S-;p-;d- элементтердің медициналық–биологиялық маңызы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2017 в 18:32, реферат

Описание работы

Вернадскийдің анықтамасы бойынша ағзада жинақталып, әртүрлі биологиялық қызмет атқаратын элементтерді биогенді деп атайды. Элементтер электрондық орбитальдардың толуына байланыста s-, p-, d- деп жіктеледі.
s-элементтер Д. И. Менделеевтің периодтық жүйесінің IA және IIA негізгі топшасында орналасқан. Сыртқы электрон қабатында бір (s1-элементтер)немесе екі (s2 элементтер) электроны бар. Олар электрондарын онай беріп бір және екі зарядты оң иондарға айналады. s-элементтер катиондарының гидроксидтері негіздік қасиет көрсетеді. (Ba(OH2) басқасы) ол Э-OH ионды байланыстың әлсіздігінен болады. Сондықтан да s-элементтерді сілтілік және сілтілік-жер металдары деп атайды. Топтарда s-элементтері гидроксидтерінің негіздігі жоғардан төмен қарай артады (мысалы, LiOH тан CsOH қарай) ал период бойынша (s1- ден s2 элементке өткенде) артады.

Содержание работы

І. Кіріспе бөлімі
ІІ. Негізгі бөлімі:
1.Д.И. Менделеевтің периодтық жүйесінде орналасу ретіне байланысты
элементтердің биологиялық маңызы
2.s-элементтердің биологиялық маңызы және олардың косылыстарының
медицинада қолданылуы
3. р-элементтердің биологиялық маңызы және олардың қосылыстарының
медицинада қолданылуы
4. d-элементтердің биологиялық маңызы және олардың қосылыстарының
медицинада қолданылуы
ІІІ. Қорытынды бөлімі
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер