Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Июня 2012 в 22:06, курсовая работа
Инвестициялар деп өнеркәсіптің, құрылыстың, ауыл шаруашылығының және экономиканың басқа да салаларының кәсіпорындарына капитал түрінде салынып, жұмсалатын шығындардың жиынтығын айтамыз. Инвестициялық қызметтің мақсаты ― түпкі нәтижесінде кәсіпкерліктен табыс немесе пайыз алу болып табылады.
Инвестицияны мына топтарға жіктеуге болады:
1. Жұмсау мерзімі бойынша:
Қысқа мерзімді;
Ұзақ мерзімді:
Мерзімсіз.
§1. Нақты және қаржылық инвестициялардың ұғымы және
олардың жіктелуі
Инвестициялар деп өнеркәсіптің, құрылыстың, ауыл шаруашылығының және экономиканың басқа да салаларының кәсіпорындарына капитал түрінде салынып, жұмсалатын шығындардың жиынтығын айтамыз. Инвестициялық қызметтің мақсаты ― түпкі нәтижесінде кәсіпкерліктен табыс немесе пайыз алу болып табылады.
Инвестицияны мына топтарға жіктеуге болады:
1. Жұмсау мерзімі бойынша:
Қысқа мерзімді;
Ұзақ мерзімді:
Мерзімсіз.
2. Тағайындалуы бойынша:
Қаржылық;
Нақты.
3. Шығу тегі бойынша:
Бірінші;
Екінші.
4. Болу формасы бойынша:
Құжаттық;
Құжатсыз.
5. Ұлттық тегі бойынша:
Отандық;
Шетелдік.
6. Қолдану түрі бойынша:
Инвестициялық (капиталдық);
Инвестициялық емес.
7. Иемдену қатары бойынша:
Жеке;
Жалпы.
8. Шығарылым формасы бойынша:
Эмиссиондық;
Эмиссиондық емес.
9. Меншік формасы бойынша:
Мемлекеттік;
Корпоративтік.
10. Айналыс сипаты бойынша:
Нарықтық;
Нарықтық емес.
11. Тәуекелділік деңгейі бойынша:
Аз тәуекелділікпен;
Мүмкін үлкен тәуекелділікпен.
Тәуекелділік түрлерін мынаған бөлуге болады:
Капиталды тәуекелдік – бұл барлық жұмсалымға арналған жалпы тәуекелділік, инвестор өзінің инвестициясын ысырапсыз қайтара алмайтын, толық босатып ала алмайтын тәуекелдік;
Уақытша тәуекелдік – міндетті түрде ысырапқа ұшырататын қолайсыз уақыттағы инвестицияны сату және сатып алуға байланысты тәуекелділік;
Заңдық өзгерістер тәуекелділігі – шығын мен ысырапқа ұрындыруы мүмкін тәуекелділік;
Өтімділік тәуекелділігі – инвестицияны өтізу барысындағы болуы мүмкін ысырапқа ұрындыратын тәуекелділік;
Нарықтық тәуекелділік – нарықтың жалпы құлдырауымен байланысты инвестиция құнының төмендеуінен ысырапқа ұрындыратын тәуекелдік;
Кредиттік және іскерлік тәуекелдік – борыштық құнды қағаздар шығарушы негізгі қарыз сомасын немесе сол бойынша сыйақы төлеуге жағдайын болдырмайтын тәуекелділік.
Проценттік тәекелділік – нарықтағы проценттік мөлшерлеменің өзгеруіне байланысты инвесторға ысырап әкелуі мүмкін тәуекелдік;
Валюталық тәуекелдік – шетелдік валютадағы инвестициямен байланысты тәуекелдік.
12. Қолма-қол табыс бойынша:
Табыстық;
Табыссыз.
13. Қаражатты жұмсау формасы бойынша:
Борыштық – құнды қағаздардағы немесе міндеттердегі инвестиция;
Иелі үлестік – нарықты субъектінің капиталындағы үлестер немесе уақытша шектеулермен байланысы жоқ мүліктегі үлес;
Жеке жобалар.
14. Экономикалық мәні бойынша:
Мүліктік;
Міндеттік.
15. Халықаралық және отандық стандарт бойынша бухгалтерлік есепте инвестиция мыналарға бөлінеді:
Қаржылық (БЕС 8 «Қаржылық инвестиция есебі» және оған әдістемелік ұсыныс);
Еншілес, тәуелді және бірігіп бақылау арқылы шаруашылық субъектісіндегі инвестиция (БЕС 13, БЕС 14, БЕС 15 және оған әдістемелік ұсыныс).
Инвестицияның көзі болып жаңадан қалыптасқан (құрылған) күн немесе таза табыстың жинақталған бөлігі саналады. Кәсіпкерлер (кәсіпорындар) оны өзінің табысының (таратылған) қаражаттарының есебінен жұмылдырады. Негізгі капиталды жаңартуға арналған инвестиция көзі болып кәсіпорынның меншігінде қалған табысы саналады. Бағалы қағаздардың көп түрлілігі инвестицияны жіктеудің көптеген критерийлердің алдын ала айқындайды.
Қаржылық инвестиция өзінің пайдалану мерзіміне қарай, қысқа және ұзақ мерзімді болшып бөлінеді.
Инвестиция өзінің алынған мақсаты бойынша: қаржылық және нақты болып бөлінеді.
Нақты инвестициялар ― бұл кәсіпорынның негізгі капиталын және материалдықөндірістік қорын өсіруге салынатын салымдар.
Қаржылық инвестиция ― бұл субъектінің табыс алу мақсатында пайдаланатын активі, инвестицияланған капиталдың өсімі немесе алынатын басқа да олжалар. Сондайақ, қаржылық инвестицияға пайдаланбай тұрған жылжымайтын мүліктер де жатады. Қаржылық инвестицияның бір түрі болып бағалы қағаздар да саналады. Барлық бағалы (құнды) қағаздар екі топқа бөлінеді ― ақшалай және күрделі болып. Ақшалай бағалы қағаздарды алған кезде ақшалай қарыздарды алғандағыдай етіп рәсімделеді. Бұл борыштық құнды қағаздар. Оларға: вексельдер, депозиттер және жинақ сертификаттар және т.б. жатады. Осы бағалы қағаздар бойынша табыс бір мәртелік сипатқа ие болады және олар өзінің номиналдық (атаулы) құнынан төмен бағаға сатып алудың есебінен қалыптасады. Ақшалай бағалы қағаздар, әдетте, қысқа мерзімге ( бір жылдан аспайтын уақытқа) беріледі.
Капиталды бағалы қағаздар кәсіпорынды дамыту үшін, оның капиталын (қорын) құрастыру немесе ұлғайту мақсатында шығарылады.
Бағалы қағаздар құқығы бойынша кімге жататындығы туралы белгілерін куіәләндыру үшін олар былайша бөлінеді:
― бағалы қағазды ұсынушыға ― құқықтарын орындау үшін, бірақ олардың иелерін теңестіруді талап етпейді, ұстаушылардың атына тіркеу жасалынбайды. Ұсынушы бағалы қағазды куәландыратын құқығын басқа адамға қарапайым жолмен қолына береді.
― атаулы бағалы қағаздар ― белгілі бір адамның атына жазылады. Бағалы қағаздарда куәландырылған құқықтары ондағы қойылған талапты жеңілдету үшін белгіленген тәртіппен басқа тұлғаға беріледі. Атаулы бағалы қағаздар бойынша құқық беретін адам соған сәйкес келетін талаптардың орындалуы емес, ондағы тиесілі талаптың заңды еместігіне жауап береді.
― ордерлік бағалы қағаздар ― ол ең алғашында иемденушінің атына немесе оның бұйрығы бойынша жазылады. Бұл онда көрсетілген құқықтар қағазға түсірілген тәртіпке байланысты ауыспалылығын сақтайтындай етіп ― индоссаментке жазып береді. Индоссамент өзінде құқықтың болғанына ғана емес, сонымен бірге, оның жүзеге асуына да жауап береді. Бағалы қағаздардан алынатын табысқа қатысты оларды борыштық және инвестициялық деп бөлуге болады.
Борыштық бағалы қағаздар пайыздары төлеуді және негізгі қарыздың негізгі сомасын графикке сәйкес жабуды эмитент өз міндетіне алады. Бұл кімнің эмитенті екендігіне қарамастан, оған барлық облигациялар, вексельдер жатады.
Инвестициялық бағалы қағаздар эмитент активтерінің бір бөлігін иемденуге құқық береді, оларға эмитенттерінің бардық типтеріндегі акциялары тұтастай жатады.
Бағалы қағаздар эмитенттік сипаты бойынша: мемлекеттік (Үкімет пен Ұлттық Банктің борышкерлік міндеттемелері), муниципалдық (жергілікті атқару органдарының борышкерлік міндеттемелері) және кооперативтік (шаруашылық жүргізуші субъктілердің жарғылық капиталын қалыптастыру немесе қаржылықшаруашылық қызметін жүргізу үшін қажетті қаражатты тарту мақсатымен қолданыстағы заңға сәйкес шығарылатын) болып бөлінеді.
Мәмілеге байланысты шығарылатын бағалы қағаздар: фондылық (акцтялар, облигацтялар) және саудалық (коммерцтялық вексельдер, чектер, коносаменттер, кепілдік міндеттемелер және т.б.) болып бөлінеді.
Фондылық бағалы қағаздар көптеп шығарылуымен (эмиссиясымен) ерекшеленеді және олар қор биржаларында айналысқа түседі.
