-мекемелер өкілеттілігін  
құратын әдістер; 
-заң шығарушы, атқарушы,  
сот өкіметтерінің өзара  
қарым-қатынасы;                            Әміршіл-өктем:                олигархиялық, 
-өкіметтің орталық және                                                                конституциялық- 
жергілікті органдарының                                                              өктемдік әскери-фашистік  
өзара қарым-қатынасы; 
 
-күш қолданатын, үстемдік                                                          фашистік әскери- 
жасайтын және жазалайтын          Тоталитарлық:                  диктатуралық нәсілшілдік                 
органдарының жағдайы мен                                                        жеке адамға табыну. 
қызметі;                                                                     
-қоғамдық саяси                                                                              әскери-демократиялық,  
ұйымдардың ықпалдығының                                                        буржуазиялық либералдық, 
деңгейі мен қызметінің                                                                революциялық -  
жағдайы;                                            Өтпелі:                                демократиялық.     
-азаматтардың заңдық және 
ақиқаттық құқықтары мен 
бостандықтары.                                     
 
5. Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам 
Азаматтық қоғам туралы елеулі еңбек қалдырып, үлес қосқандар: Ш.Монтескье, Ж.Ж.Руссо, Т.Гоббс, Т.Пейн. 
Азаматтық қоғам деп мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығын айтады. 
Азаматтық қоғамға отбасы, кооперациялар, қоғамдық ұйымдар, ассоциациялар, кәсіби, шығармашылық, спорттық, этникалық, т.с.с. бірлестіктер жатады. Мұнда әрбір адамға саяси, экономикалық, рухани өмірінің түрін еркін таңдауына кепілдік береді. Адамның құқықтары қорғалады. 
Азаматтық қоғамда әр адамның өз еркімен әр түрлі меншік түрі таңдауына, белсенді еңбек етуіне жол ашылады. 
Саяси салада да төмендегідей құқықтар негізге алынады: 
Ұлттық-этникалық, саяси, діни, жастық, жыныстық белгілері бойынша қандай да болсын алалаушылыққа жол берілмейді; 
Жеке-тұлға мен азаматтық абыройы болып саналатын үйі мен мүлкі, мамандық таңдау еркіндігі, тұратын мекенін таңдау, телефон-хаттағы сөз құпиялылығы, сөз, баспасөз, т.с.с. заң жүзінде сенімді қорғалады; 
Адам өзінің көзқарасы мен рухани мүдделерін өзі шешеді; 
Азаматтық құқықтар сот органдары мен қоғамдық ұйымдар тарапынан толық қорғалады. 
Азаматтық қоғам материалдық, мәдени жоғары дамыған кезде құқықтық мемлекетке айналады. 
Құқықтық мемлекет деп – демократиялық жолмен қабылданған заң үстемдік ететін, оның алдында бәрі де тең саналатын, жеке адамның құқығы жан-жақты қамтамасыз етілетін мемлекеттік құрылысты айтады. 
Заңдар халықтың еркіндігін білдіреді. Мұнда мемлекет те халық та екі жақты өзара жауаптылықта болады. Мұнда қысым мүлде болмайды, оларға жол берілмейді. Адам құқығы билік дәрежеде сақталады. 
Құқықтық мемлекет белгілері: 
Үкіметті заң шығарушы, атқарушы, сот жүйесі арқылы жіктеу; 
Мемлекеттің өзі және органдары заңға байланысты; 
Мемлекеттік және мемлекеттік емес институттардың қызметтері мен өкіметтігін шектеу; 
Заңның қоғам өмірінің барлық саласында жоғары тұруы; 
Заңдылықты сақтауды қадағалау мен бақылаудың тиімді формаларының болуы; 
Мемлекет пен жеке адамның өзара қатар жауапкершілігінің болуы. 
 
6. Қазақстан Республикасы – егеменді унитарлы мемлекет 
1991 жылы 1 желтоқсанда жалпыхалықтық дауыс беру арқылы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасының президенті болып сайланды. 1991 жылы 10 желтоқсанда «Қазақстан ССР-і атының өзгеруі туралы» заң қабылданып, «Қазақстан Республикасы» атанды. 1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстанның Егемендігі туралы» Конституциялық заң қабылданды. 1992 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасының Елтаңбасын, Туын, Әнұранын бекітті. 1993 жылы Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды. 1995 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының Конституциясы өзгертіліп, қайта қабылданды. 
Азаматтық қоғамның мәні 
Адамзат қауымдасуының ең жоғары баспалдағы және формасы. Мұнда ерікті түрде қалыптасқан қоғамның экономикалық, әлеуметтік, рухани салаларындағы мемлекеттік және саяси емес құрылымдар: отбасы, ұйымдар, кооперативтер, одақтар мен басқа да бірлестіктер қамтылады; 
Қоғамдағы экономикалық, әлеуметтік, отбасылық, ұлттық, рухани, адамгершілік, діни, өндірістік, жеке және т.б. мемлекеттік және саяси емес қатынастардың жиынтығы. Бұл адамдардың әдет-ғұрыптары, дәстүрі, адамгершілігі болып саналады. 
Жеке тұлғалардың еркімен құрылған ұйымдардың және азаматтардың ассоциацияларының салалары. Мұның бәрі мемлекеттік өкімет органдарының тікелей араласуын немесе өзіндік шектеуіне жол бермейтін заңдармен қамқорлыққа алынады. 
Азаматтық қоғамның белгілері 
Экономика саласында: 
Ассоциациялар; 
Отбасы; 
Мемлекеттік емес кәсіпорындар; 
Арендалық кооперативтер; 
Жалгерлік ұйымдар; 
Акционерлік қоғамдар. 
Рухани өмірде: 
Ой, ар, сөз бостандығы; 
Жамағат алдында өз пікірін айту мүмкіндігінің ақиқаты; 
Шығармашылық, ғылым және басқа да бірлестіктердің дербестігі мен тәуелсіздігі. 
Әлеуметтік салада: 
Қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар; 
Қызмет орны мен тұрғын үй орны бойынша құрылған өзін-өзі басқаратын органдар; 
Мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдары; 
Қоғамдық пікірлердің қалыптасуын, байқалуын анықтап отыратын әлемдік мәдениетке сай келетін тетіктерін орнықтыру; 
Әлеуметтік қақтығыстарды, дау-дамайларды іс жүзінде күштеусіз, заң шеңберінде реттеу тәжірибесі. 
Азаматтық қоғамның даму кезеңдері. 
Ертедегі қарапайым адамдардың шағын топтары өмір сүру мақсатында ішіп-жем мен баспана табу, табиғат апатынан, аң-құстардан қорғану үшін тұрақсыз қауымдасуды қалыптастырды. 
Жылдар өткен сайын бірлестіктер саны өсіп, қызметі күрделіленіп тұрақты қалыпқа түсіп, орнықты ұйымдарға айнала бастады. 
Азаматтық қоғам өз мүдделерін қорғау үшін мемлекет құрады, оған мүмкіндігінше қамқорлық пен бақылау жасайды. 
Әлеуметтік прогрестің дамуы саяси өмірдегі ірі жаңалықтарға жол ашты. Бірақ азаматтық қоғам әлі де бұғанасы қатпаған жас сәби сияқты мемлекет оны ығыстырып, адамдар тағдырын өз заңдары бойынша шешуге ұмтылды. 
Уақыт озған сайын азаматтық қоғамның іргетасы көтеріліп нығая түседі, оның негізгі құрылымдары қалыптасады, оның ішінде қорғау қабілеті жетіледі. Қоғамның мемлекетпен арақатынасы заңмен реттеледі. 
Жекеленген және өмірлік маңызы бар қоғамдық салалардың мемлекет ықпалынан қорғану деңгейі арта түседі. Саяси режимдер тұрақты қалыпқа келеді. 
Дамыған елдердегі «әл-ауқатты» мемлекетке айналуына байланысты азаматтық шектеу пайда болады. 
Дүниежүзілік тарихи даму барысында адамдардың шын теңдігін орнату, олардың түбегейлі арманын, мүдделерін азаматтық құқықтық қоғам реттейді. Әр адам өз еңбегінің нәтижесіне жауапты болады. 
Азаматтық қоғам құрылысының өмір сүру шарттары 
Әрбір азаматтың өз меншігіне толық қожалық етуге сол сияқты жеке не ұжымдық меншік түрлерін өзі басқаруға құқығы бар. 
Қоғамдағы сан-қилы әлеуметтік қауымдастықтың мүдделерін білдіретін жетілген, дамыған әлеуметтік құрылымдар болуы шарт. 
Қоғам мүшелерінің жоғары әлеуметтік, санаткерлік және психологиялық даму деңгейі, өз бетінше қызметке бейімділігі болуы шарт. 
Президенттік және парламенттік республикалар 
(салыстармалы талдау) 
Параметрлері Президенттік республика Парламенттік республика 
Президенттің функциясы Өте кең. Дегенмен парламентті тарату құқы жоқ Таза өкілдік. Бірақ үкімет басшысы, бірінші тұлға 
Үкіметті құру Президент іске асырады. Ол мемлекет пен үкім басшысы Парламенттің басым бөлігін партия мен коалиция өкілеттілігін парламенттік жолмен іске асырады. 
Заң шығарушы және атқарушы үкіметтің өзара қарым-қатынасы Қатаң шектелген Парламенттің алдында формальді жауапты. Парламент жұмысына бақылау жасайды 
Парламент тарапынан үкіметке сенімсіздік Мүмкін емес Мүмкін. Үкіметті отставкаға шығара алады 
Саяси партиялардың қызметтері Өз кандидаттарын мемлекеттік орындарға өткізеді. Өз бағдарламасын жасайды Өз кандидаттарын парламентке өткізуге ұмтылады. Барлығы бақылау арқылы жүреді 
Мемлекет құрылысының нысандары 
Белгілері Унитарлық Федерация Конфедерация 
Конституция Біріңғай тұтас Өз конституциясын жалпыдан өзгеше қабылдайды Жалпы конституция болмайды 
Өкіметтің жоғарғы органдары Біріңғай тұтас Екі палаталы парламент Өз өкілділігі болады 
Азаматтылық Біріңғай тұтас Екі жақты Тұтас емес 
Құқық жүйесі Біріңғай тұтас Субъектілерден шағын жүйелер (подстанция) шығара алады Тұтастығы өте аз 
Сот жүйесі Біріңғай тұтас Субъектілер өздері шағын жүйелерді қабылдайды Тұтас емес 
Территория Біріңғай тұтас Субъектілер территорияларынан тұрады Территория бірікпеген 
Валюта Біріңғай тұтас Біріңғай тұтас Тұтас емес 

