Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Октября 2013 в 11:57, реферат
Антарктида – Жер шарындағы бетін мұз басып жатқан бірден бір материк. Жер шарының оңтүстік полюсінде орналасқан құрлық. Ол басқа құрлықтардан өзінің қатаң климат ерекшеліктерімен, қызықты органикалық дүниесімен ерекшеленеді. Антарктидада Жер шарындағы тұщы судың 98%-ы орналасқан. Ондағы теңіздерде тіршілік ететін ағзалардың көбі эндемиктер болып табылады. Антарктида құрлығын ғалымдар ертеден бері зерттеп келе жатса да, қазірдің өзінде құрлықтың әлі ашылмаған құпия сырлары бар.
Антарктика – (грекше anti – қарсы, arktios – солтүстік) Жер шарының оңтүстік поляр аймағы. Антарктиканың табиғи шекарасы өте айқын байқалады. Ол дүние жүзілік мұхитттың беткі суларының біршама жылы және керісінше, мейлінше салқын бөліктерінің араласатын аймағы – антарктикалық конвергендену белдемі арқылы өтеді.
Кіріспе
Антарктида – Жер шарындағы бетін мұз басып жатқан бірден бір материк. Жер шарының оңтүстік полюсінде орналасқан құрлық. Ол басқа құрлықтардан өзінің қатаң климат ерекшеліктерімен, қызықты органикалық дүниесімен ерекшеленеді. Антарктидада Жер шарындағы тұщы судың 98%-ы орналасқан. Ондағы теңіздерде тіршілік ететін ағзалардың көбі эндемиктер болып табылады. Антарктида құрлығын ғалымдар ертеден бері зерттеп келе жатса да, қазірдің өзінде құрлықтың әлі ашылмаған құпия сырлары бар.
Антарктика – (грекше anti – қарсы, arktios – солтүстік) Жер шарының оңтүстік поляр аймағы. Антарктиканың табиғи шекарасы өте айқын байқалады. Ол дүние жүзілік мұхитттың беткі суларының біршама жылы және керісінше, мейлінше салқын бөліктерінің араласатын аймағы – антарктикалық конвергендену белдемі арқылы өтеді. Бұл шекара, негізінен, 48-600 оңтүстік ендік аралығында орналасқан. Поляр аймағын алып жатқан Антарктиканың аумағы шамамен 52 млн. км2, оның құрамына бетін қалың мұз жамылғысы жауып жатқан Александр І жері, Оңтүстік Шетланд, Оңтүстік Оркней, Оңтүстік Сандвичтер, Оңтүстік Георгия, Баллени аралдары мен арал топтары және құрлық жағалауын шайып жатқан, шартты түрде Оңтүстік мұхит деп аталатын – Тынық, Атлант, Үнді мұхиттарының Антарктикалық бөлігі енеді. Құрлық жағалауындағы қайраңдарда Росс, Уэдделл, Беллинсгаузен, Ынтымақ, Ғарышкерлер теңіздері бар. Уэдделл және Росс теңіздерінің елеулі бөлігін қайраңды мұздықтар басқан. Қыс кезінде мұхитттағы қалқыма мұздықтар шекарасы солтүстікте ашық мұхит айдынында 500 оңтүстік ендіктерге дейін жетіп, аумағы 20 млн. км2 болады. Бір жылдық мүздың қалыңды,ы 1,5-2 м жетеді. Көп жылдық мұздар мұзтау түрінде кездеседі. Антарктика Арктикамен салыстырғанда табиғытының қаталдығымен ерекшеленеді. Онда жер шарының ең суық полюсі орналасқан. (минус 89,20С).
Арктика –Еуразия және Солтүстік
Америка құрлықтарының
Курстық жұмыстың мақсаты – Арктика мен Антарктиданың мұз жамылғысының сипатын зерттеу, табиғат 6ерекшеліктерін салыстыру.
Курстық жұмыстың міндеті – Арктика мен Антарктида құрлығының географиялық орнын, жер бедерін, мұздық жамылғысын, геологиялық құрылысын, табиғат жағдайларын, климат ерекшеліктерін, ішкі суларын, органикалық дүниесін, зерттелу тарихын, сонымен қатар, қазіргі экологиялық жағдайын зерттеу болып табылады.