Саудалық бағалы қағаздар коммерцтялық бағытқа ие: олар негізінен сауда операциялары бойынша есеп айырысуға және тауарларды орын алмастыру процесіне қызмет көрсетуге арналған.
Бағалы қағаздар әрекет ететін орны бойынша ақша нарығының бағалы қағаздары және капиталдық бағалы қағаздары болып бөлінеді.
Ақша нарығы дегеніміз ― қысқа мерзімді бағалы қағаздардың алынуы мен сатылуын көрсетеді және ол қаржылық нарықтың бір бөлігі. Қысқа мерзімді бағалы қағаздардың әрекет ету мерзімі ― бір күннен бастап бір жылға дейін болуы мүмкін. Айналыстағы бағалы қағаздар, әдетте, төменгі төлем тәуекелімен қатар жүреді, өйткені қарыз берушілердің төлем қабілеттілігі жоғары болса ғана шығарылады. Ақша нарығының бағалы қағаздарына: қазыналық вексельдер, депозиттік сертификаттар, коммерциялық қағаздар жатады.
Бағлалы қағаздардың атқаратын рөлі бойынша: негізгі, көмекші және негізгі бағалы қағаздардың алыну мен сатылу құқығын куәландыратын шарт ты бағалы қағаздар болып бөлінеді.
Бағалы қағаздарды өздерінің алдына қойған міндеті мен мақсатына сәйкес басқа да белгілері бойынша жіктелуі мүмкін.
Егер инвестор әр тараптандыру (диверсификациялау) принципін ұстанатын болса, онда ол инвестициялық портфель деп аталатын бағалы қағаздардың жиынтығымен байланысты болады.
Қоржындық (портфелдік) инвестициялаудың объектілері ретінде әртүрлі бағалы қағаздар: акциялар, облигациялар, бағалы қағаздардың шартты түрлері әрекет етеді. Қоржынның бір бөлігі ақша түрінде ұсынылуы мүмкін. Инвестор инвестицтялық мақсатына тәуелді белгілі бір типтерді қалыптастырады. Келесі типтерін бөліп көрсету қабылданған: бірінші тип ― өсім қоржыны, екінші тип ― табыс қоржыны.
Қоржынның бірінші типінің мақсаты өсімді көбіне дивиденттер мен процнттер алу есебінен емес, бағалы қағаздардың бағамдық өсімінің есебінен алу болып табылады. Бұл негізгі салымның басым бөлігін акция құрайды. Күтілетін капитал өсімімен және тәуекелділіктің ара қатынасына байланысты қоржындық өсімнің ортасынан бөліп көрсетуге болады. Агрессивті өсім қоржындары капиталдың маскималды өсіміне бағытталады. Бұл қоржын үлкен тәуекелділікпен байланысты екенін көрсетеді, бірақ эмитент кәсіпорындардың қолайлы дамуы кезінде ол үлкен табыс әкелуі мүмкін. Қоржынның бұл құрылымы, әдетте, тез өсетін жас компаниялардың акцияларымен көрсетілуі мүмкін. Консервативік қоржынның өсаімі негізінен ірі, жақсы белгілі және тұрақты компаниялардың акциясынан тұрады, бұндай қоржынның тәуекелділігі де аса үлкен болмайды. Қоржынның орташа өсімінде агрессивті қоржынға да, консервативті қоржынға да тән инвестициялық қасиеттері болады. Оның құрамына сенімді кәсіпорындармен қоса даму үстіндегі жас кәсіпорындардың да акциялары енеді. Мұндай қоржын жеткілікті табысқа және тәуекелдің орташа деңгейін ұстауына қолайлы жағдай туғызады.
Қоржындардың екінші типі дивиденттер мен проценттерден табыс алу болып табылады. Қоржынның бұл типі тәуекел кезінде алдын ала жоспарланған табыстың деңгейін қамтамасыз етеді және онда тәуекелділіктің деңгейі нольге тең болады. Қоржындардың аталған типін инвестициялау объектілері ретінде сенімділігі жоғары бағалы қағаздар алынады. Оның құрамына енетін қорлардың инструменттеріне байланысты олар: конверттелетін, нарықтық ақщалай және облигациялар болып бөлінеді. Конверттелетін (айырбасталынатын) қоржындар: айрықша акциялардан және облигациялардан тұрады. Мұндай қоржын оны құрайтын бағалы қағаздардың есебінен нарық конъктурасы мүмкіндік беретін болса, онда оларға жай акциялардың өзі де қосымша табыс әкелуі мүмкін. Басқа жағдайда, қоржын инвестициясы тек тәуекелділік төмен болған кезінде ғана табыспен қамтамасыз етіледі. Ақша нарығының қоржындары капиталды толық сақтау мақсатынан тұрады. Оның құрамына ақщалай қаражат пен тез сатылатын активтер кіреді. Егер де ұлттық валюта өзінің төмендеу бағасын көтерсе, онда ол шетелдік валютаға айырбасталуы мүмкін. Сөйтіп, салынған капитал нольдік тәуекелділік кезінде өз өсімін сақтайды. Облигациялар қоржындары облигациялардың есебінен қалыптасады және нольдік тәуекелділік кезінде орташа табыс әкеледі.
Инвестиция – экономиканы дамытудың тұрақты және жоғарғы қарқынын қалыптастыруды, ғылыми-техникалық прогресстің жетістіктерді енгізуді, инфрақұрылымды дамытуды көздейтін басты фактор.
Инвестицияны дамытуда кәсіпорындарды қаржыландыратын және ұзақ мерзімге несие беретін мамандандырылған инвестициялық банктер мен акционерлік қоғамдардың акцияларынан құрылған инвестициялық қорлар ерекше роль атқарады. Сөйтіп, қорлар экономиканың неғұрлым пайдалы салалары мен кәсіпорындарына капиталдың құйылуына жағдай жасайды.
Қаржылық инфестициялар инвесторлар үшін ішкі және сыртқы инвестициялар жағдайында белгілі бір тәуекелділікпен байланысты болатынын ескерген жөн. Бұл тәуекелділік басшылардың біліктілігімен және олардың епті әрекеттерімен, есеп пен бақылау жұмысын ұйымдастыруымен, валютаның бағамдық пайыз мөлшерлемесінің өзгерістерімен, орта мерзімді және қысқа мерзімді несиелерді тартудың қиындылықтарымен және т.б. осы сияқты мәселелерімен байланысты болып келеді. Сонымен қатар, табиғат зілзаларымен және саяси тәуекелділіктерімен байланысты болатынын ескерген абзал. Қаржылық инвестициялар техникалық-экономикалық есептеулер жасалған соң және сол инвестицияланатын объектіні қажетті зерделеуден өткізгеннен кейін барып, жүзеге асырылады. Осы жағдайда ғана нарықтық қарым-қатынастар жағдайындағы тәуекелділіктер төменбеуімүмкін.
Инвестициялардың мақсаты ― жаңа технологияларды, алдыңғы қатарлы техниканы және ноу-хауды енгізу; ішкі нарықты жоғары сапалы тауарлармен толтыру және қолайлы қызмет көрсету; отандық тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдау және ынталандыру; экспортқа бағытталған және импортты алмастырушы өндірістерді дамыту; Қазақстан Республикасының шикізат көздерін тиімді және кешенді пайдалану; қазіргі заманғы менеджмент пен маркетингтің әдістерін енгізу, жаңа жұмыс орындарын құру; жергілікті мамандардың үздіксіз оқу жүйесін енгізу, олардың біліктілік деңгейін көтеру; өндірістің жедел дамуын қамтамасыз ету; қоршаған табиғат ортасын жақсарту болып табылады.
Қазақстан Республикасының экономикасын көтеруде және оны одан әрі дамытуда шетелдік инвесторлардың атқарар ролі зор. Шетелдік инвестициялар-ға табыс алу мақсатында кәсіпкерлік қызметтің объектілеріне инвесторлар салып отырған мүліктік құндылықтар және оған қоса олардың құқықтары, яғни интеллектуалдық меншік құқығы да кіреді.
Шетелдік инвестициялар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының жарғылық капииалына қатыса отырып, ондағы қабылданатын шешімдерге өз үлестерін және құқықтарын қорғауына болады.
Шетелдік инвесторлар заңға қайшы келмейтін кез келген қызметпен, атап айтқанда: бірлескен кәсіпорындарды құруға және олардың шетелдік филиалдарын ашуға, мүліктік құқын сатып алуға, қарыз, несие беруге т.б. қызметтермен шұғылдануына болады.
Шетелдік инвесторлар өздерінің қызметінен алған табысын өз қалаулары бойынша пайдалануға құқылы, Қазақстан аймағында қайта қаржыландыру үшін, тауарлар алуға және басқа да мақсаттар үшін, яғни Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған кез келген қызметпен айналысуыына болады.
§2. Бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктердің,
еншілестердің және тәуелді серіктестіктердің
инвестициясының есебі
Шаруашылық жүргізуші субъект акцияға ие болу жолымен немесе үлестік қатысудан табыс алу арқылы басқа субъектілерге қаржылық жұмсалымды тудыра алады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің (ҚР АК) 94-бабына сәйкес, басқа заңды тұлғаны қалыптастырған жарғылық капиталдың бір бөлігіне иелік етуші заңды тұлға еншілес б.т. немесе жасалған келісімшартқа сәйкес негізгі серіктестік еншілес серіктестік қабылдаған шешімді анықтай алады. Негізгі серіктестік еншілес серіктестікке толық (100%) немесе толығырақ (90%) бақылау жүргізе алады.
Бақылау – бұл оның қызметінен пайда алу мақсатында серіктестіктің қаржылық және басқа саясатын анықтау құқы.
Заңды тұлға басқа кәсіпорындардың пакет акциясын, қатысу үлесін алу арқылы қаржылық салымдарын жүзеге асыруы мүмкін. Салынған қаржылық салымдардың деңгейіне байланысты олар: не бақылаушы, не қаржылық немесе субъектінің басқа да саясатына едәуір әсер ететін болып белгіленеді.
Егер де инвестордың қатысу үлесі 50% және одан да көп болса немесе 50% және одан да көп дауыс беру құқы бар акциясы болса, онда ол қаржылан-дырылатын объекеті бойынша оның бақылауында болатын және еншілес серіктестігі болып табылады.
Егер де инвестордың қатысу үлесі 20%-дан астам болса, бірақ оның дауыс беруге құқы бар акциясы 50%-дан аспаса, онда ол қаржыландырылатын объекті бойынша оның едәуір әсер етуінде болатын және тәуелді серіктестік болып табылады.
Егер де инвестордың қатысу үлесі 20% акциясынан аспаса, онда ол бірлесіп бақыланатын заңды тұлға болып табылады.
Инвестицияның есебі 2-бөлім «Ұзақ мерзімді активтер» шоттарында жүргізіледі, оның құрамына:
2200 «Үлестік қатысу әдісімен есепке алынатын инвестициялар»
2210 «Үлестік қатысу әдісімен есепке алынатын инвестициялар»
2300 «Жылжымайтын мүлікке инвестициялар»
2310 «Жылжымайтын мүлікке инвестициялар»
2320 «Жылжымайтын мүлікке инвестициялардың амортизациясы және құнсыздануы»
Тәуелді шаруашылық серіктестердің инвестициялық есебі. Тәуелді серіктестік инвесторлардың едәуір ықпал еткінде болады және ол еншілес шаруашылық серіктестігі де, бірлесіп бақыланатын заңды тұлғасы да бола алмайды. Субъектінің қызметіне инвестор едәуір ықпал етеді, оның тек 20%-дан астам ғана дауыс беруші акциясы болса да. Тәуелді серіктестіктер өз инвести-циясын жүзеге асыру үшін мына екі әдістің бірін пайдаланады:
- үлестік қатысу әдісі;
- құн әдісі.
Үлестік қатысу әдісі – инвестицияларды иеленген мезетте сатып алу құнымен көрсетіп, кейінірек тәуелді шаруашылық серіктестіктерінің таза активтеріндегі өзгерістерде инверсордың үлесі мойындалуына байланысты олардың құнының өсуін (кемуін) есепке алу әдісі. Тәуелді шаруашылық серік- тестігінің таза кірісінде (шығысында) инвестор үлесінің өзгеруі қаржылық-шаруашылық қызмет туралы есептегі табысқа (шығысға) жатқызылады.
Тәуелді шаруашылық серіктестігінің жинақталған таза табысының жалпы сомасынан тиісті дивиденттер инвестициялардың баланстық құнын кемітеді.
Егер де инвестордың салған инвестициясының баланстық құны тәуелді шаруашылық серіктестіктеріндегі алған зиянына тең немесе артық болса, онда бұндай зияндар келешекте есепке алынбайды. Инвестиция нольдік құны бойынша көрініс табады.
Тәуелді шаруашылық серіктестігінің активтерінің қайта бағалануына байланысты инвестордың үлесінің өзгеруі инвестициялардың баланстық құнын көтереді (кемітеді) және ол меншік капиталының бөлімшесінде көрсетіледі.
Инвестор өзінің тәуелді шаруашылық серіктестігінің таза табысында үлестік қатысын қайта жаңғырту үшін таза табыс пен таза шығындар тең болуы керек.
Егер де тәуелді шаруашылық серіктестігінің активтері қайта бағаласа, онда олардың баланстық құны да өзгереді. Баланстық құнның өсіі меншік капиталындағы төленбеген қосымша капиталда көрініс табады, ал егер де ол азайса, онда сол төленбеген қосымша капиталды азайтады.
Мысал. “Шығыс” ААҚ қоғамы “Темір” ААҚ-ның 33% және “Цемент” ААҚ-ның 28% акциясын сатып алған, сол сатып алынған акйияға сәйкес олардың құны: 3110 мың теңге және 4600 мың теңге құраған.
“Шығыс” ААҚ сатып алғаннан кейін, бір жылдан соң, “Темір” ААҚ өзінің кейбір негізгі құралдарына 300 мың теңгеге қайта бағалауды жүргізген. Бірінші жылдың қорытындысы бойынша “Темір” ААҚ 9900 мың теңге зиян шексе, ал “Цемент” ААҚ 5000 таза табыс тауып, 2000 теңге деңгейінде дивидендті жария еткен. Ал келесі жылы “Темір” ААҚ кейбір негізгі құралдарының бағасын 410 мың теңгеге түсірген, ал “Цемент” ААҚ керісінше, 500 мың теңгеге көтерген.
Екінші жылдың қорытындысы бойынша “Темір” ААҚ 1000 мың теңге таза табыс тауып, 200 мың теңгеге дивидендті жария еткен, ал “Цемент” ААҚ – 1500 мың теңге деңгейінде зиян шеккен.
№ | Шаруашылық операцияларының мазмұны | Сомасы, теңге | Шоттар корреспонденциясы | |
Дебет | Кредит | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | Заңды тұлғалардан оларда қалыптасқан (немесе олардан алынған) баға бойынша акциялары сатып алынды: - “Темір” ААҚ - 33% айналыстағы акциясы - “Цемент” ААҚ - 28% айналыстағы акциясы |
3 110 000 4 600 000 |
2210
|
3310
|
Жиыны | 7 710 000 |
|
| |
Бірінші жылы | ||||
2. | “Темір” ААҚ өзінің кейбір негізгі құралдарының объектілерін қайта бағалаудың нәтижесінде үлестік қатысу сомасы артып, инвестицияның құны өскен. “Шығыс” ААҚ үлестік қатысу сомасы қайта бағаланған сомаға өсіп, ол 99 000 теңге құраған (300 000 * 33%) |
99 000
|
2210 |
5320 |
3. | Бірінші жылдық нәтижесі бойынша: - инвестицияның құнының өсуімен бірге “Шығыс” ААҚ үлесі де өскен, өйткені “Цемент” ААҚ үлесі 1 400 000 теңге құраған (5 000 000 * 28%) - “Темір” ААҚ зиян шеккендіктен, “Шығыс” ААҚ инвестициясының құны да азайған. “Темір” ААҚ шеккен зияннан “Шығыс” ААҚ-на тиесілі 3 267 000 (9 900 000 * 33%) теңге құраған - Шеккен зиянның үлесі инвестицияның құнынан асып түскендіктен, инвестицияның құнын нольдік деңгейге дейін жеткізіп, ал қалған 58 000 теңге сомасы баланстан тыс шотта есепке алынған (3 267 000 – 3 110 000 – 99 000) - “Цемент” ААҚ-тан “Шығыс” ААҚ-на тиесілі дивиденд сомасына инвестиция құны азайды, “Шығыс” ААҚ-ның алынатын дивиденд сомасы 560 000 теңге құраған (2 000 000 * 28%) |
1 400 000
3 209 000
58 000
560 000 |
2210
7610
011
2140 |
7610
2210
-
2210 |
4. | Бірінші жылдың нәтижесі бойынша “Шығыс” ААҚ өз балансында “Цемент” ААҚ 5 440 000 теңге сомасындағы инвестициясын ғана көрсеткен (4 600 000 + 1 400 000 – 560 000) |
|
|
|
Екінші жылы | ||||
5. | “Шығыс” ААҚ-ында инвестициясының құны азайған, өйткені “Темір” ААҚ өзінің кейбір негізгі құралдарының құнын арзандатқан: - бұрындары жасалған қайта бағаланған сомасының шегінде - бұрындары артық жасалған соманың негізінде 36 300 теңге (135 300 – 99 000)
|
99 000
36 300 |
5320
7450 |
2210
2210 |
6. | “Цемент” ААҚ өзінің негізгі құралдарын қайта бағалаудың нәтижесінде, “Шығыс” ААҚ-ның қатысу үлестік құны, яғни инвестициясының құны өскен |
140 000 |
2210 |
5320 |
7. | Екінші жылдың нәтижесі бойынша: - “Темір” ААҚ таза табысында “Шығыс” ААҚ қатысу үлесі өсуіне байланысты инвестицияның құны өскен. Қатысу үлесі 33 000 теңге құраған (1 000 000 * 33%). Өткен кезеңде зиян шеккендіктен, осы ағымдағы кезеңдегі инвестицияның өскен құны баланстан тыс шотта есепке алынған, сол зиян сомасы ескерілген соң барып, өскен құны көрсетіледі [272 000 (330 000 – 58 000)]. - “Темір” ААҚ-нан “Шығыс” ААҚ-ның алатын дивиденд сомасына инвестицияның құны азайтылды 660 000 (200 000 * 33%) - “Цемент” ААҚ зиян шеккендіктен ондағы “Шығыс” ААҚ үлесі азаюына байланысты инвестицияның құны азайтылды |
272 000
58 000
66 000
420 000 |
2210
-
2140
7610 |
7610
011
2210
2210 |
| Екінші жылдың нәтижесі бойынша “Шығыс” ААҚ балансында 5 160 000 теңгеге “Цемент” ААҚ-ның және 70 700 теңге “Темір” ААҚ-ның инвестициясы көрініс тапты. Нәтижесінде ол 5 230 700 теңге құрады |
|
|
|
Құн әдісі – инвестицияны алу кезінде сатып алу құны бойынша көрсе-тілетін есептік әдіс. Инвестордың қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есепте инвестиция табысы тәуелді шаруашылық серіктесті-гінің жинақталған жалпы таза табысының дивиденттердің мөлшері алынғаннан кейін барып мойындалады.
Инвестиция сатиып алу құны бойынша есептелінеді, егер де инвестицияны жақын арада сату мақсатында алса немесе нивестицияланған кәсіпорын қатаң ұзақ мерзімді шектеулі жағдайында әрекет ететін болса, бұл соңғы инесторға табысты беру қабілетін біршама төмендетеді. Мұндай шектеу-лерді тудыратын себептерінің қатарына: реттеуші органның бақылауында болса, сондай-ақ олар кәсіпорындағы дивиденттерді бөлудің саясатына араласса кәсіпорын өз қызметін, дивидендтерді (табысмтарды) аударуға шек қойылған елдерде жүргізуі мүмкін. Сондай-ақ, саяси хал-ахуалдың өзгеруі кәсіпорынның шаруашылық қызметін жүзеге асыру туралы келісімдерде қарастырылған дивидендтерді төлеуге шектеулердің күшіне енуі және басқа да кедергілердің болуы мүмкін.
Егер де дивиденд инвестицияны алғанға дейін алынса, онда ол капиталды қайтарған болып саналады және инестордың балансы сол сомаға азаяды.
Енді біз жоғарыда келтірілген мысалға ораламаыз. Екінші жылдың наурызында “Темір” ААҚ – 3500000 теңгеге, ал “Цемент” ААҚ – 5000000 теңгеге өз акцияларын сатқан. Енді осы бойынша шоттар корреспонденциясын жасап көрейік:
№ | Шаруашылық операцияларының мазмұны | Сомасы, теңге | Шоттар корреспонденциясы | |
Дебет | Кредит | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | Заңды тұлғалардан, онда қалыптасқан (немесе олардан алынған) бағасы бойынша акциялары сатып алынды: - “Темір” ААҚ - 33% айналыстағы акциясы - “Цемент” ААҚ - 28% айналыстағы акциясы |
3 110 000 4 600 000 |
2210 |
4110 |
Жиыны | 7710000 |
|
| |
2. | Бірінші жылдың нәтижесі бойынша “Цемент” ААҚ 2000 мың теңгеге дивидендті жария еткен, сондықтан “Шығыс” ААҚ оны табыс ретінде көрсетуі керек 373 333 теңге (2 000 000 * 28%/12) яғни инвестицияны алғанға дейін алынған табыс – 186 667 теңге (2 000 000 * 28% * 4/12), инвестицияның баланстық құнын азайтады |
373 333
186 667 |
2170
2170 |
6120
2210 |
3. | Келесі жылдың наурызында сатылған инвестиция: - инвестицияның баланстық құнының сомасына - инвестицияны сатқан кездегі, оның келісімшарттық құнына |
7 523 333 8 500 000 |
4710 2110 |
2210 6210 |
4. | Сатып алушылар ұсынылған шотты төледі | 8 500 000 | 1030 | 2110 |
Тәуелді шаруашылық серіктестік деген анықтамаға сәйкес келмеген күннен бастап, инвестициялар ұзақ мерзімді инвестицияны есептейтін есепке алу саясатына сәйкес есептелінеді.
Еншілес шаруашылық серіктестіктің инвестициясының есебі. Енші-лес шаруашылық серіктестік – негізгі серіктестіктің бақылауында болатын серіктестік. Бұндай бақылау қаржыландыратын объектінің 50% астам акциясын тікелей немесе жанама емденсе жүзеге асуы мүмкін. Еншілес серіктестіктің көрсеткіштері негізгі секріктестіктің қаржылық есеп беруінде, біріктірілген есеп беруінде көрсетіледі, бірақ онда қабылданған есептік саясаты ескеріледі, сондықтан олар мына екі әдістің бірін пайдалануы мүмкін:
- үлестік қатысу әдісі;
- ұзақ мерзімді инвестицияны есептеу әдісі.
Негізгі серіктестік өзінің еншілес серіктестігіне инвестицияны бөліп, біріктірілген қаржылық есеп беруін жасайды, ол кезде барлоық жергілікті және шетелдік еншілес серіктестіктерді өзіне енгізеді, тек ондағы мына жағдайларды қоспағанда:
- егер де еншілес серіктестік жақын келешекте сату мақсатында алынған болса, онда олар оның уақытша бақылауында;
- егер де еншілес серіктестік ұзақ мерзімді қатаң шектелген жағдайында әрекет ететін болса, бірақ бұл соңғы жағдай негізгі серіктестіктің қаржатын қайтару қабілетін төмендетеді.
Негізгі серіктестіктің біріктірілген есебіне енбей қалған жағдайда қаржылық инвестициясының есебі боцынша ескеріледі.
Бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктің инвестиция-сының есебі. Бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктің инвестицияны жүзегеасыруы – бірлесіп жасайтын қызметтің бір нысаны, онда бірлескен бақылау қызметін бекіткен кезде әрбір қатысушы шаруашылық серіктестікте өзінің қатысу үлесі бойынша топшылаған келісімшартын жасайды.
Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалар активтерді бірігіп алады, жасалған шығындарды таниды және алынған табысты анықтайды. Олардың әрқайсысы өз атынан мәміле жасай алады, өз қызметін қаржыландыру үшін капиталдарды тарта алады. Бұл кезде бірлескен қызметке қатысушылардың әрқайсысы қызмет нәтижесінде алынған олжадан өз үлесін алуға құқылы. Бірлесіп бақыланатын заңды тұлға басқа да бірлескен қызметтерді келесі нысанда жүзеге асыруына болады:
- бірлесіп бақылайтын өндіріс;
- бірлесіп бақылайтын активтер.
Бірлесіп бақылайтын өндіріс – заңды тұлғаны құрмай тұрып, қатысу-шылар өздерінің жалпы шаруашылық мақсатына жету үшін активтерді пайдалануын топшылайды.
Әрбір қатысушы бірлесіп бақыланатын өндіріс бойынша өзіне тиесілі шығындарын алады және олар алдын-ала өнімді сатудан алынған табысты таратудың тәсілін қарастырып қояды. Осы процесстің барысында пайдаланған негізгі құралдардың, тауарлы-материалдық запастардың жне т.б. активтердің құнын, әр қатысушы өз балансында ескереді.
Бірлесіп бақыланатын активтер – жалпы мақсат үшін алынған немесе салынған активтерді қатысушылар бірлесіп иелік етуді топшылайды. Бұл арада олардың негізгі қызметі үшін салынған активті барлық қатысушылар теңдей пайдаланады. Әрбір қатысушының табысы олардың кәсіпорын экономикасына қосқан үлесі арқылы анықталады. Әрбір қатысушы өзінің қосқан үлесін басқа қатысушыларға сатуға, тегін беруге құқылы.
Төменде еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын серіктестіктерге салынған инвестициялар бойынша шоттар корреспонденциясы келтірілген.
№ | Шаруашылық операцияларының мазмұны | Сомасы, теңге | Шоттар корреспонденциясы | |
Дебет | Кредит | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | Еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын серіктестіктердің мына игіліктерді салу арқылы инвестициялвры жасалынды: - тауарлар, негізгі құралдар, материалдық емес активтер - ақша қаражаттары - есеп беретін адамдарға берілген соманың есебінен - еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын серіктестіктерден - заңды және жеке тұлғалардан |
200 000 300 000 50 000 600 000
450 000 |
2210 2210 2210 2210
2210
|
1330,2400, 2700 2150 4120, 4130
4110, 4170 |
Жиыны | 1 600 000 |
|
| |
2. | Заңды және жеке тұлғалардан тегін түскен инвестициялар | 100 000 | 2210 | 6130 |
3. | Тәуелді немесе еншілес серіктестіктер өз активтерін қайта бағалаудың нәтижесінде үлестік қатысу сомасы инвестицияның құнын өсіреді |
300 000 |
2210 |
5320 |
4. | Тәуелді немесе еншілес серіктестіктер активтерін қайта бағалаудың нәтижесінде үлестік қатысу сомасы инвестицияның құнын төмендеткен: - бұрындары жасалған қайта бағалау сомасының шегінде - бұрындары жасалған қайта бағалаудың артық жасалған сомасына |
300 000
150 000 |
5320
7470 |
2210
2210 |
5. | Тәуелді немесе еншілес серіктестіктердің таза табысында инвестордың үлесі өсуімен байланысты инвестицияның құны өскен |
540 00 |
2210 |
7610 |
6. | Инвестицияны үлестік қатысу әдісі бойынша есепке алған кезде инвестордың алатын (немесе алуына жататын) дивидендтер сомасына инвестицияның құны азайды |
140 000 |
2120, 2130, 2170 |
2210 |
7. | Тәуелді немесе еншілес серіктестіктердің шеккен зияны инвестордың үлесін кемітуімен байланысты инвестицияның құны азайды |
2 000 000 |
7610 |
2210 |
8. | Егер де инвестицияның баланстық құнынан зиян асып түссе, онда ол баланстан тыс шоттарда есепке алынады |
50 000 |
011 |
- |
9. | Тәуелді немесе еншілес серіктестіктердің таза табысында инвестордың үлесі өсуімен байланысты инвестицияның құны өскен кезде бұрындары инвестиция құнын төмендету үшін есептен шығарылған құн қалпына келтіреді, бұл кезде баланстан тыс шоттар жабылады |
300 000 |
2210
|
7610
|
10. | Еншілес, тәуелді, бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктердің инвестициясы сатылды: - инвестицияның баланстық құнына - инвестицияның сатылған бағасы бойынша |
300 000 700 000 |
7410, 1210 1280, 1220 |
2210, 2310 6210 |
§3. Қаржылық инвестициялардың есебі
Қаржылық инвестициялардың есебі 2-бөлім «Ұзақ мерзімді активтер»:
2000 «Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар»
2010 «Ұзақ мерзімді берілген қарыздар»
2020 «Өтеуге дейін ұсталатын ұзақ мерзімді инвестициялар»
2030 «Сатуға арналған қолда бар ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар»
2040 «Өзге ұзақ мерзімді қаржылық активтер» шоттарында жүргізіледі.
