Ағылшын тілі етістігінің арнайы формалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2011 в 08:13, реферат

Описание работы

Қазіргі замандағы осы мәселе бойынша пікірлер қайшылығы, сондай-ақ жаңа дәлелдердің жинақталуы, талдаудың жаңа әдіс-тәсілдерінің пайда болуы ары қарай зерттеудің ұдайы қажеттілігі мен мүмкіндігінің алғышарты болып табылады, бұл осы зерттеу жұмысының өзектілігін анықтайды.

Файлы: 1 файл

возможность лексической (6).doc

— 73.00 Кб (Скачать файл)

    КІРІСПЕ 

    Ұсынылған жұмыс «Аудармада күрделі етістікті лексикалық жеткізу мүмкіндігі» тақырыбына арналған.

    Зерттеудің мәселесі  бүгінгі заманда аса өзекті болып табылады. Бұған көтерілген сұрақтардың жиі қаралуы - айқын дәлел.

    Тақырып бірден бірнеше өзара байланысқан пәндердің қиылысында зерттеледі. Ғылымның қазіргі күндік жағдайына «Аудармада күрделі етістікті лексикалық жеткізу мүмкіндігі» тақырыбының мәселелерін жаһандық түрде қарастыруға көшу тән болып келеді.

    Таңдалған мәселенің бірден бірнеше ғылыми пәндердің қиысуында орналасуы аудармада күрделі етістікті лексикалық жеткізу  мүмкіндігі мәселесінің теориялық маңызы болып табылады.

    Зерттеу объектісі – аудармада күрделі  етістікті лексикалық жеткізу мүмкіндігінің шарттарын талдау.

    Бұл жерде зерттеу пәні осы зерттеудің міндеттері ретінде құрастырылған бөлек сұрақтарды қарастыру болып табылады.

    Зерттеу мақсаты – күрделі етістіктің аудармада қолданылуын талдау, оның мәнін көрсету.

    Аталған  мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:

  1. «Аудармада күрделі етістікті лексикалық жеткізу мүмкіндігі» табиғатын анықтау және теориялық аспектілерін зерттеу;
  2. Осы тақырыптың қазіргі замандағы өзектілігін ашу;
  3. Тақырып мәселесін шешу мүмкіндіктерін қарастыру.

    Жұмыс дәстүрлі құрылымда жасалған және кіріспеден, 2 тарауды қамтитын негізгі бөлімнен, қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

    Қазіргі замандағы осы мәселе бойынша пікірлер қайшылығы, сондай-ақ жаңа дәлелдердің жинақталуы, талдаудың жаңа әдіс-тәсілдерінің пайда болуы ары қарай зерттеудің ұдайы қажеттілігі мен мүмкіндігінің алғышарты болып табылады, бұл осы зерттеу жұмысының өзектілігін анықтайды.

    Зерттеу жұмысының теориялық базасы болып табылады:

  • ағылшын тілі бойынша жұмыстар;
  • ағылшын тілінің теориялық грамматикасы бойынша еңбектер;
  • тіл білімі бойынша еңбектер;
  • қазіргі ағылшын тілінің тәжірибелік грамматикасы.

 

    

    1 ЕТІСТІКТІҢ НЕГІЗГІ  ГРАММАТИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАРЫ 

    
    1. Етістік түсінігі
 

    Ағылшын және орыс тілдерінде етістік формаларының сипаты мен қолданысы арасындағы үлкен қайшылықтарға байланысты, көптеген грамматикалық категориялары бар ағылшын тілінің етістігі аудару кезінде жиі қиындықтар тудыратындығы - сөзсіз. Ағылшын тілінен орыс тіліне аудару теориясы мен тәжірибесі үшін ағылшын тілі етістігінің жекеше емес түрлерін (инфинитив, герундий және есімше), бағыныңқы етістікті және түр-шақтық формаларын жеткізу мәселелері барынша көп қызығушылық тудырады.

    Етістік деп тұлғаның немесе заттың әрекеті  мен жағдайын білдіретін сөз табы аталады:

    My brother works at a factory – Менің ағам фабрикада жұмыс істейді.

    He slept for six hours – Ол алты сағат ұйықтады.