 

Мемлекет пен құқықтың пайда болуы скачать

21.02.2010, 16:44

         Мемлекет  пен құқықтың пайда  болуы мен дамуы.  

     Алғашқы қауымдық қоғамның экономикалық , әлеуметтік, құрылымдық , басқарушылық салаларындағы обьективтік даму процестері бір-бірімен тығыз байланыста өзгеріп, жаңарып отырды. Малшылық пен егіншілік қалыптасты, ажарланған тастан жасалған қарулар өмірге келіп, адамның тәжірибесі өсіп молайды. Қоғамдық еңбек төрт күрделі тарауға бөлінді:

     Бұның бәрі еңбектің өнімділігін арттырды, қоғамның шығысынан кірісінасырды. Сөйтіп қоғамдық байлық қалыптаса бастады, оны иемденетін топтар, таптар пайда  болды. Экономикалық өзгерістер әлеуметтік қайшылықтарды өмірге әкелді. Олар төмендегі негізгі обьективтік заңдардың – қосымша өнімнің пайда болуы; жеке меншіктің қалыптасуы; топтар мен таптардың арасындағы күрестің басталуы әсерінен туындайтын қайшылықтарды реттеп, қоғамды басқару үшін өмірге мемлекет пен құқық келді.              

 Мемлекеттің дамуы – мемлекет қоғамдық еңбек бөлінісінің, жеке меншіктің пайда болуы нәтижесінде алғашқы қауымдық құрылыс тапқа бөлінуінің туындысы. Мемлекет жария үкіметтің пайда болуы мен іс-әрекетінің нәтижесі ретінде қалыптасатын, қоғам өмірін ұйымдастырудың нысаны мен оның негізгі салаларына басшылық ететін, қажетті жағдайларда мемлекеттің күш-қуатына үйренетін басқару жүйесі.              

 Мемлекеттің пайда болуының, дамуының бірнеше түрлері бар:

1.   Шығыс елдерінде ( Иран, Индия, Қытай, Араб т.б. шығыс типті елдерде) мемлекеттің қалыптасуы негізінен қоғамдық меншікті қорғаумен байланысты. Себебі алғашқы қоғам ыдырау кезінде бұл елдерде күрделі құрылыстар болды:            

1) Ірі су  каналдарын жасау;           

2) Суармалы  ирригациялық жүйелер құру;           

3) Құрғақшылықпен күресу.

