Қазақтың
ұлттық ойындары Халқымыздың мәдени асыл
мұрасы
Қазақтың ұлттық ойындары бес
түрге бөлінеді. Олар: аңға байланысты,
малға байланысты, түрлі заттармен ойналатын,
зеректікті, ептілікті және икемділікті
қажет ететін, соңғы кезде қалыптасқан
ойындар. Олардың негізгілерінің өзі жүзден
астам. Бұл ойындардың көбісінің ежелден
қалыптасқан арнайы өлеңдері бар. Өлеңдер
ойынның эстетикалық әсерін арттырып,
балалардың өлең-жырға деген ыстық ықыласын
оятып, көңілін көтереді, дүниетанымын
арттырып, еңбекке баулиды, ширықтырып,
шынықтырады.Этнограф – ғалымдардың пайымдауынша,
ата- аларымыздан бізге жеткен ұлттық
ойындарымыздың тарихы Қазақстан жерінде
б.з.б. бірінші мыңжылдықта-ақ қалыптасқан.
Олардың ішінде тоғызқұмалақ, қуыршақ,
асық ойындары Азия елдерінде тайпалық
одақ- тар мен алғашқы мемлекет- терде
кеңінен тарады. Біз-дің қоғамыздағы ұлттық
ойындардың негізі, шығу тегі халқымыздың
көшпелі дәстүрлі шаруашылық қаре- кеттерінен
бастау алады. Бұлардың көбісі мал шаруа-шылығына,
аңшылыққа, жаугершілікке негізділген.
Ахмет Жүнісовтың айтуынша (Фәниден бақиға
дейін, - Алматы: «Қайнар», 1994), «Өзге халықтар
сияқ-ты қазақтың да ертеден қалыптасқан,
атадан – балаға мұра болып жалғасып келе
жатқан ұлттық ойын-сауық түрлері бар.
Зер салып байқап отырсақ, ол ойын-сауықтар
қазақтың ұлттық ерекшелігіне, күнделікті
тұрмыс-тіршілігіне тығыз байланысты
туған екен және адамға жастайынан дене
тәрбиесін беруге, оны батылдыққа, ептілікке,
тапқырлыққа, күштілікке, тө- зімділікке
т.б. әдемі адамгершілік қасиеттерге баулуға
бағытталған екен». Ал енді, «Қазақстан.
Ұлттық энциклопедия» кітабында қазақтың
ұлттық ойындарының мән-маңызы туралы
былай деп жазылған: «Қазақ ұлты не- гізінен
ұрпақ қамын басты мақсат етіп қойып, бала-лардың
нағыз азамат болып қалыптасуына аса зор
мән берген. Нәтижесінде дәстүр-лі бала
тәрбиесінің басты құралы ретінде ұлттық
ойынды орайластырып, дамытып отырған».
1. Аңға байланысты ойындар: ақсерек-көксе-рек,
аңшылар, аңшылар мен қояндар, кірпіше
қарғу, қас-құлақ, ордағы қасқыр. 2. Малға
байланысты ойындар: аларман (қойға қасқыр
шапты), асау көк, бура-қотан, көксиыр, соқыр-теке,
түйе мен бота. 3. Түрлі заттармен ойналатын
ойындар: ағаш аяқ, аққала, ақпа, ақсүйек,
ақшамшық, алакүшік, алты-бақан, арқан
аттау, арқан тартпақ, арқан тартыс, арынды
арқан, асау мәстек, асық, аттамақ, ауыртаяқ,
әйкел, әуетаяқ, батпырауық, белбеу соқ,
белбеу тартыс, дауыстап атыңды айтам,
епті жігіт, жаяу көкпар, жемекіл, жігіт
қуу, жігіт ойыны, күзетшілер, күміс ілу,
қамалды қорғау, қараше, қимақ, қыз қуу,
лек (шөлдік), монданақ, орамал тастау,
сақина жасыру, сиқырлы таяқ, тапшы, кімнің
дауысы, таяқ жүгірту, тепе-теңдік, тобық,
тұтқын алу, түйілген орамал, шалма, шертпек,
шілдік, хал қалай?
2. Зеректілікті, ептілікті және икемділікті
қажет ететін ойындар: айгөлек, айдапсал,
атқума, аударыспақ, бағана өрмелеу, балтам
шап, бөріктастамақ, бұғнай, бұғыбай, бұқатартыс,
бұрыш, біз де, егер..., жасырынбақ, жаяу
жарыс, көкпар, көрші, күрес, қарамырза,
қассың ба, доссың ба?, қындық-сандық, орын
тап, отырмақ, санамақ, сұрақ-жауап, тасымақ,
тасымалдау, тең көтеру, тымпи-тымпи, ұшты-ұшты,
үй үстіндегі кім?, шымбике.
3. Соңғы кезде қалып-тасқан ойындар:
әріп таңдау, бригада, мейрамхана, нөмір,
пароль, пошта, сымсыз телефон, сыңарын
табу. Бұлардың ішінде бірқатар ойындар
спорттық, той ойындары болып саналады.
Ал енді, қазақтың ұлттық ойындарының
ішінде «қуырмаш» тәрізді жас сәбилерге
арналған да ойындар бар. Біз енді қазақтың
ұлттық ойындарының негізгілерін талдап,
тарқатсақ. Ақсүйек. Қыз-бозбалалар оны
жазғы айлы түнде ойнаған. Ойын бастаушы
жылқының бақай сүйегін, ол болмаса қой-
дың жілігін, немесе жауырынын, жамбасын
қолына алып, ойынға қатысушыларға көрсетіп,
белгілеп алады да, ойыншыларды екі топқа
бөліп, алысырақ барады да ақсүйекті лақтырып
жібереді. Қай топтың ойыншылары ақсүйекті
бірінші болып тапса, сол топ жеңген болып
саналады. Сүйек еті мүжіліп, далада жатып
күнге күйіп, әбден ағарған болуға тиісті.
4.Алтыбақан. Бұл – жас-тардың кешкілік
бас қосып, ән айтып, домбыра тартып, қыздар,
жігіттер болып айтысып, бір-бірімен әзілдесіп
көңіл көтеретін ойын-сауығы. Қазір де
үлкен тойларда алтыбақан құрылады. Алтыбақанды
құру мынандай тәсілмен жүзеге асырылады:
алты бақанды сырықтың екі басын үш-үштен
қосақтайды да мосы тәрізді етіп байлап
тастайды. Бақанның аша тармағы сырыққа
кигізіліп тұруға тиісті. Алты бақанды
құрастырып болғаннан соң оның екі басына
3 қатар арқан байланады. Арқан тартпақ.
Оны арқан тартыс деп те атайды. Бұл ойынның
екі түрі бар. Біріншісі жазда көгал үстінде,
екіншісі қыста қар үстінде ойналады.
Жазда ойыншылардың саны 10 баладан көп
болмаса, ой-ын қызықты болады. Ойынға
ұзындығы 8-10 метрлік екі ұшы түйілген
арқан әзірленеді. Оның тең ортасына белгі
ретінде қызыл матаны байлап қояды. Ойынға
қатысушы екі топтағылар өз жағында бойларына
қарай сап түзеп, ойын бастауға белгі берілгенде
арқанды өз жағына қарай тартады. Қыста
он –он бес бала тартқанда үзілмейтін
арқан таңдап алынып, үлкен адамның алақанының
көлеміндей екі тақтайдың ортасынан өткізіліп,
ортасына аққала үйіліп, екі жақ оны өзіне
қарай құлату үшін тартады.
5.«Аударыспақ». Ол – қазақ, қырғыз халықтарының
арасында кең тараған ойын. Атқа мінген
екі жігіт жекпе-жекке шығып, бірін-бірі
аттан аударып тастауға тырысады. Аударыспаққа
үлкен тойларда арнайы жүлде тағайындалады.
Оған он сегіз жастан асқан қарулы жігіттердің
қатысқаны жөн. Аударыспақ ойынының ережесі
бойынша сайысқа қатысушылар салмақтарына
қарай үш топқа бөлініп, күш сынасады.
Ептілікті, күштілікті, тапқырлықты, батылдықты
талап ететін спорттық ойын.
6.Айгөлек. Оны қыз-жігіттер екі топқа
бөлініп, қаз-қатар тұрып, бір-бірінің
қолынан ұстап тұрып ойнайды. Бір топтың
ойын бастаушысы: «Айгөлек-ау, айгөлек,
айдың жүзі дөңгелек, бізден сізге кім
керек?», деп сұрайды. Екінші топтың ойын
бастаушысы: «Айгөлек-ау, айгөлек, айдың
жүзі дөңгелек, сізден бізге Ақерке керек!»,
- деп, бір адамның атын атап шақырады да,
аты аталған адам бар пәрменімен жүгіріп
келіп, шақырған топтың тізбегін үзіп
кетуге тырысады. Тізбекті үзіп кетсе,
ол топтан қалаған адамын алып кетеді,
үзе алмаса сол топта қалып қояды. Ойын
екі жақтың бірінің адамдары таусылғанша
жалғаса береді. Алтын қабақ. Мергендер
сайысы. Жігіттер садақ жебесін нысанаға
әрі тез, әрі дәл тигізуге тиісті. Бұл сайыс
үлкен тойларда арнайы жүлде тағайындалып
өткізіледі. Алтын қабақ сайысының түрлері:
жаяу немесе ат үстінен сы-рық басындағы
теңгені атып түсіру, жоғары лақтырылған
қалпақты, басқа да заттарды атып түсіру,
ат үстінде шауып келе жатып нысанаға
дәл тигізу. Мергендер сайысының тағы
бір түрі – жамбы ату, садақ тарту.
7.Ат сайысы. Спорттық ойын. Оның түрлері:
ат омырауластыру, аударыспақ, жорға жарыс,
көкпар тарту, теңге алу, қыз қуу, қыз жарыс,
сайысу т.б. Олар үлкен тойларда ұйымдастырылады.
Сайысқа түсетін аттар алдын-ала жаратылады.
Ат сайысындағы кейбір ұлттық ойындар
Олимпиада ойындарының жоспарына енгізілген.
8.Аламан бәйге. Мұнда жүйрік, жарыс аттар 25-100
шақырымдық қашыққа шабады. Оның жолында
айналып өтетін көл, сай-сала, бел-белестер
тәрізді кедергілі жерлер болуға тиісті.
Аламан бәйге үлкен тойда, үлкен аста,
торқалы тойлар мен зор мерекелерде жарияланады.
9.Ақшамшық (сақина са-лу). Бұл – қазақ халқының ерте
заманнан келе жатқан дәстүрлі ойыны.
Оны сақина салу, сақина тастау деп те
айтады. Ойынға он –он бес адам қатысып,
ортаға бір жігітті немесе бір қызды шығарып,
қолына сақина ұстатады. Ойын ережесі
бойынша қыз-жігіттер үйде дөңгелене оты-
рып, екі алақанын бір-біріне қабыстырып
алға созады. Ойынды жүргізушінің ала-қанындағы
сақинаны кімге салса да өз еркі. Ол барлық
адамдардың алақанына сақина салған болып
шығысымен, «Тұр сақинам, тұр», - деп, немесе
«Ақшамшығымды бер!» деп дауыстайды.
Сол сәт сақина тасталған адам
орнынан атып тұруға тиісті, «Сақина менде»,
- деп. Оны көршісі ұстап алмай қалса, жұрт
алдында өз өнерін көрсетеді. Кейбір кітаптарда
сақина тастау ақшамшық емес, ақшымшық
деп те жазылып жүр.
10.Теңге алу. Жерде жатқан теңгені
атпен шауып келе жатып іліп алу үлкен
ептілікті, ат құлағында ойнайтын шабондоздық
тәжірибені талап етеді. Теңгені жерден
іліп алғандарға бәйге беріледі. Бұрындары
қазақ жігіттері атпен шауып келе жатып
қолындағы қылышымен жерде жатқан тезекті
түйреп алып көкке лақтырып жіберіп, оны
жалма-жан қылышымен екіге бөліп шауып
түсіретін. «Қыз қуу». Ол – ұлттық ат спорты
ойыны. Қазір бұл ойынның ережесі жасалып,
бір жүйеге келтірілді. Қазақстан-да қыз
қуудың алғашқы спорттық жарыстары 1923
жылы өткізілді. Содан бері мерекелік
бағдарламаларға енгізіп келеді. Қыз қуу
жарысында атқа мінген жігіт айналып қайтатын
жерге дейін алдында атпен шауып бара
жатқан қызды қуып жетіп, оның бетінен
сүюге тиісті. Бұл – жігіттің жеңгені.
Қуып жете алмаса, қайыра шапқанда қыз
жігітті, оның атын қамшының астына алады.
Бұл – қыздың жеңгені. Көкпар. Ұлттық ат
ойыны. Этнографтардың айтуынша, әуелгі
атауы «көк бөрі» сөзінен шыққан. Бұрындары
мал баққан көшпелі халықтар көк бөріні
соғып алғанда өлігін ат үстінде сүйрелеп,
бір-бірінен ала қашып, мәз-мәйрам болған.
Кейін ол ұлттық ойынға айналған. Көкпар
Орта Азия халықтарының да сүйікті ойыны.
Көкпар жаппай тартыс және дода тартыс
болып екіге бөлінеді. 1949 жылы елімізде
көкпар жарысының жаңа ережесі бекітілді.
Алаң көлемі қатысушылар санына сәйкес.
Егер әр команда 5 адамнан болса, алаңның
аймағының ұзындығы 300 метр, ені 100 метр;
10 адамнан болса, 500х200 метр; 15 адамнан болса
700х300 метр; 20 адам болса, 1000х500 метр. Көкпарда
басы кесілген серке тартылады.
12.«Ұшты-ұшты». Ойын бастаушы оған
қатысушыларды жаңылыстыру үшін тез-тез
ұшатын, ұшпайтын заттарды араластырып
айтады. Шарт бойынша ойнаушылар ұшатын
заттарға ғана қолын көтеруге тиісті.
Олар ұшпайтын затқа қолын көтеріп қалса,
айыбына өз өнерін көрсетеді. Ойын бастаушы
негізінен адамдарды былайша жаңылыстырады:
- Ұшты, ұшты – тарғақ ұшты! (ұшады).
- Ұшты, ұшты – жарғақ ұшты! (ұшпайды).
- Ұшты, ұшты – тырна ұшты! (ұшады).
- Ұшты, ұшты – тырма ұшты! (ұшпайды).
13.«Соқыртеке». Ойыншылар дөңгелене
тұрады. Ортаға орамалмен көзі байланған
адамды – «соқыртекені» шы-ғарады. Шеңбер
бойынша тұрған ойынға қатысушылар «соқыртекені»
түрткілейді. Ол сол кезде түрткен ойыншыны
ұстап алып, атын айтуға тиіс. «Соқыртекенің»
тыныш тұрған ойыншыны да ұстап алуына
болады. Ұсталынып қалған ойыншы «соқыртекеге»
айналып, ойын жалғаса береді.
14.Сиқырлы таяқ. Ойнаушылар қол ұстасып, дөңгелене
шеңбер жасап тұрады. Қолында таяғы бар
ойын жүргізуші шеңбердің ортасына келеді
де, ойынның тәртібін түсіндіреді. Ойнаушыларды
бірден бастап түгел нөмірлеп шығады.
Ойынның шарты бойынша ойын жүргізуші
қолындағы таяғын шеңбердің ортасында
тік ұстап тұрады да, бір нөмірді атап,
таяқты қоя береді. Аталған нөмір таяқты
жерге құлатпай ұстап қалуы керек, ал таяқты
ұстай алмай құлатып алса, онда айып тартады,
яғни көптің ұйғаруымен ортаға шығып,
өнер көрсетеді. Ойынға қатысушылардың
бәрі бір-бір реттен міндетті түрде ойнап
шығулары керек, ал одан әрі ойынды жалғастыру-жалғастырмау
ойнаушылардың өз еркінде. Ойнаушылардың
саны көп болса, ойын қызықты өтеді.
15. Күрестің ұлттық түрі «қазақ күресінің» даму тарихы қазақ халқының
тамыры тереңнен тартылатын тарихымен
тұтасып жатыр. Түрлі бас қосулар мен мереке
тойлар спорттың осы түрінің сайысынсыз
өткен емес. Күші басым түсіп, жеңіске
жеткен балуандар халықтың төбесіне тұтар
құрметті адамына айналған. Қазақтың ұлы батыры Қажымұқан есімі
қазақ халқының тарихына ғана еніп қойған
жоқ, сонымен бірге спортшылардың әлемдік
элитасының қатарына кірді.
«Қазақша күрес» бойынша бірінші
ірі жарыс 1938 жылы ауыл шаруашылығы аймақтары
арасындағы спартакиада аясында өткен.