    Етістік келесі сұрақтарға жауап береді: what does the person (thing) do? Тұлға (зат) не істеп жатыр? What is done to the person (thing)? Тұлғамен (затпен) не болып жатыр?

    Етістіктер  түбір және туынды болып бөлінеді.

    Негізгі етістіктердің құрылысында префикстер де, суффикстер де болмайды:  to do - істеу, to run - жүгіру, to take - алу.

    Туынды  етістіктер құрамына  суффикстер мен  префикстер кіреді: to discharge - (жүк) түсіру, to shorten - (қысқарту).

    Етістіктердің ең көп қолданылатын суффикстері:

    -en: to widen - кеңейту, to strengthen - күшейту;

    -fy: to simplify - жеңілдету to signify - білдіру;

    -ize: to mobilize - жұмылдыру, to organize - ұйымдастыру;

    -ate: to demonstrate - көрсету, to separate - бөлектеу.

    Етістіктердің ең көп тараған префикстеріне келесілер жатады:

    re-: to resell - қайта сату, to reconstruct - қайта салу;

    dis-: to disarm - қарусыздандыру (қаруын тастау), to disappear - жоғалу;

    un-: to unload - (жүк) түсіру, to untie - (бауын) шешу.

    Мағынасына қарай ағылшын тілі етістіктері негізгі және көмекші болып бөлінеді. Негізгі  етістіктер өзіндік мағынаға ие болып, заттың (тұлғаның) әрекеті немесе жай-күйін білдіреді. Көмекші етістіктердің жеке мағынасы болмайды, олардың қызметі - күрделі баяндауыш немесе етістіктің күрделі формаларын құру.  Көмекші етістіктер келесі категорияларға бөлінеді:

    Етістіктер-байланыстырушылар:

    to be – болу (қарыздар болу)

    to remain – қалу

    to turn – болу (күштірек болу)  
 

    
    1. Ағылшын тілі етістігінің  арнайы формалары
 

    Түр категориялары көмегімен адам олардың көздері бойынша өз білімін жүйелейді: біз бір нәрсе жайында білеміз, себебі оны өз көзімізбен көрдік (естідік, сездік және т.б.) және біз бір нәрсе жөнінде білеміз, себебі бұл білім бізге дайын қалпында жеткізілді (біреу айтты, ол жайында оқыдық, мектепте білдік және т.б. – бұл жердегі жағдайлар әр алуан болуы мүмкін). Бұл ерекшелік аса маңызды және күнделікті өмірімізде біз оны үнемі саналық деңгейде ескеріп отырамыз. «Жүз рет естігенше, бір рет көрген артық» деген мақал бәрімізге де танымал.  Яғни өз көзіңмен көргенің, әдетте,  күмән тудырмайды, ал бөтен қолдан алынған ақпарат қашанда міндетті түрде шынайы бола бермейді. Осы жерде егер жоғарыда көрсетілген жағдайда бала етістіктің әрекет аяқталған түрін қолданудың орнына әрекет аяқталмаған етістік түрін қолданса не болатындығына назар аударыңыз: «Анашым, әкем келіп кетті!». Ресми түрде бұл сөйлем грамматикалық тұрғыдан дұрыс болғанымен, біздің жағдайда ол қолданыла алмайды, себебі бұлай айтпайды. Айтпаудың себебі «келіп кетті» сөзі баланың әкесін көріп тұру мағынасын білдірмейді, ал «келді» формасы ондай мағынаға ие.

    Орыс тілінің ағылшын тілінен айырмашылығы - орыс тілінде аталған мағыналық айырмашылықтар арнайы етістік формаларымен емес, мәнмәтінмен беріледі. Келесі мысалдарды салыстырыңыз: «Иван, дәрігерлер ескертуіне қарамастан, шылым шегеді» және «Қара, Иван дәрігерлердің ескертуіне қарамастан, тағы шылым шегіп тұр». Бірінші жағдайда біздің Иван жайында білетіндігіміз жөнінде сөз қозғалып тұр және оның осы сәтте көз алдымызда болуы міндетті емес, тіпті оның басқа қалада да болуы мүмкін. Ал екінші жағдайда әңгіме біз тікелей нені көріп тұрғандығымыз жайында:  бұған «қара» етістігі сілтеп тұр. Ағылшын тілінде бәрі әлдеқайда жеңілірек, себебі онда бұл мағыналық айырмашылықтар ағылшын тілі етістігінің арнайы (түрлік) формаларымен беріледі: сәйкесінше Simple және Progressive.

    Алайда  біз әзірше екі түр сай келетін білімнің екі  типі жөнінде сөз қозғадық: бір білімде ақпараттың белгілі бір көзі бар (мысалы, жоғарыда аталып өткен бала), ал  келесісінің көзі – белгісіз (мысалы, «Иван шылым шегеді» дегенімде мен бұны қайдан білетіндігімді айтып тұрғаным жоқ). Ағылшын тілі етістігінің төрт формасы бар. Неге соншалықты көп?

    Себебі, біз тікелей бақылап тұрған құбылыс туралы сөз қозғаған  жағдайлар нені көріп (естіп және т.б.)  тұрғандығымызға байланысты әркелкі болуы мүмкін. Мен: «Қара, Иван тағы шылым шегіп тұр» деп айтқан кезімде, темекі шегу үрдісін бақылап тұра аламын (ол қолында шылым ұстап тұр, оны аузына жақындатып, түтінін сорады және қайта шығарады). Бірақ егер анасы Иванды кездестіріп, оның киімінен шығып тұрған түтін иісін сезіп, «Сен тағы шылым шектің бе?» деп сұраса, ол сөйлеу сәтінде қабылдауына (бұл жағдайда иіскеу мүшелерімен) негізделе және, әрине де, етістіктің осы шағында сұрақ қойып тұр. Бірақ дәл темекі шегу әрекетін ол өз көзімен көріп тұрған жоқ, қабылдауға тек Иванның шылым шеккендігін айғақтап тұрған кейбір сипаттар ғана тән. Осы когнитивтік мағынаны білдіру үшін ағылшын тілінде өзіндік, ағылшын тілі етістігінің арнайы формасы – Perfect бар.

    Бұл форма біз көріп тұрған жайымызды  бұған дейін болғанмен салыстырып тұрған кезде қолданылады (мысалы, таңертең Иваннан шылым иісі шыққан жоқ, ал енді шығып тұр, бұл оның темекі шеккендігін білдіреді). Сонымен қатар, біз тікелей бақылап тұрған жағдай жөнінде айтып тұрып, сол уақытта көріп тұрғанымызды бұған дейінгі белгілі бер сәтте (я болмаса сәттерде) көргендігімізбен салыстырып тұратын жағдайлар да болуы мүмкін. Мысалы, мен Иванның қазір темекі шегіп тұрғандығын көріп тұрмын, бірақ мен оны осыған дейін де күні бойы шылым шегіп жүргендігін көрдім.  Бұл жағдайда ағылшын етістігінің әр түрлі когнитивтік мағыналары бар екі формасының бірігуі жүреді, және біз көптеген оқушылардың ұнатпайтын Perfect Progressive формасын аламыз, бірақ шын мәнісінде ол оңай емес, тіпті өте оңай.  
 

    
    1. Ағылшын етістігінің түр  категориясы
 

    Түр катеорияларының формалары әрекеттің  уақытта өтуін әр түрлі таныстырады, сипаттайды. Түрдің грамматикалық категориясы ағылшын тілінде Continuous формаларының Non-Continuous формаларына қарсы тұруына әкеледі Түр категориясы етістіктің предикативтік формаларында, инфинитивте бар.

    Жалпы түр формалары әрекетке ешқандай ерекше сипаттама бермейді. Олар тек  әрекеттің болуын білдіреді, оны жалпы түрде таныстырады және бұл жерде оның аяқталу я аяқталмау мәселесі қозғалмайды; соңғысы етістіктің лексикалық мағынасымен, жағдайлық мағынадағы сөздермен үйлесуі және жалпы мәнмәтінмен анықталады. Осы формалармен белгіленетін түр мағынасы «жалпы түр» деп аталады.

    Жалғасу түріндегі формалар әрекетке ерекше сипат береді. Олар әрекетті оның барысында, қозғалысында сипаттайды және, сәйкесінше, әрқашан тек аяқталмаған әрекетті білдіреді. Бұл формалармен белгіленетін түр мағынасы «жалғасқан түр» деп аталады.

    Келесі  мысалда етістік формалары бір  райда, бір уақытта (өткен шақтағы ашық рай) келтірілген; екі форма да перфекттік емес. Бірақ әрекеттің өзі уақытта әр түрлі берілген, «суреттелген»: To night the three were dining together. Аnd as they dined Freddy airily remarked… «You’re smiling» Alice said. – Бүгін кешке үшеуі бірге тамақтанған. «Себебі, олар кешкі асын ішті», - деп жауап қайтарды Фредди. «Сен күлімсіреп тұрсың», - деді Алиса. The nerve is regenerating – Жүйке қайта қалпына келеді. Бірінші сөйлемде  жалғасқан түрдегі форма қолданылған (were dining): үшеуі бірге тамақтанып жатыр; әрекет созылып жатқан үрдіс ретінде суреттелген. Екінші сөйлемде  жалпы түр формасы (dined) қолданылған:  дәл сол әрекет тек аталып өтеді, авторда үрдісті оның барысында сипаттаудың қажеттілігі жоқ.  Сонымен қатар, мағынасы бойынша басыңқы сөйлемдегі әрекет негізгі болып келеді (airily remarked…). Mr Match was looking absent and somber again. – Мистер Марш тағы да жабыққан және көңілсіз болып көрінді.

    Looking at my pictures… and having a little music… You know how I enjoyed these – Өз суреттерімді тамашалап... музыканы тыңдап... Сен менің осының бәрімен қалай ләззаттанғанымды білесің ғой.

    Түр категориясы, сондай-ақ, инфинитивте беріледі: His intention was to dine and pass the evening playing billiards. -  Ол кешкі асын ішіп, бар кешті бильярд ойнаумен өткізбекші болды.

    I happened  to be spending a day in Paris – Менің Парижде күн өткізуге мүмкіндігім болды.

      Түр категориясы  ағылшын тілінің  барлық етістіктеріне таралмайды. Олар лексикалық мағынасы бойынша өздерінің жалғасқан  формадағы қолданысы сөйлем мағынасын ақылға сыймайтын тіпті абсурдттық қылатын етістіктерде жоқ, өйткені олар әрекетті барысында, дамуында, нақты ағымында сипаттай алмайды. Сонымен, бұл формалар, мысалы, to resemble «біреуді еске түсіру», «біреуге ұқсас болу», to possess «иелік ету», to contain «құрамында бар болу», to belong «меншігінде болу», «жату (жоғарғы тапқа жату)», to metter «бір нәрсені білдіру»,  to consist «бір нәрседен тұру» сияқты етістіктерге тән емес болып келеді. Бұндай етістіктер, әрине, тек жалпы түр формасында ғана қолданылады, мысалы: he resembles his father; - ол өз әкесіне ұқсайды,  the book contains five chapters; - кітап бес бөлімнен тұрады,  he possesses many good qualities – оның көптеген жақсы қасиеттері бар.

    Қабылдау  және сезім (to see, to hear, to feel, to love), ақыл-ой әрекеттерін (to think, to understand, to believe және тағы басқалары) білдіретін етістіктер жалғасқан түрде өте сирек қолданылады. Әдетте, көрсетілген етістіктер жалпы түр формаларында қолданылады.

    Әрекетті  оның ағымында, қозғалысында, нақты  жасалуы барысында көрсету кезінде  жалғасқан түр формасы, әдетте, үрдіске  назар аудартады, оны мейлінше ашық, интенсивті және маңызды етеді, соның  нәтижесінде бұл форма  көркемдегіш тіл құралы ретінде жиі қолданылады. Бұл, ең алдымен, жалғасқан түрде қолданылу тән емес етістіктерге жатады: What was Mako seeing, staring so intently out of the window? There was only darkness out there. – Макко терезеге неге соншама қадалып және бұлжымастан қарады? Онда тек қараңғылық болған еді.

Информация о работе Ағылшын тілі етістігінің арнайы формалары