Курстық жұмыстың өзектілігі – Шетсіз-шексіз мәңгі мұз құрсанған Арктика мен Антарктида соңғы жылдары әлем елдерінің назарын аударып, оны игерудің қамына кірісе бастағаны белгілі.
Еріп бара жатқан мұз таулары, жылы ауа толқындары, көтерілген теңіз деңгейі, уақытынан бұрын құлпырған өсімдіктер, кеш қатқан көлдер және кешіккен көшпенді құстар бұлардың кейбіреулері болып табылады. Теңіз мұздықтарының кішіреюі ақ аюлардың өміріне қауіп төндіруде.
Курстық жұмыстың құрылымында – Арктика мен Антарктиданың физиклық және географиялық сипаттамасы тақырыбы, екі бөлімшеден тұрады олар: Географиялық орналасуы мен жер бедері және мұздық жамылғысы мен геологиясы. Ал келесі Табиғат ерекшеліктері бөлімде , климаттық жағдайы, ішкі сулары, органикалық дүниесі туралы сөз қозғалады. Үшінші Өткені мен болашағы бөлімде Антарктиданың зерттелу тарихы, Антарктида статусы және территориялық претензиялар,
Арктика мен Антрактиданы игерудегі мәселелер, бір сөзбен айтқанда жалпы тарихы айтылады. Осы бөлімдер мен бөлімшелер ауқымында Арктика мен Антарктида құрлығының географиялық орны, жер бедері, мұздық жамылғысы, геологиялық құрылысы, табиғат жағдайлары, климат ерекшеліктері, ішкі сулары, органикалық дүниесі, зерттелу тарихы, сонымен қатар, қазіргі экологиялық жағдайы туралы жазылған.
Қорытынды
Антарктида құрлығының орталық бөлігі оңтүстік географиялық полюсіне сәйкес келеді. Антарктиданы Үнді, Тынық және Атлант мұхит сулары шайып жатыр.
Антарктиданы ертеден бері көптеген ғалымдар зерттеп келе жатыр, бірақ, ол ресми түрде 1820 жылдың 16 қаңтар айында ашылған.
Антарктида – Жер шарындағы мұздық пішіндердің барлық түрінің шоғырланған аймағы, мұнда тек жер асты мұздануы мен мәңгі тоңның үлес салмағы аз. Жер шарының басқа құрлықтарындағы тұщы су қоры 2 млн. км3 болса, Антарктидадағы тұщы су қоры 26 млн. км3.
Егер Антарктиданың мұздық сауыты ери бастаса, ол біздің планетамыздың барлық өзендерін, қазіргі өзендердегі бар суды есепке алғанда, 500 жылдан астам уақыт қоректендіруге жетер еді, ал дүние жүзілік мұхиттық деңгейі мұздық суынан 60 метрден астам көтерілген болар еді. Материктік мұз сол материктің өзінің бетін ғана емес, сонымен бірге оған жанасып жатқан көптеген аралдарды, сондай-ақ қайраңдық мұздықтар түзеп, көршілес теңіз бассейндерін де жауып жатады.
Антарктида – Жердегі ең суық әрі құрғақ құрлық болып келеді. Шығыс Антарктидада абсолюттік суық полюсі орналасқан, онда минус 89,20С температура тіркелген. Сонымен қатар мұнда дауылды борандар жиі болып тұрады. Күннің көзі айлар бойы көкжиектен көрінбейді. Мұнда полярлы күндер мен полярлы түндер болады.
Антарктиданы ғылыми-зерттеу мақсатымен көптеген елдерден ғалымдар келеді. Ол көптеген мемлекеттерді өзінің пайдалы қазба байлықтарымен, еш жерде кездеспейтін органикалық дүниесімен қызықтырады. Және де мұнда демалуға көптеген туристер келеді.
Антарктида мен оның аналасындағы аймақтар қосылып Антарктика қорығын құрады. Бұл қорық ешқандай мемлекеттің меншігі бола алмайды. Оны тек бейбіт мақсаттарға пайдалануға рұқсат етілген (1-желтоқсан, 1959 ж. келісім бойынша). 1991 жылғы Мадридтік протокол Антарктидада өндіріс ошақтарын ашуға және ол жерден пайдалы қазба-байлықтар өндіруге тыйым салды. Антарктидадағы зерттеу жұмыстарына ұқпалды ұйым — «Антарктикалық зерттеулердің ғылыми комитеті».