Сол сәттен бастап жарыс дәстүрлі түрде
республика қалаларында тұрақты өткізіліп
келеді. Ірі Халықаралық турнирлер 1952
және 1975 жылдары Азия аймағы спортшыларының
қатысуымен өткізілді. Ұлттық күрестің
дамуы Қазақстан егемендік алғаннан кейін жаңа серпін
алды. 1991 жылдан бастап республикалық чемпионаттар
мен біріншіліктер жыл сайын өткізілетін
болды.
2004 жылы Қазақтардың Берлиндегі Бүкіләлемдік
Құрылтайында конференция болып, сонда
«Қазақша күрес» күресі бойынша халықаралық
федерация ұйымдастырылды. Федерацияның
президенті — Түкиев Серік Адамұлы.
2005 жылы Ресейде (Алтай өлкесі) «Қазақша күрес» күресі
бойынша І Азия Чемпионаты өтті. 2005 жылы
қарашада Астанада ҚР Президентінің жүлдесіне «Қазақша
күрес» күресі бойынша ірі халықаралық
турнир болды. Оған әлемнің 25 елінен 100-ден
аса спортшы қатысты. Олардың қатарында Германия, Түркия, Голландия, Франция және басқалары бар. Биылғы жылдың шілдесінде
Монғолияда «Қазақша күрес» күресі бойынша
ІІ Азия Чемпионаты өтті. 2011 жылы тамызда қазақша күрестен
Қазақстан біріншілігі болып өтті. Бұл
ойын адамның денесін ширатып, бұлшық
еттерді қатайтады, төзімділікке, батылдылыққа,
ептілікке, керек кезінде тез ойланып,
әдіс таба білуге машықтандырады. Қазақша
күрес күш жетілдіретін спорт. Сонымен
қатар ол қорғанудың ұлттық өнері («Самбо»).
Қазақша күресте адам өзін еркін ұстап,
өз бойындағы күшін, әдісін түгел пайдалана
алады, мұнда шалу, жата тастау, арқалай
тастау, қол байлап күресу, салмақпен басу,
тіресу, ашадан алу, аяқтың басымен іліп
тастау, жамбасқа алып иіре лақтыру, белінен
қысып, тірсектен шалу сияқты әдістердің
бәрін де қолдануға болады. Палуандар
кілем үстінде; арнаулы жазық жерде, тегістегі
қар үстінде белдесіп күресе береді. Ойынның
ережесі бойынша қимыл үстінде адамға
зақым келтіре күш жұмсауға, дөрекілік
жасауға болмайды. Күрес бір жақтың талассыз
жығылуымен және жауырыны жерге тигізілуімен
аяқталады. Күресетін палуандар жаңадан
енгізілген ереже бойынша жасына қарай
3 топқа, салмағына қарай 8 категорияға
бөлінеді. Күрес мерзімі ересектер үшін
10 минут, жас өспірімдер үшін 5 минут. Кейде
жығылған адамды басып жатып, жауырынын
жерге тигізу шарт емес. Бұл күрестің басты
шарты — күшін, әдісін асырып, талассыз
жығу. Кейде жыққан адам жығылған адамның
басынан аттап «күш алу» деген байырғы
жеңіс белгісі жасалады. Қазақша күрес
аудандың, облыстық, республикалық спартакиадалардың
программаларына кіргізілген, спорттық
командалары бар ресми түрде жұрт таныган
өнер.
16.Мойын
арқан - жекпе –жек күш сынасатын
ежелгі халық ойыны. Жігіттер тойда, жазғы
сауықта сайысқа түседі. Көгал алаң таңдалады.
Ұзын арқанның екі ұшы тұйықталып түйіледі.
Алаңның ортасынан белгі үшін белдеу сызық
сызылады. Қос қанаттан ұзындығы тепе-тең
мөлшерде сайыскерлер тұратын меже белгіленеді.
Сайысқа қалаушылардың бәрі түседі. Сарапшылыр
олардың шама-шарқын мөлшерлеп, теңдесімен
тартысқа түсіреді. Ойынды басқарушы тұйықталған
арқанды сайыскерлердің мойнына кигізіп,
екі саласын қолтықтың астынан өткізеді
де, тартысушыларды жерге тағандатып қояды.
Белгі берілгенде екеуі екі жаққа қарай
тартуы керек. Дайындық шаралары біткеннен
кейін бастаушы тартысқа рұқсат етеді.
