Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2016 в 21:34, реферат
«Биосфера» терминін ең алғаш австриялық геолог Э.Зюсс 1875 жылы енгізді Ол Жердегі барлық тірі ағзаларды биосфера ретінде қабылдады. Бұл ғылымды орыс ғалымы В.И.Вернадский «Биосфера» (1926) кітабында нақтылап, өзгерістер енгізіп, едәуір жетілдіреді. Жедің бірден-бірі тіршілігі үдемелі орын тепкен жүйе екні осы кітапта тұңғыш рет көрсетілді.
Биосфера – экология ғылымының зерттеу саласы болып саналатын жер шарындағы тірі организмдер орналасқан экологиялық жүйе. Биосфераның құрамына литосфераның жоғары қабаты, гидросфера түгелімен, сол сияқты атмосфера қабаты кіреді
«Биосфера» терминін ең алғаш австриялық
геолог Э.Зюсс 1875 жылы енгізді Ол Жердегі
барлық тірі ағзаларды биосфера ретінде
қабылдады. Бұл ғылымды орыс ғалымы В.И.Вернадский
«Биосфера» (1926) кітабында нақтылап, өзгерістер
енгізіп, едәуір жетілдіреді. Жедің бірден-бірі
тіршілігі үдемелі орын тепкен жүйе екні
осы кітапта тұңғыш рет көрсетілді.
Биосфера – экология ғылымының зерттеу
саласы болып саналатын жер шарындағы
тірі организмдер орналасқан экологиялық
жүйе. Биосфераның құрамына литосфераның
жоғары қабаты, гидросфера түгелімен,
сол сияқты атмосфера қабаты кіреді. Биосфера
тірі организмдердің тіршілік етуіне
қолайлы орта. Оларға көлемі кішігірім
ін, құс ұясы, құмырсқа илеуі, ірі тау, дала,
биоценоз бен экожүйелер жатады. Биосфераның даму эволюциясы және оның
болашағы тек Жер қыртысының дамуымен
байланысты. Академик В.И.Вернадский (1863-1945) биосфераны
ғылыми тұрғыда толық зерттеп, оның теориялық
негізін салған. Оның биосфера туралы
ілімі – жаралыстану ғылымдары бойынша
осы күнге дейін маңызын жоймаған теориялық
еңбек. В.И.Вернадскийдің биосфера туралы
негізгі идеялары өзінің «Биосфера» атты
еңбегінде 1926 жылы жарық көрген. Биосфера өзін құрайтын 3 құрамдас бөлігімен
сипатталады. Олар – литосфера, гидросфера,
және атмосфера. Гидросфера (гр. һуdor — су, spһаіrа — шар) — 1) жер ғаламшарының
су қабығы немесе құрлықтағы (тереңдегі,
топырақтағы, жербетіндегі), мұхиттағы және атмосферадағы, яғни жер шарындағы барлық сулардың
жиынтығы. Оны мұхиттар мен теңіздердің суы, құрлық сулары — өзендер, көлдер, бөгендер, мұздықтар, сондай-ақ
литосфераның жоғарғы бөлігіне сіңетін
жер асты суы, атмосферадағы ылғал құрайды.
Гидросфера жер бетінің шамамен 71%-ын алып
жатыр. Гидросфераның шамамен 94%-ын мұхиттар
мен теңіздер құраса, 4%-ы жер асты суларының,
шамамен 2%-мұздықтар мен қарлардың (негізінен
Арктика, Антарктида мен Гренландия), 0,4%-құрлықтардағы
жер үсті суларының (өзен, көл, батпақ)
үлесіне тиеді. Оның жалпы көлемі 1370,3 млн
км3, бұл планета көлемінің 1/800 бөлігін ғана құрайды. Шөгінді
(тұнба) таужыныстардың басым көпшілігі
Гидросфера мен литосфераның жапсарында қалыптасады. Аздаған мөлшердегі су атмосфера мен
тірі ағзаларда шоғырланған. Су массаларының
барлық нысандары су айналымы барысында
бір түрден екінші түрге өтеді;
2) жердің теңіз, мұхит, көл, өзен, мұздықтар мен жер асты
суларынан тұратын қабығы, солардың жиынтығы.
Гидросфераның орташа қалындығы 3,8 км-ге
жетеді. Мұхиттың ең терең тұсы 11 км-ден
асады.
Литосфера - Жер планетасының біршама берік тау жыныстары кешендерінен
тұратын, төменгі жапсары ішінәра балқымалы
яки онша берік емес атмосфера қабатымен
шектелетін ең сыртқы қабаты. Литосфера
жер қыртысын (Жердің ең сыртқы қатты қабыршағын)
және осы қыртыс пен атмосфера аралығын
қамтитын қатты заттардан тұратын, литосфералық мантия деп аталатын жоғарғы мантияның ең жоғарғы
қабатын біріктіреді. Литосфералық мантия
қабаты жер қыртысынан Мохоровичич шегі арқылы дараланады, бұл қабатты құрайтын
тау жыныстарының құрамы негізінен оливин мен пироксенн
Академик В.И.Вернадский биосферадағы тіршілік процестерін зерттей келе химиялық элементтердің бір тобын «тірі заттар» деп атады. Олар биофильді заттарға жататын сутек, көміртек, оттек, азот, фосфор және күкірт элементтері еді. Биофильді элементтердің атомы тірі организмдердің денесінде күрднлі органикалық қосылыстар түзе отырып, көмірсуларды, липидтеріді, нәруыздар мен нуклеин қышқылдарын құрайды. Ал бұл органикалық заттар тіршілік тірегі екені мәлім. Ең басты мәселе – биосферадағы айналымдардың қалдықсыз жүруі. Биосфера өнімділігі маңызды экологиялық ерекшеліктің бірі болып табылады. Бұл қандай да бір өсіп келе жатқан және көбеюге қатысатын дарақтардың жиынтығынан түзілген биомассалардың жиынтық мөлшері; нақтылы уақыт кезеңінің немесе жылдамдылығының түзілісі; жануарлар немес өсімдіктер тобының өнімділігі құрамындағы берілген уақыт аралығы, соның ішінде өліп біткен барлық дарақтар биомассасы өсімі жиынтығы ретінде анықталады. Тірі зат биосферадағы таралымы аса біркелкі емес. Оның барынша көп vөлшері құрлықтың үстіңгі үлескісінде және жасыл өсімдіктер дамыған және солардың есбінен өмір сүретін гетеротрофты ағзалар есебінде өтеді. Биосферадағы тірі заттар өнімінің құрамында жылма-жыл 200 млрд тоннадан астам зат болады. Тірі материяның құрамына жыл бойы 6 млрд тонна азот, 2 млрд тонна фосфор және калий, кальций, күкірт, темір сияқты басқа элементтер қосылады. Келтірілген цифрлар тірі материяның биосферадағы өте белсенді құрамбөлік екенін көрсетеді. Тірі материя уақыттың геологиялық қарқынында Жердің басқа қабықтарының қайтадан түзілуіне жәрдемдесетін геохимиялық орасан зор жұмыс істейді. Биосфера – ерекше биос - өмір және тіршілік, «Sphaira» (сфера) шар, қоршаған орта деген сөздерінен алынған, яғни жер шарындағы адамзаттың жан-жануарлардың, өсімдіктердің және басқа тірі организмдердің тіршілік ететін ортасы деген мағына береді.Бұл терминді 1875 жылы бірінші рет Австрияның атақты геологы Э. Зюсс ғылымға енгізді. Бірақ биосфера және оның жер бетінде жүріп жатқан процестері туралы ілімнің негізін салған академик В.И. Вернацкий болды. Осы ілім бойынша, биосфера +50 %-дан – 50 % -ға дейін температурасы болатын термодинамикалық қабат болып саналады.
Биосфера бірден пайда болған жоқ. Ол өте көне заманнан бері қарай күні бүгінге дейін біртіндеп дамып келеді. Биосфераның ертеден бері қарай құралып келе жатқанын дәлелдейтін палеонтологиялық материалдар қарапайым тірі организмдердің қалдықтары жер қыртысының әрбір қабаттарынан табылады. Осы қабаттарға сүйене отырып, ғалымдар биосфераның негізгі пайда болу жолдарын анықтады. Биосфераның ең бірінші заманы Архей деп аталады. Бұл кезде биосфера қандай жағдайда дамығаны және қандай тірі организмдер болғаны туралы ешқандай деректер жоқ. Протерозой эрасы – биосфераның екінші дәуірі боп есептеледі. Бұл заман 700 млн жыл бойына созылған. Протерозойда тірі организмнің қарапайым түрлері тіршілік еткен. Олардың сол дәуірд тасқа жабысқан қалдықтары әртүрлі тау жыныстарынан қазіргі кезде де байқалады. Биосфераның Палеозой эрасы немесе ертедегі тіршілік кезеңі. Бұл дәуір шамамен алғанда бұдан 570 млн жыл бұрын басталып, 300 млн жылға созылған. Бұл эра кембрий, ордовик, силур, девон, карбон және пермь дәуірлері болып бірнешеге бөлінеді. Кембрий дәуірінде барлық өсімдіктер теңіз суларына өскен. Олар көк жасыл балдырлар болатын. Силур кезеңінде өсімдіктер құрлыққа біртіндеп шыға бастап, дами түсті.Девонның аяқ кезінде бұлардан басқа қырықбуындылар, плаундар және папоротниктер қаулап өсе бастады. Өсімдіктер құрлыққа шыққаннан кейін фотосинтездің ықпалымен атмосфералық ауаның химиялық құрамы өзгеріп, құрлық жануарларының дамуына жағдай туды, өйткені фотосинтез процесі арқылы ауада оттегі көбейе түсті.
Тас көмір дәуірі (карбон) жылы және ылғалды болды. Мұның өзі құрлық өсімдіктерінің қаулап өсуіне мүмкіншілік жасады. Әсіресе сәнді орман ағаштарының көлемі үлкен аймақтарды қамтыды. Бұл дәуірдегі өсімдіктер негізінен плаундар, қырықбуындар және папоротниктер болды. Бұлар псилофиттен таралып, тас көмір дәуірінің басында солардың орнын түгелімен басты. Пермь дәуірінің бас кезіндегі өсімдіктерде тас көмір дәуіріндегі өсімдіктерге ұқсас көптеген белгілер болды. Бірақ пермь дәуірінің ортасында жер бетіндегі өсімдіктерге кенет өзгеріс кірді. Ағаш тәрізді плаундар, каламиттер, папоротниктер мүлдем жойылып кетті. Бұлардың орнына жалаңаш тұқымды өсімдіктердің тұқымынан өсіп шыққан қылқандылар, цикада тәрізділер және шикгалар өсе бастады.Мезозой эрасы немесе орта тіршілік кезеңі бұдан 135 млн жыл бұрын басталып, 115 млн жылдан астам уақытқа дейін созылған. Үш дәуірге бөледі: триас, юра, бор. Триаста тау құрылу процестері баяуланды. Бұл эраның құрлық өсімдіктері біркелкі болды. Юра дәуірі жылы болды. Теңіз жағалауларындағы ормандарда папоротник, қырықбуындылар,жалаңаш тұқымдылар – гинасомер, қылқан жапырақтылар қаулап өсіп, дами түсті. Мезозой эрасындағы, әсіресе соңғы кезінде – бор дәуіоінде, қазіргі флора қалыптасыдан бұрын, жер бетіндегі органикалық тіршілікке үлкен өзгеріс енді. Осы кезде теңіз сулары азайып, құрғақ жерлер көбейе бастады. Бор дәуірінің аяғында Шығыс Азия мен Америкадағы Анд аймақтары жоғары көтеріле түсті. Бор дәуірінде климат кенет өзгеріп кеткен. Профессор М.И. Голенкин бұл өзгеріс жерге түсетін күн сәулесінің интенсивті болуымен байланысты деп жорамалдайды. Ауа райының бір мезгілде кенет өзгеруі өсімдіктер эволюциясында жаңа ароморфоз пайда болуына себеп болды. Бұларда көптеген жаңа прогрессивті белгілер жетіле түсті. Мәселен, аналықтың, сондай-ақ жеміс дамитын жотынның болуы, қосарлы ұрықтану, гүлдің пайда болуы және тағы басқа.Кайназой эрасы бұдан 70 млн жыл бұрын басталған. Осы уақыттан бері барлық эралар бойынша қазіргі кезден флораның қалыптасу процесі жүрді. Кайнозой эрасы екі дәуірге бөлінеді. Ол үштік және төрттік кезеңдер.Үштік дәуірде тау құрылу процесі дами түсті. Жер бетіндегі ең биік Альпы-Гималай таулары пайда болды. Осы кезде Қара теңіз бен Жер Орта теңіздері оқшауланып өз алдына бөлініп қалған. Төрттік дәуір жер бетінде тіршілік дамуының ақырғы және ең қысқа дәуірі болып саналады. Ұзақтығы 1 млн жылдай ғана болды. Бұл дәуірге тән жағдай – сол суық кезеңдер және мұз дәуірі жылы ылғалды ауа райымен алмасып отырғаны байқалады. Өйткені өсімдік әлемі мен жер қыртысының даму процесі біркелкі емес. Мұздар жер бетін басқан кезде жылылықты сүйетін өсімдіктер оңтүстікке қарай ығысып кетті. Бірте-бірте ауа райы жылынып, өсімдіктердің өсуіне қолайлы жағдайлар туды.