Қаржылық инвестициялардың шоттары активті, күрделі, негізгі болып табылады. Осы шоттардың дебетіне қаржылық салымдардың айдың басы мен аяғындағы қалдықтары, инвестициялардың ұлғаю операциялары; кредит бойынша қаржылық инвестициялардың кему операциялары жазылады. Бұл шоттар бойынша талдамалы есеп инвестициялардың түрлері және осы инвести-циялар салынған объектілер бойынша жүреді.
Қаржылық инвестициялар сатып алу кезінде ол оның сатып алынған бағасымен бағаланады, ал сатып алынған бағаға алумен байланысты тікелей шығыстар, яғни брокерлік марапаттауы, банктің көрсеткен қызметі үшін төленетін пайыздары, қор биржасының комиссиондық төлемдері кіреді.
Құнды қағаздар инвестициясының өтелу құны мен оның сатып алынған құнының арасындағы айырмашылықтары (сатып алу кезінде пайда болған жеңілдік немесе сыйақы) инвестор өзі иеленген уақыт ішінде амортизация-ланады.
Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар бухгалтерлік баланста: не ағымдағы құнымен, не сатып алу құнымен немесе ағымдағы құнының ең төменгі бағасымен есептелінеді. Қысқы мерзімді қаржылық инвестиция өссе, онда ол табыс болып танылады, ал керісінше өзгерсе, онда ол шығыс болып танылады.
Егер де қысқа мерзімді қаржылық инвестиция ағымдағы немесе сатып алу құнының ең төменгі бағасымен алынса, онда оның баланстық құнын келесі негізде анқтайды:
- жалпы қоржындық жиынтығымен;
- инвестицияның түрі ьойынга қоржындық жиынтығымен;
- жеке инвестициялары бойынша.
Бұл кезде сатып алынған бағасы ағымдағы бағадан жоғары болса, онда олардың айырмашылығы шығыс ретінде танылады, ал керісінше жағдайда – табыс ретінде танылады.
Ұзақ мерзімді қаржылық инвестиция бухгалтерлік баланста төмнгідей жолмен анықталады:
- сатып алынған құнымен;
- қайта бағалау құны ескерілген құнымен;
- сатып алынған құнымен және ағымдағы құнының ең кіші (төменгі) бағасымен бағаланды.
Ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияларды қайта бағалау үшін: қайта бағалаудың мерзімін анықтау қажет және бір уақытта ұзақ мерзімді инвестиция-лардың бір ғана түрі қайта бағаланады.
Ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияның қайта бағаланған сомасы меншік капиталының өсіміне жатқызылады.Инвестициялар құны төмендеген жағдайда азайту сол инвестицияның үстеме сомасы болған жағдайда (жетіспесе), оның құнының төмендеуі зиянға есептелінеді. Инвестицияның үстеме бағасының сомасы, бұрын құны төмендеген болса, сол инвестицияның зияны өтелгеннен кейін меншік капиталына жатқызылады, яғни сол сомаға өседі.
Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялардвң құны төмендегенде сөзсіз бұл инвестициялардың баланстық құнын қайта қарауды талап етеді. Құнды тап осы-лайша төмендету әрбір инвестиция үшін жеке анықталады және есептелінеді. Бұл кезде инвестицияланған субъектідегі инвестордың үлес алмағы және тәуекелділіктің түрі ескеруі тиіс. Қаржылық инвестициялар есептен шығарылғанда, осы сатқаннан түскен пайда мен баланстың құнының арасындағы айырмасынан шығындарды алып тастағаннан кейін ол не табысқа, не шығысқа жатқызылады. Егер инвестиция бұрын қайта бағаланған немесе ағымдағы құны бойынша бағаланған болса, онда қайта бағалау сомасы табысқа немесе қабылданған есеп саясатына сай бөлінбенген табысқа жатқызылады.
Ұзақ мерзімді қаржылық инвестиция қысқа тмерзімді инвестициясына өтетін болса, онда оның сатып алу мен баланстық құны ең төменгі баға бойынша аударылады.
Егер инвестиция бұрын қайта бағаланған болса, онда қайта бағалау сомасы аударылу кезінде шығарылып тасталынады.
Егер де қысқа мерзімді қаржылық инвестиция ағымдағы құнмен есептелінсе, онда ол баланстық құн бойынша аударылады.
Қысқа мерзімді инвестицияларды ұзақ мерзімді инвестицияға аударатын болсақ, онда ол сатып алу және ағымдағы құнның ең төменгі бағасы бойынша немесе ағымдағы құны бойынша бағаланады.
Облигация дегеніміз – иесіне өз құнынан процент түрінде тұрақты табыс беретін бағалы қағаздардың бір түрі. Облигациясы барлар (ұстаушылар) эмитенттің (акционерлік қоғам, мемлекеттік муниципалды органдар) облигацияны шығарушының кредиторы б.т. Облигация – жалған капиталдың бір түрі. Облигацияның акциядан айырмашылығы: оның ұстаушысы акционерлік қоғамның мүшесі бола алмайды және оның дауыс беруге де құқығы жоқ.
Облигация – белгіленген нақты (номиналдық) құны бойынша егесіне процент төлеу арқылы өтелетін міндеттемені растайтын бағалы қағаз. Облига-циялардың төмендегідей түрлері бар: мемлекеттік және жеке меншікті (коммерциялық банктер, акционерлік қоғамдар және басқалар шығарған); атаулы және талап етушіге арналған; проценттік және проценттік емес, еркін айналымдағы және айналым шеңбері шектеулі.
Облигациялардың төмендегідей реквизиттері болуы керек: аты, фирмалық атауы және эмитенттің тұрған жері (облигацияны айналымға шығарушы мемлекет,кәсіпорын, мекеме); фирмалық атауы немесе сатып алушының аты немесе облигацияның талап етушіге жазылғаны туралы жазба; номиналдық құны, қарастырылған болса пайыз мөлшері; өтеу және пайыздарды төлеу мерзімдері, шығарылған орны мен күні, сондай-ақ облигацияның сериясы мен нөмірі, эмитенттің өкілетті тұлғаларының қол қою үлгілері. Облигацияның мақсатын білдіретін міндетті реквизит облигацияның қандай тауар үшін шығарылғандығын көрсетеді. Облигацияларды өтеу мерзімін және шығару туралы шешімін эмитент айқындайды.
Облигацияға салынған қаражат инвестициясы олардың номиналдық құнының деңгейіне байланысты тұрақты пайыз түрінде алуды көздейді.
Облигацияны алудың екі нұсқасы бар: номиналдық құнынан үлкен бағасы бойынша (сыйлығымен) және номиналдық құнынан төмен бағасы бойынша (жеңілдіктерімен). Демек, облигация номиналдық құны бойынша, немесе облигация сыйлығымен, немесе облигация жеңілдігімен шығарылуы мүмкін.
Депозитті сертификат – салушының депозитті салуға құқығын куәлан-дыратын ақша қаражаттарын депозиттен өткізгені туралы қаржы мекемесі беретін куәлік. Сертификаттар талап етілгенше (депозитті сертификатты көрсету арқылы белгілі бір соманы алуға құқық беріледі) және жедел (салынымды қайтарып алу мерзімі және проценттің мөлшері көрсетілген) түрінде болады. Депозитті сертификаттар банкке немесе делдалдарға (құнды қағаздарды, тауарларды және валютаны сату және сатып алу сауда делдалдарының мәміле-сінде) пайызсыз немесе бір тұлға екіншісіне табыстау жазбасы арқылы берілуі мүмкін. Депозитті сертификаттардың экономикалық маңызы несие ресурс-тарының нарықтық құралы және мультипликаторы болып қызмет атқарады.
Депозиттер – бос ақша қаражаттарының банктегі салымдары. Олардың түрлері жедел депозиттер, талап етілгенше салынатын депозиттер және шартты депозиттер болып бөлінеді.
Бондар – мемлекеттік қазына, жекелеген мекемелер мен кәсіпорындар шығаратын қарыздық міндеттемелері. Бондарды сатып алу және сату қаражаттары сурроггаттарының есебінде қолдана алады.
Қазыналық вексельдер – мемлекеттік қысқа мерзімді міндеттемелердің түрі, олардың пайыздық купондары болмайды. Негізінен, банктер арасында номиналдан кеміту немесе жеңілдік жолымен сатылады. Толық өз құны бойынша сатып алынады. Вексельдердің иелері көрсетілген бағалар мен сату бағасы арасындағы айырмашылыққа тең табыс алады.
