Халықаралық тәртіп

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 15:46, реферат

Описание работы

Қазақстан Республикасының Парламенті - елдің заң шығару қызметiн жүзеге асыратын ең жоғарғы өкiлдiктi орган.
1995 жылы 30 тамызда бүкiлхалықтық референдуммен қабылданған ҚР Конституциясына сәйкес Парламент екi рет (1995 жылы және 1999 жылы ) сайланды.
Парламенттiң өкiлеттiгi оның бiрiншi сессиясы ашылған сәттен басталып, жаңадан сайланған Парламенттiң бiрiншi сессиясы жұмысқа кiрiскен кезден аяқталады.

Файлы: 1 файл

сайлау жане сайлау жуйлери тезис дарис.docx

— 383.54 Кб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасының Парламенті - елдің заң шығару қызметiн жүзеге асыратын ең жоғарғы өкiлдiктi орган.

  • 1995 жылы 30 тамызда бүкiлхалықтық референдуммен қабылданған ҚР Конституциясына сәйкес Парламент екi рет (1995 жылы және 1999 жылы ) сайланды.

Парламенттiң өкiлеттiгi оның бiрiншi сессиясы ашылған сәттен басталып, жаңадан сайланған Парламенттiң  бiрiншi сессиясы жұмысқа кiрiскен кезден аяқталады. Өкiлеттiк Конституцияда  көзделген жағдайлар мен реттерде мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн.Парламенттiң  ұйымдастырылуы мен қызметi, оның депутаттарының құқықтық жағдайы конституциялық заңмен белгiленедi. ҚРП құрылымы тұрақты  негiзде жұмыс iстейтiн екi палатадан: жоғарғы палата — Сенат және төменгі палата — Мәжiлiстен тұрады.

Парламент өз палаталарының  бөлек отырысында мәселелердi әуелi Мәжiлiсте, содан соң Сенатта қарау  арқылы заңдар қабылдайды; республикалық бюджеттi және оның атқарылуы туралы есептердi, бюджетке енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтыруларды талқылайды, мемл. салықтар мен алымдарды белгiлейдi және оларды алып тастайды; ҚР-ның әкiмшілік-аумақтық құрылымына қатысты мәселелердi шешу тәртiбiн белгiлейдi; азаматтарға рақымшылық жасау туралы актiлер шығарады; палаталардың бiрлескен комиссиялары мүшелерiнiң жартысын сайлайды; Конституцияға сәйкес Палаталар депутаттарының өкiлеттiгiн тоқтатады, оларды қол сұғылмаушылық құқығынан айырады; Үкiмет мүшелерiнiң есептерiн тыңдайды; палаталардың үйлестiрушi және жұмысшы органдарын жасақтайды, регламент қабылдайды, ҚР Конституциясында (54-бап) көзделген басқа да өзгерiстердi жүзеге асырады.

Парламент Палаталардың бiрлескен отырыстарында: Президенттiң ұсынысы бойынша Конституцияға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзедi; Конституциялық заңдар қабылдайды, оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзедi; республикалық бюджеттi және Үкiмет пен Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi Есеп комитетiнiң бюджеттiң атқарылуы туралы есептерiн бекiтедi, бюджетке өзгертулер мен толықтырулар енгiзедi; Президенттiң қарсылығын туғызған заңдар немесе заңның баптары бойынша Президент қарсылық бiлдiрген күннен бастап бiр ай мерзiм iшiнде қайталап талқылау мен дауысқа салуды өткiзедi (бұл мерзiмнiң сақталмауы Президент қарсылығының қабылданғанын бiлдiредi); Президенттiң бастамасы бойынша әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екiсiнiң дауыс беруiмен Президентке бiр жылдан аспайтын мерзiмге заң шығарушылық өкiлеттiк бередi; Президенттiң Премьер-министрдi; Ұлттық банк төрағасын тағайындауына келiсiм бередi; Премьер-министрдiң Үкiмет бағдарламасы туралы баяндамасын тыңдап, бағдарламаны мақұлдайды немесе қабылдамай тастайды (Палата депутаттары жалпы санының үштен екiсiнiң дауысымен Үкiмет бағдарламасының екiншi рет қабылданбауы Үкiметке сенiмсiздiк бiлдiрген болып табылады); әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екiсiнiң дауысымен, Парламент депутаттары жалпы санының кемiнде бестен бiрiнiң бастамасы бойынша Үкiметке сенiмсiздiк бiлдiредi; соғыс және бейбiтшiлiк мәселелерiн шешедi; Республикалық референдум белгiлеу туралы ұсыныс енгiзедi, т.б.

Парламент Республиканың  бүкiл аумағында мiндеттi күшi бар  ҚР-ның Заңдары, Парламенттiң қаулылары, Сенат пен Мәжiлiстiң қаулылары түрiнде заң актiлерiн қабылдайды. Республика Заңдары Президент қол қойғаннан кейiн күшiне енедi. Парламент пен оның палаталарының заң актiлерi, егер Конституцияда өзгеше көзделмесе, Палаталар депутаттары жалпы санының көпшiлiк дауысымен қабылданады, ал конституц. заңдар Конституцияда көзделген мәселелер бойынша әр Палата депутаттарының жалпы санының кемiнде үштен екiсiнiң көпшiлiк дауысымен қабылданады. Парламент Үкiметке сенiмсiздiк бiлдiргенде, Парламент Премьер-министрдi тағайындауға екi мәрте келiсiм бермесе, Парламенттiң Палаталарының арасындағы немесе Парламент пен мемлекеттік билiктiң басқа тармақтары арасындағы келiспеушiлiк салдарынан саяси дағдарыс болғанда — Президент Парламенттi тарата алады. Бiрақ төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы кезеңiнде, Президент өкiлеттiгiнiң соңғы 6 айында, сондай-ақ, алдыңғы таратудан кейiнгi 1 жыл iшiнде Парламенттi таратуға болмайды.

Парламенттiң ағымдағы қызметi тұрақты атқарылады, олардың  саны әр Палатада жетеуден аспауға  тиiс. Палаталардың бiрлескен қызметiне қатысты мәселелердi шешу үшiн Сенат пен Мәжiлiс тепе-тең негiзде бiрлескен комиссиялар құруға құқылы. Заң жобасы Мәжiлiстiң тұрақты к-тiнде алдын-ала қаралып, ол бойынша қорытынды бергеннен кейiн — Мәжiлiстiң жалпы отырысында талқыланады. Әдетте, талқылау екi оқылымда өтедi. Ал Конституцияға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және конституция заңдар қабылдау немесе оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу мәселелерi бойынша кемiнде екi оқылым өткiзiлуi мiндеттi.

Сенаттың қаралған заң жобасы бойынша қарсылық бiлдiруге құқы бар. Сенат депутаттары жалпы санының көпшiлiк дауысымен қабылданбаған жоба Мәжiлiске қайтарылады. Егер Мәжiлiс депутаттары жалпы санының үштен екiсiнiң дауысымен жобаны қайтадан мақұлдаса, онда жоба Сенатқа қайта талқылауға және дауысқа салуға берiледi. Қайта қабылданбаған заң жобасын сол сессия барысында қайтадан енгiзуге болмайды.Әр Палатаны депутаттардың арасынан сайланатын, мемл. тiлдi еркiн игерген төраға басқарады. Төрағалар палаталардың жұмысын жүргiзедi.

Тұтастай алғанда, Парламенттiң қос палаталы құрылымы Қазақстанның жоғары заң шығарушы органы қызметiнiң пiкiр алшақтықтарын азайтып, өзара ынтымақтаса жұмыс iстеуiн мақсат етедi: палаталар бiр-бiрiне бағынбайды, бiр-бiрiне тәуелсiз құрылады; палаталардың әрқайсысы жеке жұмыс тәртiбiнде қызмет атқарады, өздерiнiң қызмет аясы мен мiндеттерi бар. Сонымен қатар олар көптеген мәселелер бойынша бiрлесiп қызмет атқаруға мiндеттi. Парламент Сенатының әр кездегi төрағалары:

  • Ө.Байгелдi (1995 — 99)
  • О.Әбдiкәрiмов (1999 жылдан)
  • Н. Әбіқаев

Парламент Мәжiлiсiнiң  төрағалары: М.Оспанов (1995 — 99), жылы Тұяқбай (1999-2004), 2004 жылдан Орал Мұхамеджанов. [1]

 

 

 

Дәріс 12 Халықаралық тәртіп

 

«Халықаралық  тәртіп» ұғымы әлемдік аренада  әрекет ететін түрлі қоғамдық субъектілердің (акторлардың) жиынтығымен құрылған жаһандық әлеуметтік қауымға жатады.

Тарихта бақыланған халықаралық тәртіптің типтері  екі классикалық моделдердің  арасында ауысып тұрады: «соғыс жағдайындағы»  модель мен «сенімсіз бейбітшілік» немесе «бұзылған тәртіп» моделдері. Олардың біріншісіне сәйкес халықаралық  қатынастың мәні соғыс немесе оған дайындық. Жалпы нормалар әлсіз, уақытша, оларды қолдаушы күшке пропорционалды, мүдделердің сәйкес келуіне бағынады. Бұл моделді жақтаушылар Фукидид, Макиавелли, Гоббс, Руссо, Кант, Гегель.

Екінші модель христиан шіркеуі мен рим папасының  абсолютті беделінің жоғалуымен,суверендік принцпімен ұлттық мемлекеттердің пайда  болуына жауап болып табылады.

Халықаралық тәртіп деп мемлекеттер  мен басқа да институттардың негізгі  қажеттіліктерін қамтамасыз ететін, олардың өмір сүру, қауіпсіздік және даму жағдайын қамтамасыз ететін халықаралық  қатынастардың құрылымы.

Халықаралық тәртіп халықаралық ынтымақтастың тиімді процедураларынсыз орныға алмайды. Ол әлемдік тәртіптің маңызды құрылымдық бөлігі болып табылады.

Егерде халықаралық қатынастарда горизонтальды көпполярлы жүйе қалыптасса, онда халықаралық тәртіпті қамтамасыз ету саяси тепе-теңдік механизмімен жүзеге асырылады. Ал вертикалды екіполярлы жүйеге келсек, ол жерде күштер тепе-теңдігі  тәртіпсіздікті орнатудағы негізгі  құралы болып табылады. Халықаралық  тәртіптің вертикалды өлшемі күшті  және әлсіз акторлар арасындағы қарым-қатынаста  көрініс табады.

Халықаралық тәртіптің функционалдық  өлшемінің негізі болып дипломатия және халықаралық акторлардың әрекет ету стратегиялары, олардың арасындағы экономикалық келісімдер, саяси лидерлердің  моральдық және саяси белсенділіктері, сонымен қатар халықаралық қатынастардың  жеке субъектілерінің (мысалы іскер  адамдардың трансұлттық қоғамы, ғалымдар мен мамандар ассоцияциясы) саяси  емес қызметі болып табылады.

Маңыздысы халықарлық тәртіптің барлық өлшемдерінде халықарлық қатынастардың  дамуының тарихи дамуының әр түрлі  сатыларында оны қаматамасыз  ету құралы болып күш болып  табылды, яғни атап айтатын болсақ, әскери күш болды. Мұндай жағдай тек 20 ғасырдың соңында ғана өзгеріс  таба бастады. Сондықтан да осы өзгерістердің  мән-мағынасын біліп алу мақсатында халықаралық тәртіптің тарихи формаларын жүйелі түрде қарастыруымыз қажет.

 

 


Информация о работе Халықаралық тәртіп