Сайыскерлер бірін-бірі шегіншектетіп
сүйрей жөнеледі. Алаң ортасындағы белдеу
сызықтан қарсыласын шегіншектете сүйреп
өткізген сайыскер женеді.
17.Алтын қабақ (жамбы ату) – шауып келе жатқан атың үстінен нысананы
дәл көздеп , атып түсіру. Бұл ойының нұсқалары
басқа халықтарда да кездеседі. Шығу тегі
әскери ойынның пайда болуымен байланысты
болған, оның қажеттігі 18 ғасырға дейін
сақталған. Мұндай жарыс өткізілетін мерекелерде
биік бағана, болмаса ұзын сырық қадалып,
оның ұшар басына нысана ретінде жамбы
(күміс құймасы) ілінетін болған. Оны қылмен
немесе жібек жіппен байлаған. Атпен шауып
кележатқан кісі садақпен жамбыны атып
түсіріп, жеңіске жетуге тырысқан. Нысананы
дәлдеудің басқада түрлері кездескен.
Мысалы, жерде тұрып, немесе ат үстінде
отырып, мылтықпен атуда қолданылған.
Жамбы ату жігіттерді шабандоздыққа, мергендікке
үйрету де елеулі роль атқарған.
18.Асау үйрету - ел жайлауға шығып, жайғасқаннан кейін
бес-алты күн өткен соң, биебау орыны таңдалып,
желі тартылады. Бұл уақытқа дейін құлындар
жетіліп, ширайды. Жігіт-желең жүйрік атқа
мініп, жылқылыарды шашау шығармай қайырып
тұрады. Қолына құрық ұстаған қарулы жаяу
жігіттер құлындарды бұғалықтап ұстайды.
Асау құлындарды бұлқынта арпалысып жүріп,
басына ноқта кигізеді де, желіге байлайды.
Барлық құлын байланып болған мезетте
әжелер бастаған қыз-келіншектер желі
басына дастарқан жаяды. Әжелер ырымдап,
ақ мол болсын деген ақниетпен желі қазығының
басына айран құйып, жаманшылықтан аман
болуы үшін құлындардың маңдайларына
қатық жағады. Қариялар ақ баталарын ақтарады.
Ақтілеуге арналған ас ішіліп болғаннан
кейін балалар асау тай мен құнандарды
үйрету ісіне кіріседі. Үйір ішіндегі
асауларды құрық салып ұстайды да, мықты
жігіттердің көмегімен шұралап тұрып
ерттейді. Өзіне сенімді біреуі мінеді.
Арқасына артылған жүкті аударып тастау
үшін асау тулай жөнеледі. Аспанға шапшып,
басын тұқырта мөңкіп, қайсарлана тулайды.
Асауға мінген жігіт осы бір адуын арпалыстың
қыбын тауып, құлап қалмаудың амалын жасайды.
Батылдығымен елді сүйсінетеді. Асау үйрету
әдетте екінің бірінің қолынан келе бермейді.
Асау үйретушінің айла-тәсілін үлкен-кіші
тамашалайды. Бұл да жігітті сынға салатын
қызықтың бір түрі.
19.Ақ сүйек - ай сүттей жарық түндері, жазды күні
қыздар мен жігіттер, балалар араласып
ойнай береді. Кешке мал келіп, қораланып
болғаннан кейін күзет түрінде ауыл шетінде
ойын басталады. Ойынға ерте кезде ірі
қараның қу жілігі пайдаланылған. Күн
көзінде ұзақ жатқан жіліктің құрап, ақсөнке
болып қалатыны белгілі. Ол кезкелген
жерден ұшырайды. Соған орай ойын да «Ақсүйек»
атанған. Ойынға келгендер екі топқа бөлінеді.
Бастаушы ақсүйекті әуелетіп, алысқа лақтырады.
Басқалар ай сәулесіне шағылыса жарқылдаған
ақ сүйектен көз айырмай қарап, қай шамаға
түсетінін бақылайды. Ақ сүйек жерге түскен
соң, бастаушы: «Ал, іздеңдер» деп бұйырады.
Бәрі іздейді. Ақ сүйекті тапқаны: «Мен
таптым!» деп айқайлайды да, ақ сүйекті
жоғары көтеріп көрсеткеннен кейін сөреге
қарай жүгере жөнеледі. Қарсыластары оны
қуып жетіп ұстап алуға тиіс. Ұсталып қалса,
ол ақсүйекті өзін ұстаған ойыншыға береді.