Қазыналық ноталар – қазыналық эмиссия тәртібі бойынша шығарылатын ақшалардың түрі. Қазыналық билеттердің синонимі (асыл металдармен қамсыздандырылмаған және алтын мен күміске ауыстырылуға жатпайды); ұсыну үшін шығарылатын мемлекеттік міндеттемелердің орташа мерзімділігінің бір түрі.
Шартты бағалы қағаздар – бұл опциондар, варранттар,қаржылық фьючерстер, алуға ерекше құқығы бар тәріздес бағалы қағаздар.
Опцион – опциондық контрактінің нәтижесі болып табылатын бағалы қағаз, соған сәйкес қатысушылардың бірі біршама уақыт өткен соң бағалы қағаздарды алдын-ала ескертілген бағасы бойынша алуына немесе сатуына құқығы бар қатысушыны айтады, ал екінші қатысушы болса, ақшалай сыйақы алу үшін қажет болған жағдайда бағалы қағаздарды белгілі бір келісілген бағасы бойынша сатуға немесе сатып алуға құқысы бар.
Опциондық шарт жасалынған ұсынысты ескерілген мерзімі ішінде өз күшінде сақтап тұруды түсіндіреді. Опционды сатып алушы опцион мерзімі ішінде акциялар курсының қозғалысына байланысты, ол өз құқын іс жүзіне асыруы немесе асырмауы мүмкін. Егер опцион сатылмаса, онда бұл жағдайда сатып алушының опцион үшін төлеген сомасы сол сатып алушының табысы болып есептелінеді. Опцион сатып алушының пайдасы (“колл”), ағымдағы биржалық бағам (курс) опционда ескерілген бағамнан жоғары болса ғана қалып-тасуы мүмкін, ол сонда ғана акцияны сатып алуы мүмкін. Содан соң ол акцияны сатып алады, яғни опционның екінші типі (“путы”) жасалады, бірақ бұл ағымдағы биржалық бағам опциондағы көрсетілген бағамнан жоғары болса ғана жүзеге асады.
Варрант – бұл негізгі бағалы қағаздарды шығарумен қатар көрсетілген қор құндылықтарын сатып алуға қызығушылық тудыру үшін пайда болатын бағалы қағаздар. Варрант оның иесіне белгілі бір уақыт ішінде алдын ала белгіденген баға бойынша сатып алынған бағалы қағаздарға берілетін құқық. Варрант иесі – оның сатып алушысы. Варрантты сатушы тұлға болып сол шартты қағаздарды шығаратын және варрант сатып алушыларға қатысты міндеттемелерді қабылдайтындар. Бағалы қағаздардың варрант бойынша алынған бағасы, сол варранттың атқаратын бағасы болып аталады. Варранттар кей жағдайда бағалы қағаздың өзімен бірге ұсынылады және олардың құны бағалы қағаздың құнымен бірдей болуы мүмкін. Бұл бағалы қағаздардың құны варранттардан бөлінуі мүмкін, егер бағалы қағаздар нарығында өз бағамына ие болса және дербес қызмет ете алса.
Фьючерлік контракт – мәміле жасасу кезінде белгілі бір уақыт мерзімі ішінде белгіленген бағалар бойынша уағда етілген құндылықтар көлемін жеткізіп беру туралы келісім жасалған құнды қағаздар. Фьючерлік контракт мәмілеге қатысушыларға қор құндылықтарын жеткізумен ғана аяқталмауы мүмкін, бірақ ол нақты тауарды жеткізіп беруді де қарастыруы мүмкін. Бұл жағдайда фьючерлік контрат мәмілеге қатысушылардың біріне контрактының құны мен биржалық бағаның арасындағы айырманы төлеуді қарастырады. Фьючертік контракттар бойынша есеп айырысу әрбір қатысушыға міндеттеме-лерінің орындалуына кепілдік беретін сомалар келіп түсетін биржалық есеп айырысу палатасы арқылы жүзеге асырылады.
§4. Қысқа мерзімді инвестициялардың ағымдағы құнын және ұзақ мерзімді қаржылық инвестициясын қайта бағалауын анықтау. Есеп беруде инвестицияны ашу және түгелдеу
Қысқа мерзімді инвестициялардың ағымдағы құнын анықтау. Әрбір шаруашылықты жүргізуші субъект ағымдағы құн бойынша қысқа мерзімді қаржылық инвестицияларды есепке алуға құқылы. Бұл кезде, есеп саясаты нарық жағдайының өзгерісіне тәуелді етіп, нарық құнының кезеңдік өзгерісімен бірге қарастырылады. Егер кәсіпорын иелігіндегі алынған қаржылық инвести-циялары листингтік биржаның қорына енгізілген болса, онда олардың құнын кез келген кезде анықтау қиынға соқпайды. Керісінше жағдайда, қаржылық инвестициялар қор биржасында түзетіліп жазылмаса,онда нарықтық құнына белгілі бір есептеулерді жүргізе отырып, иеленген қаржылық инвестициялардың табыстылығына байланысты анықтауға болады.
Табыстың тіркелген (фиксажалған) деңгейі бар облигациялардың құнын анықтау. Облигация құны ағымдағы ақшалай төлемдер тасқынының құны ретінде қарастырылуы мүмкін. Жыл соңында төленетін пацыздық табыс төлемі және оның номиналдық құны (N) облиғацияны бағалау үшін мынадай теңдік пайдаланылады:
,
Мұндағы: Р – облигацияның ағымдағы құны;
С – жыл сайынғы төлеуге жататын номиналдық табыс пайызы;
k – жабылу мерзіміне дейінгі алынатын табыс;
n – облигацияны өтеу мерзіміне дейінгі қалған мерзімі.
Облигациялардың басым бөлігі юойыншапроценттер жылына бір рет емес, екі рет төленеді. Соның нәтижесінде теңдікті былай етіп өңдеуге болады:
.
Мерзімі шектелмеген облигациялардың ағымдағы құнын анықтау. XIX ғасырдың басында шығарылған британдық консоли, мерзімі шектеусіз міндеттемелер, яғни белгіңленген проценттік табыстарды мәңгілік төлеп отыру британ үкіметінің міндеттемелері болып табылған. Егер мұндай облигацияларға салынған қаражаттар С мөлшеріндегі жыл сайынғы төлемдерді мәңгілік алып отыруды қамтамасыз етеін болса, онда оның ағымдағы құны р= С/к-ге тең, мұндағы к – тәуелсіз мөлшерлемесі мен тәуекелді сыйақының сомасы ретінде иесіне мерзімі шектеусіз қажетті табысты алуына мүмкіндік жасайды.
Табыстың қолданыс таба алатын деңгейі өзгерген кезде (табыстылықтың нарықтық деңгейі) облигациялардың да құны өзгереді.
Шартты бағалы қағаздардың құнын анықтау. Варрант белгілі бір акциялар саны бойынша белгілі бір акциялардың бағасын анықтауға болатындығын білдіреді немесе керісінше, яғни белгілі бір бағасы бойынша белгілі санын анықтайды. Акциялардың нарықтық бағасы р-ға тең, варрант бойынша белгіленген акциялар бағасы П, бір варрантқа V акцияларын сатып алуға болады, онда варрант бағасы:
Цв=(р-П)*V,
мұндағы Цв – варрант құны.
Акциялардың нарықтық бағаларының әрбір өзгерісі кезінде варранттың ағымдағы құны да өзгереді.
Опцион – бұл бағалы қағаз, белгіленген мерзімде белгілі бір баға бойынша, белгілі бір акцияның санын сату немесе сатып алу құқығын көрсетеді:
Цо=(p-)*k-S,
Мұндағы:
р – контракт біткен күндегі акцияның бағасы;
П – опциондық контракт жасалған кездегі акцияның бағасы;
k – опциондық контракт бойынша акцияның сомасы;
S – опционның сатылатын бағасы.
Акцияның ағымдағы құнын анықтау. Акцияның әрекет ету мерзімі шектелмейтіндіктен, жыл сайынғы алынатын дивиденд тұрақты болсын делік және оның абсолюттік деңгейі «Д» - ға тең болсын, онда оны анықтайтын формула мынадай болады:
,
Мұндағы:
– акцияның құны:
– пайыздық мөлшерлемесі.
Акцияның нарықтық құны әртүрлі әдіспен бағаланады және онда инвесторлардың екі типі бар деп топшыланады. Олардың бірі дивидендті жабуға талпынса, ал басқасы акция құнының өсімін көздейді. Осыған сәйкес, акцияның нарықтық бағасының орташа сомасын анықтайық:
ρ
Мұндағы:
ρ- акцияның нарықтық құны;
x – жоғары дивиденд алуға ниет білдірген инвесторлардың үлес салмағы, дивиденттік ( x~1);
- бұрындары сатылып кеткен акциялардың бағасы.
Акцияның нарықтық бағасын шығарған кезде x пен y деңгейінің тәуел-ділігі байқалады: бір кезде “бағамдық” басым болса, ал бір кезде керісінше, “дивидендтік” басым болады. Сірә, бұл екеуі де акцияның нақты бағасын бағалай алмайды.
Акцияның ағымдағы құнын есептейтін әрі танылған моделі қалыптасқан жоқ. Акцияның нарықтық бағасын болашақта күтілетін дивидендтер ағыны бойынша есептеуге болады деп топшыланған пікірлер де жоқ емес. Ол, негізінен өткен жылдардың орташа деңгейінен алынады. Акцияның нарықтық құнын анықтайтын формуланың түрі мынандай болады:
,
Мұндағы:
- кезең үшін күтілетін дивиденд;
к - акция бойынша қажетті табыс деңгейі;
- 1 ден дейін кезең ішінде болашақ дивидендтің дискщнтталған құнының сомасы.
Егер инвестор акцияны бір жыл ұстап және акцияның құнын n мөлшер-лемесі бойынша өсірсе, онда акцияның ағымдағы құны мынадай болады:
Мұндағы:
Д - жыл соңына күтілетін дивиденд;
n - жыл бойындағы акцияның өсу қарқыны, %;
i – дисконттың мөлшерлемесі.
Инветицияларды қайта бағалау. Ұзақ мерзімді қаржылық инвести-цияларды қайта бағалау үшін қайта бағалаудың мерзімділігін анықтау керек; ұзақ мерзімді инвестициялардың бір түрін бір мезгілде ғана қайта бағалаған жөн.
Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялардың үстеме бағасының сомасы меншік капиталын өсіреді. Инвестицияның құны кеміп кетсе, онда ол инвести-цияның үстеме бағасының есебінен төмендетіледі. Егер инвестицияның үстемесі болмаса, онда ол шығынға жатқызылады.
Бұрындары төмендетілген инвестиция құны осы кездегі инвестицияның үстемесінің есебінен өтеліп, қалған сомасы меншік капиталына қосылады.
Егер де ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияның құны қайта бағалаудың нәтижесінде азайса, содан соң көбейсе, алдыңғы ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияның азайған құны өзінің бастапқы қалпына келтіріледі. Сол қалпына келтірілген сома қабылданған есеп саясатына байланысты табыс немесе таратылмаған табыс ретінде танылады.
Қаржылық инвестицияны қайта бағалаудың кезеңділігі әрбір субъектінің есептілік саясатында ескеріледі, ал оған: не нарық бағасының биржада түзетілуі, не әділ бағасы негіз бола алады.
Ұзақ мерзімді қаржылық инвестиция туралы шешім қабылдау процесі ең қиын, әрі қайшылық туғызатын қаржылық мәселелер б.т. Инвестор әрқашан да ұзақ мерзімді инвестицияға қаражатын сала отырып бүгінгі ақша қаражатынан бас тартып, болашаққа табыс алуды көздейді. Бірақ ондай болжамды тек қана инвестициялық жоба беруі мүмкін. Сол ұзақ мерзімді инвестицияның тиімділігін анықтау үшін, ең көп тараған әдістің 4 әдісін пайдаланады:
- инвестициялық табыстың орташа нормасы;
- өтеушілік;
- табыстың ішкі нормасы;
- таза ағымдағы құны.
Инвестициялық табыстың орташа нормасының әдісімен ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияны бағалаған кезде кәсіпорынның белгілі бір уақыт кезеңіндегі салық салынғаннан кейінгі орташа жылдық деңгейі мен жүзеге асырылған қаржылық инвестицияның арасынан алынады. Инвестициялық табыстың орташа нормасы инвестицияның не өсуіне, не азаюына әкеледі, яғни азайған кезде оларды қайта бағалауға тура келеді, демек оның әділ құнын қалпына келтіру керек.
Инвестицияның өтеушілік мерзімін есептеу әдісі негізінен инвести-цияның бастапқы салынған сомасын жабу үшін қажет, өтеушілік мерзімін анықтау, демек жобаны іске асырудан түсетін ақшалай түсімдер сомасы, оның бастапқы инвестиция сомасына тең болғанға дейін созылады және де ол инвестицияланған қаражаттың табыстарының есебінен қайтарылады.
Өтеушілік кезеңін есептеу әдісі жобаның тәуекелдігі жөніндегі мәселеге алдын ала жауап береді, ал тәуекелділік өз кезегінде инвестициялық сомаларды қайтару мерзімінің ұзақтылығына байланысты болып келеді. Өтеушілік мерзімі қысқа болған сайын, жобадан түсетін ақшалай қаражаттардың да түсімі көп күтіледі, яғни шаруашылық субъектісінің өтімділік деңгейі де артады. Бұл әдіс Қазақстанның шаруашылық субъектілерінің т2ж3рибес3нде кең таралған, әсіресе оның коммерциялық банктерде басымдылығы айқын байқалады, ал егер өтеушілік кезеңі 3-4 жылжы құрайтын болса, онда бұндай жобаны қабылдау үшін кең көлемдегі зерттеулер керек.
Өтеушілік мерзімін есептеу әдісі инвестициялық жобалардың тиімділігі жөнінде толық түсінік бермейді, өйткені ол уақыты бойынша түсетін ақшаныңәртүрлі құнын ескермейді (дисконттау процесі онда қолданбайды), сондай-ақ өтелу мерзімі яақталғаннан кейін түскен табыстың эффектісі де толықтай бағаланбайды. Осы кемшіліктерді ескере отырып, өтеушілік әдісін тек тәуекелділік жөнінде түсінікті алу үшін, алдын ала жасалатын бағалау әдістерінің бірі ретінде ғана қарастырылады.
Шаруашылық субъектісінің ішкі табыстар нормасы өзінің физикалық мәні бойынша тек инвестициядан алынатын пайыздық мөлшерлемесін қалыптастырады және сол бойынша инвестициялық жобаны қаржыландыру үшін несие алуына болатындыңын көрсетеді. Бұл нормалық пайыздың мөлшерлемесі тек жобаны жүзеге асыру кезінде одан алынатын барлық ақшалай түсетін қаражаттарының (табыстар мен амортизациялық қаражаттарының) дисконтталған құны сол жобаның дисконтталған шығын құнымен тең болса ғана қабылданады.
Егер де алғашқы бастау алатын шығыны 0 уақытына сәйкес келетін болса, ал оның ішкі табыстық нормасы 1 деңгейінде берілсе, онда оны келесі формула бойынша анықтауға болады:
,
Сонымен, 1 – бұл болашақ кезеңде болатын ақша ағынының дисконтталған деңгейінің мөлшерлемесі дейін, бірақ ол кезде бастау алған шығынын олардың ағымдағы құнына теңестіру керек.
Егер де табыстың ішкі нормасы артатын болса, онда ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияны қайта бағалауға тура келеді, өйткені жобаның рентабельділігі төмендейді, демек одан алынатын табыстың да деңгейі азаяды.
Таза ағымдағы құн – бұл ұзақ мерзімді инвестицияның тиімділігін анықтау мақсатында ақша ағындарын дисконттау әдісі. Таза ағымдағы құн келіп түскен ақша ағыны мен шыққан ақша ағынының арасындағы айырмасына тең.
Ал инвестициялық жобаның таза ағымдағы құнын мына формула бойынша анықтайды:
,
Мұндағы: l – табыстың қажетті нормасы.
Кәсіпорынның табыс нормасы салық салынғаннан соң 12% құрады делік, ал инвестицияның деңгейі 180 мың теңге құраған және жыл бойына жыл сайынғы төлемі 57 мың теңге болған, яғни оның ағымдағы құны мынаған тең:
Инвестицияларды мүліктік түгелдеу. Түгелдеу басқа кәсіпорындарға берілген заемдары, басқа кәсіпорындардың жарлық капиталына салынған салымдардың үлесін, мемлекеттік және жергілікті заемдардың пайыздық облигациясын, басқа кәсіпорындардың бағалы қағазына салынған қысқа және ұзақ мерзімді инвестицияның нақты барын анықтауға мүмкіндік береді.
Құнды қазаздардың (акциялар, облигациялар, чектер, вексельдер, коносаменттер және заңға сәйкес бағалы қағаздар ретінде шығарылатын басқа құжаттар) нақты барын тексергенде: құнды қағаздың баланста есептелген құнының дұрыстығы; құнды қағаздың сақталуы (бухгалтерлік есептің мәліметтерімен оларды нақты барын салыстыру жолымен); құнды қағаздар бойынша табыстардың уақытында және олардың есепке толық алынуын анықтайды.
Құнды қағаздарды кәсіпорында сақтаған кезде кәсіпорынның басшысы белгілеген мерзімінде тиісті түгелдеуден өткізіп отырады және оны кәсіпорын-ның кассасындағы ақша қаражаттарын түгелдеу процесімен бірге жүргізіледі.
Құнды қағаздарды мүліктік түгелдеу жекелеген эмитенттер бойынша актіде атауын, сериясын, нөмірін, номиналдық бағасын, өтелу мерзімдеріг және жалпы сомасын көрсету және басқа да көрсеткіштері бойынша жүргізіледі. Әрбір құнды қағаздың реквезиттері кәсіпорынның бухгалтериясында сақталатын тізімдердің мәліметтерімен салыстырылады.
Банкке немесе депозитерийға өткізілген құнды қағаздарды мүліктік түгелдеу кезінде кәсіпорынның бухгалтерлік есебінің тиісті шоттарындағы сомасының қалдықтарын банктің немесе депозитарийдің мәліметтерімен салыстырылады.
Кәсіпорынға тиісті құнды қағаздарды мүліктік түгелдеу кезінде олардың нақты құнын бағалау, акциясына кәсіпорын ие болып отырған акционерлік қоғамның, қор нарығының жағдайы және қор биржаларындағы акциялардың бағамы туралы мәліметтер ескеріледі.
Ел ішіндегі және шетелдегі құрылған басқа кәсіпорындардың жарғылық капиталына кәсіпорынның ұзақ мерзімді қаржылық инвестициясының қаражаттары, сондай-ақ басқа кәсіпорындарға берілген заемдары мүліктік түгелдеу кезінде тиісті құжаттармен куәландырылады.
Қаржылық инвестицияларды мүліктік түгелдеу нәтижелері “Құндылықтар мен қатаң есеп беру” құжаттарының бланкілерінің тізбесінде көрсетіледі.
Егер мүліктік түгелдеу кезінде әртүрлі дебиторлармен және басқалармен есеп айырысу шоттарына құны жазылған инвестициялар анықталса, онда мұндай сомалар алынып, инвестицияларды тиісті шоттарына аударады.
Мүліктік түгелдеу кезінде банкрот болып жарияланған немесе жойылған (инвесторларға тиісті талап қоймаған) кәсіпорындарға салынған инвестициялар анықталуы мүмкін.
Мүліктік түгелдеу комиссиясы инвестиция салынған кәсіпорындардағы өзгерістерді, меншік түрінің ауысуын, инвестиция салыған кәсіпорындарды шетелдік инвестордың сатып алуын және басқа да жағдайлары анықтауы мүмкін. Осы да және басқа да жағдайларда мүліктік түгелдеуді жүргізетін комиссия тиісті шешімдер қабылдауы қажет, ал бухгалтерия оны есепте көрсетуі керек.
Есеп беруде инвестицияларды ашып көрсету. Шаруашылық жүргізуші субъект қаржылық есеп беру барысында өзінің баланстық құнын, ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияларын есептен шығарғаннан кейін қайта бағалаудан түскен табысын есеп саясатында ашып көрсетуі қажет.
Сондай-ақ, пайыздар, роялти, дивидендтер, ұзақ және қысқа мерзімді қаржылық инвестициялардан түсетін табысты да ашып көрсетуі керек: қысқа мерзімді қаржылық инвестицияладың есептен шығуынан түскен табыстар мен шығындар және осындай инвестициялардың құнының төмендеуі де ашылуы тиіс.
Жылжымайтын мүлікке салынған инвестициялардың ағымдағы құны, сондай-ақ, инвестицияларды өткізудегі айтарлықтай шектеулердің жайы, алатын табысы; олардың сатылуынан түсетін пайдасы; есеп беру кезінде қайта бағаланудан түскен соманың қозғалысы және бұл қозғалыстың сипаты; қайта бағалауды есепке алғандағы құнымен есептеген кезіндегі ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялары бойынша қайта бағалаудың мерзімділігі, соңғы қайта бағалаудың күні, қайта бағалаудың негізгі есебі ашылуы тиіс.
№ | Шаруашылық операцияларының мазмұны | Сомасы, теңге | Шоттар корреспонденциясы | |
Дебет | Кредит | |||
1. | Сату құны бойынша сатып алынған акциялар | 100 000 | 2040 | 1010 1030 1050 |
2. | Акция бойынша дивидендтердің есептік шотына түсті | 20 000 | 1030 | 6120 |
3. | Акцияны сату: - акцияны баланстық құны есептен шығарды - акцияны өткізуден табысты есептеу |
100 000 150 000 |
7040 1010 1030 1050 |
1150 6210 |
4. | Облигацияны және басқа құнды қағаздарды сату құны бойынша сатып алу |
200 000 |
1130 1150 |
1010 1030 |
5. | Облигация мен басқа құнды қағаздар сатып алудан тиесілі әрбір табысты есептеуде мыналар орындалады: егер сату құны номиналды құнынан төмен болса, онда бұл құнды қағаздардың сату және номиналды құндары арасындағы айырмашылықты есептеп шығарумен егер сату құны номиналдыдан төмен болса, сату мен номиналды құндар арасындағы айырмашылықты есептеумен |
20 000 |
7470
1130 |
1130
6260 |
6. | Қайта бағалау нәтижесінде ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияның бастапқы құнын өсіру |
|
1150 |
5320 |
Кіріспе
XX ғасырдың соңында басқарушы шаруашыдықты халықаралық дәрежеде ұстау жаңа даму деңгейіне өтті – ол әлемдік.
Экономикалық жаһандану деңгейі. Бұл жаһандану жағдайында және халықаралық интеграция кезінде әлемнің кез келген елі үшін әлеуметтік-экономикалық дамуының табыстылығы инвестицияны тиімді пайдалануына байланысты.
Қазақстан өзінің егемендігін алған кезде өте ауыр дағдарыс болды және одан шығу өте қиын болды. Себебі, Қазақстандағы жоспарлы экономиканың қалдығы өте көп еді. Еліміздің тұрғындары өз еңбегі үшін жалақысын ала алмады, жұмыссыздық деңгейі өсті, зауыт – фабрикалар жабылды. Барлық кәсіборындар тек өндіру саласында қызмет етті, ал дайын өнім шығару және өңдеу салалары, барлық капиталымен қоса Ресей қалып қалды. Осы жағдайдан шығу үшін, еліміздің экономикасын инвестициялауды жүргізу үшін, ішкі және сыртқы шикізат ағымын арттыру керек болды. Енді біздің дағдарыстан шығуымызға бірден – бір мүмкіндік туды; ол тек ұлттық емес, шетелдік инвестицияларды да экономикаға тарту болатын. Қазақстан үшін инвестциялар тек дағдарыстан шығуды, экономикалық өсуді қамтамасыз етудің қайнар көзі ғана емес еді.
Ол өз алдында әлемдік экономикаға аяқ басудың алғы шарты еді.
ҚР – дың Президенті Қазақстан Республикасының халқына жолдауында қоғамды дамытудың негізгі бағыты экономикалық өсуді бөліп көрсетеді.
Сонымен, менің курстық жұмысымның бастапқыда айтылып кеткен инвестициялық жағдайларға байланысты, қазіргі кездегі компаниялардың портфельдеріне үлкен мән бердім. Яғни мұнда әр шаруашылық жүргізуші субъектілер тәуекелге бара отырып, түрлі бағалы қағаздар портфелін инвестициялау арқылы максималды ақша түсімін немесе табыс табу болып келеді. Бұл мақсатқа жету үшін олардың бірнеше кезеңдерден өтуді қамтамасыз етуді талап етеді.
Қорытынды
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келетін болсақ, қазіргі нарықтың даму жағдайында көптеген қиыншылықтар болып жатыр. Соның бірін айта кететін болсақ әлі күнге дейін қаржылық инвестициялрға дұрыс көзқарастар болмай жүр және осының салдарынан нарық субъектілерінің осыған деген иқызушылықтары әліде төмен деуге болады. Яғни қаржылық құралдардың жетіспеушілігі және жалпы базаның жоқтығынан осындай қиыншылықтар болып жатыр.
Тағы бір айтатын жай, біздің Қазақстанымызда әлі күнге дейін портфельді менеджментпен айналысатын ұйымдардың дұрыс бұл іске айналысуының төмендігі. Міне осындай жағдайлардың нәтижесінде біздің елімізде қаржылық инвестиция жекешелеген саласы дами алмай жатыр.
Жалпы осы курстық жұмысымды қорыта келе, мен мынандай ұсыныстар айтқым келеді және осы айтқаным болашақта орындалса деп ойлаймын. Яғни Қазақстан Республикасында жекешелеген, мемлекеттік кәсіпорындарда, фирмаларда, сонымен қатар, көптеген шағын және орта кәсіпкерлікті шаруашылықтарда осы инвестициялық портфельдің маңыздылығы мен тиімділігінің артуын қалаймын. Яғни бұның өзі шет жерлерден көптеген инвесторлар келіп өз капиталдарын осы салаға сала отырып, тәуекелге бара отырып, табыстылықты ұлғайту болып табылады, ал бұл әрине біздің экономикамыздың бір бөлігінің ұлғаюы болып табылады. Сол себептен біз осы салаға көп көңіл бөліп, оның ары қарай дамуына өз үлестерімізді қосуымыз керек деп ойлаймын.
Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі. Инвестиция есебі
1. Нақты және қаржылық инвестициялардың ұғылы және олардың
2. Бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестердің, инвестициясының есебі.
3. Қаржылық инвестициялардың есебі.
4. Қысқа мерзімді инвестициялардың ағымдағы құнын және ұзақ мерзімді
III. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есебі
«Қазақстан – орталық аудит» тәуелсіз аудиторлық компаниясы
В.К. Радостовец
Т.Ғ. Ғабдуллин
В.В. Радостовец
О.И. Шмидт
2. Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп.
В.Л. Назарова
3. Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері
Қ.К. Кеулімжанов
Н.А. Құдайбергенов
4. Бухгалтерлік есеп теориясы және тәжірибесі
Б.С. Мырзалиев
А.А. Сәтмырзаев
Р.С. Әбдішүкіров
5. “Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы” 2002 жылдың 24-ші маусымындағы Қазақстан Республикасының Заңы
6. “Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызмет туралы” 1998- жылғы 20-қараша Заң күші бар №20 жарлығы (2001 ж. 15-қарашадағы өзгертулер мен толықтырулармен)
7. Қазақстан Республикасы “Акционерлік қоғамдар туралы” заңы 1998- жылғы 10- шілде №2811
8. Бухгалтерлік есеп стандарттары және әдістемелік ұсынымдар Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жөніндегі Ұлттық комиссиясы бекіткен 13.11.1996 №3 (өзгерістер мен толықтырулармен).
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-нің экономикалық колледжі
«Бухгалтерлік есеп» пәнінен
Курстық жұмыс
Тақырыбы: «Инвестиция есебі»
Тексерген: Тойлыбаева Ж.
Алматы 2008 ж.