Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2017 в 19:13, реферат
Өндірілетін өнімнің сапасын жоғарылату қазіргі уақытта ішкі және сыртқы нарықтық қатынаста бәсекеге қабілетті болуымен қатар, өндірілетін өнімнің немесе қызметтің сапасын арттыру кәсіпорындағы өндірістік тиімділікті жоғарылатудағы басты жол болып табылады. Отандық өнімдердің нарықтық қатынаста бәсекеге қабілетті болуы еліміздің беделін көтеріп, ұлттық байлығымызды арттырып қана қоймай, еліміздің дүниежүзілік саудада өз орнын табуына және мемлекетімізді танытудың бірден бір жолы болмақ, сондықтан өндірілетін өніміміз ішкі және сыртқы нарықта бәсекеге қабілетті болуы басты шарт, сәйкесінше бұл өнімнің сапасын арттыруды талап етеді.
Қазақстан республикасының білім және ғылым министірлігі
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Аграрлық-биологиялық факультеті
Баяндама
Тақырыбы: «ИСО – ны енгізудің кәсіпорынға тиімділігі.»
Орындаған:
Топ№ 14-00-41
Кушербаева С.
Косбаева А.
Тексерген:
ИСО – ны енгізудің кәсіпорынға тиімділігі.
Өндірілетін өнімнің сапасын
жоғарылату қазіргі уақытта
Елміздегі кәсіпорындардың
бәсекеге қабілеттілігін
- ISO 9000 стандартының топтамаларына сәйкес сапа менеджменті жүйесін енгізу және осы стандартқа сәйкес сертификаттау процесін жүргізу;
- Көпсалалы және аймақтық стандарттар көмегімен сапа басқару жүйесіне сәйкес талаптарды қабылдау және оны тарату;
Сапа басқарудың ең тиімді жүйесі ретінде осы халықаралық стандарттарға сәйкес талаптарды қанағаттандыратын жүйелер болып табылады. ISO 9000 стандартына сәйкес жүзеге асырылатын кәсіпорындағы сапа менеджменті жүйесі дүниежүзі бойынша барлық тұтынушылар үшін өнім сапасының тұрақты сақталуының кепілі болып табылады. Еліміздегі отандық кәсіпорындардың халықаралық стандарттарды енгізуі отандық өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін арттырумен қатар, еліміздің әлемдік нарыққа шығуына мүмкіндік береді. Отандық кәсіпорындар үшін сапа жүйесін енгізу әлемдік саудадағы техникалық кедергілерді жоюымен қатар, сыртқы экономикалық қызметтерді реттеуді толық міндеттейді. ҚР экспортты дамытуда қабылданған бағдарламаларға сәйкес, еліміздегі отандық стандарттарды халықаралық стандарттармен үйлестіру, сертификаттау, стандарттау, метрология туралы барлық ұйымдарға және министрлердің тәжірибесіне кеңінен ендірумен қатар, әлемдік стандарт деңгейінде көрсетілетін қызмет және шығарылатын өнімдерді сертификаттауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Мына нәрсе анық болды: жүйені құру үшін жобалау жұмыстарын жүзеге асыру. Кәсіпорындарға консультативтік және әдістемелік көмек көрсету үшін арнайы ұйымдарды құру керек деген ұсыныс туды. Тез арада басқарушы әдістемелік құжат жасап шығару тиіс еді. КСРО мемлекеттік стандарттарының тапсырмасы бойынша жұмысшы рекломендациясы жасалынып, енгізілеп және кәсіпорында сапаны басқарудың комплексті жүйесі орнатылды.
70 жылдардың аяғында КСРО өндірістерінде, ЦК КПСС шешімімен келісе отырып, ӨСБКЖ жұмыстары жедел және қарқынды жүргізілді. Оған мыңдаған өнеркәсіптер қосылды.
1979-1983 жылдар аралығында басқарудың комплексті әдістемесі мәнін меңгеру жұмыстары дамыды. Бірінші нәтижелер көріне бастады. Шығарылатын өнім номенклатурасы және ассортименті тез жаңартылып тұрды, сенімділігі жоғарлады, эстетикалық сапасы жақсарды. Сонымен қоса кемшіліктерде болды. Кәсіпорын басшысының жай ғана жұмыс істеуі емес, тез арада рапортты қабылдау қалауы кемшіліктің бірден бір себебі болды. Сапаны жаңа экономикалық қарқында өсірудің жұмыстарын іздестірді. Мұның барлығы сапаны басқарудың жаңа жолдарын ашуға итермеледі. 1989 жылы МЕМСТ институттарына және оны ұйымдастырушыларына сапаны басқаруда ӨСБКЖ жүйесін ендіруде кәсіпорындарға қандай да бір көмек көрсетуге тыйым салынды. Осылайша отандық жұмыстар және басқарудан жиналған тәжірибелер талқыланылып, олардан бас тартылды. Сапаны басқару үшін қолданылған бұл жүйе 90 жылдардың аяғында қолданыстан шықты. Себебі сол уақытта сапаны басқару үшін ИСО стандарттары жариялана бастады. Бұл стандарттың бір бөлігі КСРО ға тиісті еді.
1978 жылы ойлары, принциптері, міндеттері және құрылымы едәуір тарихи ғылыми әдістемелік және практикалық қызығушылық тудыратын өнім сапасын мемлекеттік басқарудың біріңғай жүйесінің ( ӨСМБ БЖ ) негізгі принциптері жасалып дайындалып Мемстандартпен бекітілді. Басқарудың кешенділігі өнім спасының халықтың және халықшарушылығының қажеттілігі сәйкестігін жүйелі талдауға және өнімнің тіршілік циклын құрайтын процестердің өзара байланысын ұйымдастыруға негізделеді. Ал негізгі принциптерінің бірі техникалық, ұйымдастыру, экономикалық және әлеуметтік шараларды бір бірімен үйлестіруді қамтамасыз ететін өнімнің сапасын басқару проблемаларын шешудің кешенділігі болып табылады.
ӨСБКЖ бұл өнім сапасын басқарудың бірінші жүйесі, бұл сапаны негізгі техникалық ұйымдастырудың стандарты болды. Бұл өнәм сапасын әдістемелік басқарудың принциптік жетістігінің өте маңызды жетілгендігі. Ол кәсіпорында өнім сапасын басқару жұмыстарын жүргізуді жаңа ұйымдастыру сатыларына көтерді. ӨСБКЖ жұмыстарын бастауда Мемлекеттік стандарт жүйелері кәсіпорын стандарты түрінде құжат қабылданып заңдастырылды. Ол сапаны басқаруда негізгі стандарт болып қалды. Кәсіпорын стандарттары регламенттейді, дәлірке айтсақ, шығарылатын өнім сапасын жоғарлатуда жоспарлы жұмыстарды ұйымдастырады. Жоғары техникалық деңгейге жетуде атқарушы жұмысшылар және бөлімшелер тәртіпті әрекетті орнатуын және жауапкершілігін, ұзақ мерзімділігін және сенімділігін орнатады. Кәсіпорын стандарты еңбек реурстарын және материалдарын үлкен тиімділік пен қолдануға мүмкіндік береді.
Информация о работе ИСО – ны енгізудің кәсіпорынға тиімділігі