Міне осы  күрделі жұмыстарды жақсы жүргізу  үшін қоғамдық-мемлекеттік меншік қалыптасты. Сол меншіктің иелері: шенеуніктер, ру, тайпа басшылары, хандар, корольдер мен императорлар болды.

     Сонымен, Шығыс елдеріндегі мемлекеттердің қалыптасу себептеріне: 
   -     ірі ирригациялық жүйелерді жасау;

     Мемлекеттің басқару аппараты бұрынғы ру, тайпаны  басқарған аппараттан өсіп қалыптасты. Жаңа аппарат қалың бұқарадан  алыстай түсіп әділетсіздікті, қанаушылықты күшейтті. Азия типті мемлекеттер  өте бәсең дамып, XIX-XX ғасырларға дейін көп өзгермей, сақталып келді.  

2.   Еуропалық елдерде мемлекет жеке меншіктің шапшаң, күрделі дамуы, қоғамның тапқа бөлінуі арқылы қалыптасты.

     Афины мен Римде алғашқы қоғамның ыдырауы  кезінде экономикалық күшті таптар мен топтар мемлекеттік билікті өз қолдарына алып, өз мүдде-мақсаттарын орындайтын мемлекеттік аппарат орнатты. Бұл мемлекеттер, көбінесе, демократиялық жүйедегі саяси бірлестік болып қалыптасты.

     Германияда  мемлекеттің қалыптасуы басқаша  болды. Қалың бұқара байларға тәуелді болды, феодалдық қатынастар дами бастады. Осы типті мемлекеттер Еуропаның бірнеше елдерінде Ресейде, Ирландияда және т.б. қалыптасты.

Құқықтың  дамуы – адам қоғамының дұрыс өмір сүруінің негізгі обьективтік заңдылықтарының бірі. Ол - әлеуметтік нормалардың қалыптасып, қоғамдағы қарым-қатынастарды реттеп, басқаруы және әлеуметтік нормалардың (әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мораль, діни нормалары) қоғамның даму процесінде бірте-бірте құқықтық нормаларға айналуы. Сонымен, қоғамда мемлекеттің өзі қабылдаған, бекіткен құқықтың жаңа түрлері пайда болды: заң, заңға тәуелді келісімдер, шарттық нормалар, заң күші бар соттың шешімдері.             

 Құқық екі жолмен дамыды. Біріншіден, мемлекеттік қоғамдық меншікті реттеу моралдық-діни нормаларға сүйенді. Мысалы, Индияда Ману заңына сүйенді, ал мұсылман елдерінде – Құран заңы. Екіншіден, жеке меншік бағытындағы қатынастарды мемлекеттік органның өзі бекіткен нормалар арқылы реттеп, басқарды.           

 Адам қоғамы  мыңдаған жыл өмір сүріп келеді. Жеке адамдар тиісті мемлекеттің азаматы болып, сол мемлекеттің билігіне, құқықтық тәртібіне бағынып, өзінің іс-әрекетін, мінезін, тәртібін қоғамдық мүдде-мақсатты орындауға жұмсап келеді. Адамдар ежелгі заманнан мемлекет пен құқық қашан пайда болды, қалай дамып келеді?-деген мәселелермен шұғылданып, ғылыми зерттеулер жасап келеді.            

 Енді мемлекеттің  және құқықтың пайда болуы  туралы теориялардың мазмұнына  қысқаша тоқталып өтейік.             

 Теологиялық теория – мемлекет пен құқық Алланың әмірімен қалыптасып,

дамып келеді деп түсіндіреді.             

 Табиғи теория – бұл теорияны жақтаушылардың пайымдауынша, мемлекетті, құқықты ешкім ойлап тапқан жоқ, олар адамның өзі сияқты табиғаттан бастау алып, әділеттілікке негізделген абсолюттік ұғымдар деп атайды.              

 Тарихи теория – осы теорияны ұстанғандар мемлекет пен құқық тарихтан бастау алып, тарихпен бірге жетілді дейді.             