Осынау таңғажайып бетнің көп жерін мұз басып жатқан құрлықты ешқандай сынақ көзіне айналдырмай, байлығын талан-таражыға түсірмей келешекке аман есен жеткізу, әр мемелекеттің, тіпті әр мемелекеттің емес әр адам баласының борышы деп ұғынуымыз керек.
Шетсіз-шексіз мәңгі мұз құрсанған Антарктида соңғы жылдары әлем елдерінің назарын аударып, оны игерудің қамына кірісе бастағаны белгілі. Мұны былай қойғанда, ақ аюлар мен пингвиндер мекені жеке адамдардың да қызығушылығын туғызып, табиғаты қатал мұзды құрлық жағдайында өздерін сынап көргісі келетіндер де табылуда.
Мәселен, ресейліктер
кәдімгі жеңіл ұшу
Мұндай идеяны ұстанғандар – шағын авиацияға құмар бір топ энтузиазистер. Олардың қатарында түрлі аэроклубтардың спортшылары, студенттер және жас авиаконструкторлар бар. Ресейлік топ жер шарының оңтүстік полюсінде бірнеше рекорд жасуды көздеп отыр. Паралетпен барынша биікке көтерілу және ұзақ уақыт ұшу – басты мақсат осы. Сонымен қатар олар паршютпен секіруді жоспарлаған. Негізгі проблема – ауа температурасының төмендігі және үздіксіз соғып тұратын сүйектен өтетін суық жел. «Егер аспанда 40 минут немесе бір сағаттай ұшу керек болса, әрине, өте жылы киіну керек. Өйткені, мұндай кезде тіпті тері қолғап та көмектеспейді», – дейді ұшқыш-нұсқаушылар. Он күнге созылатын Антарктида сапары ұшулармен, секірулермен шектелмейді. Онда ғарышкерлердің төтенше жағдайда тірі қалуына мүмкіндік беретін жаңа құрал сынақтан өткізіледі. Соның бірі – жылу ұстайтын костюм. Бұл костюммен ғарышкер еріксіз қонуға тура келген кез келген жағдайда жан сақтайды. Былайша айтқанда, 50-60 градустық аязда үш тәулік бойы ашық ауада жүріп, жұмыс істей алады. Тағы бір сынақтан өткізілетін ноу-хоу – ресейлік жаңа дистанциялық медициналық бақылау жүйесі. Бұл – датчик пен радиохабар таратушы құрылғысы бар белбеу ғарышкердің денсаулық жағдайын спутник арқылы жерге жеткізеді.
Соңғы кездері климаттанушы мамандарды ең қатты алаңдатқан мәселелердің басында жаһандық ысынудың кері қайтарылмайтын жағдайға жету тақырыбы келеді. Осы жағдай өмір тіршілігімізді өзгертетін нәтижелерге душар қылып, жылдам шаралар алмайынша, қорқынышты жағдайлармен бетпе-бет қалу уайымын туғызады. Климат өзгерістерінің белгілерін жан-жағымыздан байқауымызға болады.
Еріп бара жатқан мұз таулары, жылы ауа толқындары, көтерілген теңіз деңгейі, уақытынан бұрын құлпырған өсімдіктер, кеш қатқан көлдер және кешіккен көшпенді құстар бұлардың кейбіреулері болып табылады. Теңіз мұздықтарының кішіреюі ақ аюлардың өміріне қауіп төндіруде. Ақ аюлардың санының азаюы бізді шындыққа жақындата түседі. Өткені олардың тіршіліктегі орталарын қайтып орнына келтіре алмаймыз.
Жылыну процесі жер шарында әр аймақта бірдей болмайды. Жылудың артуы биікте орналасқан елдер мен полюс аймақтарында қатты сезілетін болады. Осы аймақтардағы ысыну көрсеткіштері әлемнің орташа есебінен екі есе көп болып табылады. Яғни, әлемнің орташа жылуы 3,50 С-ға артқан жағдайда, мұздықтарда орташа жылу көрсеткіштері 70С-қа жетеді. Бұл Солтүстік мұзды мұхит пен оңтүстік поляр аймағы Антарктида мұздықтары мен тауларының төбесіндегі мұздардың еру қауіпіне жағдай туғызады. Ұзақ еру процесінен кейін бәлкім осы аймақты келешекте қайтадан өсімдіктер мен ормандар қаптауы мүмкін.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі