Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Марта 2015 в 13:16, реферат
Мұрагерлік деп қайтыс болған жеке тұлғаның құқықтары мен міндеттерінің басқа тұлғаларға өтуін айтады. Мұрагерлік әмбебап тәртібінде құқықтың ауысуымен ететін, яғни мұрагер мұраны қабылдай отырып, мұраға катысты барлық құқықтар мен міндеттерге ие болып отырған. Әмбебап құқықтың ауысуы ерекшелігіне қарай сингулярлық құқық ауысуымен ажыратылған. Алдыңғысы бойынша құқықтар мен міндеттерге бөлінсе, екіншісінде арнайы құқықпен ғана шектелген.
І.Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1.Мұрагерлік құқықтың ұғымдары мен түрлері.
2.2. Заң бойынша мұрагерлік.
2.3. Өсиет бойынша мұрагерлік.
2.4. Мұраның ашылуы мен қабылдау.
ІІІ. Қорытынды
Мұраның ашылған жері мұраны қалдырушының түпкілікті тұрағымен сәйкес келуі мүмкін, егер мұраны қалдырушы уақытша басқа тұрақта тұратын болса, онда уақытша тұрақ мұраның ашылған жері болып танылады. Егер тұрғын үйдің бағасы теңге жиынтығынан мөлшері болса, онда мұраның ашылған жері Қазақстан Республикасының “Тұрғын үй қатынастары туралы” заңында көрсетілгендей оның соңғы түпкілікті тұрағы болып табылады. Жоғарыдағы көрсетілген азаматтардың әскери борышын өтеу немесе оқу орындарында оқыған уақыттарында тұрғын үйді пайдалану құқығы сақталады. Сондықтан Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 16-бабына сәйкес бұл азаматтардың ұдайы тұрағы болып табылады. Егер азамат шет елде қайтыс болатын болса, онда мұраның ашылған жері Қазақстан территориясында мүліктің тұрған жері болып табылады. Егер азамат бас бостандығынан айырылып, бас бостандығынан айыратын орындарда отырған болса және сол жерде қайтыс болған болса, онда мұраның ашылған жері болып, сол азаматтың соңғы түпкілікті тұрағы болып есептеледі. Ал, егер мұра қалдырушы қарттар үйінде қайтыс болса, онда мұраның ашылған жері-қарттар үйі тұрған елді мекен болып табылады.
Мұрагердің жазбаша арызы бойынша мұра ашылған жердегі нотариалдық кеңселер мұрагерлік құқық туралы куәліктер береді. Мұраны қабылдау туралы, одан бас тарту туралы немесе мұраға құқық жөніндегі куәлікті беру туралы арыздар жазбаша түрде жасалуға тиіс. Осы қарастырылған барлық ережелер мұрагерлік құқықтың міндетті талаптар болып табылады. Бұл ережелерді сақтау барлық мұрагерлердің құқықтарын қорғау болып табылады.
Қорытынды
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған кезден бастап Елбасымыз адам құқықтарын қорғауды негізгі қағида ретінде ұстанып келеді. Бұл мемлекеттің өркениеттілігінің бір айғағы және азаматтардың меншік құқығының қаншалықты деңгейде қорғалатындығымен де сипатталады.
Мемлекеттік заңдар-мүліктік қатынаста және азаматтардың құқықтарын қорғау саласындағы заңдылықты одан әрі нығайтудың маңызды құралы болып табылады. Азаматтардың жеке меншігін және оған мұрагер болу құқығын мемлекет қорғайды. Мұрагерлік құқық жеке меншікпен басқа да мүліктердің мұра қалдырушы адамның мұраға ие болатын мұрагерлерінің қарауына өтуін реттейді.
Қолданылған әдебиеттер:
Информация о работе Мұрагерлік туралы түсінік және оның түрлері