 Патриархалдық теория – мемлекет адамдардың отбасы тәжірибесінен қалыптасқан азаматтардың саналы түрде өздерінің мүдде-мақсаттарын іске асыру үшін біріккен одақ деп түсіндіреді. Күрделі ірі патриархалдық отбасы басшысы бірте-бірте мемлекеттің басшысына айналған.Отбасы басшысы - әке, мемлекеттің басшысы – монарх.              

 Психологиялық теория – адамдардың психологиялық біріккен көзқарасы,

іс-әрекеті, мінезі, тәртібі – бәрі келісіп, ұжымдық түрде басқарады деген  тұжырымды қолдайды және тағы басқалар.   

     Қазақ жерінде алғашқы қауымдық қоғам  заманында рулық қауым пайда  болып, ұзақ ғасырлар бойы адамдар туыс, қандастығы ұйымның шеңберінде өмір сүрді. Бұл аймақта мекендеген көшпелі тайпаларда мемлекеттің құрылуы ғасырларға созылып, ол ерекше күрделі түрлер арқылы қалыптасты, ал барша жұрт ертеден келе жатқан ауызша заңдар жүйесі  "әдет”  заңына бағынып келген.  

Құқықтық  норма ұғымы. Норма дегеніміз – бір қатынасты ретеп, басқаратын ереже.

Құқықтық норма  құқықтың бір клеткасы, қоғамдық қатынастардың  жақсы дамуының үлгісі деуге болады. Ол адам істерінің, жұмысының, тәртібінің шеңберін анықтап, олардың бостандығын  және қарым-қатынасын реттеп, басқарып отырады.             

 Құқықтық нормалардың белгілері:

  1. Норма мемлекеттік органның қабылдаған, бекіткен актісі, оның заңды күші бар. Мұндай нормалар қоғамдағы тәртіптің үлгісіне айналады, өйткені ол нормаларды халықтың басым көпшілігі дұрыс орындайды.
  2. Нормада субьектілердің құқығы мен міндеттері, орындалу жолдары толық әрі нақты көрсетіледі. Егер көрсетілмесе, субьектілер өз еркімен іс-әрекет етуге, тек заңға нұқсан келтірмеулері керек.
  3. Норма ерікті түрде орындалмаса, мемлекет орындатуға мәжбүр етеді.
  4. Құқықтық нормалардың жүзеге асырылуын, орындалуын мемлекет қамтамасыз етеді.
  5. Құқықтық норма адамдардың, қоғам тәртібінің кепілдігі ретінде жұмыс істейді.
 

 

   Сонымен, құқықтық норма – қоғамдағы қатынас субьектілерінің құқықтары мен міндеттерін реттеп, басқарып отыратын жалпыға бірдей мемлекетпен қамтамасыз етілетін ереже-қағида.  

   Құқықтық  норманың элементтері: диспозиция, гипотеза, санкция.  

   Диспозициця – қатынас мазмұны мен субьектілердің құқығы мен міндеттерін көрсетеді. Мысалы, екі немесе көп жақты мәмілелер мен шарттардағы тұлғалардың міндеттері мен құқықтары айқын көрсетілуі. Диспозицияның үш түрі болады:

   Жалпылама түрі: нормада субьектілердің міндеттері мен құқығы айқын көрсетілмейді.

   Толық айқын түрі: мазмұны нормада айқын көрсетіледі. Мысалы, Қылмыстық кодекстің баптарында диспозицияның мазмұны толық көрсетіледі.

   Сілтеу  түрі: мазмұны туралы басқа бір нормаға сілтеу жасалады. Мысалы, Азаматтық кодекстің бірнеше баптарында сілтеме қолданылады.   

   Гипотеза  – диспозиция қашан басталады, аяқталады, нормативтік кесім қалай орындалуы керек, осы жағдайларды көрсетеді. Мысалы, бұзақылық үшін жауапқа тартылатын адам қоғамдық тәртіпті бұзуы керек. Гипотезаның жалпылама күрделі , альтернативтік түрлері бар.  

   Санкция – құқықтық норманың диспозициясы бұзылған жағдайда қолданылатын жағымсыз шараны көрсететін құқықтық норманың бөлшегі. Санкцияда мемлекет қандай іс-әрекеттерді, мінез-құлықты қолдамайтындығын көрсетеді. Санкцияның түрлері: абсолютті анық, баламалы, салытырмалы.  

   Құқықтық  нормалар бірнеше түрге бөлінеді:   
 

Информация о работе Мемлекет