Тірі организмнің анорганикалық материядан пайда болуы жайында тікелей экспериментті түрде алынған материал болмағандықтан мұны шешу ғалымдарға оңай түскен жоқ. Идеалистер ең алдымен діни ұғымдарды таратуға ұмтылды. Тірі организмдер құдайдың құдіретімен пайда болды деген терминді ұсынды. Өсімдіктерді, жан-жануарларды, адамдарды өлі инертті заттардан қазіргі біздің көріп жүргеніміздей толық бейнелі түрінде құдай жаратты деп соқты. Грек оқымыстысы Аристотель де тірі организм өзінен-өзі кенеттен пайда болады дегеннен саяды. Адамзат құрттар, молюскалар немесе шіріген заттардан пайда болды деп түсіндірді. Бірақ Франческо Редидің жүргізген зерттеу жұмыстары, тірі организм өзінен-өзі кенеттен пайда болды деген ұғымды жоққа шығарды. Ол жас етті алып, оны стаканға салып, бетін дәкемен жауып қойды. Ешбір тірі заттың пайда болғаны болмайтынын дәлелдеп шықты. Луи Пастер бактериялардың өршитін тұқымынан микроорганиздер дамитынын бірден білді. Сонымен тірі организм ешқашан да өзінен-өзі дамымайтыны белгілі болды. Энгельс: «Табиғат диалектикасында» материалистік тұрғыдан тіршіліктің пайда болуының жалпы сипатын берді. Материал еш уақытта да тыныштық қалыпта болайтынын, ол үнемі қозғалыста болып, дамып отыратынын айтты. Материя өзінң дамуында әр уақытта жаңа күрделі түрге көшеді деп қорытынды жасады ол.
Адамзат баласы да табиғаттың өзі жаратқан көп ғажайып көріністерінің бірі. Бірақ адам баласының үстемділігі ақыл-ойының жүйріктігі оны табиғаттың басқа тірі организмдерінен әлдеқайда жоғары дәрежеде көтерді. Үстіне аң терісін, өсімдіктердің жапырағы мен қабығын жамылып күн елткен алғашқы адамдардың өзіде керекті қажетін биосферадан алып отырған. От жағуды білмегеннің өзінде адам баласы жабайы жануарлардың еті мен өсімдіктердің жапырақтарын, сабағы мен буын-бұтақтарын шикідей жеп, өсімдіктерді қорек етіп, өсіп-өне берді. Кейінірек тамақты пісіріп жеу арқылы адам басқа жабайы жануарлардың әлдеқайда жоғары сатыға көтеріле түсті. Сана-сезім, ақыл-ой ғасырлар өткен сайын үлкен эволюциялық даму кезеңдерінен өтіп жоғары мәдениет сатысына көтеріле берді. Жер спутнигін, космос корабльдерін ұшыру, Ай мен Марсқа саяхат жасау қамын кірісу, атом кемесі мен атом электр энергиясын салу, екі-үш жылдың ішінде миллион гектар тың және тыңайған жерлерді игеру, шөлді жерге канал жүргізіп, жасанды көл жасау, мәуелі бау-бақша, саялы ну орман – тоғай өсіру, жер шарының түкпір-түкпірімен тікелей хабарласу – бәрі де бүгінгі заманның үйреншікті әдетіне айналып отыр. Бұл ғажайыптарды, әсіресе соңғы 20-30 жылдың ішінде көріп отырмыз. Сондықтан да біздің заманымызды ракеталар, космос корабльдері, компьютерлер ғасыры дейді. Мұның бәрі адамзат баласының зор қарқыны, қызу жарысы деген сөз.
Бірақ биосферадағы объектілер жойыла қалса, ол қалпына тез арада келе қоймайды. Мыңдаған және миллиондаған жылдарды қажет етеді. Мысалы, орман-тоғай алқабын кесіп, не оттап, не өртеп жойып жіберу оп-оңай. Арқыраған оғысы қатты өзеннің арнасын басқа жаққа бұрып жіберуге болады. Бірақ арнасындағы балық құриды, кеме жүзбейді, жағаларындағы ел көшіп кетеді, құс пен жабайы аңдар басқа жаққа ауып кетеді, жер құлазып қалады. Ұлан байтақ кең далаға мыңдаған тракторларды жауып жіберіп, жер қыртысын айналдырып, шаңын бұрқыратып қара дауыл тұрғызуға да адамза тбаласының шамасы әбден келеді. Бірақ биосфера заңдарында бұлай болмайды. Мыс, жоғарыда көрсетілгендей, су тартылып, кеуіп қалған көл қалпына оңай келмейді. Миллион жыл уақыт кетеді. Биосферадағы пайда болып ғасырлар бойы шалқып жатқан айдын шалқар көлдің экосистемасы бұзылғаннан кейін қалпына келуі мүмкінде емес. Оның ішіндегі балығы, өсімдігі, климаты, арнасы, басқа да биосфералық құбылыстары адам танымастай өзгеріске ұшырап кетеді. Саялы сыңсыған ну орман-тоғайсыз, айдын-шалқар көлсіз, арқырап аққан өзенсіз- жайқалып өскен шекарай шалғын шөпсіз, бітік шыққан егінсіз адамзат қоғамының шарықтап өсуі мүмкін емес. Сондықтан да біздің заманымызда биосфераны қорғау, оның байлығын, асыл қазынасын сарқып алмай, өте ұқыптылықпен, жанашырлықпен орынды пайдалану маңызды проблемаларға айналып отыр. Биосфераны «бағындыру» ғана емес, көп жағдайларда бүгінгі таңда биосферамен «достасу», оның заңдарымен келісу, санасы керек болады. Демек, бұл адамға қажетті барлық заттардың бәрі де биосферадан алынады деген сөз. Тіршіліктің биосферада пайда болғанына ғалымдардың есебі бойынша 5-6 миллиардтай жыл өтті. Ұзақ созылған бұл жылдар ішінде бір клеткалы қарапайым организмдерден құрылысы да, түр өзгешілігі де сан алуан өсімдіктер мен жануарлардың таңғажайып түрлері пайда болды.
Биосфера тармақ жайған тіршілік атырабына қожа болғандықтан иені жаратуға асыққан жоқ. Ақыры ол да пайда болды. Оның пайда болғанынан 1,5 млн жыл уақыт өтті. Бұл кезде оның үлесіне биосфера жануар әлемінің 4 миллионынан астам, өсімдіктердің 500 мыңнан астам түрлерін сый еткен.
Биосферада тіршілік пайда болғаннан бері қалыптасқан соншама бай түр иелерінің бәріне ортақ заң ережелері тым қатал еді. Адам өз биосферасына сай қоғам құра бастағанына 10 мың жылдай ғана темір мен пайдалы қазбалардың пайдалана бастағанына 4-5 мың жыл өтті. Биосфераның шексіз емес, шар тәріздес екенінің дәлелдегенінен 5 ғасыр, биосфералық өзгертуге техникалық құралдардың пайдалана бастағанына 3-4 ғасырдай, реактивті двигательді игергеніне 40-50 жылдай уақыт, ол биосфераның планетасының көлемін алыстан алақанға салып қарағанда үлкен емес екендігі байқалды. Биосфераның экологиялық тазалығын қамтамасыз ету үшін қазіргі заманның жастары сапалы білім алып, сол алған дәріс-оқуларын практикада,яғни күнделікті өмірде пайдалана алу керек деген ойдамын. Жалпы қоршаған ортаны, оның ішінде биосфераны атадан балаға берілетін асыл мұра ретінде сақтап аялау керек.