Ол әрі қарай жүгіреді. Сөйтіп ақ сүйекті
қай топтың ойыншысы сөреге жеткізсе,
қарсы топтағылар жеңілген есебінде ән
салып береді. Ойын осылайша жалғаса береді.
20.Тымпи – ойынға қатынасушылар шеңбер жасап,
дөңгелене отырады. Біреуін ойынды жүргізүге
белгілейді. Ол: «Ал, ойынды бастаймыз,
бәрің түгел тым-тырыс тымпи!» -деп бұйырады.
Бұдан кейін бірде-бір ойыншы дыбыс шығармауы,
үн қатпауы керек. Алайда бастаушы ғана
сөйлеуге ерікті. Ол адам күлерлік қимыл-қозғалыспен
әзіл-қалжың сөздерді айтып, қалай да біреуді
күлдірудің амалын іздейді. Қалжың жыр
да айтады. Ешқайсы шамданбайды. Өйткені
ойынға қатынасушылардың аты әлгідей
қалжың өлеңге қосылмауы керек. Әзілі
де, сықағы да өтпесе, бет-аузын тыржыңдатып,
әр түрлі құбылтады. Қолапайсыз қимылдармен
құбылыстар жасап қозғалады. Жаңылыстыру
үшін неше алуан сұрақтар қойып, көздеріне
төнеді. Біреу абайсыз жаңылып сөйлесе
не күліп жіберсе, айып тартады. Өлең айтады,
ән салады не би билейді. Сондықтан ойынды
жүргізуші тілмәр, әзілкеш, күлдіргі болуы
керек.
21.Бастаңғы –
ауылдағы үлкен кісілер бір жаққа қонаққа
немесе басқа себептермен қотарыла кеткен
жағдайда қыз-келіншекткр бас қосып, бір
үйге жиналады. Қазақ салтында ерулік,
ас беру, сүндет тойы секілді кәделер аса
кәдірлі іс. Сондай кәденің біріне шақырған
кісінің ниетін сыйлап, шақырылған ауылдың
үлкен кісілері түгел баруға тырысады.
Қыз балалар ондайда оңаша қалады. Сонда
бастаңғы ойынын бастайды. Емін-еркін
ойнап-күліп, қысылып-қымтырылмай сырласады.
Бұл ойынға қыздардың қалауы бойынша жас
жеңгелері де қатысады. Қазақтың отбасы
тәрбиесіндегі «Қызға қырық үйден тыйым»
деген қатал тәртібі қыз баланың албаты
секеңдеп, ербеңдеп жүруіне жол бермейді.
Қазақта қыздың ары қатты ардақталады.
Ол бүкіл отбасының абройы. Сондықтан
қыздың өз үйінен себепсіз не рұқсатсыз
ұзап шығуы ата-ананың намысын қорлайды
да, оған қатаң тыйым салады. Бойжеткен
қыз шешесімен не жеңгесімен үй шаруасымен
шұғылданады. Бос уақытында кесте тігеді,
ою ойып, терме тоқу өнерін үйренеді. Сөйте
жүріп өзінің төсек-орнын, жасауын, үй
мүлкін де қамдап алады. Бастаңғы – қыздардың
үй іші шаруасында өз бетімен еркін әрекет
етуінің бір шарасы. Бастаңғыға жиналған
қыздардың әр қайсысы тәтті-дәмдіні, құрт-майды
үйден ала келіп, ортақ дастарқанға салады.
Тамақты өздері әзірлейді. Бұл ойынның
астарында үлкен тәрбиелік мән жатады.
Қыздар осы ойын арқылы қонақ күтудің,
табақты мүшелеп тартудың жөнін іс жүзінде
орындап байқауға бейімделетін түрі бар.
Тағы бір шарты – өлең айтылмайды, шу болмайды.
Алайда басқа ойын ойнап, көңілдерін көтереді.
Үлкен кісілер байқаусыз келіп қалып,
көздеріне түспеу үшін құрт-май, тәтті
беріп, үй маңында сенімді, тіл алғыш балаларды
қарауыл қаратып қояды. Өйткені бұл қылықтарын
үлкен кісілердің біліп қоюын әбестік
деп ұғады. Бастаңғы- қазақ қыздарының
ежелден келе жатқан дәстүрлі ойыны.